Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:34, 13 сентября 2012

Күлеміз бе, қайтеміз?!

Чарли Чаплин марқұм көзінің тірісінде жұртты күлкіге қарық қылумен бірге, оның арғы жағында ащы ақиқаттар жататындығын да айтыпты. Теледидар арқылы да күлкілі жағдайларды насихаттаған актердің айтуынша, кейбір қасіреттердің өзі кісінің күлкісін келтіретін көрінеді. Кейде өзіміздің теріс тірліктеріміз де езу тарттырады екен. Тпіті күлкілі өлім де болатыны ақиқат. Енді солар туралы...
Италияда тұратын жетпістегі Армандо Пинелли көршісімен жалғыз орындықпен пальма көлеңкесінде кім ұзақ отыратындығын ұзақ серттеседі. Ақыры жеңіс өз жағында екендігіне көз жеткізген тұста, үстіне ағаш құлапты.
Нью-Йоркте бір азамат көлік астына түсіп қалады. Бірақ еш жарақат алмайды. Осы оқиғаға куә болған «ақылдылау» жүргінші оған «ауыр жарақат алдым» деген сылтаумен өтемақы талап етуіне кеңес береді. Ол келісе кетіп, көлік астына қарай жылжиды. Өкінішке қарай жүріп кеткен көлік оны шынымен де басып кетіпті.
Прага қаласында тұратын бір әйел күйеуінің көзіне шөп салып жүргенін естіген соң, қызғаныштан өлуді жөн көреді. Намысқа шыдамаған ол үшінші қабаттағы үйінің терезесінен секіреді. Бір қызығы, жұмыстан үйіне келе жатқан күйеуінің тура үстінен түседі. Ақ-қарасын ажыратпай жатып өлуге бекінген әйел ауруханаға түсіп, есесіне күйеуі тіл тартпай кетіпті.
Тайвань сериалын көріп отырған төрт қытайлық жасөспірім атжалманды өлтіретін у қосылған қауынды жеп, ана дүниеге «саяхатқа» барғысы келеді. Қатты уланған олар: «Егер ол жақта жаман болса, біз қайта орала­мыз» деп хат қалдырады. Бірақ төртеудің екеуі дәрігерлердің арқасында тірі қалып, өзге екеуі көз жұмыпты.

Альпинист-ардагер Жерар Омель кезінде Эверест шыңына алты рет көтерілген. Бірақ ол үйінде бөлмедегі жарық шамын ауыстырып жатып, сатыдан құлап қайтыс болыпты.
Сексен жастағы Аделаида Магнозо шкафтан жиналмалы төсекті шығарып, ұйқыға жатады. Өкініштісі, төсек кенеттен қайта жиналып кетіп, кемпір қысылып өліпті.
Оңтүстіккореялық балықшы ауындағы балықтарды сатуға бел буады. Қолындағы пышағымен жіптерді кесіп жатқанда, кеудесінде жаны бар балықтың бірі құйрығымен қолын қағып жібереді. Пышақтың ұшы ба­лықшының кеудесіне қадалып, ол сол жерде тіл тартпай кетіпті.
Нью-Йорк тұрғыны Джулия Карсон жүрек талмасынан қайтыс болады. Дәрігерлер марқұмды жерлеуді ұсынады. Кенет есін жинаған «өлік» табыттан басын көтеріп, «мұнда не болып жатыр?» деп сұрапты. Есесіне қызы Джули қорқыныштан сол жерде өліп кетіпті.
Хошемин қаласында көпірден секіріп өлмекші болған жас қызды бақылауға 50-ден астам адам жиналады. Алайда көпір көпшілікті көтере алмай, жиналғандар өзенге құлайды. Есесіне 9 адам көз жұмған. Ал өлуге бел буған қыз тірі қалыпты.
Фермер Винсент Карроджио қоян аулаумен шұғылданады. Бірде ол шаршап, демалмаққа көгалға жата кетеді. Біраздан соң сол маңда кетіп бара жатқан қоян жерде жатқан мылтықтың шүріппесін басып кетіп, оқ аңшыға тиіпті. Өш алу деген осы.
Гонконгта 65 жастағы Чаи Ван-Фонг көлік апатынан аман қалғаны үшін Құдайға ризашылық білдіру мақсатымен, өзі тұратын көпқабатты үйдің ауласында, отбасының ортасында құлшылық жасауға кіріседі. Бірақ бұл сәтсіз құлшылық болды. Биіктен құлаған бір қап цемент оның басына түседі.
Джордж Стори есімді азамат «Өмір» деп аталатын журнал жарыққа шыққан күні дүниеге келеді. Тіпті оның суреті журналдың бірінші бетінде жарияланады. Одан соң да басылым Джордждың өмірі туралы ұдайы жа­риялап, үйленген кезі, әке болған сәті, зейнеткерлікке шыққандығы туралы да мақала жариялайды. Алайда 2000 жылы мамыр айында Стори 64 жасқа толғанда журнал соңғы нөмірін шығарып, «Өмір аяқталды» деген тақырыппен мақала жариялайды. Өкініштісі, Джордж Стори де бірнеше күннен соң инфарктен көз жұмады.
Грекияның Эвия аралында тұратын Амигдалиа Бальта 86 жасында аштықтан көз жұмады. Осы мәселені зерттей келгенде, оның банкте 350000 фунт ақшасы мен 150 алтын коллекциясы қалыпты.
Стивен Хайетт 32 жасында сұмдық жағдайды басынан кешіреді. Асқазанына, бүйрегі мен бауырына, тоқ ішегі мен өт жолдарына ота жасатады. Алты жылдан соң орнынан тұрады. Бірақ үйдегі жарық лампасын ауыстырып жатып құлап, басынан алған жарақаттан қайтыс болған.
Бонн тұрғыны Питер Груббер өнер мұражайын тонау кезінде көз жұмды. Күзетшісі байқаған ол қашып бара жатып, бұрыштан бұрыла бере биіктігі бір метрлік статуяға соқтығысып, жарақаттан қайтыс болған. Экспонат «Әділет қаруы» деп аталады екен.
Египетте үкімет қызметкері Адел Назым Джергез лауазымды қызметте өсуді 8 жыл күтеді. Ақыры қызметте жоғарылағандардың тізімінен өзінің аты-жөнін көргенде, ол қатты қуанғаннан жүрегі тоқтап қалыпты.
Калифорния штатында күре жолда келе жатқан көлік жүргізушісі ойда жоқта апатқа ұшырайды. Қарсы бетте келе жатқан көлік сиырды қағып, ол қалықтаған бойы жеңіл көліктің алдыңғы терезесін сындырып, жүргізушіні басып қалыпты.
Украиналық браконьер өзенге электр кабелін тастап, оны тоққа қосады. Өлген балықтар демде су бетіне шығады. Қарап тұрып қарық болған ол судан балық теруге түседі.Өкінішке қарай суға тастаған сымды тоқтан өшіруді ұмытып кетіпті. Ақыры немен тынғанын білетін боларсыздар.
Германияда бір шенеунік хатшы қызбен бірге көл ортасында көңіл көтеріп жатқанда үстеріне найзағай түсіп өліпті.
44 жастағы Джейм Динарди Колумбиядан Мэн штатына жол тартады. Ондағы ойы - интернет арқылы танысқан әйелмен жүздесу. Әйткенмен бетпе-бет әңгіме барысында әйелге жігіт ұнамай қалады. Кездесуден бас тартады. Үйіне ренішпен оралған ол әйелді сүйетіндігінің белгісі ретінде моторлы арамен тамағын орып жіберіпті.
Гамбургте сыраханада отырғандардың бірінің ұялы телефоны қайта- қайта шырылдап, айналасындағылардың мазасын алады. Отырғандардың бірі ескерту жасағанына қарамастан, телефонмен сөйлесе берген оны сыраға сылқия тойған бір жігіт басынан бөтелкемен бір ұрып жан тапсыртыпты. Бұл кейбіреулерге сабақ болар оқиға.
Жас гимнасшы өзінің 17 жасқа толған күнінде қонақтарға өнер көрсетпекші болып, диваннан секіреді. Өнерге соншалықты беріл- геніне қайран қалуға болады. Ол 6-қабаттағы терезеден далаға бір-ақ шығып кетіпті.
Жас француз әйелі көлікті басқара алмай, ағашқы соғысып қайтыс болады. Жолаушы ауыр жарақат алып, ал рульде отырған бикеш көз жұмады.Анықтай келгенде ол брелок-тамагочиді тамақтандырамын деп, машинаға ие бола алмай қалған. Қуыршақты құтқарған жүргізуші өзі о дүниеге аттанады.
Сантьяго Альварадо шағын велосипед дүкенін тонамақшы болады. Қараңғы болғандықтан ол қолға ұстайтын ұзын фонарды аузына тістеп алып, шатыр арқылы сыртқа шықпақшы болады. Бірақ құлап кетіп, жерге бетімен түседі. Ал фонар қайда қалғанын білесіз бе?
Ауруханаға бір мезгілде төрт адам жеткізіледі: Шелли Мюллер - басынан жарақат алса, Тим Вегас - жеңіл контузияға ұшыраған, Брайан Коркоран - қызыл еті жарақаттанған, Памела Клесик - оң қолындағы екі саусағы жарақаттанған. Мюллер күйеуін жұмысқа әкеліп, бетінен сүйген соң, еркелеп, кеудесін кереді. Осыны байқап қалған такси жүргізушісі Тим Вегас рульге ие бола алмай, госпиталь ғимаратына соғылады. Дәл сол кезде ауруханада Памела Клесик Коркоранның тісін емдеп жатады. Қорыққанынан секіріп кеткен дәрігер клиентінің аузын жарақаттайды. Одан да қатты қорыққан Коркоран Клесиктің екі саусағын тістеп жарақаттаған. Мюллердің басына шашыраған терезе сынықтары тиген.
Прокурор Антонио Мендоза өзі есіне түскенде күле беретін бір жағдайды басынан өткеріпті. Ол ванндағы кафелге құлап, тік тұрған ұялы телефонын «жоғалтып» алады. Іле-шала жедел жәрдем шақыртылып, телефонды тоқ ішектен алу үшін үш сағат операция жасалады. Ота үстінде телефон үш рет шырылдапты.
Операция сәтті аяқталғанымен, сәтсіз оқиғаны ол мәңгі ұмыта алмайтындығын айтады.
Король Яков I-дің кезінде Уолтер Ралей деген азамат өлім жазасына кесіледі. Ол түрмеден досына хат жазып, өлім жазасы орындалатын күні алаңға ертерек келіп, алдынан орын алуын сұрайды. Өйткені халық көп бо­лады. Ал «өзіме келер болсам, алдын ала орын дайындап қойдым» депті ол хатында.
Рим императоры Веспасиан өлімнің жақындағанын сезіп, «мен енді Құдайға айналамын» деп айқайлапты.
Ресей императорлар театрларының директоры А. Нарышкин (1733-1826) өлер алдында: «Мен бірінші рет табиғат алдындағы өз қарызымды өтеймін» депті.
Белгілі ақын Михаил Светлов қатерлі ісіктен көз жұмғаны белгілі. Ол тура дүниеден өтер алдында достарына хабарласып, бәрін қонаққа шақырыпты.

Жолдасбек ДУАНАБАЙ

0
721
0