• 78949
  • 7
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Күні біткен Козлов

 
 
10.10.12.

Ақтау қалалық сотында болған процесс «Алға» мүшелері Владимир Козлов, Серік Сапарғали және ереуілшілер қозғалысына дем беруші Ақжанат Әміновке қатысты біржақты үкімнің шығуымен аяқталды. Айыптау кезіндегі келтірілген дәлелдер қор­ғаушылар үшін күтпеген соққы болды, ал жұртшылықтың жағасын ұстатты. Әбілязов пен Козлов басында отырған «алғалықтар­дың» Жаңаөзендегі күш қолдану акцияла­рын дайындағаны туралы фактілер онсыз да шат­қаяқтап тұрған әлсіз құрылымның тіреуін бірден құлатты.

Сот процесіне қатысқан куәгерлердің бірауыздан айтуынша, ереуілге шыққандар «Алғаның» тегеурінді насихаттаушы күшіне бағынышты болған. Бұл ұйымға қатысы бар әрбір адам Әбілязовтың атынан сөйлеген жә­не күш қолдануға ашық шақырған оның мақа­лалары жазылған парақтарды таратқан екен. Козлов басқарған «Алғаның» эмис­сар­лары мұнайшылардың әлсіз жақтарын пайдалану үшін кез келген арандатушылықтарға бар­ған. Козловтың үндеуіне жұмысшылар қатты қар­сылық жасағаннан кейін де арандатушылар Сапарғали, Атабаев сияқтыларды «Алғаға» тарту үшін кейбір қитұрқылықтарға барған. Мәселен, олар өздерінің ұйымын сол жер­де­гілер үшін «Халықтық майдан» деп өзгертіпті. Біздің міндетіміз - мұнайшылардың мүд­де­сін тұтастай қорғау деп жариялаған. Шын мәнінде, Козлов пен Әблязов «халықтық май­данның» платформасында ауызбіршілікке «сына қа­ғатын» жаңа күшті құруды армандаған болу­лары керек. Басқалардың қолымен от көсеу үшін, олигарх және оның көмекшілері мұ­найшылардың күшімен бірқатар аймақтарда әлеуметтік тұрақсыздық отын жаққысы кел­ген. Олардың елді қандай жағдайға ұшырат­қысы келгендерін Әблязовтың «Алға» ұйымы мүшелерімен өткізген скайп-конферен­ция­сынан байқауға болады. Онда олигарх «қырғыз сценарийін» қарастыру керектігін ашық ай­тады. Козлов болса Жаңаөзендегі жағдай­ды тура осы «қырғыз сценарийі» бойынша өр­біту үшін өзінің «Халықтық майдан» ұйымын құр­ды.
Алайда біздің қоғам, соның ішінде Жаңа­өзен оқиғасына қатысушылар әлеуметтік тұ­рақтылықтың бағасы өте қымбат екендігін және оған қол сұққандардың жазасы одан да қатал екендігін жете түсінбеген болуы керек. Бұл өз еліңе, өз халқыңа қарсы жасалатын ең ауыр қылмыстардың бірі болып саналады. Жаңаөзен оқиғасына дейін, өзінің бас пай­да­сы үшін ел арасына дүрмек туғызып, әлеумет­тік қақтығыстарды қасақана жасайды деп ешкім ойламаған. Бірақ солай болды, 2011 жыл­дың желтоқсанында жағдай өзгерді. Әблязов және «Алғаның» құрбандығы болып, олардың өтіріктеріне еріп, алданған мұнай­шы­лар өздері өмір сүріп жатқан қаланы қи­ра­ту үшін көшеге шықты. Кешегі күні түсімізге де кірмеген жағдай сол күні шындыққа айнал­ды.
Сот залында жаңа фактілер айтылды дедік жоғарыда. Бұл фактілер куәгерлердің де, сот­қа қатысып отырғандарға да үстеріне мұздай суды шелекпен құйғандай әсер етті. Мәселен, Әблязов пен Козловтың, Козлов пен Атабаев­пен, Әмірованың Козловпен телефон арқылы өзара сөйлескен сөздері сот процесі бары­сын­да айыптаушы келтірген факт ретінде тың­дал­ды.
«Ереуіл болады. Жаңаөзенде. Онда аздаған топ бар, ішінде спортшылар бар. Иә - бұлар баскесерлер! Міне солар тосып отыр. Олар құрбандыққа баруға дайын. Олар өз еріктері­мен барады. Олар шетелде ол (Мұхтар Әбля­зов) білмесін деп маған талап қойды. Мен оған айттым. Егер бұл соншалықты қажет болса, көмек көрсетіледі деп ол жауап берді. Олар мұны әлі құпия ұстауда, мұны -«той» деп атай­ды. Түсініп тұрсың ба, Володя, бұл қан­төгіс болады деген сөз». Бұл Атабаевтың 2011 жылдың 25 қазанда Козловқа берген баян­дамасы. Демек, трагедияға бірнеше ай қалғанда бұл адамдар Жаңаөзенде не болатындығын білген.
Сол диалогтың жалғасында Козлов: «...он­да біз қылмыстық жазаға тартылатын бола­мыз...», деп өзінің қазақстандық заңдарды жақсы білетіндігін көрсетеді. Осы сөздеріне қарағанда өздерінің не істеп жүргендерін және мұнда қандай жауапкершілік жатқа­нын бұлар жақсы түсінген. Осы сөздер тыңдал­ған­нан кейін «Алға» мүшелерінің соттан қорғалып шығу үміттері бірден сөнгендей болды.
Бұл кездерде Козлов өз адамдарын Жа­ңаөзен­ге жиі жіберіп тұрды. Өзі де Жаңаөзен­ге келіп ереуілшілермен кездеседі, олардың бастарын айналдырып Әблязовтың атынан сөйлейді. Оның мұнайшылармен кездескенде сөйлеген сөздері жазылған бейнетаспалар сақталған екен. «Я Владимир Козлов. Я ра­бо­таю с Аблязовым. Отсюда же только выкачи­вают. Должны же закачать. Выкачал, закачал. Вы должны здесь ходить - здесь трава, здесь пальма, здесь бананы растут. Вот кто чи­тает - «Свобода слов», «Время», «Республика», канал «К+» - они все вместе с вами». Бұл ешқандай қоспасыз, қысқартусыз жазылған Козловтың сөзі. Былайша қарағанда бос сөз. Алайда шаршап, ұнжырғасы түскен адам­дардың ортасында логиканың керек емес екендігін Козлов жақсы біледі. Тәжірибелі ма­ни­пулятор ретінде ол екпінді «Козлов», «Аб­лязов», «Канал К+» сияқты керекті сөздерге ғана қояды. Ал «пальмы и бананы» дегендері тек ойды бөлу үшін айтылған артық сөздер. Арзан әдіс болғанмен нысанаға дәл тиеді.
Козловтың кездесулері тек Маңғыстау же­рінде ғана өткен жоқ. Мұнайшылар оны Ал­матыдағы шараларға шақырды, тіпті «Алғаны» қаржыландырып, тапсырмалар берілетін шет­елдердегі өз адамдарына да шығып тұрған. Сот процесіне қатысқан куә­гер­лердің сөздеріне қарағанда, «алғалық­тардың» ойларында рай­ла­рынан қайту бол­маған, олардың басшылары қарсы тұруды жалғастыра беру керек деп шеш­кен. Онымен қоймай ереуілшілерді саяси талаптар қоюға итермелеген. Ал олардың бас­ты жаулары «мемлекет» болып жария­лан­ған.
Сотта жауап алынған «Алғаның» бұрын­ғы белсенді мүшелерінің бірі алматылық А.Әмірованың айтуынша, Козловтың тобы мұнайшылардың ереуілін саясаттандыруға көп күш салыпты. «Алғалықтардың» насихаты мұнайшылар арасында ашу-ыза тудырған. Мұнайшылар арасында үгіт-насихат жүргізу үшін Жаңаөзенге Мамай, Атабаев, Түменова сияқты арандатушылар келген. Әбілязов қаржыландыратын болуы керек, бірер сағатқа шетелдік псевдо-саясаткерлер де келіп-кетіп жүрген екен. Ақтау соты «Алғаның» аранда­тушылық қызметіне лайықты баға берді. Олигарх Әблязовтың төккен қаржысымен қанаттанған бір топ адам бірнеше ай бойы «тер төгіп» мұнайшылар арасында іріткі са­луды ұйымдастырған. Козлов болса әріптес­терінің қызметін үйлестіріп отырған, ал ерекше көзге түскен ереуілшілерге доллар ұстататын болған. Оның қолында көп ақша болғанға ұқсайды. Шетелден келетін ақшаны жақсы жұмсаған Козловтың атында 11 пәтер, бірнеше қымбат автокөлік және жер телімдері бар екендігі анықталды.
Айыптау жағының сот процесі басталған бірінші күні-ақ соттың, қазақстандықтардың және халықаралық қоғамдастықтардың ал­дына осындай бұлтартпас фактілерді жайып салуы айыпталушылардың қорғанысын қатты әлсіретіп тастады. Козлов, Сапарғали, Әми­новтың өз кінәларын бірден мойнына алуына бір жағынан осы себеп болды. «Алғаның» шақыруымен келген еуропалық сарапшылар сот процесі еркін және транспарантты болды, деген пікірде.
Ақтау сотының шешімімен, қылмыстық ұйымды құрып, басқарғаны, сондай-ақ консти­туциялық құрылымды күштеп өзгертуге ша­қырғаны үшін Владимир Козлов мүлкінің тәркіленуімен 7,5 жылға жалпы режимдегі колонияға кесілді. Ақжанат Әминов те сол бап­пен айыпталып, 4 жыл сынақ мерзімімен 5 жылға, ал Серік Сапарғали 3 жыл сынақ мер­зімімен 4 жылға кесілді.

Қайыр ТӨТЕНШИН


 
«Айқын» AIKYN
Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б
10 октября 2012, 11:40
244

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Дастархан в те времена был скромен. Не было понятия «сынау» - осуждения кто как живет, какой в доме ремонт и т.д. Пока взрослые обсуждали задержку заработной платы, мы играли в армию, жмурки, строили городки...
socium_kzo
5 дек. 2016 / 15:19
  • 32182
  • 30
Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

ГПК содержит 505 статей, многие из которых написаны несколько сложным юридическим языком. Однако теперь понять их можно проще и без обращения к юристу.
RuSnake
6 дек. 2016 / 10:31
  • 11130
  • 0
Невозвращенцы-болашаковцы должны государству почти 2 млрд тенге. Кто их теперь вернет?

Невозвращенцы-болашаковцы должны государству почти 2 млрд тенге. Кто их теперь вернет?

Как сообщают новостные порталы, в Нью-Йорке нашёлся бывший болашаковец Ержан Еликов, исчезнувший пять лет назад и всё это время не выходивший на связь с родителями. Да-да, это именно он, «тот самый».
openqazaqstan
9 дек. 2016 / 14:31
  • 11170
  • 47
Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

"Мужчины должны у вас тут права качать, ибо их процент в вашей численности населения уступает проценту женщин". Я машинально начала уверять, что у нас в стране таковых не имеется...
Sapientia
5 дек. 2016 / 10:52
  • 11131
  • 71
Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

С 26 по 30 ноября в Алматы гостил известный европейский фотограф Ян Маклайн в рамках реализации совместного проекта с Казахстаном. Подробности не уточняются, однако ходят слухи о том, что этот...
Muchacho55
7 дек. 2016 / 18:29
  • 9917
  • 8
Цены Шымбулака – не для казахстанцев? Но вы не нойте. Держитесь и всего вам хорошего

Цены Шымбулака – не для казахстанцев? Но вы не нойте. Держитесь и всего вам хорошего

Знаменитый алматинский горнолыжный курорт «Шымбулак», которым мы все привыкли гордиться, с 10 декабря поднимает цены на свои услуги. Например, дневной абонемент на катание на склонах Шымбулака...
pacifist
9 дек. 2016 / 12:13
  • 9136
  • 30
Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Конечно, Алматы заслужил эту дорогу. Невзирая на все издержки, которые могут возникнуть. Заслужил и как крупнейший город Казахстана, и как субъект, формирующий своими налогами около четверти всех...
merurg
7 дек. 2016 / 12:35
  • 7627
  • 20
«Лицо дьявола»? Страшный силуэт на стекле – не оправдание водительской безответственности

«Лицо дьявола»? Страшный силуэт на стекле – не оправдание водительской безответственности

Казнет уже которые сутки подряд обсуждает страшную аварию на трассе Астана – Боровое, где сошлись страшные мистические знаки и где из-за банальной человеческой безответственности гибли люди..
openqazaqstan
8 дек. 2016 / 13:14
  • 7020
  • 7
10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

Я почти год проработала в школе, и когда уходила оттуда, была самым счастливым человеком в мире. Тот год, честно говоря, я и сейчас вспоминаю с ужасом.
demonica
6 дек. 2016 / 17:21
  • 6758
  • 79