Шетелде білім алу: University of Windsor

Серікқали Жамбылов Алматы қаласында туып-өскен. 123-гимназияны бітіріп, Т.Рысқұлов атындағы колледжде оқыған. Жоғарғы оқу орнындағы білімін Канадада жалғастырған Серікқали «Екпінге» шетел университетіне қалай түскені, оқығаны жайлы әңгімелеп берді.


- Сәлем, Серікқали сен бакалавр стипендиясы бойынша Канадада оқып келіпсің. Университетіңнің толық аты қандай? Қай жерде орналасқан?

- Канаданың Торонтоға жақын Уинсор қаласындағы Уинсор Университетінде төрт жыл оқып шықтым. Төрт жылдың бір жылы ағылшын тілін үйренумен кетті. Ал жалпы төрт жылдық бағдарламаны екі жарым жылдың ішінде оқып бітірдім. Бір жылдың ішінде сонда үш семестр оқыдым. Сондықтан біраз қиынырақ болды.

- Ал ол жаққа жолың қалай түсті?

- 2008 жылы Алматыда лингвистикалық орталыққа ағылшын курсына барып жүретінмін. Ол орталық сол Канададағы университетпен тығыз қарым-қатынаста болды. Содан сол жақта Стас деген агентпен танысып, ол маған осы университетті көрсетті. Орталықтан сертификат алып оқу бітірісімен, Уинсор университетіне түстім. Басында “Болашақ” бағдарламасы арқылы түсуге жоспар болған. Бірақ онда менің мамандығым болмады. Онда көбінесе инженерлік, IT саласына алып жатты. Экономика, қаржы жағынан бізде аз, өтуге тырыспай-ақ қой деген соң, тапсырмадым.

- Түсу үшін қандай құжаттар керек болды? Ақылы оқыдың ба?

- Ең алдымен, медициналық анықтамалар, Алматыда тұратын анықтамалар, төл-құжаттарымды тапсырған болатынмын. Шынымды айтсам, ол кезден бері 4 жыл өтіп кетті, нақты есімде жоқ. Алайда қазірде университетке түсу өте оңай болып отыр. Иә, оқуға өз қаржыммен бардым. Бір семестрі жатақханасымен, тамағымен, оқуы 15-20 мың канадалық долларды құрады.

- Жалпы шет елге оқуға баруға не түрткі болды?

- Кішкентай кезімнен мақсаттарымның бірі - шетелде оқу болатын. Қай ел болмаса да, Қазақстан қабырғасынан шығып, басқа ел, басқа жер көргім келді. Басқа елдің мәдениеті қандай болатыны мені қызықтыратын. Колледжді бітіре салысымен, үйде ойланып жатып, егер өзім бір қадам жасамасам, маған ешкім алдыма дайын нәрсе әкелмейді, дедім. Сөйтіп біраз пысықтығымды қостым. Бір жыл бойы маған виза берген жоқ. Өйткені қаржы жағынан жеткіліксіз болыпты. Бір жылдан кейін қайта тапсырып, сол жылы толық дайындалып, Канададан шақыру келді.
Бір айта кетерлігі, Канадаға барар кездегі күткен картинам мен барғандағы реалды картинаның айырмашылығы жер мен көктей болды. Мен армандаған Канада күткенімдей болмады: сынық көшелер, шұңқыр ойықтар, кішкентай үйлер. Сол біраз кірбің келтірді көңіліме. Бірақ кейін елмен танысқан соң үйреніп кеттім, әр елдің заңы басқа, иті ала қасқа демекші, мәдениетіне де адамдарына да тез үйренісіп кеттім.

- Мамандығыңды тез таңдадың ба?

- Иә, қаржы және экономика мамандығын кішкентай кезімнен қалаған болатынмын. Математикаға жақын адамдардың бірімін. Алгебра, геометрия - сүйікті пәндерім болатын. Мектепте сынып жетекшіміз математика пәнінен бергендіктен, бәріміз де ол сабақтан жақсы болып шықтық. Кішкентай кезімнен өзімнің ынтам сол салаға жақын еді.

- Ол жақтағы оқу процесі қалай өтті? Пәндерді игеру қиын болды ма?

- Қаржы, экономика, бизнес пәндерінен тек лекциялар өтті. Ал биология, экология сияқты сабақтардан лекциямен қоса, лабораториялық сабақтар өтті. Кей студенттер университетке бармай-ақ, тек үйде оқыды. Мысалы, Қытайдан келген бір бала болды, ешкіммен араласпады, тек үйінде дайындалып, тесттің бәрін үздік тапсырып шықты. Оқу үлгерімің сандармен емес, әріптермен бағаланады. Мысалы, А+ - 13 балл. Ең соңғы F - 1 немесе 0 болып саналады. Және бір қызығы, онда біздегідей қызыл диплом, көк диплом деген жоқ. Ең бастысы, барлық емтихандардан межелі деңгейді тапсыру керек. Бітіріп шыққанда, барлығына бірдей диплом беріледі. Олардың ойынша, үлгеріміне қарай берілген дипломдар студенттердің дискриминациясына жатады. Дипломдық жұмыс деген де болмады. Мысалы, менің мамандығым бойынша, 40 пәнді игерсеңіз, қолыңызға диплом беріледі.

Сабақтар қиын деп айта алмаймын. Ең қиыны, бөтен ортаға, айналаңа тез үйреніп кету. Өйткені ол өзге мәдениет, өзге орта. Мысалы, кейде өз ұясынан ұшқаннан кейін көптеген жасөспірімдер өзін ересек санайды. Кейде жаман жолдарға түсіп жатады. Көптеген жолдастарым клуб, ресторандардан шықпай, ақшаларын жеткізе алмай жүргендерін көрдім. Сағынып жүрмін, ауырып қалдым деп іштей өз-өзіне күш бермейді. Сондықтан, ең басты қиындық өз-өзіңді қайраттандырып, өз-өзіңе ұстаз болу. Шетелде бекер жүрген жоқсың, оқу үшін келдің деп мотивация жасау керек.
Ал мамандық ұнаса, оны оқып ары қарай алып кету оңай нәрсе.

- Ол жақта жұмыс істеген екенсің, толығырақ айтып өтсең?

- Ең біріншіден, өзім волонтерлық жұмыс іздедім. 2010 жылы Университеттің ішіндегі шіркеуде поп болып қызмет атқаратын Крис деген кісі мені менеджер ретінде алды. Ол жақта екі айдай жұмыс істедім. Екі айдың ішінде өз-өзімді көрсетуге тырыстым. Сосын екі айдан кейін мені жедел қаржылық департаментке кіргізді. Сол жерде жаздың үш айында жұмыс істеген соң, күзде толықтай айлық ретінде қызметке шақырды. Ол жерде бюджеттеу, аудиторлық бөлімдерде қызмет атқардым.

- Тұрғын үй мәселесі қалай болды?

- Бірінші рет келгенде бір семестр бойы сол университеттің жатақханасында тұрдым. Бірақ жатақханасы өте қымбат болды. Содан өзім пәтер алып тұра бастадым. Ең басында жолдастарыммен бөлісіп тұрдым. Соңғы екі жылда өзім жеке көшіп кеттім.

- Есте қалған, сүйікті мұғалімдерің бар ма?

- Есте қалған Рамиш Чандра деген 70-ке келіп қалған қарт кісі. Қаржы сабағынан берді. Өз біліміне толық сенімді, айтқан сөзін бүкіл сынып ұйып тыңдайтын. Бірақ бір жаманы, олар өте оқымысты адам болғандықтан, жаңа келіп жатқан студенттердің біліміне қарамай, секіріп-секіріп жоғары талаптар қояды. Өзің біраз қиналып қаласың. Сондықтан, сабақтан шыға салысымен, кітапханаға барып, білмей қалған жерлеріңді оқып алуға тырысасың. Жалпы айтқанда, Канада халықаралық мемлекет болғандықтан, мұғалімдер Египет, Үндістан, Гонгконг, Қытай, т.б. елдерден келе беретін.

Бір канадалық профессор Роналд Нэмнен университеттің болашағы, келіп жатқан мұғалімдері жайлы әңгімелескенімде, ол жыл сайын келіп жатқан студенттердің емес, мұғалімдердің білімі төмен түсіп бара жатыр деп күдігін айтып қалып еді.

- Ол жақтың жастары мен біздің жастардың қандай айырмашылығы бар?

- Халықаралық мемлекет болғаннан соң, онда көптеген ұлттарды көресің. Сондықтан оны бөліп-жарып айту қиынырақ. Канадалықтар өздерің мен канадалықпын деп көкірек танытпайды. Ол жағынан олар өте мәдениетті. Канадада неше түрлі мәдениет, неше түрлі киім-киістерді көресің. Мүмкін бір айырмашылық, бізде көбінесе киім-киіске, адамның түр-әлпетіне, тұрыс-жүрісіне көп көңіл бөледі. Әсіресе қыздар бір жаққа шығу үшін дайындалып, сыланып шығады. Ал ол жақта қыздардың ұйқысынан тұра салып, пижамаларымен мектепке келіп кететін кездерін көрдім. Бізде қыздар өздерінің жүріс-тұрысына көп көңіл бөледі. Ол жақта басқаша. Өзіме ыңғайлы, өзіме ұнаса болды деп ойлайды. Тек жастар емес, мұғалімдер де сондай. Кей мұғалімдерге қарап, көшеде қайыр сұрап жүргендер ме деп қаласың. Олардың ойынша, оқу орны сән көрсететін мекеме емес, сондықтан ол жерге әдемі киінудің қажеті жоқ.

Сондай-ақ онда, фитнес, йога, спортпен айналысатын, диета ұстайтын адамдар көп. Өйткені онда артық салмақ проблемасы өте жоғары. Сондықтан адамдар онымен күресуге тырысады.

- Болашақта қандай жоспарларың бар?

- Қазір Алматы, Астанаға жұмысқа түйіндемелер тапсырып жатырмын. Сол қалалардан жұмыс тауып жұмыс істеймін. Алда жоспарлар бар: Америка, Еуропаға барып, тәжірибе алмасу деген. Өзге елдерге барып тұрғым келеді, өйткені ол рухани жағынан болсын, сені әрқашан дамытып отырады. Сондықтан әр адамға, әр студентке шетке шықсын деп тілеймін. Әсіресе “студент” деген сөз белгілі жас мөлшерін қамтымайды. Канадада отыз, қырық, елу жаста болса да, сөмкелерін көтеріп алып, мектепке келіп жатады.

Әңгімелескен Айжан Кәрібаева


Nagasaki University

University of Cambridge

University of Cádiz

University of Wollongong in Dubai

Central Saint Martins College of Art and Design/CSM

Robert Gordon University

University of Warwick

Gazi Üniversitesi

Алия Arsik
9 қараша 2012, 1:26
4677

Загрузка...

Пікірлер

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Свыше 10 известных университетов приглашают его обучаться зарубежом, но выбор будет оставаться за Сакеном. Он выберет обучение The University of Edinburgh и отправляется в эту удивительную страну...
socium_kzo
30 нояб. 2016 / 11:06
  • 11079
  • 10
Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

В чем уникальность этой личности? В чем его успех или провалы? Эти вопросы требуют глубокой аналитики и исследований. Я же хочу рассказать о Нурсултане Абишевиче глазами рядового кыргыза или...
maxes
1 дек. 2016 / 8:05
  • 4761
  • 14
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
2 дек. 2016 / 13:57
  • 3980
  • 4
Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Дело было летом 2012 года. Мне было почти 20 лет, жил я от сессии до сессии довольно весело. В голове машины, клубы, тёлки. Жизнь размеренная и неторопливая. Вдруг мне приходит в голову идея...
almatinec_92
28 нояб. 2016 / 16:57
Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Трамп и не подозревает, что 16 декабря 1991 Казахстан не создал, а восстановил свою национальную государственность. Иначе бы он упомянул не только 25 лет, а больше чем 550 лет казахской истории.
Stehlikova
2 дек. 2016 / 9:02
  • 4112
  • 86
О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

Сеть облетело очень символичное видео, где г-ну Султанову в ходе пресс-конференции прямо задают этот вопрос. «Вы советовались с народом?!» – спрашивают его журналисты. На что депутат так и не смог вразумительно ответить.
openqazaqstan
28 нояб. 2016 / 14:35
  • 3678
  • 15
Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Недавно пролетал через аэропорт Амстердама - Схипхол. Так как улетал из аэропорта Алматы, то не мог не начать сравнивать эти аэропорты.
Superkurt
30 нояб. 2016 / 10:09
  • 3338
  • 12
Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Давно ждал запуска электронного билетирования в общественном транспорте Астаны. В ноябре 2016 года этот день настал. Мой опыт насчитывает последние 2 недели и мне есть чем поделиться. Она не...
iamYerlan
1 дек. 2016 / 15:24
  • 3105
  • 11
Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Президент Назарбаев предложил амнистию для совершивших преступления небольшой тяжести несовершеннолетних, пожилых, женщин и других социально уязвимых категорий осуждённых
openqazaqstan
30 нояб. 2016 / 13:45
  • 2937
  • 19