Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
09:58, 04 сентября 2012

Козловтың «Мылтықсыз қаруы» нені меңзеген?

Кеше Ақтауда Жаңаөзен оқиғасына айланысты В.Козовтың, С.Сапарғалидың, А.Әминовтың қылмыстық істері бойынша сот отырысы жалғасты. 31 тамыз күні сот отырысының соңында Б.Мырзабеков дүйсенбіде қорғаушылар тарапы куәгерлерінен жауап алу басталатынын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ, кеше сот отырысына Польша мемлекетінен келген бақылаушылар да қатысты.

Осы отырыста мемлекеттік айыптаушылар тарапы куәсінің бірі – Қуан Имашевтен жауап алу басталды. Ол ереуілге қатысқан мұнайшы 7 ай бойына жалғасқан шерудің ұзаққа созылуында саяси партиялар жағдайды ушықтырып, саясиландырып жіберді дейді. Бастапқы бетте еңбек дауы 3-4 талаптан басталып, кейін талаптардың саны 15-16- ға жетіп, соңында халық не үшін тұрғанын да білмей қалғанын айтты. Оның айтуынша жұмысшылар «Халық майданы», «Алға» партиясы өкілдерінің желеу сөздеріне сеніп, айланың құрсауына түскен дейді. Қарапайым аңғал халықта үкіметке деген сенімсіздік пайда болып, оппозиция адамдарының ұйтқыттаған сөздеріне сенумен болған. Бұдан бұрын да мемлекеттік айыптаушылар тарапы куәгерлерінің барлығы да еңбек дауындағы заңгер, экономист мамандарының көмегіне жүгінгендерін айтып, алайда ешбір жағдай жасалмағандығымен түсіндірді. Бұл куә де осы сөздерді қуаттады.

«Өзенмұнайгаздың» жұмысшысы Өміров Қошкелді де сотта куәгерлік еткен ереуілші- мұнайшының бірі. Ол 2009 жылдың шілдесінен бастап, қазан айына дейін шерудің басы-қасында болғанын айтты. «Қаңтар айында бізге жаңа жүйеге өту туралы хабарлама келіп, наурыз айында жұмыс түпкілікті тоқтады. Артынша маусымнан бастап 1/ 8 салалық коэффициенті үш айдай төленіп, кейін сыйақымызды кесіп тастады»,- деді. Ал 2008 жылдан бастап өткен жиналыстардың ұйымдастырушысы Ақжанат Әминов екенін айтып, «қаланың әлеуметтік жағдайының оңалуын, жұмысшылардың жалақысы өсетіндігін түсіндірумен болған»,- деп көрсетті куә.

Ал келесі бір айыптаушы жақтың куәгері Талғат Сақтағановтың берген жауабына сот процесінде отырғандардың құлағы түрілді. Өйткені ол Жаңаөзендегі оқиғаның белсендісі болған. Осы оқиғадағы аштық 48 күнге созылып, кейін Козлов, Уткин, Әмірова, Мамай, Атабаев, С.Сапарғали т.б сынды оппозиция өкілдері ат басын бұра бастауының арқасында арты үлкен дауға апарумен аяқталғанын айтты. Ол Козловтың қолдауымен Еуропарламентке барғанын сот отырысында егжей- тегжейлі баяндады. Сондай-ақ, Еуропарламентте Уткин А. Лұқманов, Ж. Мамай сынды өкілдердің де болғанын жеткізді. «Варшава, Брюссельде болған кездеріндегі түрлі басқосуларда Козлов баяндама оқып, Елбасына қатысты көптеген жағымсыз жағдайларды пікір білдіре отырып баяндады»,- дейді Т.Сақтағанов. Аталмыш басқосуға барған Қазақстандық азаматтардың арасында өзара әңгіме қызу талқыға түсіп, оппозицияның күн тәртібінде еңбек дауы емес, Елбасының саясатына көптеп сыни назар аударылған. Сондай-ақ, «Қаражамбас» қытайлықтардың жетегінде жүр, «Өзенмұнайгазды» да басып алса, адайлықтардың жоғалып кету қаупі туралы да азаматтар ортақ талқылауға түсірген көрінеді. Бұл сапарда М.Әблязовқа қатысты да пікірлер болған. Т.Сақтағановтың айтуы бойынша, ол Козловқа «М.Әблязовтың президент болғанын қалайсыз ба?» деген сұрақ қойғанын айтты. Бірақ Козлов «Ол өзі Қазақстанға келмейді, орнынп біреуді қояды. Шахматты жақсы ойнайды сондықтан саясатты жақсы билеп әкетеді», - деп жауап берген. Өкілдер Қазақстанға оралған соң Т.Сақтағанов алаңға барып ереуілшілерге көрген-білгенін баяндаған. Сол сияқты Б.Атабаевтың «президент халықты алдап, өзі де кейін шетелге қашып кетеді» деген сөздерді айтқанын Таңатар Қалиевтің Атабаевты нағыз артістік өнеріне көзін жеткізетінін Т.Сақтағанов бастаған бір топ ереуілшілерге жеткізген. «Жастар мәселесін қозғап Ж.Мамай да келген, ал С.Сапарғали еңбек дауын шешудің орнына құрылтай құруды айта бергеніне түсінбеймін. Әңгіменің қысқасы бұл адамдар парақшалар, газеттер таратумен билікті жамандап, өздерін жақсы етіп көрсеткілері келді. Бізді пайдаланып саяси қылық танытты»,- деді Т.Сақтағанов. Ал мемлекеттік айыптаушылар тарапынан Еуропаға барғанда Козлов, Уткиндер еңбек дауы мәселесін көтерді ме?- деген сауалына куә: «Еңбек дауын көтерді, бірақ жалпылай айтылды. Қазақстан бойынша жұмыссыздық статистикасын келтіріп, билікті сынға алып, президенттің жағымсыз саясатына тоқталды»,- деп мәлімдеді. Талғат Сақтағанов сот төрағасының алдында «Мен Еуропаға тығырықтан шығар жол іздеп бардым. Ақыл- кеңес сұрау мақсатында ереуілшілерге жақсы жаңалық болар деген үмітте болдым, алайда оқиғаның анық-қанығын көріп не үшін барғанымды өзім де түсінбедім, өкінемін барғаныма, құр далбаса. Козловтың мені, халықты алдап түсіргенін байқадым және ол «халықты қарусыз көшеге шығару керек» деген сөздерін сот отырысында ортаға салды.

Келесі Еркін Ахмет қорғаушылар тарапынан келген куә. Яғни, С.Сапарғалидың мүддесіне орай шақырылған. Жауап беруді бастамай жатып С.Сапарғалиды асыра мақтаумен болған куә, оның ұлтжанды, парасатты, ұстамды, әрі елін шексіз сүйетін нағыз патриот екенін айтты. Құдды оның аузына біреу осы сөздерді салып қойғандай көрінді бізге. Сол сияқты Козловтың жақтаушысы ретінде Шығыс Қазақстаннан келген Фатима Қасенова да осы типтес сөздер мазмұнын «Алға» партиясының бұрынғы басшысына арнады. Бұл куә Козловқа қатысты жағымды сөздерін арнайы қағазға жазып алып, содан оқуды жөн көрді. Партияның жұмысына 2007 жылдан бастап араласа бастағанын айтып, «Козловтан демократиялық көзқарасты, қарапайым халықтың салт-санасымен өмір сүруді үйрендім»,- дейді. Сондай-ақ, ашуға тез ырық беретін бұл куә Козловтың заң шеңберінде ғана жұмыс жасайтын алғыр азаматтығына жақсы мінездеме берді. «Алға» партиясының идеологиялық бағытын үйлестіруші Сизов екенін айтып, Семей қаласындағы Козловтың жеке үйі кеңсе қызметін атқарып, оның коммуналдық төлемдерін Козловтың өзі төлейді деді. Мемлекеттік айыптаушылар тарапынан қойылған көптеген сұрақтарға дауысын көтере жақтырмаған кейіп танытып, алақұйын жауап берді. Алайда, қорғаушы А.Бәтиева Ақжанат Әминовтың денсаулығының нашарлауына байланысты сот төрағасынан жауап алуды ертеңгі күні жалғастыруды сұрады.

Кешегі отырысқа бір топ шетелдік бақылаушылар да келген болатын. «Халықаралық адам құқықтарын қорғау» ұйымы өкілдері соттың әділ өтуі мен екі жақтың да ортақ мүддесін көздейтіндіктерін айтты. Адам құқықтарын қорғаумен айналысатын тәуелсіз сарапшыларды Польша мемлекеті жіберген. Олар сот процесінің аяғына дейін болып, жан-жақты пікірлерді тыңдай отырып қорытынды шығарамыз дейді. Әзірге қандай да бір ақпарат беруге асықпайтындықтарын жеткізді.

Асылжан Иманғалиев

http://www.serke.org/news/kozlovtyn-«myltyksyz-karuy»-nenі-menzegen

1
407
0