Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:31, 10 октября 2012

Әншілер Айланға көмектеспек

 
 

11.10.12.
Blog post image
Мәдениет қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лау­реаты Мейрамбек Бесбаевтың енші­лігіндегі «Өнеге» журналының ұжымы «Unitу.KZ» қайырымдылық қорымен бірігіп концерт өткізбек.

20 қазанға жоспарланған қайырым­дылық шарадан түскен қаржы ақмо­ла­лық 1 жасар сәби Айлан Дәулетбаеваның жеке шотына аударылмақ.
Жиналған ақша өзгелер сияқты емес, өңеші бітеу болып туылған бүл­діршінге күрделі ота жасау үшін жұм­салмақ.
Концертке қазақ эстрадасының та­нымал әншілері Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Ақмарал Леубаева, Жанар Айжанова, Жұбаныш Жексенұлы, Шахизада, Мадина Сәдуақасова, Ме­руерт Түсіпбаева, Роза Әлқожа, Жан­болат пен Жазира, Индира Расылхан, «Денар» тобы, «Асыл» тобы, «Азия» тобы, Ерлан Орынбасаров, Таңат Ма­мырхановтар қатысады.
Сондай-ақ «Өнер қырандары» әзіл-сықақ командасы өз өнерлерін ортаға салады.
«Өңеші мен асқазаны қосыл­ма­ғандықтан, бала өз еркімен тамақтана алмайды. Қазақстанда жасалған өңеш пен асқазанды қосуға арналған отадан кейін бірде-бір бала тірі қалмаған. Айлан­ға да Қазақстанда 5 рет ота жа­­сал­ғанымен, жағдайы әлі түзелер емес. Ре­сей дәрігерлері баланы емдеуден бас тартқан. Өйткені қазақстандық дәрі­герлер оған қажетсіз оталарды жасап, оның өміріне одан сайын қауіп кел­тір­ген. Айланға көмектесуге тек Из­раильдің дәрігерлері келісіп отыр. Қазір Айланның қорында 10 мың АҚШ дол­лары ғана бар. Оны емге жіберу үшін тағы да қосымша қаржы жинау қажет. Бір жастағы сәбидің өміріне араша түсейік» дейді ұйымдас­тыру­шылар.


 
0
315
0