Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
3
22:03, 16 сентября 2012

Мен кейде...

Мен кейде...

...Өзімді жек көріп кетем, СЕНІ әлі сүйетінім үшін. Жалғыздық құшағына оранып, СЕНІ әлі күтетінім үшін. СЕН десе жүрегім елеңдеп, әлі де іздейтінім үшін. «Келер» деп, үмітті үзбейтінім үшін. Өзіңді аңсайтыным үшін. Сұқтанған көздерден қызғанып, өзгеге қимайтыным үшін. Сағыныштың дәмін татқызып, тәтті мұң сыйлағаның үшін. Ұйқымды ұрлағаның үшін. Бақыт боп, бағыма қонбағаның үшін. Өңімде емес, өзіңді тек түсімде ғана көретінім үшін. Жүрегін ұсынған серілерді саған теңеп, ұқсамаса ұнатпайтыным үшін. :)) Өзіңді ұмыттырмағаның үшің.

Бірақ...

 

...СЕНІ жолықтырған тағдырыма риза боламын. Сүюді үйреткені үшін. Өткенге өкіндірмей, бақытты бағалай білуді ұғындырғаны үшін. Кеудемде дүрсілдеген жұдырықтай жүрегімнің барын, сол жүректің жылай білетінін сезіндіргені үшін. Уақыттың ғана емші емес, сүйгеніңнің құшағы мен жылы сөздері де жанға дәру екенін білдіргені үшін. Тек сол үшін ғана...

3
623
6