Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
15:34, 08 октября 2012

әлемдегі әр затты анықтап көру үшін жанның да жанары болуы керек...

#books


Жанымнан жырақтамашы,

Көзіңмен сыр ақтарғансың,

Сен сөйтіп ұнап қалғансың...

Құралай Омар

"...Сонымен, аға, сізбен де қоштасып барамын. Отыз жылға бергісіз отыз күн өте шықты. Сіз ойлағандай, бұған дейінгі жүдген жүрегім түлеген жоқ, қайта өзімді-өзім ескі, мың жыл бұрын қирап қалған қорғанның арасынан тауып алғандай, мәңгірген күйде аттандым. Сіз, аға, өзіңізді тым жақсы, ережедегідей тәртіпті ұстадыңыз, бұл сіз үшін үлкен сынақ сықылданғаны рас: артық сөз, оғаш қимыл жасамай, өз-өзіңізді тура бір ай тұтқында ұстадыңыз. Шынымды айтайын, дәл осы ғадетіңізге жат мінез-құлқыңыз тіпті де ұнаған жоқ. Алғашында аң-таң қалған басым артынша айнығандай еді. Неге? Мен сізді соңғы бір аптада жек көріп кеттім. Маған сіз өзгенің жоғын өлең айтып жүріп іздейтін көнтерілеу болып көріндіңіз. Ең өкініштісі сол - он екі мүшесі сау адам жалғанда мүгедектің шын сырын, шын қайғысын түсінбейді екен, түсіндім дегені - аяу сезімнен аса алмайды екен. Ал біздерге тіпті де өзгенің мүсіркеуі мен жанашырлығы қажет емес-ті. Оны мен талай рет ескерттім де. Ең өкініштісі сол - мені бәрібір мүгедек деп қабылдағаныңыз, ой-санаңызда осы ұғым нардай шөгіп басып жатты. Сондықтан да тау басында тұрғанда, немесе дачада оңаша жатқанда, тым болмағанда ерніме ерніңізді тигізуден жасқандыңыз, жоқ дегенде жас балаша еркелете алмадыңыз. Естияр адам болсаңыз да, менен, яки соқырлығымнан қорықтыңыз. Ағымнан жарылайын - ағымнан жарылайыншы, ұстаған жерінен ағаш та сынбайды ғой, соншалықты сақтанғанда мені сақтап қалам дедіңіз бе? Әттең, шіркін, екі көзім шырадай жанып тұрса, құлым болып қолымнан ұстап өтер едіңіз, бас салып аймалар едіңіз, жабысып қалатындай құтылғанша асыққаныңызға қайран қаламын. Жұрт не десе де, мен де екі аяқты, жұмыр басты пендемін. Көлденең өткен көк аттыға болмаса да, мыңнан бірдің құрбаны - садағасы болуды тілемейді дейсіз бе? Сіз мені, аға, басқаға, сіөзің қолға су құя алмайтын жатқа қор қылдыңыз, сондықтан да суық сезіммен аттандым. Шынымды айтқаныма кешіріңіз, әйтпесе табиғат бізді неге жаратты. Егер менің қолымнан өзіңіз емес, тым болмаса сізден туған балаңыз жетелеп жүрсе - одан артық бақыт бар ма еді, аға! Міне, сондықтан да дені сау адам әрқашан да өзін артық санайды, аяулының артында аяуы тұрады, тіріде серік болудан тайсақтайды. Иә, сонымен өз роліңізді өте тамаша образға кіріп ойнап шықтыңыз. Дініңіз берік екен. Бұл менің өкпе-назым ғой. Ал, айтпағым: сіз, аға, маған елітіп көңілімді қимай өтірік армандадыңыз, өтірік қиялдадыңыз, өтірік күрсініп, өтірік мәдениетті, сыпайы қызмет көрсеткен даяшы секілді болдыңыз? Неге? Өйткені өз жүрегінің әмңрңне бағынбай, үйретілген маймылша секіріп билеп, жағына беру, жақсы көрінбекке әрекеттене беру, аққа қара басқандай оғаш көрінеді екен. Әрине, мен сізді қысқа да қиын ғұмырымда әнге қосып өтпесем де, қиялымда әлдилеп өтермін. Сіз құр атқа мініп, тым асыға желіп бара жатқан жолаушысыз. Менің жанымнан да зу етіп өте шықтыңыз. Сонда қайда, қайда асығасыз, соншама асыққанда асар асу, шығар биігіңіз бар ма? Білем, оған кінәлі тіптен де сіз емессіз, қазіргі ғасырдың өзі асығыс. Сонда менің есіме: "Жолаушы, атың семіз желетұғын, көз бар ма мен байғұста көретұғын",- деген халық өлеңі оралады. Осы әнді сан-сан қайталап тұрып, сізге тек ұзақ сапар тілеймін. Бәлкім, менің хатым

Blog post image

ауыр  тиер. Ал маған жеңіл дейсіз бе? Сонымен, аға, мені мәңгі түнек, мәңгі түн ажал аралын

а қайта апарып тастадыңыз. Басқаға қызық үшін айтар әңгімеңізге арқау бола алсам жарады да. Тууы мен өлуі бірдей адамның бір-бірінен артықтығы, кәне, тек осыны ұқсаңыз болды. Сондықтан да соқырлар өлім мен өмірге жасқанбай тура қарай алады. Әлдеқайда жамандық пен жақсылықты бұрын көрер еді. Мен сізді аяймын, аға. Сау соқырлығыңыз үшін, тым-тым романтикаға берілгіш, шындықтан бұғып қалар жуастығыңыз үшін аяймын. Сіз менімен бірге Тасбөгеттің басында жылымыққа шуақтап қалғып-шұлғып отырғаныңызда, талай-талай есіңізден құр қалдыңыз емес. Жылымық деген жақсы, егер бұл табиғаттың бораны соғып, жаңбыры жаумай тұрса, бірақ одан да жалығар едік. Асылы адамға жылымықтан гөрі ақырған аяз, нөсерлі өмір асар. Егер енді бір бірге жүрсек, бір-бірімізден қашып әрең құтылар едік. Дүниеде құнын жоймайтын нәрсе жоқ, сондықтан да бәрінің құны бірдей. Бір байқағаным, қазіргі тұрмыс-халіңіздің асығы алшысынан түсіп тұрмағаны-ау деймін... Сіздің жаны ашыған сезіміңізден екі есе артық аяушылық сәлемімді жолдаймын.

Көзіңізге қараңыз, аға!

Жанар".

Оралхан Бөкей, "Жылымық".

 



1
8301
0