Тікелей эфир

Балерина болу оңай ма?

22 жасар Орынгүл Нұржанқызы жобамыздың тұрақты оқырмандарына роликке түскен балерина ретінде бұрыннан таныс. Бүгінде Орынгүл Абай атындағы опера мен балет театрының балет әртісі, Жүргенов атындағы өнер академиясының хореография факультетінде хореография режиссурасы мамандығы бойынша білім алуда. Осы материалда жас талант балет өмірі турасында сыр шертпек.

БАЛЕТКЕ АЛҒАШ КЕЛУІМ

Мектептің 4 сынып оқушысы болғанымда би үйірмесінде билеп жаттықтым, сол кездегі мұғалімім Александра Михайловна ата-аналарамызды шақыртып, жиналыс ұйымдастырған. Жиналыста анама Алматыдағы хореографиялық училищеге менің түсуімді ұсынды. Училище ғимаратына бірінші кіргенімде менен үлкен қыздар балет формасын киіп, шашын түйіп, арқасын тік ұстап, кіреберісте жаттығуларды қайталап, саббаққа дайындалып жатқан. Сонда менің ішімде «осы жерде оқуым керек» деген сезім оянды. Сол кезде балетке ғашық болдым. Балет өнерімен осылайша таныстым.

БАЛЕТ МЕКТЕБІ

Училищедегі бірінші оқу жылдары мен үшін қиын болды. Оқу орнына балалар еліміздің әрбір аймағынан келіп, жатақханада тұрып оқи алады. Тіпті басқа елден келген ұлт өкілдері болған. Оқу барысында жатақханада тұрып, білім алдым. Аптасына бір рет үйіме баратынмын. Училищеге балаларды бесінші сыныптан бастап қабылдайды (10-11 жасынан бастап), жаңадан түскендер бірінші класс болып саналады, сосын топтарға бөлінеді. Оқу 8 жылдық. Сабақ таңғы 08:00-де басталып, кешкі 19:30-ға дейін болады, осылайша болашақ әртістердің балалық шағы оқу-тоқумен, репетициялармен өтеді.

МАМАНДЫҚ

Училищені бітіріп, барлығы балерина болып кетпейтіні белгілі, мысалы, таныстарымның арасында бухгалтер, дизайнер, журналист, модель болып кеткендер бар. Олардың басқа салаға көшкен себептері көп: кәсіби мүмкіндіктер жетіспегеннен, айлық мәселесі тағы бар. Кейбіреулер сегіз жыл ішінде балетті жек көріп кетеді.
Өзім балет әртісі болмасам, киноактриса болар едім деп ойлаймын. Балалық шағымда соны армандағанмын.

ШЕКТЕУЛЕР

Балеринаның өмірі өте қиын деп айтып жатады, иә, әрине, өзіңе шектеулер қоясың. Бірақ әр адам өзінің физиологиясына қарайды, кейбір балериналар диета дегеннің не екенін білмейді, ал қалғандары артық қасық та жей алмайды. Сонымен қатар, балет өнерімен айналысып жүрген адамдарға шаңғы, велосипед, коньки тебуге болмайды, атта шаппағаны да абзал. Кәсіби ауруларға келетін болсақ, олар әркімде әрқалай көрініс табады, біреуде ерте, біреуде зейнеткерлік жасында шыға бастайды.

БАЛЕТ ЕҢБЕКТІ ТАЛАП ЕТЕДІ

Балет мені еңбекқорлыққа үйретті. Керемет билеу үшін көп еңбектену керек. Училищедегі мұғалімім менің кәсіби қалыптасуыма үлкен ықпал жасады. Өнердің арқасында өзіме қатал талап қоя бастадым. Маған білімін аямаған Г.Ж. Әлиева, М.Т. Тілеубаев, Р.С. Бапов, Л.Г. Рудакова, Р.Х. Байсейітова, А.Т.Алишева, А.С. Досмұхамбетова және т.б. педагогтар алдында бас иемін.

БІРІНШІ РӨЛ

Бірінші рөлімді училище оқушысы болған кезімде сомдадым. Ол «Щелкунчик» балетіндегі Машаның кішкентай партиясы еді. Ал театрға балет әртісі болып түскен кезімдегі бірінші рөлім «Аққу көліндегі» Pas-de-trois болды. Кейін Қызыл телпек («Ұйқыдағы ару»), Амур («Дон Кихот»), қытай қуыршақтары («Щелкунчик»), Pas-de-deux («Жизель») рөлдерін биледім. Қазіргі уақытқа дейінгі ең үлкен басты рөлім — Китри партиясы («Дон Кихот» балеті).

БАСТЫ РӨЛДІ МЕҢГЕРУ

Бірінші рет орындалатын рөл болса, 1-2 айдай уақыт керек, ал бұрыннан билеп жүрген рөл болса, бір, бір жарым апта керек. Кейде шұғыл жағдайлар болып қалады, спектакльге дайындалып жүрген әртіс ауырып қалса, басқасы дайындықсыз сахнаға шығып жатады. Мысалы, өзім Китридің партиясына дайындалып жүргенде 3 айдай уақыт қажет болды. Бұл, әрине, мұғалімімнің еңбегі. Рамазан Саликұлы Баповтың арқасында бұл рөлді сәтті алып шықтым. Сонда да жеткен жетістігімде тоқтамай, әлі де көп жұмыс жасап, техника мен образды одан әрі жетілдіру керек деп ойлаймын.

picasion gif maker

ОТАНДЫҚ БАЛЕТ

Қазіргі заманымызда барлық салалар қарқынды дамып жатыр. Менің ойымша, балеттегі жастарға кәсіби тәжірибе жетіспейді. Осы тұста шетелден жоғары дәрежесі бар профессионал мұғалім немесе әртістерді жиі шықырып жатсақ... Тәжірибемен алмасу, отандық балетті шетелдік сахнада көбірек көрсету, өзіміздің деңгейімізді көрсету үшін шетелге шыққан кезде толыққанды балет қойылымдарын сахналасақ. Оған қоса, бізде әлі қойылмаған спектакльдерді (мысалы, МакМиланның «Маноны», Джон Кранконың «Евгений Онегині», Иржи Кильянның балеттері, т.б.) шетелдік труппалардың көмегімен қойып, шеберлік сабақтарын жиі өткізсек. Оған қоса, балет әртістерінің зейнеттік жасы мәселесін көп талқылап жатыр, әрине, бұл да үлкен проблема.

ШЕТЕЛДІК ГАСТРОЛЬДЕР

Осыған дейін Ресей (Санкт-Петербор, Омбы, Астрақан), Өзбекстан (Ташкент), Түркия (Ыстамбул), Корей (Сеул, Тогу) елдеріне барып, өнер көрсеткен болатынмын.
Бір байқағаным, шетелдік балет сыншылары сені қатал сынайды, ал шетелдік отандастарың ыстық қарсы алады. Отандық көрермендер және отандық сахна жылы да үйреншікті болып келеді. Әрине, қатал сыншылар әрқашан табылады, бірақ отандық сахна — ол бөлек. Өз отаныңда, өзіңнің көрермендерің үшін билеген — ерекше сезім.

РӨЛ ТАҢДАЙ АЛСАМ

Жизель мен Джульетта менің мінезіме жақын бейнелер. Ең бірінші рет театрға аяқ басқанымда «Жизель» балетін көрдім, осы спектакль менің санама ұмытпас әсерін тигізді. Джульетта бейнесі жанымды тебірентеді. Менің мінезіме лирикалық рөлдер жақын. Мысалы, «Бақшасарай бұрқағындағы» Мария, Сильфида, «Щелкунчиктегі» Маша. Алайда, нағыз әртіс кез келген рөлді алып шығу керек.

БОЛАШАҚТА

Сахнада жиырма жылдай билеп жүріп, балериналарға басқа мамандық таңдауға тура келеді, мысалы, біреулер педагог болып кетсе, біреулер мүлдем басқа салаға кетеді. Ал мен болсам, жиырма жылдан кейін не боларын білмеймін, амандық болса, хореограф мамандығы бойынша жұмыс жасаймын.

ШЫМЫЛДЫҚТЫҢ ӘР ЖАҒЫНДА

Балериналар үнемі бәсекеге түсіп, бір-біріне қастандық жасауға әзір деген әңгімелер қарапайым көрермен арасында көп айтылады. Немесе Аранофскидің «Қара аққу» киносын көріп, кейбіреулердің балетке деген көзқарасы өзгеруі де мүмкін, алайда, біздің театрда бәсекелестіктің салдарынан соншалықты қорқынышты жағдайларды көрген емеспін. Әрине, интригалар да жоқ емес. Дегенмен, осы орайда прима болудың бас факторын айтып өтуге тура келеді. Сенің бойыңда жеке адам даралығы, өзіңнің ерекшелігің болғанда және басқалар осы қасиетіңді бағалай білгенде ғана балет өнерінде жолың ашылады.

gif maker

Орынгүлді жаңа балет маусымында қандай қойылымдардан көруге болады:

Дон Кихот
Большой вальс
Жизель
Щелкунчик
Аққу көлі
Сильфида

Материалды дайындаған Әлия Сембай

фото автордікі

Алия Arsik
11 қараша 2012, 4:45
3513

Загрузка...

Пікірлер

Aikona
3
0
Әдемі қыз. Шынымен, қиын сияқты балерина болу. Сахна тілінде айтқанда: басты рольдерде сізді көруге жазсын!
Жас балеринаға Сәттілік тілеймін!
Мен де сәттілік тілеймін! Жарқырап жүре беріңіз!)
Келешекте үлкен жетістерге жетуіне тілектеспін!
ACTIV
1
0
Қазақтың қызы деп мақтанайық! сәт сапар!

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Дастархан в те времена был скромен. Не было понятия «сынау» - осуждения кто как живет, какой в доме ремонт и т.д. Пока взрослые обсуждали задержку заработной платы, мы играли в армию, жмурки, строили городки...
socium_kzo
5 желт. 2016 / 15:19
  • 32854
  • 31
Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

ГПК содержит 505 статей, многие из которых написаны несколько сложным юридическим языком. Однако теперь понять их можно проще и без обращения к юристу.
RuSnake
6 желт. 2016 / 10:31
  • 11167
  • 0
Невозвращенцы-болашаковцы должны государству почти 2 млрд тенге. Кто их теперь вернет?

Невозвращенцы-болашаковцы должны государству почти 2 млрд тенге. Кто их теперь вернет?

Как сообщают новостные порталы, в Нью-Йорке нашёлся бывший болашаковец Ержан Еликов, исчезнувший пять лет назад и всё это время не выходивший на связь с родителями. Да-да, это именно он, «тот самый».
openqazaqstan
9 желт. 2016 / 14:31
  • 11963
  • 51
Цены Шымбулака – не для казахстанцев? Но вы не нойте. Держитесь и всего вам хорошего

Цены Шымбулака – не для казахстанцев? Но вы не нойте. Держитесь и всего вам хорошего

Знаменитый алматинский горнолыжный курорт «Шымбулак», которым мы все привыкли гордиться, с 10 декабря поднимает цены на свои услуги. Например, дневной абонемент на катание на склонах Шымбулака...
pacifist
9 желт. 2016 / 12:13
  • 11344
  • 31
Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

"Мужчины должны у вас тут права качать, ибо их процент в вашей численности населения уступает проценту женщин". Я машинально начала уверять, что у нас в стране таковых не имеется...
Sapientia
5 желт. 2016 / 10:52
  • 11227
  • 71
Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

С 26 по 30 ноября в Алматы гостил известный европейский фотограф Ян Маклайн в рамках реализации совместного проекта с Казахстаном. Подробности не уточняются, однако ходят слухи о том, что этот...
Muchacho55
7 желт. 2016 / 18:29
  • 10015
  • 8
Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Конечно, Алматы заслужил эту дорогу. Невзирая на все издержки, которые могут возникнуть. Заслужил и как крупнейший город Казахстана, и как субъект, формирующий своими налогами около четверти всех...
merurg
7 желт. 2016 / 12:35
  • 7697
  • 20
«Лицо дьявола»? Страшный силуэт на стекле – не оправдание водительской безответственности

«Лицо дьявола»? Страшный силуэт на стекле – не оправдание водительской безответственности

Казнет уже которые сутки подряд обсуждает страшную аварию на трассе Астана – Боровое, где сошлись страшные мистические знаки и где из-за банальной человеческой безответственности гибли люди..
openqazaqstan
8 желт. 2016 / 13:14
  • 7151
  • 7
10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

Я почти год проработала в школе, и когда уходила оттуда, была самым счастливым человеком в мире. Тот год, честно говоря, я и сейчас вспоминаю с ужасом.
demonica
6 желт. 2016 / 17:21
  • 6901
  • 79