Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
11:41, 27 августа 2012

45minut.kz - Редакция жұмысы туралы

Құрметті оқырмандар! Алдағы келе жатқан жаңа оқу жылымен барша ұстаздарды құттықтаймыз. Редакция жұмысы туралы оқырмандарымызбен бөлісіп, пікірлесіп, болашақ жоспарларымызбен таныстыруды жөн көріп отырмыз. Көпшіліктің ойында жүрген сұрақтарға жауап беріп, "БАҚ өкілі-тілшілер" қызметтерінің нәтижелері туралы айтамыз.

Осы мақала соңында Редакция жұмысы туралы өзіндік пікірін білдірген Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Сарышаған кентінің ЖОББ мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Гурленбаева Жумабике Ражабовна тілшіміздің пікірін жариялауды жөн көріп отырмыз. Жазылған пікір, сайт оқырмандарына, тілшілерге үлгі болады деп сенеміз.

1. 45minut.kz сайты туралы, сертификат туралы

Қазіргі уақытта http://45minut.kz/ сайты толықтай жұмыс істеп тұр. Сайт арқылы тапсырыс бергендерге сертификаттар тапсырылуда. Сайтпен жұмыс істеуге, нақты айтқанда сабақ жариялау жұмысын тілшілерге үйреттік, сайттағы кейбір сабақтарды тілшілер өздері жариялауда. Сабақ жариялаймын деген қолданушыларды үйретуге мүмкіндік бар. Ендеше іске сәт, сайт мүмкіндіктерін толықтай пайдаланыңыздар.

2. Газет шықпай жатыр ма, бекер жазылдық па? Газетке жазылу, Казпочта арқылы таратылым қалай болуда?

"Республикалық 45minut.kz газеті" жұмыс жоспарына сай жарық көруде. Оқырмандарымыз жазғы демалыста болуы себепті қыркүйек айынан бастап тұрақты апта сайын шығып тұрады. Ал, жаз айларында шықпаған сандары жыл соңына дейін толықтырылып шығады. Газет тақырыптары белгіленеді, тек қана сабақтар жинағы емес, тақырыптық мақалалар, жаңалықтар, хабарламалар жарияланады. Газетіміз Ұстаздар, ата-аналар, оқушылар оқитын басылымға айналады деген үміттеміз, әрі ол үшін газет оқырмандарының сұраныстары міндетті түрде ескеріледі. Газет жұмысына белсенділік танытуға шақырамыз.

Маңызды ескерту: Газетке "Қазпочта" АҚ арқылы жазылғандар, газет жеткізілмеген жағдайда  8 727 330-60-59 (вн 5212) Лариса Юрьевна (Қазақстан бойынша газет таралымына жауапты) байланыс телефонына хабарласуға болады:

3. "БАҚ өкілі-тілшілер" жұмысын қалай бағалаймыз, маңызы, жауапкершілігі

Газет пен сайт жұмысында "БАҚ өкілі-тілшілер" арқылы ұйымдастырылатын болғандықтан, бұл жұмыс маңызды, әрі жауапкершілігі мол жұмыс. Көпшілікпен жұмыс істеу, сайтқа, газетке жарияланатын сабақтарды сұрыптау, мұғалімдерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу барлығы оңай шаруа емес, сондықтан осы қиын да, маңызды жұмыспен айналысушы барлық тілшілерімізге алғыс білдіреміз.

Әрине, жұмыс болған соң түрлі қиындықтар мен түсініспеушіліктер де орын алуы мүмкін, ол жағдайда Редакция атына тікелей хат жазып хабарлассаңыздар, тиісті шарасын қолданып, дұрыс талаптар орындалады деп сеніммен айтамыз. Тілші болу үшін Редакциямен келісім-шарт жасалып, заңдық жағынан міндеттемелері болғандықтан, тілшілік қызметте құқықтық жауапкершілік бар екенін ескертеміз.

Редакциямызға тілшілер сертификат бағасын қымбатқа сатады немесе газетке жазылған ақшамызды тапсырдық, редакцияға ақшасын тапсырмай өзі пайдаланып жүрген шығар деген де шағым хаттар келеді. Шағым хаттар негізсіз болған жағдайда қаралмайтынын ескертеміз. Шағым хаттар нақты дәлелдермен берілсе Редакция тарапынан нақты шарасын қолдану үшін тиісті шешім қабылданады. Барлығы Қазақстан Республикасының Заңдары негізінде шешімін табады.

4. Портфолио сайты туралы

Мұғалім портфолиосы – мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы.  Осы мақсатта портфолио сайты ашылды. Сайтқа тіркеліп, электронды портфолио жасап алуыңызға мүмкіндік бар.

4. Сабақтар топтамасы туралы

Ұстаздардың сабақтарын Республика көлемінде тарату мақсатында сабақтар топтамасы тұрақты түрде жасалады. Сабақтар топтамасы кітапша түрінде де жарыққа шығады, электронды нұсқасы сайт арқылы таратылымға шығарылады. Сабақтар топтамасы жеке ұстаздың еңбектерінен де немесе бірнеше ұстаздар еңбектері негізінде жинақталуы мүмкіндігі бар. Сондықтан топтамаға тапсырыс беріңіздер, ұсыныс айтыңыздар, қажеттілікке сай топтама жасалады. Топтаманың бет саны және тиражына байланысты сұраныс білдірген мұғалімдерге тапсырыс бағасы есептеледі.

Топтама беттері: 12 бет -32 бет аралығында болады.   Тираж саны: 10 данадан бастап шығарылады.

5. Білім мекемелеріне сайт жасау туралы

Білім мекемелерінің жеке сайттары болуы үшін www.білім.kz адресінде сайт ашылып, жұмысы басталды. Сайт адресі көрсетілгендей кирилл әріптерімен жазылған. Осы сайтта білім мекемелері өздерінің жеке сайттарын ашуларына және мәліметтерін енгізіп отырға мүмкіндік беріледі. Толық ақпарат www.білім.kz сайтында жарияланады.

6. Семинар оқулар туралы

Редакция тарапынан, тілшілер ұйымдастыруымен семинар оқулар ұйымдастырылады. Ол үшін білім бөлімі немесе мектеп басшылығымен бірлесіп, тілші өз тарапынан ұйымдастыруға ұсыныс білдіреді. Семинар оқу тақырыбы, күні, ұйымдастырылу форматы барлығы алдын-ала келісіледі. Жақында, Арыс қалалық білім бөлімі ұсынысымен, Арыс қаласындағы тілшіміз Темірхан Әбдіков ағайдың ұйымдастыруымен Арыс қаласында қыркүйек айының соңында семинар оқу ұйымдастырылуда. Қосымша ақпарат www.45minut.kz сайтында жарияланады.

——————————————————————————————————

Осы мақала соңында Редакция жұмысы туралы өзіндік пікірін білдірген Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Сарышаған кентінің ЖОББ мектебінің ағылшын тілі мұғалімі Гурленбаева Жумабике Ражабовна тілшіміздің пікірін жариялауды жөн көріп отырмыз. Жазылған пікір, сайт оқырмандарына, тілшілерге үлгі болады деп сенеміз.

БАҚ өкілі-Тілші Гурленбаева Жумабике Ражабовна пікірі:

1.  45minut.kz сайты туралы, сертификат туралы.   45minut.kz сайты маған және мектебіміздің мұғалімдеріне өте қажет сайт. Бұрын біз өзіміздің сабақтарымызды, мақала, баяндамаларды, ғылыми жұмыстарымызды, оқушыларымыздың шығармаларын қай жерге қалай жариялауға болар екен деп бас қатыратын едік. Сайтқа қол жеткізіп бұл мәселеніңде шешімін таптық. Жарияланған еңбектерімізге берілген сертификат  біздің мектеп ұжымына өте ұнады. Ондай сертификатты ешкім осы кунге дейін алмаған. Сертификат мүлдем жоқ емес, тура осындай сертификат ұнады. Алдағы уақытта  сабақтарын сайтқа салып сертификат алуға тырысып жатыр.

2. Газет шықпай жатыр ма, бекер жазылдық па? Газетке жазылу, Казпочта арқылы таратылым қалай болуда? Газетке жазылган мұғалімдерге газет өте ұнады. Бекер жазылдық па деген сұрақты осы кунге дейін ешкім қойған жоқ. Әттең жазылуға үлгірмей қалдық па дегендер көп. Әрине уақытында ала алмай жатырмыз. Бізге тамыз айындағы бірде бір саны келген жоқ. Уақыт өте ол да дұрысталады деген ойдамыз. Бір күнде барлық арманымызға жете алмаймыз. Барлығы уақытымен орнына түсер. Бір жағадан бас шығарып,бір жеңнен қол шығарып біріксек алынбайтын қамал жоқ.

3. "БАҚ өкілі-тілшілер" жұмысын қалай бағалаймыз, маңызы, жауапкершілігі: “БАҚ өкілі-тілшілер”жұмысы өте күрделі де маңызды. Жауапкершілігі өте мол. Әр бір мұғалімнің жұмысын тексеріп, дұрыс жіберілуіне өте мұқияттылықты талап ететін жұмыс. Соны мен қатар оған уақытта керек. Сондықтан мен бұл жұмысты өте жоғары бағалар едім. Жоғары бағалауға тұрарлық жұмыс.

4. Портфолио сайты туралы Бұл сайттың ашылғаны Республикамыздағы Мұғалімдердің жеке портфолио дайындаудағы жұмысын жеңілдетті десек дұрыс болар еді. Санатқа өтініш бергенде мұғалімдердің  электронды портфолио жасай алмай қиналғандарын өзім көргенмін. Көре салысыммен менде тіркелдім. Жасым бір жерге барып қалғанымен келешекте басқаларғада көмегім тиіп қалар деген оймен портфолио сайтына кіріп жұмыс жасағым келді. Бұл менің қолымнан келуі керек. Мұғалімдерде портфолио тапсырыс береміз деп жатыр.

5. Сабақтар топтамасы туралы. Маған топтамалар өте ұнады. Келешекте әр бір пән мұғалімінің сондай топтамалары болса өте керемет болар еді. Ол үшін алдымен тілшілердің сабақтарынан топтамалар жасап мұғалімдерге презинтация жасау керек па деп ойлаймын. Сонда сабақтардың топтамалары туралы көп түсінік ала алар ма еді? Мен өзім ұстаздықтың алған кундері "Мұғалімнің алғашқы қадамы" деген орыс  тілінде шығарылған кітапты қолымнан тастамай жүретінмін. Менің ойымша әр бір пәнге арналған сабақтар топтамасы келешекте осындай қажетті құралдардың рөлін атқарады. Мектепке алғашқы қадам басқан әр бір ұстазға таптырмас құрал болады.

6. Білім мекемелеріне сайт жасау туралы. Республикамыздағы барлық білім мекемелерінің өз сайттары болса тәжірибе алмасу алаңы кеңейер ма еді?

7. Семинар оқулар туралы. Семинар барлық ұстаздармен тілшілердің бас қосатын орны. Семинарда барлық атқарылған шаралар талқыланып, тәжірибе алмасуға болады. БАҚөкілі-тілшілер мен дистанциялық семинарлар да өте қажет па деп ойлаймын. Бір-біріміз бен жақын танысудың бірден-бір жолы да семинар. Семинарды жылына қанша рет, қай жерде өтетінін ұстаздардың өзі шеше жатар.

Қорыта келе айтарым, ұстаздарға арналған сайттар, газеттер, журналдар болмаса ұстаздар  құралсыз қалған жауынгерге ұқсамай ма? Егер біз мұғалімдер құралсыз қалсақ болашақта қалай білімді де білікті бала тәрбиелейміз?

0
2247
0