• 24733
  • 15
  • 2
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Жаңаөзен жарасы КІМ КІНӘЛІ?

Асырып айтқандық болмас, дегенмен, 2011 жылдың желтоқсанында Жаңаөзен қаласындағы оқиға егемен ел – Қазақстанның тарихындағы өзіндік айтулы кезең болғандығы анық, және ол біздің мемлекетіміздің тұрақтылығына айтарлықтай кері әсер еткендігі дапусыз.

Оқиға неліктен осындай сипат алды? Неліктен жай ғана қарапайым еңбек кикілжіңі осындай ауқымды көлемдегі қайғылы оқиғаға ұласты? Осының барлығына кім кінәлі? Трагедияның алдын алуға болар ма еді? Сараптап, анықтап көрелік.
Бұл мәселенің әрқилы жақтары бар. Біріншіден, мұнай компаниясы басшылығының өкілдері мен жалдамалы жұмысшылардың арасындағы келіспеушіліктің салдары осындай болды. Әрине, бұл орайда басшылық тарапынан да кемшіліктердің кеткендігі анық. Мүмкін келісім-шарттарда жұмысшылардың еңбек жағдайлары нақтылы жазылмаған болар. Немесе, кәсіподақ тарапынан жұмысшыларға жұмысқа қабылдау мен еңбекақы төлемінің ережелері жан-жақты түсіндірілмеген болар. Қалай дегенмен де қателіктің орын алғандығы ақиқат. Бұл нақтылы дәлел. Және ол қателікті түзеуге ешкім құлықты болмады.
Біздің пайымдауымызша, жұмыс беруші жұмысшылардың мұң-мүдделерін ескеруге тиіс еді. Егер олардың тарапынан туындаған талаптарды орындамаған жағдайда істің барысына үңіліп, конструктивті түрде келіссөз жасау қажет болатын. Бәрін де бүге-шігесіне дейін түсіндіріп, ортақ тіл табуға тырысу қажет-тін. Ал егер, мұнайшылар ашықтан –ашық қарсылыққа бармай, бар мәселені заңдылық тұрғысында шешуге тырысқанда оқиға басқаша сипат алар ма еді? Сондықтан олардың бұл әрекетін де дұрыс дей алмаймыз. Нәтижесінде қарапайым халық зардап шекті. Қан төгілді, ар аяққа тапталды, бүліншілік белең алды.
Әрине, сөз жоқ, жергілікті өкіметтің де кінәсі басым. Олар бықсып, түтіндеп, белең ала бастаған жанжалдың алдын алуға міндетті еді. Өйткені жергілікті биліктің аты – жергілікті билік. Адам тағдыры, өз азаматтарының тағдыры таразыға түсіп отырған алмағайып шақта өкімет кез-келген уақытта ақылгөйлік танытып, өз өкілеттігін орынды пайдалана алуы керек. Осылай болуы тиіс еді.
Мұнан қандай ой түюге болады? Жаңаөзен оқиғасынан алар ащы сабақ – елімізде қарапайым еңбекшілер мен жұмыс берушілер арасындағы нақтылы келісімнің жоқтығы. Бұл басы ашық мәселе. Ал, бір-біріне құрмет пен ізет тұрғысында ауыз ауыртып айтудың қажеті де жоқ. Бұл екі жаққа да қатысты мәселе. Біздің барлығымыз да қарсы тараптың мүддесін ескеріп, солардың дауысын естуге тиіспіз. Бұл орайда ешкім де өзінің иығына кінәні аударып тастап, оны тек мемлекетке, немесе жұмыс берушілерге жаба салуға тиіс емес. Тағы бір сойылдай себеп - дағдарыс кезеңінің қызып тұрған шағында осы қиыншылықты өз мүдделеріне пайдаланып қалушылар да бой көрсетті бұл арада. Тағы бір сараптап, екшеп, ой елегінен өткізіп көрелік.
Бір назар аударарлық жайт, Жаңаөзендегі жанжал басталысымен-ақ, мұнайшылар қаласына шетелдік және отандық саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері ағыла бастады. Олар да өз кезегінде көпіртіп уәде беріп, көп әңгіме айтқанымен көтерілісшілер мүдделеріне сай ештеңе тындыра алмады. Әлде әр түрлі деңгейдегі саясат серкелері өздерін-өздері көрсетіп қалуға тырысты ма? Мәселен, ағылшын парламентінің депутаты Пол Мерфи. Алайда, бұл мырза да тек алдарқатып, сендердікі жөн деген маңызда мұнайшыларды үміттендіргені болмаса ештеңе тындыра алған жоқ. Осыдан кейін Болат Әбілов секілді отандық «қамқоршылар» да төбе көрсетті. Олар да құр сөзбен емексіткені болмаса түк әрекет жасай алмады. Ал, мұндай «қамқорлықтың» құны қаншалықты болғандығы баршамызға белгілі.
Жоғарыда аттары аталған мырзалар отқа май құйып жанжалды өршіте түсті деу қисынға келер. Олар шындыққа жанаспайтын сөздер айтып, мұнайшыларға көмек қолын созамыз деп дәмелендірді. Сондықтан өз кезегінде мұнайшылар өз талаптарының орындалатындықтарына шүбәсіз сенді. Дегенмен, үміт ақталмады.
Жарайды, бұл солай-ақ болсын. Оппозициялық көңіл-күйдегі өзге азаматтар әлеуметтік маңыздағы жанжалдың бейбіт түрде шешілуіне мүлдем ықылас білдірмеді, керісінше оның одан әрі етек алуын қалады. Солардың айтақтап, арандатуымен мұнайшылар мәселені заң шеңберінде шешуге тырысудың орнына ашықтан-ашық қарама-қайшылыққа барып, жұмыс берушілерге, жергілікті билікке, ең ақырында мемлекетке қарсы шықты десек болады.
Бұлар – тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшілері В.Козлов пен М.Әблязов болатын. Осынау «қамқоршылардың» артықшылықтары неде? Олардың басқа да көпіртіп уәде берушілерден айырмашылықтары қандай?
Олар өз кезегінде бас көтерген мұнайшылардың алаңда көбірек болулары үшін бар жағдайды жасады. Бірақ, бұл орайда олар бұл әрекеттерімен көтерілісшілерге көмек бере алды ма? Керісінше, егер Әблязов пен Козловтың тобы шын мәнінде еңбек кикілжіңін оң шешкілері келсе, оларға заңдылық тұрғысынан көмек берулері қажет еді. Бірақ мұндай көмек байқалмады. Оның орнына алаңда ондаған палаткалар орнап, азаматтарға жылы киімдер, азық-түлік беріліп, үкіметті орнынан тайдыру, осы жолда қан төгіске барудың қажеттілігі жайлы үнпарақтар таратылды, қаржы жиналды. Баршаға түсінікті оқиға желісі. Сіз кез-келген Украина азаматынан сұрап көріңізші, ол сізге өз еліндегі алқызыл төңкерістің дәл осылай басталғандығын айтып береді. Майдан, міне, алғалықтардың көксегендері де осы болатын. Бірақ біздің мырзалар бір нәрсені түсінбеді. Қазақстан – Украина, ал, Жаңаөзен бүліншілікке ұшыраған Киев емес. Сондықтан украиналық жоспар бізге келіңкіремейді. «Алғаның» серкелерінің ойлағандары - халықтық бұқараның полициямен қақтығысы, қантөгіс болатын. Ол жоспар жүзеге аспады.
Алайда шындықтың түптің түбінде ашылатындығы аян. Тарих бәрін де өз орнына қойып, бүлікті бастағандар лайықты жазаларын алады. Ал, біз өз кезегімізде Қазақстанда мұндай келеңсіздік енді ешқашан қайталанбайды деп сенеміз. Енді біздің қасиетті жерімізде қазақтың қаны ешқашан төгілмесін деп тілейік.

http://arhar.kz/news/332.php

Kabanbai
20 августа 2012, 21:12
281

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Свыше 10 известных университетов приглашают его обучаться зарубежом, но выбор будет оставаться за Сакеном. Он выберет обучение The University of Edinburgh и отправляется в эту удивительную страну...
socium_kzo
30 нояб. 2016 / 11:06
  • 11006
  • 10
Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

В чем уникальность этой личности? В чем его успех или провалы? Эти вопросы требуют глубокой аналитики и исследований. Я же хочу рассказать о Нурсултане Абишевиче глазами рядового кыргыза или...
maxes
1 дек. 2016 / 8:05
  • 4685
  • 14
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
2 дек. 2016 / 13:57
  • 3939
  • 4
Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Дело было летом 2012 года. Мне было почти 20 лет, жил я от сессии до сессии довольно весело. В голове машины, клубы, тёлки. Жизнь размеренная и неторопливая. Вдруг мне приходит в голову идея...
almatinec_92
28 нояб. 2016 / 16:57
Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Трамп и не подозревает, что 16 декабря 1991 Казахстан не создал, а восстановил свою национальную государственность. Иначе бы он упомянул не только 25 лет, а больше чем 550 лет казахской истории.
Stehlikova
2 дек. 2016 / 9:02
  • 4049
  • 86
О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

О переименовании столицы: Казнет не зря взорвался едкими комментариями

Сеть облетело очень символичное видео, где г-ну Султанову в ходе пресс-конференции прямо задают этот вопрос. «Вы советовались с народом?!» – спрашивают его журналисты. На что депутат так и не смог вразумительно ответить.
openqazaqstan
28 нояб. 2016 / 14:35
  • 3645
  • 15
Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Давно ждал запуска электронного билетирования в общественном транспорте Астаны. В ноябре 2016 года этот день настал. Мой опыт насчитывает последние 2 недели и мне есть чем поделиться. Она не...
iamYerlan
1 дек. 2016 / 15:24
  • 3075
  • 11
Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Недавно пролетал через аэропорт Амстердама - Схипхол. Так как улетал из аэропорта Алматы, то не мог не начать сравнивать эти аэропорты.
Superkurt
30 нояб. 2016 / 10:09
  • 3275
  • 12
Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Президент Назарбаев предложил амнистию для совершивших преступления небольшой тяжести несовершеннолетних, пожилых, женщин и других социально уязвимых категорий осуждённых
openqazaqstan
30 нояб. 2016 / 13:45
  • 2910
  • 19