место в рейтинге
  • 77387
  • 88
  • 13
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Интернет – бүкіл адамзаттық ақпарат қоры

Өткен мақалада «электрондық оқу» жүйесінің жалпы құрылымымен таныстық. Қазір соның алғашқы тармағы туралы әңгіме - бүкіл адамзаттың барлық рухани қазынасын виртуалды интернет әлеміне шығарып, сақтау және олардың толық қолжетімділігіне жол ашу.

Әрине, бұл әңгіменің Википедиядан, қазақша Уикипедиядан, басталуы жөн болар. Мұны әлі де естімегендер гугл, яндекс, майлру сияқты іздегіш жолына «Уикипедия», немесе «Википедия», немесе «Wikipedia» деп енгізіп, іздетіп кеп жіберсеңіз, заматта түсіндіріп береді.

Қысқа айтсақ, Wikipedia – дүниежүзілік еркін интернет-энциклопедия (энциклопедия дегенді де білмесеңіз, онда қоя салыңыз!). Википедия – соның орыс тілді бөлімі. Ал Уикипедия – қазақ тілді бөлімі.

Wikipedia – негізінен тегін пайдалануға болатын ақпарат көзі. Оның тағы бір ерекшелігі – оған әркім-ақ интернет арқылы өз үлесін қоса алады.

Ал қазақ тілді Уикипедия, менің білуімше, енді-енді ғана толықтырылып келеді. Оның барынша көлемді ақпарат және білім көзі болуына әрбіріміз әлі көп атсалысуымыз қажет болады.

Интернеттің ақпарат ауқымын кеңейтуге дүниежүзілік ең ірі ақпарат алпауыттары Microsoft, Google, Yandex, ғылым мен мәдениет және білім орындары, электрондық баспа компаниялары және басқалары орасан күш пен қаражат жұмсайды. Интернетші қауымның көпшілігі қазір біледі, гугл, яндекс сияқты іздегіштерден нені болса да сұрап, барынша толық та жан-жақты түсінік алуға болады. Тіпті, іздегіштер әрбір адамның өзіне тиісті ақпаратқа сұранысын сол заматта көшіріп алып, өз қорына жазып, сақтап қоятынын, күніне ондай сұраныстардың миллиондаған түрін өзіне «жұтып» үлгеретінін біреу білсе, біреу білмес. Бұл бір сиқыр сияқты таңғажайып құбылыс. Ғасыр ғажайыбы. Бірақ қазірше ақпарат негізінен ағылшын не орыс тілінде. Сондай-ақ, біздің елімізде жасалған төл іздегішіміз де жоқ. Мүмкін әлгі ақпарат алпауыттары тұрғанда ондайдың қажеті де жоқ секілді. Онда бүкіл дүниежүзілік деңгейде қазақша сапалы ақпарат көлемін жеделдете өсіре беру керек. Бұл, әрине, қазақ тілінің интернет әлеміне кірігуінің бірден-бір жолы екені айтылып та жүр.

Ақпаратты интернет әлеміне шығару бір бөлек, оны реттеп, іріктеп, іздеуге және табуға, пайдалануға барынша ыңғайлы жүйеге келтіру жұмысы одан да маңызды, өйткені жүйесіз ақпаратты жарата да алмайтының айдан анық.

Тағы бір өте маңызды да ауқымды мәселе – интернет кеңістігіндегі еркін ақпараттың қауіпсіздігі. Интернет әлемі кәдімгі адамзат қоғамының дәлме-дәл көшірмесі, онда да жақсы мен жаман қол ұстаса қатар жүреді. Әрине, ақпарат түрінде. Ең қауіптісі – небір қоғам мен адамға зиянды да азғындауға жетелейтін ақпарат еркін қолданыста, әсіресе жастар осы мыстан да сайқал ақпараттың шырмауына түсіп жатыр. Елді осы шырмаудан сақтандыру және қорғау мемлекеттік деңгейдегі мәні бар кезек күттірмес мәселе болып тұр.

Сонымен бірге, сол әлемдік ортақ ақпарат кеңістігінде сіз бен біздің, әрбіріміздің жеке басымыз туралы деректер де міндетті түрде айналымда жүреді. Ол деректерді интернет қызметтерін пайдалану үшін, яғни өркениетті өмір сүру үшін өзіңіз сайттар, пошта, төлем жүйелері немесе әлеуметтік желілер арқылы өзіңіз енгізесіз. Әрине, олардың құпиялылығы біршама сақталады және қорғалады, бірақ... Интернеттің де өз ұры-қарысы, нағыз қарақшылары, мафиялары, бандиттері, рекэттері толып жүр. Кішкентай баладан бастап, бүкіл өмірін компьютер басында түнеп өткізген кәрі хакерлерге дейін күндіз-түні ақша табатын ақпарат аңдып, оны ұрлаумен, оларды пайдаланып, қоқан-лоққы жасаумен айналысады. Олардың зымиян ниеттері жүзеге асып та жатыр, банктердің, компаниялардың және жеке адамдардың миллиондаған доллар қаржысы заматта жоқ болып, интернет арқылы қолды болып кетіп жатыр. Ақпараттың небір қорғаныс шептерін ауадан өткендей жеңіл бұзып өтіп, ойларына келгенін істеп те жүр. Хакерлер өзінің программистік мүмкіндіктерімен адам факторын, яғни адамдардың бейғамдығын, салақтығын, ақымақтығын тікелей өз зымиян мақсаттарына пайдаланады. Ақпарат әлемінде адам факторы әлі де ең әлсіз буын болып тұр. Осы мәселенің жарқын бір көрінісі – түрлі вирустар, шпиондық және зиянкес программалар. Міне, өркениеттің күнделікті алаңдайтын үлкен мәселесінің бірі. Бұл мәселенің болашақта қалай шешілетініне әрбіріміздің өміріміз тікелей байланысты болайын деп тұр.

1. Интернет пен қоғамның өзара кірігуі

Әрбір адам баласы интернет қорларын еркін пайдалана алатындай қоғамдық-психологиялық, технологиялық және заңды жағдай жасау қажеттілігі туындағалы қашан. Өйткені ақпарат кеңістігі мен басқа да қоғамдық және адами құбылыстар өзара біртұтас қимыл-әрекет жасайтын, өте тығыз байланысқан, бір-біріне өте қажет дүниеге кірігуі жүріп жатыр.

Тіпті, қазір осы құбылысты тиянақты зерттеуші эксперттер де бар. Олардың айтуынша Қазақстанда интернеттің қоғамға кірігуі қазір 70% болыпты. Әрине, дейді олар, интернетті қолданушылар саны шындығында одан әлдеқайда төмен. Ол бір ай шамасында, анау-мынауын алып тастағанда, 7,5 млн адам интернетке қосылады деген сөз. Ал оның ішінде интернетке тұрақты және аптасына бірнеше рет, тіпті күнде шығатындар бар-жоғы 2,5 млн болады екен. Бұларды интернет қолданушылардың ядросы, негізгі базасы дейді. Міне, осы ядроны барынша жеделдете үлкейту міндеті тұр.

Ол үшін:

  1. Елде компьютерлік, ақпараттық-коммуникативтік техниканың кең қанат жаюына жағдай жасау керек, оларды сататын сауда орындарын молайту, бір-бірімен салыстырып, таңдай алатындай түрлерін кеңейту,
  2. Халықтың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін көтеру, ақпараттық қоғам психологиясын сіңіру, әр отбасында бірнеше компьютер, ноутбуктердің болуын қажеттілікке айналдыру,
  3. Интернеттің қосу және пайдалану бағасын төмендету, жылдамдығы мен қызметтерін кеңейту,
  4. Халыққа қажетті тұрмыстық, әлеуметтік, экономикалық қызметтерді интернеттегі мобильді де автоматты жүйелерге заңды түрде шығару.

Мұның бәрі тек «интернеттің сиқырына» бола емес, қоғамға, яғни халыққа өте тиімді заманауи талаптарды әркімнің пайдалана алуы үшін жүзеге асырылады. Бұл мәселелер елімізде, халықаралық талаптарға сай, қолға алынған және дамып келеді деп сенеміз. Соның бір соңғы жарқын мысалы – алғаш рет электрондық теңгенің енгізілуі. Бұл интернетте ұлттық е-теңгемізбен сауда-саттықтың кеңеюіне жол ашу екені сөзсіз.

Ал білім саласына қатысты қозғасақ... Бұл жайлы келесі мақалада.

 
27 октября 2012, 21:27
3218

Loading...

Комментарии

бүгінгі таңда ғылыми технологияның қарқынды дамуы біздерге өте қолайлы, ақпарат алмасу әлем кеңістігіне кіру т.б.сол сияқты шаралармен беттесу дегенмен ҒАЛАМТОР казино секілді адам психологиясына қатты әсер етеді сол себептен уақытында тоқталу қажеттігін талап етеді.

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

«Мурашки по коже». Выступление Димаша Кудайбергенова впечатлило иностранцев

«Мурашки по коже». Выступление Димаша Кудайбергенова впечатлило иностранцев

21-го января сообщество "Казахстан разместило на своей странице фейсбук видео с выступлением Димаша Кудайбергенова c песней "S.O.S" на китайском конкурсе Singer 2017.  Данное видео стало вирусным...
Levlion999
15 февр. 2017 / 15:06
  • 22812
  • 5
Известные казахи, женившиеся на русских женщинах

Известные казахи, женившиеся на русских женщинах

Говорят, что за каждым великим мужчиной стоит женщина. А еще говорят что, все великие люди меняют судьбу своего народа. Так давайте узнаем больше о русских женщинах, навсегда изменивших жизнь...
Shala-Kazakh
17 февр. 2017 / 23:21
  • 13450
  • 72
У нас зарплаты в 3 раза ниже, чем в Болгарии. А мы говорим о самом дешевом бензине, хлебе и воде

У нас зарплаты в 3 раза ниже, чем в Болгарии. А мы говорим о самом дешевом бензине, хлебе и воде

Многие у нас любят сравнивать цены в Казахстане с ценами в Европе. Как мол у нас все дешево! При этом они забывают о том, что минимальный размер оплаты труда на Западе в разы выше, чем у нас.
AliyaSadyrbaeva
15 февр. 2017 / 0:43
  • 6322
  • 52
Келин XX века vs келин XXI века. Если сейчас легче жить, то почему разводов стало больше?

Келин XX века vs келин XXI века. Если сейчас легче жить, то почему разводов стало больше?

Часто слышу от пожилых «апашек» слова разочарования, когда они в очередной раз узнают новость про развод семьи. В основном рассуждения начинаются с фразы «біздің кезімізде»...
socium_kzo
15 февр. 2017 / 15:47
  • 6160
  • 76
«Мужчины, живущие с родителями после 25 лет». Опрос набирает популярность в сети

«Мужчины, живущие с родителями после 25 лет». Опрос набирает популярность в сети

"Как вы относитесь к мужчинам, которые в 25+ еще живут с родителями?". Опрос, который набирает популярность в соцсетях. Хотелось бы узнать, что же думаете вы по этому поводу?
Muchacho55
15 февр. 2017 / 18:51
Места для уличного секса в Алматы. Не будьте ханжами, уятменами и моралфагами!

Места для уличного секса в Алматы. Не будьте ханжами, уятменами и моралфагами!

Не будьте ханжами, уятменами и моралфагами, будьте доброжелательней и скиньте уже с себя цепи и оковы нравственности. Да здравствует любовь и свобода!
gelberdeuet
14 февр. 2017 / 11:00
«Казахстанцы больше не смогут приобрести недвижимость за рубежом»

«Казахстанцы больше не смогут приобрести недвижимость за рубежом»

Так мог бы звучать заголовок этой публикации, откажись Европа, Турция, ОАЭ, США и другие от фундаментального права человека на имущество. Пост про то, кто заработает на поправках в Конституцию РК...
lyalusha
16 февр. 2017 / 14:45
  • 3333
  • 23
Секреты женского оргазма или Почему вокруг так много фригидных женщин

Секреты женского оргазма или Почему вокруг так много фригидных женщин

Просьба отключить режим высокой морали и узколобия, а внять советам, дабы сделать немножко счастливей и свою жизнь, и жизнь партнера. Всем уят! :D
kami_princesska
16 февр. 2017 / 11:39
Утверждён график выходных дней для жителей Казахстана в марте

Утверждён график выходных дней для жителей Казахстана в марте

Казахстанцы отдохнут около полумесяца в грядущем марте. В связи с праздниками в марте ожидается четыре дополнительных выходных дня. Первый, разумеется, выпадает на главный женский день в году, а...
Seattle
17 февр. 2017 / 13:20
  • 2694
  • 4