• 6337
  • 16
  • 1
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Алаштың салмағы – «69»!

Қазақ боксы алыс Кеңес одағы тұсында да мықтылығымен танылған-ды. Былғары қолғап киген оғландарымыз талайға таңдай қақтырды. Тәуелсіздік алғалы қатысқан бес Олимпиадада бокстан алты алтын алуымыз осы сөзімізді айғақтай түседі. Солардың үшеуін 69 келіде сайысқа түскен тарландарымыз жеңіп алған екен.

Тұңғыш рет Қазақстан дербес ел ретінде 1996 жылы Атланта Олимпиадасына қатысты. Ол кездегі ережеге сәйкес біз сөз еткелі отырған 69 келі салмақ дәрежесі жоқ болатын. Бұл салмақ кейіннен Афиныда қосылды. Мұхиттың арғы бетінде өткен додаға елімізден 8 боксшы аттанды.

Бапкерлер сегіз ұланның ішінен Болат Жұмаділов, Василий Жиров, Ермахан Ыбырайымов, Болат Ниязымбетовтің жүлдеден үміткер екенін айтып еді. Тәжірибелі мамандар қателеспеген екен. Василий Жиров Олимп шыңын бағындырып, ең үздік боксшыға берілетін «Баркер» кубогына ие болды. Ал, Болат Жұмаділов күміс, Болат Ниязымбетов қола медальға қол жеткізді. 71 келі салмақта сынға түскен Ермахан Ыбырайымов та жүлделі үшінші орыннан көрінді.

Алаш өрендері Сиднейдегі төрт жылдың дүбірлі додасында айды аспанға бір-ақ шығарды. Қазақтың төрт боксшысы финалда! Жасыл құрлықтың шаршы алаңында жасындай жарқылдаған Бекзат Саттарханов Олимпиада чемпионы атанды. Тағы бір шойын жұдырықты боксшы Ермахан Ыбырайымов та жеңіс тұғырына көтерілді. Орта салмақтағы жеңіс жылнамасының бастауын Ермахан салып кетті. Болат Жұмаділов пен Мұхтархан Ділдәбеков күміс медальдің иесі атанды. Осы Олимпиададан кейін 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесі алынып тасталды. Оның орнына жаңа салмақ қабылданып, 64-67 және 67-71 келі біріктіріліп, 69 келі салмаққа ауысты. Айта кету керек, әлі күнге дейін боксшыларымыз Сиднейдегі жетістікті қайталай алмай келеді.

Олимпиаданың өз Отанында жалауы желбіреген дода бізге сәтсіз болды. Соңғы сәтке дейін қоржынымыздан алтынның сыңғыры естілмеген болатын. Күрзі жұдырықты жігіттеріміз болмағанда, елге алтынсыз оралар ма едік, кім білсін? Афинының шаршы алаңдарында Бақтияр Артаев қарсылас шақ келтірген жоқ. Екі дүркін Олимпиада чемпионы Олег Саитов, екі дүркін әлем чемпионы Лоренцо Арагон сынды саңлақтарды алтыннан қаққан Бақтияр «Баркер» кубогына да ие болды. Араға сегіз жыл(!) салып ең үздік боксшыға берілетін жүлде біздің өренге бұйырды. Алғаш рет алтыны сарапқа салынған 69 келінің шыңы Алаш оғланына бағынды. Афиныда Бақтиярдан бөлек екі боксшымыз жүлдеге ілінді. Геннадий Головкин күміс, Серік Елеуов қола медальге ие болды.

Боксшыларымыз үшін Бейжің Олимпиадасы аса сәтсіз болды. Жарысқа аттанған он боксшының екеуі ғана жүлдеге ілінді. Еркебұлан Шыналиев қола медальге қол жеткізді. Бокстағы жалғыз алтын Бақыт Сәрсекбаевтың еншісіне тиді. Бейжіңдегі дүбірлі додада қаптаған қалың қытайдың арасынан суырылып шыққан қандасымыз Қанат Ислам да үздіктер қатарынан көрінді. Әрине, ол кезде Қанат Қытайдың намысын қорғаған еді. Алайда бұл – Алаш өрендерінің жетістігі! 69 келідегі кезекті алтын! Кездейсоқтық па?..

Тәуелсіздік алғалы ең сәтті дода – Лондон Олимпиадасы болды. Қазақстан өз тарихында тұңғыш рет 7 алтынға қол жеткізді. Ауыр атлетикада 4, жеңіл атлетика, веложарыс, бокстан бір-бірден алтын алдық. Иван Дычко қола, Әділбек Ниязымбетов күміс медальдің иесі атанды. «Тұманды Альбионда» әлем жұртын аузына қаратқан, қарсылас шыдатпаған Серік Сәпиев Олимп шыңына шықты. Сонымен қатар Серік Лондон Олимпиадасының ең үздік боксшысы болып танылды. Тағы да 69 келіде Алаш боксшысы үздік шықты.

Бокстағы орта салмақ болып саналатын «69 келі» Алаштың оң жамбасына келіп тұр. Ермаханның салмағы 69 келіге жақын екенін ескерсек, Алаш алған 6 алтынның 4-еуі орта салмақтағыларға бұйырыпты. Тіпті Ыбырайымовтың алтынын есептемеген күннің өзінде соңғы үш Олимпиада ойындарында 69 келіде қатарынан 3 алтын алуымыз бұл салмақтың бізге ақжолтай екенін айғақтайды. Бұның кездейсоқтық болуы мүмкін бе? Қалай десек те, «69» – Алаштың салмағы деп айтуға хақымыз бар. Тіл-көзден сақтасын, қазақтың өрендері «69»-ды әлі талай бағындырары сөзсіз!

 

P.S. Төрт жылдың дүбірлі додасы енді Рио-Де-Жанейрода өтеді. «Алаш салмағына» талантты боксшы Данияр Елеусінов өтуі мүмкін. Жас сайыпқыран Лондонға да барып, бағын сынады. Тәжірибе жетіспегені болмаса, Данияр барын салды. Енді ол Риода өтетін Олимпиадада ағаларының жолын жалғастырып, «69»-да атой салады деген сенімдеміз.

Толық: Нұр Астана

Тұрсынғали Еділов, бапкер:

– Орта салмақты Алаштың салмағы деп айтуға толық негіз бар. Себебі, орта салмақтағы қазақтардың атой салуы Серік Қонақбаевтың кезінен басталады. Кейіннен Ермахан Ыбыраймов 71 келіде Олимпиада чемпионы атанды.

Әлем халықтарын алып қарайтын болсақ қазақтар бой жағынан да, салмақ жағынан да орташаға жатады. Қытайлар секілді майда емеспіз. Сондықтан орта салмақта қазақтар жеңіске жетуі тиіс. Бапкерлер де осы салмақтағы боксшыларға көп көңіл бөлгені жөн. Яғни, 63-81 келі арасы нағыз қазақтың салмағы.

Алдағы Олимпиадада жеңіс жылнамасы жалғасын табады деген ойдамын. Талантты боксшы Данияр Елеусінов Рио шыңын бағындыруы тиіс.

Абайус Отариус abay_convict
Қазақтың қарапайым баласымын.
4 октября 2012, 12:36
1660

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Известные казахи, женившиеся на русских женщинах

Известные казахи, женившиеся на русских женщинах

Говорят, что за каждым великим мужчиной стоит женщина. А еще говорят что, все великие люди меняют судьбу своего народа. Так давайте узнаем больше о русских женщинах, навсегда изменивших жизнь...
Shala-Kazakh
17 февр. 2017 / 23:21
  • 35246
  • 81
Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Насобирал разных фотографий про наш город, из семейного архива. Фотографии не от сканированные, а пересняты на телефон. Давно хотел выставить, но не решался) Сейчас уже мы все поменялись, уже...
Ispanec
вчера / 11:05
  • 9432
  • 18
Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Среди моих знакомых есть одна милая девушка, она тоже молодая мама как и я. Очень открытая, видная, недавно вышла на работу. У нее счастливая семья и все, тьфу-тьфу, складывается хорошо.
Roza_pvl
19 февр. 2017 / 11:49
  • 5419
  • 43
Утверждён график выходных дней для жителей Казахстана в марте

Утверждён график выходных дней для жителей Казахстана в марте

Казахстанцы отдохнут около полумесяца в грядущем марте. В связи с праздниками в марте ожидается четыре дополнительных выходных дня. Первый, разумеется, выпадает на главный женский день в году, а...
Seattle
17 февр. 2017 / 13:20
  • 4639
  • 4
«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

Ну реально же, парни, откуда вы только беретесь такие простые, а? Я сейчас просто расскажу несколько историй из личного опыта, и судите сами – нормально это? Но для начала расскажу немного о себе...
socium_kzo
вчера / 11:38
  • 4392
  • 89
Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Итак, по просьбам трудящихся и по крикам души коллективного бессознательного решила я написать пост на эту тему. Вводные данные: 1) нет имущества, которое можно продать для покупки собственного...
DanaJarlygapova
20 февр. 2017 / 16:17
  • 3743
  • 45
50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

Друзья, представляю вашему вниманию второго героя моей рубрики "50 бизнес-встреч с лучшими (по моей версии) предпринимателей Астаны за 100 дней" - Асхата Солтанова!
Kultursyn
20 февр. 2017 / 12:46
  • 3530
  • 17
Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Я совсем не смотрю передачу "Пусть говорят", слишком много ругани и негатива, но новость про какую-то девушку заполонила все мои социальные сети, я открыла youtube и посмотрела несколько передач...
Roza_pvl
вчера / 11:49
  • 3250
  • 31
Я не националист, но выйду замуж только за казаха. 22 факта обо мне

Я не националист, но выйду замуж только за казаха. 22 факта обо мне

Всем доброго времени суток! Поскольку сейчас долгожданные выходные, я болею и имею полное право ничего не делать за чашечкой горячего чая, то решила все-таки написать этакий скромный пост о себе...
Sserikyzy
18 февр. 2017 / 16:35