• 54789
  • 93
  • 14
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Қыз алып қаштық...

Өткен жылы отпускті толықтай ауылда өткіздім. Қызықты жәйттердің куәсі болып қайттым. Азамат деген сыныптас досыма қыз алып қаштық. Ең қызық оқиға сол болды. Сыныптас, сырлас жігіттер ғой...


Азаматтың "аламын" деген қызын сырттай бақыладық. Ағайындық жағынан ауылға алыс емес. Азаматтың сол жағындағы көршісі "құрбандыққа" айналған қыздың туған нағашылары болып келеді. Ал, оң жағындағы көршісі ол қыздың жиендері. "Екі оттың" ортасында отырса да, қос көршісіне қыздарын алатындығы туралы ләм-лим демепті. Бұл жәйттен тек қана Құндызайдың (жаңа келін) анасының әпкесі ғана хабардар екен. Сірә, анау-мынау сұрақтарды сол әпкесі өз мойнына алам деп шешсе керек.

Қыз алып қашатын күнді ойламаған жерден Айдос деген жігіттің туған күні етіп алдық. Өтірік туған күнді тойлап аудандағы атышулы "Пилотта" отырмыз. Тіпті, қонақ қыздар да Айдосқа риясыз тілектерін жаудырып жатыр. Айдос та әртіс қой, әр сөзге басын шайқап, туған күн иесіндей емеурін білдіруде. Отырыстың соңы таяғанда, туған күнді ерекше атап өтейік деген "ниетпен" аспалы көпірдің үстінде аққайнар атайық деген шешім қабылдадық. Құлпынай да бір пәлені іші сезсе керек, көліктің шеткі жағына отырамын деп бірбеткейленіп алды. Мәселені ушықтырмайық, қалауы білсін деп біз жүрміз Азаматтың шашбауын көтеріп. Содан аспалы көпірде көп аялдамай, көздеген миссиямызды бастап кеттік. Қызды Ғалымжан мен Рақымжан дейтін қарулы жігіттер өңгеріп басып, қиқулатып ауылға қарай тарттық. "Қыз қармаққа ілінді, дайындалыңдар" деп келін күтіп отырған Сәруар көкеміздің үйіне хабар бердік. Шаңырағына алғаш рет келін түсіргелі отырған көкеміз "аааа, жарайды" деп жамырасып қалды. Ауылға жақындай бере бапылдата бастадық. Артындағы көліктен қыздың асау тайдай "тулап" жатқан көрінісі бір экзотика боп көрінді. Шашы даудырап, киімі алма-жұлма болып кеткен. Жанайқайын мұнда отырып мен сезіп отырмын. Апыр-ай, мына қыздың обалына қалдық па екен деген ойға баттым. Жанымдағы жігіттер "әлі-ақ бақытты болып кетеді" дейді шімірікпей. Арты жамандыққа ұласпай, солай болса екен деймін іштей.Алдында анам "Араласпай, тыныш жүр" деп шығарып салған. Оған қазақта жазылмаған заңдар бар, қыз алып қашу ұрлық емес, ұлылық деп жұбаттым. Енді өзім қылмыс жасағандай дүрдараз күй кешудемін.
Қош делік, бапылдаған көлік үйге келіп үлгерді. Артынша біз де кірдік. Қыз тулап жатыр. Әкеме айтып, жандарыңды аламын дейді бізге дұшпандық көзбен қарап. Бірде жылап, бірде ашуға басып, ұйқы сұраған баладай әрнәрсені айтып жатыр. Көкбарды тақымымен қоса жұлып алатын әлгі Ғалымжан мен Рақымжан бір қызды сүйреп шығара алмауда. Төрт тағандап жатып алған қыз "қалмаймын да қалмаймын" дегенді қайта-қайта айтады. Саған түнгі 2-ден асып кеткен. Содан әзер дегенде қызды мәшинеден шығарып алды. Шығарып алғанын қайтейін, айрылып қалды. Қыз қайда қашарын білмейді. Былай барса нағашысы, былай барса жиенінің үйі тұр. Түн жарымда олардың есігін қағып қайтсін. Жарыққа түскен ақбөкендей дағдарып екі ортада қалды. Азаматтың анасы бізге "Не қарап тұрсыңдар, ұстасаңдаршы" дейді. Асылы, біз миссиямызды орындадық, қалғанын жеңгелері ыңғайламай ма деп біз тұрмыз міз бақпай. Ақыры, Азамат ерлікке басып көлікке қайта кіріп кеткен Құлпынайды көтеріп алып, шымылдық тұтылған бөлмеге аяғын шешпестен кіріп кетті. Сөйтті де, мән-жайдан хабардар әлгі әпкесін кіргізіп жіберді. Бар үміт сол кісіде. Не болар екен деп сыртта біз тұрмыз. Жарты сағат өткен соң, іштен "көндірдік" деген жылы хабар жетті. Фашисті жеңгендей демімізді ішке тартып, шымылдыққа күліп кірдік. Тулаған Құлпынайды орнына қойыпты. Жымың-жымың етіп, әлгі қылықтарынан ұялып отыр.
Содан той өтті, арқа-жарқа болып екеуінің басын қостық. Ал, мен отпускім аяқталып,Алматыға қайттым.Араға үш ай салып қайта барғанымда, әлгі екеуі он үш жылдан бері отау құрып келе жатқан жанұядай тату-тәтті өмір сүріп жатыр.Ең бастысы, екеуі бақытты. Алып қашу дегенді естісем төбе шашым тік тұратын еді,осы оқиғадан кейін ұнап қалды...
11 сентября 2012, 18:03
11635

Loading...

Комментарии

Қызық оқиға, бірақ алып қашудың құрбаны болудан құдай сақтасын
оте кызык окига!)))калай кондирди екен???))
Оқи келе түсінгенім, әлгі әпкесі алдын ала қызды осындай Азамат деген жігіт қырындап жүр деп айтып алған, қыз да ол жігітке кет әрі еместігін білдірген.
Егер олай болмаса не деген дөрекі салт десеңізші... қыз деген не мал ма? алып қашып келді де үйіне кіргізіп зорлап тастады... бұл не деген жауыздық? ондай кісілерді соттау керек, адам бостандығынан айырғаны үшін, аямай жазалау керек деп ойлаймын.
Ғасырлар бойы сондай болған ғой. Миды қатырма, бауырым. Қазір ондай дөрекілік жоқ, бәрі келісіммен жасалады. Қыз ұзату тойына шығындалғанша...
ондай салт болған емес
надандықтан арылайық халайық
адам еркіндігінен айыру заңмен қудаланады
соттау керек ондай надандарды
Ондай салт бар, болған және бола береді. Қазір ол тек, номиналды түрде бар. Адам еркіндігі сақталады, миды қатырма деймін. Намазыңды оқып жүре берсиш.
Асыра сілтеуің енді пиздец екен :)
бір қарын майды бір құмалақ шірітеді демекші осындай надандардың кесірінен барлық оңтүстік қазақстан өкілдері жабайы екен деп ойлайды жұрттың бәрі.
Zhaman soz aitkym kelmeydi, birak sizdin syip zhurgen zhar boluga dayindalgan kizinizdi bireu alyp kashsa kaiter ediniz? Alde, ake bolyp, kiziniz turaly osynday habar estiseniz? Aylda turatyn kizdar 'atagi zhaman' dep, konesalady, olar ushin - neke kiyu - byl omirde bir ret boluga tiis narse. Sol sebepen, urlangan kizdar, konip, baskalarga 'bakyttimin' dep aitady - amalsizdiktan. Byl dastur - bizdin kogamga keri aser korsetip zhur, asirese, damygan kogamda turyp - osynday areketke bargan kisilerge, olatdyn bolashak urpaktarina.
Meninshe, osynday posttarmen - 'kizik bolgan eken' dep zhurtshilikpen bolisuge bolmaydi.
> damygan kogamda turyp

Муахахаха ха ха. Басқа ештеңе айта алмаймын, кешіріңіз.
еки коршиси туысканы боп турган уйге калай конбейди женгеси(алде апкеси ма ели) де билип тур жаман жерге келмегенин

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Войдите в ТОП-30 суперавторов Ювижн и зарабатывайте на этом!

Войдите в ТОП-30 суперавторов Ювижн и зарабатывайте на этом!

Дорогие ювиженцы. Соотечественники и соотечественницы. Авторы. Мы возобновляем нашу, не побоюсь этого слова, культовую акцию по вознаграждению топовых авторов. По итогам каждого календарного...
niyazov
вчера / 17:54
  • 28260
  • 68
Не пропущу! Отношение водителей к жизни человека: как уступают дорогу «скорой» в Европе и у нас

Не пропущу! Отношение водителей к жизни человека: как уступают дорогу «скорой» в Европе и у нас

На днях в YouTube появился ролик, запечатлевший совершенно обыденную для европейцев ситуацию. Но для нашего человека – совершенно нетипичную и оттого вызывающую у некоторых из нас слёзы восторга.
openqazaqstan
18 марта 2017 / 20:22
  • 5882
  • 9
Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Первую пересадку сердца Рокфеллер пережил в 1976 году на 62-м году жизни. Последнюю пересадку ему сделали в августе 2016 года. Пересадка сердца такому старому пациенту не имеет аналогов...
Timur_Tregulov
21 марта 2017 / 23:10
  • 5793
  • 48
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
вчера / 14:20
  • 4186
  • 0
H&M-ское безумие или Что народу по карману?

H&M-ское безумие или Что народу по карману?

На счет качества: я спросил у знакомых и мне сказали, что та или иная вещь носится сезон. В хорошем случае и бережном отношении немногим больше. Кофточки - моя слабость, наверное...
RustemZhali
18 марта 2017 / 18:32
  • 4460
  • 30
Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Париж, Рим, Барселона, Лондон, Алматы, Венеция – выберите город, который на ваш взгляд кажется лишним в этом списке. Если бы не было слова "урод", было бы легче определиться?
corridere
21 марта 2017 / 14:59
  • 3843
  • 75
Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Мои волшебные 9 месяцев протекали в новой среде и далеко от всех родственников и подружек. Никто из моих знакомых в США на тот момент не успел обзавестись малышом, поэтому мне не с кем было...
Zarema_
23 марта 2017 / 9:25
  • 3462
  • 14
Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Покупая бытовую технику в магазинах будьте внимательны. Сейчас практикуется впаривание дополнительных услуг по настройке. Прежде чем оформлять, проверьте суммы и уточните у манагеров если что-то не сходится.
dr_Motor
20 марта 2017 / 2:13
Посчитав сколько я смогу сэкономить на еде, я понял, что это очень приличная сумма

Посчитав сколько я смогу сэкономить на еде, я понял, что это очень приличная сумма

Именно сейчас я начинаю понимать, как себя чувствуют иногородние студенты, которые живут общежитиях у нас в Алматы. Я не говорю, что они живут плохо, но многие из них рассчитывают только на свои...
noyanovmyras
23 марта 2017 / 0:18
  • 2390
  • 59