• 83042
  • 7
  • 0
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Баға басқа шыққалы тұр

Қазақстанда судың бағасы енді еселеп қымбаттауы мүмкін. Кеше Үкімет отырысында осыған қатысты шешім қабылданды. Әрине, су бағасын көтеруге қатысты әңгімелер бұрын да қаузалған, тіпті сол бағытта қадамдар да жасалған-тын. Алайда Үкімет енді батыл шараларға кірісуге белді бекем буып отыр. Өйткені күні кешегі өзбек басшысы Ислам Кәрімовтің елімізге сапары кезінде Қазақстан мен Өзбекстанда су тапшылығынан миллиондардың зардап шегетіндігі ашық айтылып, Үкімет алдына мәселе төтесінен қойылған.

Министрлер кабинетінің кешегі жиынына әу баста «Табиғи монополия субъектілерінің қаражатты мақсатты және тиімді пайдалануын бақылау жүйесі туралы» мәселесі шығарылған болатын. Өйткені биылғы Индустриялық форум телекөпірі кезінде Қазақстан Көшбасшысы энергетиктерді қатты сынға алған еді: Елбасының айтуынша, олар өздері қалаған жоғары тарифтерді бекітіп алған соң, одан түскен табыстарын инвестициялық бағдарламадан басқа істерге бағыттайды. Яғни жауапты орган ел басшылығының сын-ескертпесі бойынша арсыз монополистердің пайдақорлық істеріне қарсы пәрменді шаралар қабылдап, олқылықты жоюы қажет еді. Осы мәселе бойынша кеше есеп берген Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспановтың аузынан тек монополистерге қатысты 351 тексеріс жүргізіліп, 8 миллиард теңгеден астам айыппұл салынғандығын ғана білдік. Осыдан кейін ол Үкіметке монополистердің қалтасына халықтан түсер қаражатты молайтар бірнеше ұсыныс енгізді.
Оның біріне сәйкес, кейбір жерлерде енді электр қуатының, жылудың құны 8 пайыздап қымбаттап отыруы ғажап емес. Және тарифін көтеру үшін монополист енді тиісті уақытына дейін шыдап, мерзім келгенде, құзырлы органға өтінімін енгізіп, артынан зарыға жауабын күтіп «сорламайды». «Табиғи монополияларды реттеу агенттігі қуаттылығы аз табиғи монополия субъектілерін «өтінім беру («заявочный») науқанынан» «хабарландырушы (уведомительный) сипатқа» көшіруді ұсынады» деді Үкімет отырысында М.Оспанов. Агенттік басшысы мұндай «жомарттықтың» игілігін көретін монополистер ретінде «тарифті бекіту жөніндегі өтінімді қалыптастыру үшін қажетті әкімшіліктік ресурстары жоқ шағын және шалғайдағы елді мекендерде орналасқан табиғи монополияның шағын субъектілерін» атады.
- Осыған орай заңнамада осындай субъектілердің өздерінің реттелетін қызметтерінің тарифтерін, инфляциялық дәліз аясында, өз бетімен өзгертуі мүмкіндігін қарастыру ұсынылады, - деді М.Оспанов. Бұл қадам монополистердің барлығын бірдей бақылауға Агенттіктің күші жетпейтіндігімен түсіндіріліп отыр: «Бұл шара еңбек ресурстарымызды қайта бөлу есебінен анағұрлым ірі табиғи монополия субъектілерінің қызметін бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді» деді ол.
Бұл ұсыныс Үкіметте қолдау тапты.
Осылайша 100 киловатқа дейінгі шағын қуаттылықтағы жылу-жарық алпауыттарына алда Агенттікті жыл сайын мазаламай, тарифті инфляцияға қарай өз бетімен өзгертуге құқық берілуі ықтимал.
«Жыл сайын ел Үкіметі инфляцияға 8 пайыздық шек белгілейді, бірақ жыл сайын одан асып түспесе, кем түспейді. Демек, шағын қуатты монополис­тер енді тұтынушылар үшін өз тарифтерін жыл сайын 8 пайыздап өсіріп отырады ғой?» деп сұрадық біз, Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасынан. «Бұл жерде мәселе мынадай,-деді ол,-егер шағын қуаттылықтағы субъектіге жаңғырту жұмыстарын жүргізу қажет болса, ал оны жүргізу үшін қажетті қымбаттату пайызы белгіленген инфляциядан көп болса, инфляция деңгейінде көтеруге рұқсат, бірақ ол, әрине, онысы туралы құлақтандырып, негіздеуге міндетті. Тек негізді түрде көтеруі қажет!»
Әйткенмен Үкімет отырысына қатысқан ақпарат құралдары өкілдерін басқа ұсыныс дүр сілкіндірді. Агенттік басшысы арнайы графикалық материал дайындап әкеліп, оны жиын кезінде үлкен экраннан паш етті. Онда судың бағасы бойынша Қазақстанның батыстың озық елдерінен «қалып қойғандығы» сипатталады. Мәселен, оған сенсек, Италия, Ресей сияқты елдерде тариф үш есе көп. Польшада бізден төрт есе жоғары көрі­неді.

- Республиканың 8 өңірінде суға тұтыну көлемдері бойынша екі деңгейлі сараланған (дифференцияланған) тарифтер енгізілді, - деді төраға М.Оспанов. - Алдағы уақытта 2-деңгейлі саралаудан 3-деңгейге көшу, сондай-ақ осы тариф деңгейлері арасындағы айырмашылықтарды орта есеппен 20%-дан 50%-ға дейін өсіру қажет. Бұл кәсіпорындарды да, ха­лықты да осынау стратегиялық ресурсты үнемді пайдалануға ынталандырады.
Қарапайым тілмен айтқанда, әр қазақстандық үшін енді мемлекет ай сайын судың белгілі бір көлемін ғана тұтынуға бөледі, оның бағасы да «ең төменгі» болады. Егер одан көп тұтынамын десеңіз, 20-50 пайызға дейін көп төлеуіңіз керек! «Осылайша суды есептеу аспаптары жоқ үнемсіз тұтынушыларға қарағанда, суды есептеу аспаптары бойынша үнемді шы­ғындайтын тұтынушылар үшін қызмет ақысының күрт қымбаттауы болмайды» деді Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы. Бұл ретте қымбатшылықтың, әсіресе, үйіне суы келіп тұрмаған, оны «колонкадан» алып, пайдаланатын ауылдықтар мен қалалықтарға үлкен соққы жасайтындығы жоққа шығарылмады. Тіпті Астананың өзінде көп­теген «жер үйлерге» орталықтандырылған су жүйесін тартудың мүмкін еместігін «Астана су арнасы» мойындаған. Яғни мұндай тұрғындар тіпті қатты қалағанның өзінде есептеу аспаптарын қоя алмайды. Алайда бұл мәселенің шешімін құзырлы орган іздемегенге ұқсайды.
Қалай болғанда, бұл ұсыныс та Үкімет мүшелері арасында қолдау тапты. «Сумен жабдықтауда жағдай жаман, - деді Экономикалық даму және сауда министрі Б.Сағынтаев. - Биылғы жылы біз табиғи монополиялардың инфляцияға қосар үлесін 1,9 пайыз деп белгіледік. Әзірге
0,5 пайыз болып отыр. Бірақ барлық монополистердің ішінде сумен жабдықтаудың үлесі 0,08 пайыз ғана. Ал жылумен, электрмен жабдықтаушыларда бұл жыл сайын 2-3 еселеніп отырады. Су саласында болса, бұл көрсеткіш өте аз. Содан сумен жабдықтаушы кәсіпорындарда жалақы төмен. Тиісінше, ешқандай сапа болмайды». Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, мәселен, оңтүстікте орташа жалақы 62 мың теңге болса, сумен жабдықтаушы кәсіпорындарда 38 мың теңге екен. «Оның үстіне, жабдықтарының тозуы 60-70 пайызға жеткен, - деді Экономдаму министрі. - Қазіргі тарифпен бұл мәселелер шешілмейді. Сондықтан тарифті көтеру қажет».

Елдос СЕНБАЙ

«Айқын» AIKYN
Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газетінің алғашқы саны 2004 жылы 6 наурызда жарық көрді. 2005 жыл газет Президент сыйлығын жеңіп алды. 2006 жылы «Алтын жұлдыз» сыйлығын иемденді. Аптасына 5 рет шығатын күнделікті газеттер арасында «Айқынның» өз орны бар. Аз ғана уақыт ішінде «Айқын» республикадағы белді де беделді басылымға айналып, Қазақстанның бұқаралық ақпарат кеністігінде өз ор…нын тапты. Газеттің әр нөміріндегі мақалалар түрлі сараптамалық шолуларда, пікірталастарда негізгі тақырыпқа айналып, интернет жүйесінде де қайта басылып келеді. Шенеуніктер, менеджерлер, түрлі деңгейдегі кәсіпкерлер өз жұмысын біздің газеттегі жаңалықтарды оқудан бастайды. Республикалық қоғамдық-саяси басылым – «Айқын» газеті қазақ қоғамының мәдени өмірі мен қоғамдық-экономикалық, саяси деңейін көтеруді алдына мақсат етіп қойған. Басылымның бірқатар облыстарда тілшілер қосыны бар. Сондай-ақ Будапешт, Пекин, Ашхабад қалаларында өз тілшілеріміз қызмет етеді. Газеттер бағасы мен таралымы жағынан б
13 сентября 2012, 11:53
4264

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Многие клиенты, вздыхая о харамном ссудном проценте местных банков, сокрушались по поводу отсутствия у нас халяльного кредитования. Поддержка исламского банкинга на уровне МФЦА есть...
DanaJarlygapova
24 марта 2017 / 18:28
  • 8562
  • 45
Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Первую пересадку сердца Рокфеллер пережил в 1976 году на 62-м году жизни. Последнюю пересадку ему сделали в августе 2016 года. Пересадка сердца такому старому пациенту не имеет аналогов...
Timur_Tregulov
21 марта 2017 / 23:10
  • 6488
  • 52
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
24 марта 2017 / 14:20
  • 4526
  • 0
Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Мои волшебные 9 месяцев протекали в новой среде и далеко от всех родственников и подружек. Никто из моих знакомых в США на тот момент не успел обзавестись малышом, поэтому мне не с кем было...
Zarema_
23 марта 2017 / 9:25
  • 4086
  • 14
Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Париж, Рим, Барселона, Лондон, Алматы, Венеция – выберите город, который на ваш взгляд кажется лишним в этом списке. Если бы не было слова "урод", было бы легче определиться?
corridere
21 марта 2017 / 14:59
  • 4254
  • 75
Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Шестиминутный ролик про строительство автомобильной дороги в США - это как острый нож в пузо нашим чиновникам. Они же подавятся бешбармаком, увидев его! Похлеще любого пропагандистского фильма...
Timur_Tregulov
24 марта 2017 / 11:26
  • 3334
  • 31
Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Многие уверенны на 100%, что сказка «Красавица и Чудовище» - это интересная выдумка ее создателей. Однако, действия, происходящие в мультфильме и фильме, имели место в истории, и у главных героев...
Naomi_K
24 марта 2017 / 18:42
  • 3488
  • 34
Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Покупая бытовую технику в магазинах будьте внимательны. Сейчас практикуется впаривание дополнительных услуг по настройке. Прежде чем оформлять, проверьте суммы и уточните у манагеров если что-то не сходится.
dr_Motor
20 марта 2017 / 2:13
Посчитав сколько я смогу сэкономить на еде, я понял, что это очень приличная сумма

Посчитав сколько я смогу сэкономить на еде, я понял, что это очень приличная сумма

Именно сейчас я начинаю понимать, как себя чувствуют иногородние студенты, которые живут общежитиях у нас в Алматы. Я не говорю, что они живут плохо, но многие из них рассчитывают только на свои...
noyanovmyras
23 марта 2017 / 0:18
  • 2756
  • 59