Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
2
21:30, 10 августа 2012

Қатын vs Әйел

Ғалымдар "қатын" сөзін жұмсартып, әдебиетте "қатұн" деп жазады. Себебі қазақ тілінде "қатын" жаман сөз болып кеткен. "Қатын" деп біз жек көрген адамымызды атаймыз.

Түрік бітік тас беттеріндегі "қатын" (қатұн) сөзі мағынасына қарағанда соншалықты жек көрінішті емес. Қағанның жұбайын немесе шешесін қатын дегеніне қарағанда, бұл сөз, керісінше, құрметті кісіге айтылуы керек еді. Қашаннан бері бұл сөзге өштестік екен?

Осыған байланысты менің мынадай ойым бар. Әйел жынысы басшы болғанда оның қол астындағылары бел жазбай жұмыс істейтін көрінеді. Өйткені бұндай басшы жұмыскерлерін жіті қадағалап, жұмыстан көз аштырмайды. Егер қатын қағанның жұбайы немесе шешесі болса, немесе өзі елді басқарған болса, онда елін қатты уысында ұстап, жандарын көздеріне көрсеткен болуы керек. Мұндай басшыны жек көру түсінікті. Содан келіп біз "қатынды" жаман сөзге айналдырып жіберген шығармыз.

Ал өзбектер неге әлі күнге дейін бұл сөзді өз мағынасында қолданады? Өзбектер қазақтар сияқты еріншек емес екені бәрімізге мәлім.

Осы туралы бір көрнекі оқиға есімде. Бір күні ағам туған-туысқанмен қосылып жер алып егін егеді. Дәнін сеуіп, ол құлақтанып шыға бергенде отайтын кез келеді. Ағам өзбек әйелдерге барып, отақ отаудың бағасын біліп келіп туған-туысқандарға әр жүйегін 40-50 теңгеге отайтынын айтады. Сонда біздің жақтың әйелдері "Ойбай, өзбек әйелдерге беретін ақшаны бізге берші, кәнекей! Отақ деген не тәйірі" деп шуылдайды. Содан барлығы егіннің басына барып, алдымен "біссіміллә" деп пикник жасап тамаққа тойып алады. Сосын күн ауа отауға шығады. Тамаққа тойып алған, төмен қарап отақ жұлғанда бастары айналып, әр қайсысы жүйектін жартысына жете алмай құлайды. Көп ұзамай "өзбек әйелдеріңді әкел, ақшаң да өзіңе, отағың да өзіңе" деп қайтып кетеді.

Ағам өзбек әйелдерді жалдап әкеледі. Олар қолдарында түйіншектері, ертең ертесімен келіп, бірден жұмысқа кірісіп кетеді. Түс болғанда түйіншектеріндегі кішкентай күлше нандарымен жүрек жалғап, су-пуын ішіп, көп отырмай, қайтадан жұмысқа кіріседі. Сөйтсе, қара жұмыс істегенде көп тамақ ішпеу керек екен. Сол кезде денең ширақ болады деп түсіндіреді. Сөйтіп олар күліп ойнап жүріп бір-екі күнде отақты тып-типыл қылады.

Бұл әңгімені не үшін созбақтап отырмын. Біз тамаққа тойып алып жұмыс істегіміз келмей, қатын бастықты жек көргеннен әп-әжептеуір сөзді жаман сөзге айналдырған болуымыз керек. Ал өзбектер жұмыстан қорықпаған соң сөзді бұрмалауға уақыттары да болмаған шығар.

2
3703
6