Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
2
13:20, 14 августа 2012

Мистер Ювентус

Атақты бапкер Карло Анчелотти айтқан екен : «Аллесандро Дел Пьеро -   таныстыруды қажет етпейтін әлемдік дәрежедегі ойыншы»-деп. Осы бір ауыз сөзге лайықты жүздеген ойыншылар бар, және әркім өз кумирін ойлаған болар. Бірақ,менің айтпағым – Аллесандро Дел Пьеро жайлы.

Футболдан  хабары аз адамдар да атақты италиялық ардагердің есімі Туриндік «Ювентуспен»  тығыз байланысты екенін айтпаса да біледі. Болашақ  футбол жұлдыздарының көпшілігін алғашқы бапкерлеріне әкелері жетектеп алып келсе, кішкене Сандроны Умберто Престо атты бапкерге анасы табыстаған. «Ювенің» құрамында  20 жылға жуық өнер көрсетіп келе жатқан Аллесандроның тұңғыш командасы  – жергілікті «Сан-Вендемьяно». Кейіннен «Падуяға» ауысып, 1991-1993 жылдар аралығында  ойнайды. Италия футболындағы жарқ еткен жас талант бірден алпауыт клубтардың назарына ілігеді.1993 жылы қос гранд : «Ювентус» пен  «Милан»  Дель Пьероға бір уақытта келісім шарт ұсынады. Болашағынан көп үміт күттірген жас жұлдыздың аңсары ауған   Туриндік клуб – оның өмірлік таңдауы болды. «Падуядан» 2 млн АҚШ долларына сатып алынған Дель Пьеро 1993 жылдың  12-ші  қыркүйегінде әлемнің таңдаулы лигаларының бірі А сериясындағы алғашқы ойынын «Фоджиге»  қарсы өткізеді,ал «Реджинамен» болған келесі ойында тұңғыш голын соғады. Сол кезден бастап қаіргі уақытқа дейінгі аралықта  Пинтуриккьо «Юве»  құрамында 300 ден астам гол соққан.

Blog post image

Аллесандро Дель Пьероның алаңдағы орнын Ханс Йорген Нильсеннің сөзінен түсінуге болады: «Футболшылардың үш тобы болады.Бірінші топтағы ойыншылар – көрермендер де,ойыншылар да көре алатын қауіпті сәттерді байқайды,және гол соғып тынышталады.Екінші топтағылар -  әріптестеріне қауіпті сәттерді байқауға көмектеседі, және голдан кейін өздеріне өздері риза болады.Ал сирек кездесетін үшінші топтағы ойыншылар – жоқтан бар жасап, голды болмайтын жерден болғызады». Міне, Мистер «Ювентустың» алаңдағы міндеті мен атқаратын қызметі. 1994/95 жылғы маусымда Дель Пьеро «Қарт Синьорамен»  алғашқы чемпиондық атағына қол жеткізеді.Барлығы «Юве» құрамында скудеттоны бес рет ұтып алады (1994/95, 1996/97, 1997/98, 2001/02, 2002/03 ( 2004/05, 2005/06 жылдар  -  дауға байланысты саналмайды). Бұл маусымның есте қаларлық тағы бір жаңалығы – Италиялық тағы бір тарихи тұлға  Роберто Баджодан «10» деген нөмірді мұра етіп алады.Сондай-ақ,Мистер Ювентус  сөзсіз кез-келген футболшының  арманы – Чемпиондар Кубогін басынан асыра  көтерген. 1996 жылғы Чемпиондар Лигасының  төртінші,Еуропа чемпиондарының Кубогінің қырық бірінші финалында  туриндіктер голландиялық «Аякстан» басым түскен.

Жалпы Чемпиондар Лигасының финалдарында тағы үш рет ақ-қара жолақтылардың сапында ойнаған. Аллесандроның  Италия Чемпионатының скудеттосы мен Чемпиондар Лигасының Кубогінен басқа да толып жатқан  атақтары, қол жеткізген командалық жетістіктері бар:

2006-шы жылғы Әлем Чемпионы;

2000 жылы Еуропаның вице-чемпионы;

1992/94, 1994/96 жылдары 21 жасқа дейінгі ойыншылар арасында Еуропа Чемпионы;

1995/96 жылы Чемпиондар Лигасының жеңімпазы;

«А» сериясының жеңімпазы (1994/95, 1996/97, 1997/98, 2001/02, 2002/03 (2004/05, 2005/06 жылдар — дауға байланысты саналмайды);

«Б» сериясының жеңімпазы (2006/2007 жылы);

Италия Кубогінің иегері  (1994/95 жылы);

Италияның Суберкубогінің иегері (1995/96, 1996/97, 2001/02, 2002/03);

Еуропа Суперкубогінің иегері (1995/96 жылы);

Аталған жетістктердің арасындағы шоқтығы биігі – 2006 жылғы Әлем Чемпионы атағы. Немістермен болған жартылай финалда италияқтардың жеңіске жетуіне көп үлес қосқан Дель Пьеро, ұлттық құраманың да үздігі екенін тағы бір дәлелдеді. Дель Пьероның командалық жетістіктері бір төбе болғанда жеке көрсеткіші бөлек бір төбе:

1998 жылғы Чемпиондар Лигасының үздік шабуылшысы;

2007-08 маусымдағы Италия Чемпионатының  үздік шабуылшысы;

2006/07 жылғы  «Б» сериясының үздік шабуылшысы;

«Ювентус» құрамында ең көп ойын өткізген және ең көп гол соққан ойыншы;

2007 жылғы «Голден Фут»  сыйлығының иегері;

ФИФА нұсқасы бойынша әлемнің үздік 100 футболшыларының құрамында;

Жаңа ғасыр табалдырығында Пеле жасаған әлемнің үздік 125 футболшыларының тізімінде.

Blog post image

Аллесандро Дель Пьероның толып жатқан командалық атақтары мен жеке жетістіктерінің арқасында  Италия меммелекетінің  де абыройы  артты. Сол үшін Мистер Ювентус  2000 жылы «Италия мемлекетінің алдындағы ерен еңбегі» орденінң кавалері, 2006 жылы «Италия мемлекетінің алдындағы ерен еңбегі» орденінің офицері атақтарының иесі атанады.

Бүгінде Пинтуриккьо жасы қырыққа таяп қалса да туған командасын әлі де болса жасыл алаңға бастап шығып жүр. Осындай орны бөлек ойыншыларға, тамаша тұлғаларға қарап футбол деген ойынның ұлылығын одан сайын ұғына түсесің…

 
2
394
0