• 78727
  • 7
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Тарихшыларға тықыр таянды ма?

 
 
30.10.12.

Қазақстандық тарихшыларға тықыр таянды. Білім беру жүйесі еуропалық үлгіге толықтай көшкен кезде Қазақстан тарихы пәні жоғары оқу орындарынан біртіндеп шеттетіліп, Қазақстан тарихын оқытатын кафедралардың жабылып қалуы қаупі туды. Ондай жағдайда ұлтымыздың тарихи оқулықтарын жазып жүрген «могиканның соңғы тұяқтары» - тарих ғылымдарының соңғы докторлары, профессорлары (бұлай дейтініміз - қазір тарих ғылымдарының докторларын дайындау Қазақстанда тоқтатылған) жұмыссыз қалады. Олар саясаттанушы, әлеуметтанушы немесе заңгер мамандығына ауысуға мәжбүр болмақ.

Алматы қаласы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде осы оқу орнындағы Тарих, археология және этнология факультетінің ұйым­дастыруымен, Президент Н.Назар­баев­тың «Қазақ­станның әлеуметтік жаңғыр­тылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласынан туындайтын Қазақстан тарихын Жоғары оқу орындарында оқыту мәселелері аясында дөңгелек үстел өтті. Еліміздегі ірі, жетекші жоғары оқу орындарының тарихшы ғалымдарының басқосуына себеп болған басты мәселе: «Қазақстан тарихы бойынша мемлекеттік емтиханды жоғары оқу орындарының үшінші курсында өткізу керек» деген Қазақстан тарихы бойынша оқу жоспарларына, оқулықтар мен оқу құралдарына талдау мен сараптама жасау жөніндегі жұмыс тобының шешімі.

Дөңгелек үстелге еліміздің көрнекті ғылым қайраткерлері, жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелердің басшылары және оқытушы про­фессорлық құрам қатысты.
Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласындағы 13 тапсырмасында Қазақстан тарихы пәнінен оқулықтар мен оқу құралдарына талдау жасай отырып, Қазақстан тарихын оқу орындарында оқытудың мазмұны мен бағытын өзгертуге байланысты шараларды жүзеге асыру тапсырылған болатын. Осыған байланысты тарихи білімнің негізі болып отырған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Тарих, архео­логия және этнология факультетіндегі профессорлық құрам республиканың беделді тарихшыларымен бас қосып, бүгінгі таңдағы Қазақстан тарихын оқыту айналасында туындап отырған мәселелер төңірегінде ой бөлісіп, қорытынды шығарды.
Жиынға Жакен Таймағамбетов, Мәмбет Қойгелдиев, Мұрат Әбдіров, Рахым Бекназаров, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-інен профессор Салқынбек Досалы, Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-інен профессор Кан Георгий, Алматы энергетика институтынан Бақдаулет Берлібаев, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтынан Хангелді Әбжанов, Қыздар педагогикалық институтынан Ләззат Қожакеева және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих, археология және этнология факультетіндегі Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі профессор Талас Омарбеков сияқты тарихшы-ғалымдар қатысты. Тарихшылар Қазақстан тарихы бойынша мемлекеттік емтиханды жоғары оқу орындарының үшінші курсында өткізу керек, деген сарапшылардың ұйғарымына бірауыздан қарсы шықты.
- Біз тарихқа қатысы бар адамдарды шақырып отырмыз. Бұл жерде талқылайтынымыз - алдағы уақытта Қазақстанның тарихын оқыту және оқулықтарын жазу мәселесі. Біз мектептегі оқулықтарға бармай-ақ, ол мәселені қозғамай-ақ қоялық. Жоғары оқу орындарындағы оқулықтарының өзі оңып тұрған жоқ. Ол оқулықтарды кімдер жазып жатқанына тоқталайық. Бұл оқулықтардың барлығы жеке авторлардың бастамаларымен, өз инициативаларымен жазылып жатыр. Оларға оқулық жаз деп жатқан адам жоқ, сондықтан бюджеттен қаржы да бөлінбейді. Бұл бір жағы. Екінші бір мәселеге назар аударыңыздар: бізде тарихшыларды дайындау үш сатыға бөлінеді - бакалавр, магистр, докторантура. Қазақстан тарихы, негізінен, бакалавриатта оқытылады, ал магистратурада ол сала-салаға бөлініп, үстіртін оқытылады. Ал енді кредиттік технология бойынша бакалавриатқа арналған бірде-бір оқулық болған емес. Ежелгі және орта ғасырлар тарихы деген оқулық бар, оның өзі ғылыми, тілі ауыр, оның үстіне типтік бағдарламаның арнасынан шығып кеткен. Бір сөзбен айтқанда, бакалаврларға арналған дұрыс оқулық жоқ. Ендігі бір мәселе - оқу-методикалық кешенді, типтік бағдарламаны екі-үш адам ғана жасайды. Қалған тарихшылар сыртта қалады. Менің ойымша, оны Қазақстан тарихына маманданған, білетін адамдардың жасауы керек. Сондықтан стандарт, типтік бағдарлама дегендерді маманданған кафедралар жасағаны жөн. Қаржыландыру мәселесіне де тоқталған дұрыс. Министрліктің көңілі қазір тек мектептегі оқу­лықтарға ғана ауған. Мектепке оқулық жазуды ғана қаржыландырып жатыр. Жоғары оқу орнына оқулық жазу мәселесі мүлде көтерілген емес. Оны ең болмаса гранттық негізде қаржыландыру қажет. Тарихшылар құрып жатқан қоғамдық ұйымдар бар, оған назар аударып жатқан министрлік жоқ. Сондықтан жоғары оқу орындарына оқулықтар жазатын энтузиаст-тарихшыларға өзіміз - осы отырған тарихшылар көмектесуі керек шығар. Ондай оқулықтардың қайсысы аудиторияға қолайлы, қайсысы тиімді екендігін біздер шешуіміз керек. Ал енді бүгінгі талқылайтын ең басты мәселе - мемлекеттік емтиханды 3 курсқа көшіру туралы қатты қолға алынып жатыр. Сіздер бұған жеңіл қарамаңыздар. Бұл жұмысты неге еліміздегі оқу орындарындағы ең үлкен кафедраға тапсырмайды. Бұл мәселеге біз қарсымыз. Өйткені егер үшінші курсқа көшірілетін болса Қазақстан тарихы кафедралары тарайды, республика бойынша көптеген тарихшылар жұмыссыз қалады. Үшінші курста студенттердің жұмыс берушілермен келісімге отыру басталады. Оқуды бітіруге бір жыл уақыт қалғанда, жартылай маман болған инженер немесе техниктер біздің Қазақстан тарихын не қылсын. Менің өз пікірімше, мен 12 жылдық бағдарлама бойынша мектептің 7 сынып оқушыларына тарих оқулығын жаздым. Ол «Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» деп аталады. 8-9 сыныптарға келесі кезең оқытылады, ал 11-12 сыныптарда, байқауымша, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы тарихы ғана оқытылмақ. 12 жылдық бағдарламаның оқулықтары қазір дайын, жазылып қойған. Бірақ оны министрлік бізге көрсетпей, құпия ұстап отыр. Менің ойымша, министрлік Қазақстан тарихын оқытуды кезең-кезең бойынша толықтай мектепке көшірейін деп отырған сияқты. Содан кейін жоғары оқу орындарынан Қазақстан тарихын алып тастамақшы ма деймін. Ол кезде «Қазақстан тарихын мектепке дәуір-дәуір бойынша оқытылды, сондықтан жоғары оқу орындарында оқытудың қажеті жоқ» деп айтады. Мұның арты неге соқтырады? Ертең Қазақстан тарихы жоғары оқу орындарынан қысқаратын болса, біз саясаттанушылармен таласамыз, әлеуметтанушылар да, заңгерлер де бізбен таласатан болады. Сонымен, біздің жағдайымыз қиын болады. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан тарихынан докторлар, профессорлар дайындау тоқтатылды. Осындай жағдайда бұрыннан бері істеп жүрген профессорлар басқа кафедраларға ауысуға мәжбүр болады. Оның қалай болатынын мен сіздерге түсіндірейін. Мысалы, біздің кафедра осындағы ең үлкені. Егер жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік емтихан үшінші курсқа көшірілетін болса, онда кафедра 155 кредитінен айырылады екен. Бұл дегеніңіз, алты профессор екі жылға қысқартылады деген сөз. Баяғыда министрлік Қазақстан тарихын басқа факультеттерден алып тастамақ болған. Зорға алып қалғанбыз. Сондықтан қазір де бәріміз жиылып Қазақстан тарихының қақпақылға айналуына жол бермеуіміз керек. Осы мәселелер жөнінде пікір алысып, осындай жұмыстарды бірлесе шешу үшін тарихшылардың басын қосып отырмыз, - деді өз сөзінде дөңгелек үстелді ұйымдастырушы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих, археология және этнология факультетіндегі Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, профессор Талас Омарбеков.
Бұдан кейін бірнеше тарихшы-ғалымдар сөз алып, көкейде жүрген ойларын ортаға салды. Қазақстан тарихы оқулықтары мен оқытылуының болашағын шешетін кез келгенін айтты. Ұлттың мәдени мұрасы - оның тарихы мен тілі. Қазақстан тарихы бойынша мемлекеттік емтиханды 3 курсқа көшіру туралы шешімнің қате екенін айтып, «егер Қазақстан тарихын оқытпайтын болсақ, онда қазақ тілін де оқытпай-ақ қою керек қой», деген қынжылыстарын білдірді.
- Қазақстан тарихын оқыту, оқулықтарын дайындау, методикасы туралы Елбасы күнде айта бермейді. Ал енді айтылған екен, біз осыны жүз пайыз қажетімізге жаратайық, - дейді Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының профессоры Хангелді Әбжанов. - Біз Қазақстан тарихының екі деңгейін анықтап алуымыз керек. Бірі - тарихшылар, екіншісі - тарихшы еместер үшін оқыту методикасын жасау. Біріншісі жаман оқытылып жатқан жоқ, ал екіншілер үшін проблема бар. Мына мемлекеттік емтихан, оқулықтарға бай­ланысты проблемалар осыдан ке­ліп туындайды. Осы екеуінің аражі­гін ашып, екі түрлі оқулықтар жасайтын уақыт келді. Біз бір-бірімізді сынамай нақты ұсыныстар айтайық, нақты іске көшейік. Меніңше, тарихшы еместерге оқытылатын кредит саны өсуі тиіс. Барлығы 30 сағат лекция, 15 сағат қана семинар. 30 сағатта бүкіл тарихты қалай айтып шығады. Осыдан келіп Қазақстан тарихының тәуелсіздік алған жылдарын ғана оқытайық, деген сөздер шықты. Өйткені бәрін айтып үлгермейміз. Осыны жоғарыға жеткізуіміз керек. Содан кейін өліп бара жатқан мамандықтар бар. Мысалы, қазір Қазақстанда екі ғана антрополог қалды. Шет тілдеріндегі тарихи жазбаларды оқыйтын адам да жоқ. Ондай мамандар қазір мүлде дайындалмайтын болды. Осы мамандықтарды дайындауды қолға алмасақ ертең бұл салалар өледі. Тағы бір айтатын нәрсе, оқулық жазатын адамдарға алты ай ма, бір оқу жылы ма, еңбекақысын сақтай отырып қажетті уақыт бөлген жөн болар.
Профессор Мәмбет Қойгелдиевтің айтуынша, жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы міндетті түрде оқытылуы тиіс. Өйткені ертеңгі басқарушы, элита топ осы жерде қалыптасады. Ал басқарушы топтың Қазақстанның тарихын білмеуі елдігімізге сын болмақ. Осындай келелі ойларын ортаға салған тарихшы-ғалымдар Қазақстан тарихын жоғары оқу орындарында оқытудың тиімді жолдары мен Қазақстан тарихы бойынша жазылып жатқан оқулықтардың сапасын жетілдіруге және жоғары білім мен ғылымды дамытуға бағытталған бірқатар тұжырымдарды жасады. Жоғары оқу орындарындағы бүгінгі кредиттік технология негізіндегі оқыту жүйесінің жаңа талаптарына сәйкес тарих, археология және этнология, музей ісі мамандарын бакалавриат сатысында дайындауға арналған Қазақстан тарихынан арнайы оқулықтар мен оқу құралдарын мемлекеттік және ағылшын тілдерінде дайындауды қолға алу; университеттегі әртүрлі мамандықтарда Қазақстан тарихын оқытуға байланысты оқу-әдістемелік кешен уақыт талабына сау үздіксіз жетілдіру, бұл жұмысты тарихшылар дайындайтын Қазақстан тарихы кафедраларына тапсыру; Қазақстан тарихы оқулығы авторын немесе авторлар ұжымын басқа да ғылыми жобалар сияқты Білім және ғылым министрлігі тарапынан берілетін арнайы гранттармен қаржыландырылуы тиіс, деген сияқты ұсыныстар қағазға түсіріліп, Білім және ғылым министрлігіне жіберілетін болды. Қазақстан тарихының алдағы уақытта жүйелі оқытылуына күмәнданған тарихшылар «жанайқайларын» жоғарғы жақтағыларға осылай жеткізбекші.

Қайыржан ТӨРЕЖАН

«Айқын» AIKYN
Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б
30 октября 2012, 12:41
445

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Свыше 10 известных университетов приглашают его обучаться за рубежом, но выбор будет оставаться за Сакеном. Он выберет обучение в The University of Edinburgh и отправится в эту удивительную страну...
socium_kzo
30 нояб. 2016 / 11:06
  • 11395
  • 10
Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

В чем уникальность этой личности? В чем его успех или провалы? Эти вопросы требуют глубокой аналитики и исследований. Я же хочу рассказать о Нурсултане Абишевиче глазами рядового кыргыза...
maxes
1 дек. 2016 / 8:05
  • 5161
  • 17
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
2 дек. 2016 / 13:57
  • 4152
  • 4
Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

"Мужчины должны у вас тут права качать, ибо их процент в вашей численности населения уступает проценту женщин". Я машинально начала уверять, что у нас в стране таковых не имеется...
Sapientia
вчера / 10:52
  • 4188
  • 61
Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Трамп и не подозревает, что 16 декабря 1991 Казахстан не создал, а восстановил свою национальную государственность. Иначе бы он упомянул не только 25 лет, а больше чем 550 лет казахской истории.
Stehlikova
2 дек. 2016 / 9:02
  • 4432
  • 88
Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Недавно пролетал через аэропорт Амстердама - Схипхол. Так как улетал из аэропорта Алматы, то не мог не начать сравнивать эти аэропорты.
Superkurt
30 нояб. 2016 / 10:09
  • 3556
  • 12
Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Давно ждал запуска электронного билетирования в общественном транспорте Астаны. В ноябре 2016 года этот день настал. Мой опыт насчитывает последние 2 недели и мне есть чем поделиться.
iamYerlan
1 дек. 2016 / 15:24
  • 3225
  • 12
Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Дастархан в те времена был скромен. Не было понятия «сынау» - осуждения кто как живет, какой в доме ремонт и т.д. Пока взрослые обсуждали задержку заработной платы, мы играли в армию, жмурки, строили городки...
socium_kzo
вчера / 15:19
  • 3110
  • 12
Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Президент Назарбаев предложил амнистию для совершивших преступления небольшой тяжести несовершеннолетних, пожилых, женщин и других социально уязвимых категорий осуждённых.
openqazaqstan
30 нояб. 2016 / 13:45
  • 3055
  • 21