Ағымдағы жылдың 9 қазанынан бастап партия облыстық филиалы «Жас Отан» Жастар қанатының Кеңес мүшелері аумақтық филиалдарда болып, Атқарушы хатшылар мен бастауыш бөлімшелердің 2012 жылдың 9 айында атқарған жұмыстарын тексеру, зерделеу мақсатында жұмыс отырыстарын өткізуде. Осы жұмыстардың нәтижесінде партия облыстық филиалы «Жас Отан» ЖҚ-ның 2012 жылдың 16 ақпанында жариялаған «Ең үздік филиал», «Ең үздік бастауыш бөлімше», «Ең үздік Атқарушы хатшы», «Ең үздік жоба», «Ең белсенді жасотандық» номинациялары бойынша облыстық байқауының қорытындысы шығарылып, 30 қазанда өтетін "Нұр Отан" ХДП Жамбыл облыстық филиалы "Жас Отан" ЖҚ кезекті V-ші есеп беру-сайлау конференциясында жарияланбақ. Бүгінгі күнге дейін осы мақсатта 3 аудандық және Тараз қалалық "Жас Отан" ЖҚ филиалдарының, бастауыш бөлімшелерінің жұмыстары қаралды. Ендігі кезекте ұйымдастырылған жұмыс отырыстарымен қысқаша таныстырып өтейін. Алғашқы отырысымыз 9 қазан күні Байзақ ауданында басталды. Байзақтық "жасотандықтардың" жұмыстарымен,"Жас Отан" ЖҚ бастауыш болімшелері және аудандық филиалдың Атқарушы хатшысымен таныс болып отырыңыздар.
Суретте партия Байзақ аудандық филиалы "Жас Отан" ЖҚ-ның Атқарушы хатшысы Әлібек Мырзабеков. Өте еңбекқор, партия мен "Жас Отанның" жұмысын қатар алып жүрген аудан жастары үлгі тұтатын аптал азамат.
Жоғарыдағы суретте көрініс тапқан бұл партия аудандық филиалының "Жас Отан" ЖҚ бөлген арнайы кабинетті. Ал енді Байзақ аудандық "Жас Отан" ЖҚ бастауыш бөлімшелері Атқарушы хатшыларымен және атқарған жұмыстарымен танысайық.
Жұмыс отырысымыз еркін форматта өткізілді. Жалпы партия Байзақ аудандық филиалы "Жас Отан" ЖҚ құрамында 1659 мүшесі бар, 28 бастауыш бөлімше жұмыс жасайды. Шар барысында ББ жұмыстарын жандандыруға қатысты көптеген әдістемелік кеңестер берілді. Сонымен қатар төмендегі құжаттардың сапалық жағы тексерілді.
Бұл филиалдың арнайы 2012 жылға бастауыш бөлімшелерге арнаған папкалары. Сондай-ақ, филиалдың өз жұмысы тігілген папкаларға назар салайық.
Қорыта айтқанда "Жас Отан" ЖҚ Байзақ аудандық филиалының жұмысы жаман емес, бұл Әлібектей еңбек бәрінде жеңбек деп жұмыс жасаған еңбекқор азаматың жеткен жетістігі. Алдағы уақытта Байзақтық "жасотандықтардың" жұмысы бұданда жетіле түсетіндігіне сенімдімін.
КЕЛЕСІ ОТЫРЫС ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА БОЛДЫ.
Үстіміздегі жылдың 10 қазаны Жамбыл ауданында болып, "Жас Отан" ЖҚ-ның барлық деңгейдегі Атқарушы хатшыларымен кездестік.
Партия Жамбыл аудандық филиалы "Жас Отан" ЖҚ-ның құрамында 865 мүшесі бар 26 бастауыш бөлімше жұмыс жасайды. Филиалдың Атқарушы хатшысы мен бастауыш бөлімшелердің Атқарушы хатшылары атқарған жұмыстарымен бөлісті. Бұл кісілерден басқа филиалдардың аларлық үлгісі жетерлік.
Жоғарыда суретте көріп отырғандарыңыз партия Жамбыл аудандық филиалы "Жас Отан" ЖҚ-ның Атқарушы хатшысы, аудандық мәслихаттың депуттаты Өмірбек Ботаев деген азамат. Өмірбек іскер жігіт, "Жас Отан" ЖҚ-ның жұмысын ауданда жоғарлатуға күш салуда. Алдындағы құжаттар атқарған жұмыстарының жемісі іспеттес.
Бастауыш бөлімше Атқарушы хатшыларына "Жас Отан" ЖҚ жұмысын жандандыруға қажетті әдістемелік нұсқаулықтар таратылып, әр қайсысының атқарған жұмыстарымен жеке танысу жүргізілді. Атқарушы хатшылар тарапынан ұсыныстар мен сұрақтар жеткідікті болды. Қойылған сұрақтарға тұшымды жауап беруге тырыстық. Ал, ендеше "жасотандықтардың" құжаттарына зер салайық.
Жоғарыдағы суретте аудандық "Жас Отан" ЖҚ-ның базасы мен толтырылған есепке алу карточкасының сәйкестігін қараудамын. Сондай-ақ, ББ мүшелерінің есепке алу карточкасы төмендегідей арнайы реттілікпен қойылған.
Суретте көрсетілген бастауыш болімше мүшелерінің есепке алу карточкаларының базадағы "жасотандықтардың" санымен сәйкестігі де қаралды. Бұдан еш кемшілік табылмады. Бұл Атқарушы хатшының ұқыптылығы деп санаймыз. Орталықтан берілген номенклатураларға байланысты құжаттарыда толық.
Құжаттардың ұқыптылығы, жүргізіліп жатқан жұмыстың пәрменділігі бізді қуантты. Партия аудандық филиалында "Жас Отан" ЖҚ-ның арнайы стендті де ілінген.
Сонымен Жамбыл ауданы "жасотандықтарының" жұмысына көңіл толып, алдағы жұмыстарына бағыт-бағдар беріп қайттық. Жұмыс отырысының қорытындысында "Жас Отан" ЖҚ аудандық бастауыш бөлімшелерінің Атқарушы хатшылары мен естелікке суретке түсуді де ұмыт қалдырмадық.
КЕЛЕСІ ОТЫРЫС ЖУАЛЫ АУДАНЫНДА БОЛДЫ.
Ағымдағы жылдың 11 қазаны жуалылық "Жас Отан" ЖҚ-ның басшыларымен кездестік.
Партия Жуалы аудандық филиалы "Жас Отан" ЖҚ-ның құрамында 1135 мүшесі бар, 15 бастауыш бөлімше жұмыс жасайды. Жұмыстары жүйелікке келген, ББ Атқарушы хатшыларының жастармен жұмыс жүргізуге деген талпыныстары жоғары. ББ Атқарушы хатшыларына әдістемелік нұсқаулықтар таратылып, алдағы жұмыстарын жүйелі ұймдастыруға бағыт-бағдар берілді. Атқарушы хатшылар осы уақытқа дейінгі атқарған жұмыстарымен таныстырды.
Жуалылық "жасотандықтардың" жұмысына табыс тілейміз. Бұл ауданның Атқарушы хатшысы 23 қазанда өтетін "Жас Отан" ЖҚ-ның есеп беру-сайлау конференциясында сайланбақ. Облысқа танымал, жастардың жанашыры, "Жас Отан" жумысының майын ішкен азамат Атқарушы хатшы болады деп күтілуде.
КЕЛЕСІ ОТЫРЫС ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА БОЛДЫ.
13 қазан күні Тараз қаласындағы "Жас Отан" ЖҚ бастауыш бөлімшелерінің Атқарушы хатшыларымен жұмыс отырысы өткізілді.
Партия Тараз қалалық филиалы "Жас Отан" ЖҚ-ның құрамында 3945 мүшесі бар 16 бастауыш бөлімше жұмыс жасайды. Бүгінде қаламызда барлық салалар бойынша өтетін шаралардың ұйытқысы болып табылатын тараздық "жасотандықтардың" құжаттарын барынша қарап, тексеріп, зерделеп шығуға тырыстық. 16 бастауыш бөлімшесі бар партия Тараз қалалық филиалының "Жас Отан" ЖҚ бүгінде бар күш жігерін салып түрлі бағытта жұмыс атқаруда. Атқарушы хатшылардың да айтарлықтай жетістіктері бар.
Құжат мәселесінде, жұмыс отырысына қатысуда ББ тарапынан орын алған кемшіліктер турасында қаланың Атқарушы хатшысы Ернұр Мадияровқа ескертілді. Әдістемелік құралдар ББ Атқарушы хатшыларына таратылып, алдағы жұмыстар турасында және 15-19 қазан аралығында өтетін бастауыш бөлімше жиналыстары турасында кеңінен кеңестер берілді. Ағымдағы жылдың 22 қазаны Тараз қалалық, 30 қазаны облыстық конференциялар өтетіндігі ескертілді. Сондай-ақ, жиналыста, конференцияда қаралатын күн тәртібі таныстырылды.
Сонымен қатар 16 қарашада өтетін "Жас Отан" ЖҚ-ның кезекті II съезі турасында айтылып, "Жас Отан" ЖҚ Жарғысына, Стратегия жобасына ұсыныстар жинақталып жатқаны турасында тапсырмалар берілді. Ал, аталмыш құжаттарды алдағы жиналыстар мен конференцияларда "жасотандықтардың" талқысына салу күн тәртібінде тұр.
Партия Тараз қалалық филиалы "Жас Отан" ЖҚ әрқашан облыстық филиалдың тірегі болып қала бермек. Облысымыздың орталығы болып табылатын Тараз қаласында жастармен жұмыс ауқымды. Сондықтан қаладағы "жасотандықтардың" белсенді жұмыс жасауы өте маңызды. Қалалық "жасотандықтардың" жұмыстарына табыс, жастарға тән намыс тілейміз.
Алдағы күндері конференцияның аясында қалған аудандардың жұмыстарын саралайтын, даралайтын боламыз. Қазан айында өтетін бастауыш бөлімше жиналыстары мен конференцияларына жастық жігерлеріңізді барынша жұмсайтындарыңызға сенімдемін. Байқау жеңімпазы кім атанатынын алдағы уақыт көрсетеді. Еңбек, бәрінде жеңбек деген қағиданы естен шығармайық достарым.
"Нұр Отан" ХДП Жамбыл облыстық филиалы "Жас Отан" ЖҚ-ның Атқарушы хатшысы: Еркебұлан Есенғалиұлы Құралбаев