• 2519
  • 0
  • 1
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Дос КӨШІМ: Орыстардың балаларын қазақ мектебіне беруі орыс мектептерінің босап қалуына әкеліп соғуда

Дос КӨШІМ - «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы, саясаткер

– Жақында Білім және ғылым министрлігінде қазақ мектептерінің жай-күйі жайлы баяндама жасадыңыз. Осы баяндамаңызға кеңірек тоқталсаңыз...
– Екі жыл бұрын «Ұлт тағдыры» қозғалысы еліміздің шығыс және орталық аймақтарындағы, яғни орыстілді өңірлердегі қазақтілді мектептердің мәселесімен айналысуды мақсат етіп бастады. Биыл да Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарының аудан ор­талықтары мен ірі елді мекендерінде кездесулер өткізіп, қазақ мектептерін аралап шықтық. Алдымен орыстілді азаматтарды балаларын қазақ мектебіне беруге шақырып, іс-шаралар өткіздік. Онда екі орыс баласының қазақ мектебіне бара жатқан суретін барлық жерге жапсырып, орыстілді ата-аналарға әсер ететіндей сөздер жазып ілдік. Жергілікті халықпен кездесулер өткіздік. Нәтижесінде қазақ мектептері мен қазақ тілінің жайына қатысты көптеген мәселеге көзіміз жетті. Ол жерлерде орыстілді аудандар мен ірі поселкелерге алыс ауылдардан көшіп келіп жатқан қазақтар өте көп екен. Бірақ осы өзгеріске сай қазақтілді мектептердің ашылуы өте сирек. Болашағы жоқ деп танылған ауылдардан да қазақтардың үздіксіз келіп жатқанына қарамастан, келген жерлерінен олардың балаларына арнап қазақ мектептерін ашу мәселесі қарастырылмаған.

Жергілікті билік өкілдерінің де бұған бас қатырып жатқанын байқамадық. Нәтижесінде ауылдардан келген қазақ балалары орыстілді аймақтарда қазақ мектептерінің жетімсіздігінен орыс мектептеріне баруға мәжбүр болып отыр. Ал кейбір аймақтарда кез келген мекемені қазақ мектебіне айналдыра салған. Мәселен, Ақмола облысының Елтай елді мекенінде (Астана мен Көкшетау қалаларының ортасында орналасқан) үш қабатты аурухана ғимаратын қазақ мектебіне айналдырған. Онда 330 бала білім алып жатыр. Ал дәл сол ауылда типтік үлгіде салынған үш қабатты орыс мектебінде 130 бала білім алуда. Мұны әлеуметтік әділетсіздік демеске шара жоқ. Тағы бір мысал: Шығыс Қазақстан облысына қарасты Ұлан ауданында жүзу бассейнін қазақ мектебіне айналдырған. Ал жүзу бассейніндегі сынып бөлме­лерінде терезе жоқ! Бастауыш сыныптың балалары бітеу бөлмеде дәріс алуда.

– Демек, кейбір ата-аналардың қазақ мектептеріне балаларын бергісі келмеуіне қазақ мектептерінің техни­калық тұрғыдан дұрыс жабдықталмауы да әсер етіп отыр ғой?
– Әрине, біз орыстілді ата-аналармен қатар, қазақтілді ата-аналармен де арнайы жұмыстар жүргізіп, балаларын қазақ мектептеріне беруді үгіттейміз. Өйткені ата-аналар үйінің жанында қазақ мектебі болмаса, баласын орыс мектебіне беруге даяр тұрады. Ал бұл – үлкен ұлттық мәселе. Ата-аналар балаларын орыс мектебіне беруге қазақ мектебінің жеткіліксіздігін, бар болған күнде талапқа сай болмауын сылтау етіп жатады. Меніңше, ата-аналар балаларын орыс мектебіне қалағандықтан емес, мәжбүрліктен беріп жатыр. Мәселен, бір ауданда қазақтілді ата-ана «балам спортшы болғысы келеді, ал қазақ мектебінде спортзал жоқ, сондықтан баламды орыс мектебіне бердім» деді. Биыл Лондон Олимпиадасында жалғыз қазақ баласы Серік Сәпиев қана алтын алғанда қазақтардың дүбірлі спорттық додаларда неліктен алтын ала алмайтынын түсінгендей болдым. Тіпті спортқа баулуға бола 6-сыныптан бастап қазақ мектебінде оқитын баласын орыс мектебіне берген жағдайларды да кездестірдім. Аталмыш өңірлердегі қазақ мектептерінің жай-күйі мүлдем талапқа сай емес. Сөзіміз дәлелді болуы үшін бір ғана облыстағы жағдайды мысалға алайық. Басқа облыстарға қарағанда жағдайы біршама жақсы деп есептелетін Қарағанды облысында 260 қазақ мектебінің 48-інде мектеп пешпен жылытылады, 95 мектепте су даладан тасымалданады, 170 мектептің дәретханалары далада орналасқан, 53 мектепте толық жабдықталған медицина кабинеті жоқ, 98 мектептің спортзалы жоқ, 82 мектепте спорт алаңы жоқ, 94 мектепте асхана жоқ екен. Еліміздегі қазақ балаларының тең жартысы осындай мектептерде тәрбиеле­ніп жатқанда оларға жоғары деңгейде талап та қоя алмайтынымыз анық. ХХІ ғасырда Тәуелсіз ел атанғанымызға 20 жылдан астам уақыт өткен уақытта қаракөз қазақ балаларының терезесі жоқ бассейнді сынып етіп, білім алып жатуы жүрегімді ауыртты. Біз бұл әрекетіміз арқылы қазақ балаларының құқығын да аяқасты етіп жатырмыз. Бұл – біздің көзіміз көрген бір-екі мәселе ғана. Ал жер-жерде жергілікті қазақ ата-аналарының талабынан соң кез келген ғимаратты қазақ мектебіне айналдыра салған мұндай оқиғалар жүздеп саналады екен.

– Жалпы, аймақтарда қазақ мектептері санын көбейтуге не кедергі?
– Қазақ мектептерінің жетімсіздігіне қарамастан, кейбір аймақтарға арнайы қазақ мектебіне арналған ғимарат тұрғы­зудың қажеті де шамалы екеніне көзім жетті. Өйткені соңғы кездері сол жерлердегі орыс мектептері босап қалып жатыр екен. Керек десеңіз, орыстардың өздерінің балаларын қазақ мектебіне беруге тырысуы орыс мектептерінің босап қалуына әкеліп соғуда. Керісінше, ол жерлерде қазақтардың көшіп келуі мен демографиялық өсім салдарынан қазақтардың көбеюі қазақ мектептеріне деген сұранысты өсірген. Әйтсе де бұл өзгерісті жергілікті билік өкілдері сезінер емес. Атап айта кетерлік жайт – қазіргі таңда шамамен әр өңірде 500-600 өзге ұлт өкілі қазақ мектебінде оқиды. Демек, бұрынғы орыс тіліндегі мектептердегі бала санының азайып келе жатқанын, мемлекеттік тілде оқитын оқушы­лардың көбейіп келе жатқандығын ескере отырып, бұл аймақтардағы орыстілді мектептерде оптимизация жүргізу қажет. Қазіргі орыс тіліндегі мектептердегі оқушылардың саны мен мектептердің сыйымдылығын салыстыра отырып, қазақ тіліндегі мектептерді салуды он жылға шегеруге анық болар еді. Осы тұрғыда бір ғана мысал: Риддердегі мектептердің 15-і орыс мектебі болса, біреуі ғана – қазақ мектебі. Риддердегі 15 орыс тіліндегі мектептің жалпы сыйымдылығы – 10 048 оқушы. Ал сол мектептерде бүгінде оқып жатқан оқушылар саны 5522 бала екен. Осындай жағдайда жалғыз қазақ мектебіне бала сыймай, жергілікті биліктің тағы бір мектеп ашуды жоспарлауы ақылға сыймайды. Егер орыс мектептеріне оптимизация жасалса, кем дегенде 600 орындық тағы сегіз қазақтілді мектеп ашуға болады. Мысалы, №17 мектептің сыйымдылығы 960 оқушы болса, ондағы қазіргі оқитын балалар саны – 342. Демек, 618 орын бос тұр. Ал №3 мектепте 1176 бала оқуы керек, бірақ ондағы бала саны – 586 ғана. 590 орын тағы да бос. Менің ойымша, 1940 адамдық №14 мектептегі 500 баланы (тағы 1140 орын бос тұр) №3 мектепке көшірсеңіз, мың орындықты қазақ мектебі пайда бола қалады. Ал дәл қазіргі таңда жалғыз қазақ мектебіне балалар сыймай, көрші орыс мектептерінен қазақ сыныптарын ашуға өтініш жасап жүр. Сол жердегі оқу бөлімінің басшысы алдағы уақытта 600 орындық қазақ мектебін салуды жоспарлап отырғанын айтты. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олардың мектеп саламыз дегеніне талай уақыт болған көрінеді. Ал, шын мәнінде, сол мектепті салудың қажеті бар ма? Даңғарадай 1000 адамдық мектептерде 300 бала оқытып жатқан орыс мектептерін неге біріктірмеске?! Тіпті жаңа мектеп салуға бөлі­нетін мемлекет қаржысын да үнемдеуге мүмкіндік туар еді.
Жергілікті билік өкілдеріне қазақ мектептерін ашуды жоспарлауда мектеп салуда көп жылды қамтитын перспектива­лық көзқарас жетіспейтінін байқадым. Күн өткен сайын қазақ мектебіне деген сұраныс өршіп бара жатқан тұста біздің мәселені тезірек шешуге ұмтылуымыз керек емес пе?! Мұндай жағдайда мектеп салудан гөрі, орыс мектептеріне оптимизацияның жасалуы жағдайды жеделдетер еді. Екіншіден, неге салынатын мектеп 600 орындық болуы керек? Қазір онсыз да қазақ мектебіндегі балалар саны – 630. Қазақ мектебіне сыймай аралас мектепте білім алып жатқан балалар саны қаншама? Жаңа қазақ мектебін салып бітемін дегенше қазақ мектебін қажет ететін балалар саны тағы да арта түсері анық. Сонда жаңадан салынған 600 орындық мектеп те толып қалады. Сондықтан жаңадан салынатын мектепті бірден 1200 орындыққа бейімдеу керек еді. Қазір қанша бала сыймай жатса, сонша орындық мектеп салуды ғана жоспарлайды. Ал жаңа мектеп салынып бітемін дегенше сұраныстың өсе түсетінін есепке алмайды. Нәтижесінде біз бірнеше ауысымда оқитын қазақ мектептерінің мәселесін жылдар бойы шеше алмаймыз.
Бұл жерде ескере кететін тағы бір жайт, менің байқауымша, орыстілді ата-аналар балаларының сәл алысырақ мектепке баруына үзілді-кесілді қарсы шығатын секілді. Орыстілді мектептердің ата-аналары өз балаларының екі көшені кесіп өтуіне қарсылық білдіріп, мектептердің ықшамдалуына қарсы шығып отыр. Ал бірақ қазақтілді мектептің оқушыларының бес шақырым жерден келіп-кетуіне (Рейдер қаласында жалғыз қазақ мектебіне келіп-кету үшін қала шетіндегі қазақтілді балалар осынша жол жүреді екен), тіпті қазақ тілінде оқитын мектеп таба алмай жүргеніне ешкімнің де басы ауырмайды. Бұл жерде ата-аналарға түсіндіру жұмыстарының жүргізілмейтіні көрініп тұр. Ал бұл – жергілікті әкімшіліктің, ішкі саясат басқармасының, қоғамдық ұйымдардың міндеті. Демек, бұл жерде министрлік тарапынан нақты бір бұйрық не ереже қажет. Бір жерде тұрып, бір-бірінің жағдайларын түсінбеген орыстілді оқушылардың ата-аналары сол заңға бағынулары керек. Кезінде осы жерге зорлықпен көшірілген басқа ұлт өкілдеріне қазақтардың соңғы нанын балаларының аузынан жырып бергені, ата-бабаларымыздың оларға үйінің төрін ұсынғаны ұмыт қалғандай. Қазір солардың балалары қазақтың мектебіне бос бөлмелерін беруден бас тартып отыр. Демек, бізде мемлекеттік тілдегі мектептің мемлекеттік саясат екендігі ұмытылған. Қазір біз тез арада қазақтілді мектептер мәселесін шешуді қолға алуымыз керек. Өйткені қазір осы қиын жағдай ең бірінші – Петропавл мен Қостанай, екінші – Павлодар мен Өскемен, үшінші Қарағанды мен Ақмола облыстарында өте қиын ахуал қалыптастырып отыр. Ең бастысы, алыс ауыл­дардағы аудан орталықтарына, шағын қалаларға көшіп келіп жатқан қазақ отбасыларын есептей отырып, қазақ мектеп­терімен қамтамасыз етудің нақты мемлекеттік жоспары жасалуы керек. Ондай болмаған жағдайда орыс мектептерінде оқитын қаракөздер көбейе түседі. Ал бұл – үлкен қасірет.

– Ал сол өңірлердегі жалғыз қазақ мектептерінің жағдайы қалай екен?
– Ол мектептерге қатысты алаңдатқан мәселе – олардың орналасуы. Біз мониторинг жүргізген елді мекендерде қазақ мектептерінің көпшілігі елді мекеннің шетінде орналасқанына көз жеткіздік. Қаланың бір шетінен екінші шетіне қатынаудың қиыншылығынан көптеген ата-ана балаларын орыс мектептеріне беруге мәжбүр болады екен. Кеңес Одағы кезінде сол кездегі отарлау саясатына сай қазақ мектептеріне қаланың шетінен орын бұйырған және сол ахуал әлі де өзгермеген. Бүгінде, статистика бойынша, қазақ балаларының 35 пайызы орыс мектебіне барады. Егер қазақ мектебін ең болмағанда қаланың ортасынан ашсақ, сол 35 пайыздың тең жартысы қазақ мектебіне барарына мен кепіл бола аламын. Демек, қазақ мектептерін салуды жоспарлағанда, оның орналасатын жеріне де ерекше көңіл бөлінуі қажет. Мәселен, Зерендідегі қазақ мектебі аудан орталығының ең шетінде Зеренді көлінің жағасында орналасқан. Қыстың көзі қырауда қаланың екінші шетінен бұл мектепке келудің өзі үлкен ерлік секілді. Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде бір кездегі қазақты отарлау саясатының қателігін жоятын кез жеткен секілді.
Тағы бір айта кетер жайт – қазақ мектептері мен орыс мектептерінің жабдықталуында үлкен айырмашылық бар екен. Жергілікті ұстаздармен, халықпен әңгімелесу нәтижесінде де орыс мектептерінің материалдық-техникалық базамен жабдықталуының жоғары деңгейде екенін, ал қазақ мектептері «тоқалдан» туған баланың күйін кешіп жатқанын жасырмады. Мәселен, Макинск ауданына ақ олимпиада кезінде 40 шаңғы берген. Содан осы ауданға қарасты Елтай ауылындағы 130 бала оқитын орыс мектебіне 40 пар шаңғының бәрін беріпті де, 330 бала оқитын қазақ мектебіне бір пар шаңғы да тимепті. Бұл жағдайды әдейілеп барып, аудандық оқу бөлімінің басшысына кіріп айттым. Бұл – мен мысал келтіріп отырған бір ғана жағдай. Ал көлік тағы басқа мектепке қажетті құрал-жабдықтарды бөлу кезінде мұндай «ала қойды бөле қырқу» болып тұрады екен. Бұл жерде қазақ мектебі директорларының босаңдығын да айта кету керек. Ақмола облыстық білім басқармасының орынбасары қазақ мектептері директорларының облыстық, аудандық жиналыс кезінде алдыңғы қатарға отырып, қазақ мектептерінің мәселесін батыл көтерудің орнына, бұйығып бұрышқа тығылып, жиналыстың артқы жағынан орын алатынын күйіне жеткізді. Сондықтан қазақ мектептерінің мәселесін шешу үшін олардың басшылары мектебі үшін жаны күйетіндей азаматтар болуы керек.

– Аралас мектептердің аралас мектеп деген аты ғана, қазір аралас мектептегі қазақ балаларының көбі орыс тілінде сөйлейді. Қазақтілді мектептердің санын аралас мектептер есебінен көтеруге қалай қарар едіңіз?
– Осыдан бірнеше жыл бұрын бұрынғы білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мырзамен кездескенімде аралас мектептердің тым көбейіп кеткенін айттым. Ол кейін сол аралас мектептерді біртіндеп қазақ мектептеріне айналдыру ойы барын жеткізген еді. Идея дұрыс. Бірақ біз жоспарлы түрде қай жылы қанша мектеп қазақ мектебіне айналғанын есептеп отыруымыз керек еді. Өйткені оларды дер кезінде қазақ мектебіне айналдырып отырмасақ, оларды бітіріп шыққан азаматтардың барлығының орыстілді азаматтар болып шығары сөзсіз. Егер біз жуық арада аралас мектептерді қазақ мектебіне айналдыру мәселесін шеше алмайтын болсақ, онда оның басшысының қазақ болуын қаперге алуымыз керек. Өйткені аралас мектеп – мемлекеттік мекеме. Сондықтан мемлекеттік мекемені басқаратын адамның тек қана қазақ тілін толық білетін адам болуын талап етуге әбден болады. Екіншіден, аралас мектептегі іс-шаралардың барлығы алдымен қазақ тілінде өтуі керек. Содан кейін ғана орыс тілінде өтуі тиіс. Біз аралас мектептерді аралап шығу кезінде ол мектептердегі сынып бөлмелері мен залдағы көрнекі құралдардың, тіпті сабақ кестесіне дейін орыс тілінде жазылғанына көз жеткіздік. Сондай-ақ аралас мектептердегі үйірмелердің барлығы орыс тілінде жүреді. Қазақ сыныбында оқитын балалардың барлығы еріксіз орыс тіліндегі үйірмелерге қатысады. Демек, бірінші басымдық қазақ тіліне берілмей, аралас мектептердегі балалардың барлығы орыстілді болып шыға береді. Кейбір аралас мектептерде бірінші кезекте, яғни түске дейін – орыс сыныптарының, түстен кейін қазақ сыныптарының оқитынын да көрдік. Бұл да – әлеуметтік теңсіздіктің бір түрі.

– Қазақтілді мектептер санын нақты қандай жолдармен көбейтуге болады?
– Қазақ мектептерінің санын көбейтуге қазақ мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінен басқа жаны ауырып жатқан бірде-бір мемлекеттік қызметкер жоқ. Қазақ тілінде білім алатын балалар санын көбейтіп, қазақ мектептерінің санын өсіру – жалғыз бір қоғамдық ұйымның қолынан келмейтін іс. Біз қаржылық, адамдық мүмкіншілігімізге сай жылына әрі кетсе 20 шақты ауданды ғана аралап шыға алуымыз мүмкін. Сондықтан Жазушылар одағының құрамындағы 700 жазушы әрқайсысы өз ауылына барып, халықпен кездесулер өткізіп, халық санасын ұлттық мүдде тұрғысынан оятуға атсалысса, дұрыс болар еді. Болмаса шығыс және солтүстік облыстардағы елді мекендерге әртістер концерттік бағдарламалармен, жазушылар мен ақындар оқырмандармен кездесу кештерін өткізуге шығып, орыстанып бара жатқан қазақтардың ұлттық рухын қозғап, намыстарын ояту жұмыстарын жүргізсе, іс әлдеқайда нәтижелі болар еді. Жалпы, қазақ мектептерінде қордаланған мәселе өте көп. Оқулықтарында да...

– Мәселен...
– Біздің оқулықтарымызға сын көп айтылады. Оның сапалық тұрғысынан кемшілігін мамандар айта жатар. Оқулықтар­дың идеологиялық тұрғыдан қызмет етуіне менің көңілім толмайды. Осыдан үш-төрт жыл бұрын 8-сыныптың әлеумет­тік-экономикалық географиясы қолыма түсті. Әлеуметтік-экономикалық географияның негізін салушылар деп «Иванов, Петров, Сидоров»... деп орыстардың фамилиялары толып тұр. Сонда ағылшындар, немістер бұл ғылымды жасаған жоқ па?! Биология, химия болсын, бүкіл ғылымның негізін салушылар деп орыстарды көрсетеді. Жюль Верннің «Капитан Гранттың балалары» атты кітабында саяхатшылар Австралиядан өтіп бара жатып бір балаға кездесіп қалады. Содан баланың білімін тексергісі келіп, «Австралия кімнің иелігінде?» дейді. Бала «Ұлыбританияның иелігінде» дейді. Тағы бір мемлекетті сұраса, оны да сол мемлекеттің иелігінде деп жауап береді. Сөйтсе, ол жер Ұлыбритания­ның меншігінде, мемлекет болғандықтан, бәрін солай оқытады екен. Сол секілді бізге де Кеңес Одағы кезінде бәрін орыстар ойлап тапты деп үйретті. Мәселен, радионы Попов ойлап тапты дейді. Бірақ оны ағылшындар ойлап тапқанын кейін естіп білдік. Ал бізді сол кездегі идеология бойынша бәрін орыстар ойлап тапты, барлық білімнің негізін салушы орыстар деп үйретті. Өкінішке қарай, біз әлі де болса сол идеологиядан арыла алмай келе жатырмыз. Әлі де болса оқулықтарымызда барлық дүниеге орыстардың көзқарасымен қарап келеміз. Сондай-ақ әлгі әлеуметтік-экономикалық географияда «қазақтар Қазақстанда кең таралған» деген сөйлем бар. Сонда қазақтар Қазақстанда тарамай, қайда тарауы керек?! Тағы бір жерінде «Қазақстанның байырғы тұрғындары – қазақтар мен өзбектер» деген сөйлем бар. Ертең өзбектер келіп, мынау менің байырғы жерім екен, босат десе, не дейміз сонда? Сондай-ақ әлгі оқулықта тың игеру жылдары жайлы да айта келіп, оны тек жақсы жағынан көрсетеді. Ал тың игерудің арқасында қаншама мектептің жабылып, демографиямыздың бұзылғаны жайлы ақиқат сонда қайда қалды?! Кеңес Одағы кезінде тың игеруге орыстар қалай қарады, дәл сол көзқарас оқулықтарымызда сақталып қалған. Ақиқатында, біз өзімізді отарлап алған елдің көзқарасымен қарауды тоқтатуымыз керек. Оқулықтарымызда ұлттық идеологиялық көзқарастың қалыптаспауы – үлкен кемшілік. Біздің оқулықтарымызда қазақ ұлтының емес, отарланған елдің көзқарасы тұрады. Бұл – сұмдық нәрсе.

– Орыс мектептеріндегі қазақ тілін қалай өркендетуге болады? Мәселен, қазіргі таңда республикамыздың орыстілді мектептерінде 1-сыныптан 9-сыныпқа дейін қазақ тілі 1600 сағат оқытылады екен. Алайда ондағы оқушылар жылына 1600 сағат оқыса да, 160 сөз үйреніп шыға алмауда. Егер шәкірттер әр сағатта қазақ тілінде үш сөзден үйренсе, 10-сыныпқа көшкенде 4800 сөз біледі екен. Ал, лингвист ғалымдардың дәлелдеуінше, кез келген тілде айтар ойыңды толық жеткізу үшін 3500 сөз жеткілікті көрінеді. Бұған қарап, орыс мектептеріне бөлінетін сағат саны қазақ тілін меңгеруге толықтай жететінін байқауға болады. Дегенмен іс жүзінде бұлай емес...
– Мен өзім орыс сыныптарына сабақ беріп көргенмін. Жоғары оқу орнындағы орыс бөлімдеріне де сабақ беріп көрдім. Сонда оқу орнына алғаш келгенде олардың сөздік қорын тексеру үшін екі сағатты қазақ тіліндегі сөздерді жазып шығуға арнайтынмын. Сонда тоғыз жыл бойы қазақ тілі пәнін оқып келген балалардың сөздік қорындағы сөздің саны 35-40 сөзден аспайтын. Бұл – үлкен мәселе. Мемлекеттік тілге қажеттілік тудырмайынша, қазақ тілін үйренуге ешкім тырыспайды. Сондықтан қажеттілік тудыру керек. Екіншіден, мектеп бітірген балалар үшін ҰБТ-ға қазақ тілін міндетті пән ретінде енгізу керек және оның балы жалпы балдың ішіне кіргізілуі қажет. Қазіргі күнгідей қазақ мектебін бітіргендерге – орыс тілінен, орыс мектебін бітіргендерге қазақ тілінен тест тапсыртып, бірақ қорытындысында оның балын алып тастап есептеу – баланың ойыны секілді нәрсе. Бұл, керісінше, тілдің беделін төмен түсіріп тұр. Тілдің иге­рілмей жатуы – нашарлығынан емес, қажеттіліктің жоқтығынан.

Алашқа айтар датым...
Осыдан төрт жыл бұрын мемлекет қамқорлығындағы балаларға қатысты зерттеу жасадық. Сонда көзіміздің жеткені: мемлекет қамқорлығындағы балаларға арналған 33 мектеп бар екен. Олардың 16-сы аралас мектеп болса, қалғанының барлығы – орыстілді мектептер. Ата-ана қамқорлығынсыз жетім қалған, мемлекет қамқорлығындағы балалардың ата-аналары – мемлекет. Ал мемлекеттің тілі қазақ тілі болғандықтан, ол балалар қазақ тілінде білім алуы керек. Өкінішке қарай, 20 жыл ішінде балаларға арнап бірде-бір мемлекет қамқорлығындағы қазақтілді мектеп ашылмаған. Осылайша, 30-40 мыңға жуық балаға орыс тілінде тәрбие беріп жатырмыз. Бұл жайлы осыдан бірнеше жыл бұрын құзырлы орындарға арнайы хат та жаздық. Нәти­жесінде ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы Бала құқықтарын қорғау жөніндегі комитеттің төрайымы Раиса Шер «біз жергілікті әкімдіктерге тапсырма беріп, интернатқа түскен баланың қай этностан екенін анықтап, ұлтына қарай сол мектепке береміз» деп жауап беріпті. Сонда көшеден ата-анасыз шешен баласын тауып алсақ – шешен мектебін, араб баласын тауып алсақ, араб мектебін ашуымыз керек пе?! Ресейдегі мектеп-интернаттардың барлығы – орыс тілінде, Америкада – ағылшын тілінде. Ал біз сонда мемлекет қамқорлығындағы балаларды неге басқа тілде тәрбиелеуіміз керек?!

Автор: Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

KasymRuslan
2 октября 2012, 11:10
553

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Дастархан в те времена был скромен. Не было понятия «сынау» - осуждения кто как живет, какой в доме ремонт и т.д. Пока взрослые обсуждали задержку заработной платы, мы играли в армию, жмурки, строили городки...
socium_kzo
5 дек. 2016 / 15:19
  • 22014
  • 27
Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

ГПК содержит 505 статей, многие из которых написаны несколько сложным юридическим языком. Однако теперь понять их можно проще и без обращения к юристу.
RuSnake
6 дек. 2016 / 10:31
  • 10842
  • 0
Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

"Мужчины должны у вас тут права качать, ибо их процент в вашей численности населения уступает проценту женщин". Я машинально начала уверять, что у нас в стране таковых не имеется...
Sapientia
5 дек. 2016 / 10:52
  • 10172
  • 71
Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Конечно, Алматы заслужил эту дорогу. Невзирая на все издержки, которые могут возникнуть. Заслужил и как крупнейший город Казахстана, и как субъект, формирующий своими налогами около четверти всех...
merurg
7 дек. 2016 / 12:35
  • 6960
  • 19
Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

С 26 по 30 ноября в Алматы гостил известный европейский фотограф Ян Маклайн в рамках реализации совместного проекта с Казахстаном. Подробности не уточняются, однако ходят слухи о том, что этот...
Muchacho55
7 дек. 2016 / 18:29
  • 6989
  • 8
10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

Я почти год проработала в школе, и когда уходила оттуда, была самым счастливым человеком в мире. Тот год, честно говоря, я и сейчас вспоминаю с ужасом.
demonica
6 дек. 2016 / 17:21
  • 5582
  • 78
На самом деле дела плохи: казахстанские школьники на 49-м, а не на 12-м месте по математике

На самом деле дела плохи: казахстанские школьники на 49-м, а не на 12-м месте по математике

О том, как масс-медиа раздула миф о казахстанских вундеркидов в розовый воздушный шар, пока его не проколола правда-иголка. Получается, что казахстанские дети не могут применить теорию в практике...
ardakzhurynov
7 дек. 2016 / 0:17
  • 4889
  • 35
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
2 дек. 2016 / 13:57
  • 4540
  • 4
Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Трамп и не подозревает, что 16 декабря 1991 Казахстан не создал, а восстановил свою национальную государственность. Иначе бы он упомянул не только 25 лет, а больше чем 550 лет казахской истории.
Stehlikova
2 дек. 2016 / 9:02
  • 5239
  • 88