Тікелей эфир

Сенбілік әңгіме. «Хамелеон» — А.П. Чехов

А.П.Чеховтан

ХАМЕЛЕОН

Күн ыстық. Қала базары. Дүкен ашық, алушы жоқ. Саудагерлерді ұйқы басқан. Базарда қайыршылар да жоқ. Базармен полицейский надзиратель Очумелов келе жатыр. Барымталап алған бір шелек қарақатты көтеріп, қасында городовой келеді.

Ұстаңдар! Жіберме! Сен жексұрын қабатын немесің ғой! – деген  Очумелов дауысты естіді.

Қыңсылаған ит дауысы шықты. Соның арасында үйген отыннан шығып, артына қарай-қарай ақсай басып қашып келе жатқан итті көрді. Итті қуып жетіп, бір кісі жығыла-мығыла аяғынан алып ұстады. Көз ашып жұмғанша ұйқыдан оянған саудагер, отыннан жиылған кісілер топтанып жиналып қалды.

- Бұ немене, тақсыр! Жанжал болып қалды ма екен? – деді городовой. Очумелов сол жағына бұрыла басып топқа қарай тартты.

Отын үйген қақпаның алдында жиылған топқа қолын көтеріп тұрған адам көрінді. Шала мас. «Қолға түстің, тонамай жібермеймін» деген түрі бетінен  көрініп тұр. Бұл кісі Очумеловке белгілі алтын зергері Хрукин деген екен. Топ ортасында қалтырап, дірілдеп бір сарыала күшік жатыр.

Очумелов топты жарып кіріп келіп, «бұ не, кім айқайлады» деді.

Чехов Антон Павлович (1860, Таганрог — 1904, Баденвейлер, Германия) — орыстың ұлы прозашысы, драматург. Чеховтың шығармашылығында орыс халқының ұлттық мінезі айқын көрініс табады. Адамдарға деген сүйіспеншілік, басына қайғы түссе, қол ұшын созу, ал адам бойындағы кемшіліктерге қайырымдылықпен қарауды үйрететін Чеховтың прозасы мәңгі жасайды.

- Тақсыр, мен келе  жатыр едім , мына күшік қолымды қауып алғаны. Мен кісіге тию дегенді білмеймін. Бір жеті істен қаламын. Зиянымды төлесін. Күшіктен жәбір көріп, зиян тартсын деген закон жоқ. Күшік қаба берсе, бүйтіп көрген күнің құрсын! – дейді Хрукин.

- Жарайды, кімнің иті екен бұл өзі? Итті бос ұстау қалай екенін көрсетермін. Хүкімет жарлығын орнына келтірмегенді әкесін танытармын. Барса келмеске жіберермін. Штраф салам. Елдрин, кімнің иті екенін біл, иесін тап, протокол жаз. Бұл бәлкім құтырған ит шығар. Итті қазір өлтір. Бұл кім иті өзі, айтыңдаршы! – дейді Очумелов.

Біреу тұрып «бұл мен білсем, Жанарал Жигалов иті болса керек» дейді.

- Жанарал Жигаловтікі дей ме? Ух, Елдрин, жеңімді тартшы,терлеп кеттім ғой. Күн қандай ыстық, жаңбыр жауар ма екен, қайтер екен. Мен әлі түстенгенім жоқ. Бұл күшік сені қалай қапты? Күшік биттей, сен сырықтайсың. Күшік аузы сенің қолыңа қалай жетті? Өз қолыңды өзің қанатып, нәресте күшікке жаласын жауып ақша алдырмақшымысың? Мен білем сендей зұлымның ойын,- деп Хрукинге ұрса бастайды Очумелов. Топтан біреу тұрып: «Хрукин жаман кісі. Күшікті попироспен тұмсыққа түртіп ырылдатты. Күшік ыза болып, қолын қауып қалды», - дейді.

- Өтірік айтып былжырама, соқыр! Айтқаны қыли өтірік. Тіпті көрген жоқ. Тақсыр өзі біледі, кім өтірік айтпайтынын. Кім құдай алдында да өтірік айтпайтынын. Мен өтірік айтсам, судья табар.

Судья қолында бар, бұ күнде кісі бәрі құрдас. Білгілерің келсе, менің өз ағам да жандарым қызметінде.

- Үндеме, - деп Очумелов ақыра бергенде:

- Жоқ, бұл Жанарал күшігі емес. Жанаралда мұндай күшік жоқ. Жанаралдың  итінің бәрі тазы,- дейді городовой Елдрин.

- Рас білесің бе?

- Рас, тақсыр.

- Мен өзімде білемін, Жанарал итінің бәрі тазы. Мынау бір жаман күшік қой. Не жүн, не кескін жоқ. Осындай итті Жанарал ұстаушы ма еді? Сендердің ақылдарың қайда? Осы күшік Петроград я Мәскеуде көзге түссе, не болатынын білесіңдер ме? Сен Хрукин бұл істі зерттемей жай тастама? Итті бос қоя беретін мырзаларды үйрету керек,- дейді Очумелов.

Солай деген кезде городовой Елдрин тұрып: «кім біледі, Жанарал күшігі болса, болып та қалар. Ит бетінде жазу бар ма? Жанарал қорасында осы күшікті көрген сияқты едім» - деді.

- Әрине солай. Бұл күшік рас Жанаралдікі, - дейді топ ішіндегі біреу.

- Ищөй, жел соғып кетті ғой. Тоңайын дедім. Шинелімді әкелші киейін. Сен, Елдрин, күшікті Жанаралға апар сұра. Мен тауып алып жіберді дегейсің. Енді орымға шығара көрмегін. Бұл күшік қымбат ит шығар. Кез-келген шошқаға тұмсыққа папироспен түртсе, нәресте шырағыма жәбір болар. Сен хайуан, қолыңды көтерме. Өзің айыптысың.

- Е, Жанарал аспапшысы келеді екен. Сонан сұрайық. Ей, Прохор, бері келші. Мына күшік сендердікі ме?

- Тапқан екенсіңдер. Бізде бұл сияқты ит туғалы болып көрген емес,- дейді Прохор.

- Мұны сұраудың қажеті де жоқ. Бұл қаңғыбас бұралқы ит. Көп сөйлеп бас қатыру не керек. Қаңғыбас десем, қаңғыбас болатын. Өлтіру керек, - дейді Очумелов.

- Бұл біздің ит емес, біздің Жанаралдың ағасының иті, - дейді Прохор.

- А, Жанарал ағасы Владимир Иванич келіп пе еді? Мен білгенім жоқ еді. Қонаққа келді ме? Апырмау, мен білгенім жоқ,-дейді Очумелов төре.

- Қонаққа.

- Япырмай туысқанын сағынған ғой. Мен білген жоқ едім. Мынау нәресте Жанарал ағасынікі ме? Тіпті жақсы болды. Қуанып қалдым ғой! Сен күшікті ал, қандай әп-әдемі күшік. Ап-ап деп мынаның қолын тістеп алыпты, ха-ха-ха! Күшігім-күшігім, шырағым, неге қалтырайсың? Ешкім тимейді, қорықпа, ырылдама, қарағым! Қандай сүйкімді!- деді Очумелов төре.

Прохор күшікті ертіп жөнелді. Хрукин топқа күлкі болып қала берді.

- Мен саған көрсетемін, - деп Хрукинге жекіріп, қаһарын тігіп Очумелов төре жөніне кетті.

Тәржімә еткен Қыр баласы

Хамелеон – азған кесірткі. Қорыққанда ісіп-кеуіп қысқарады, ұзарады, көгеріп, қызарып құбылады. Айнымалы тұрлаусыз құбылғыш адамды орыс Хамелеон дейді.

__________________________________________________________________________

Қыр баласы - Әлихан Бөкейхановтың отызға жуық бүркеншік аттарының бірі.

Әңгіме "Айқап" журналында басылып шыққан.

Алия Arsik
6 қараша 2012, 15:38
9190

Loading...

Пікірлер

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Многие клиенты, вздыхая о харамном ссудном проценте местных банков, сокрушались по поводу отсутствия у нас халяльного кредитования. Поддержка исламского банкинга на уровне МФЦА есть...
DanaJarlygapova
24 нау. 2017 / 18:28
  • 18481
  • 54
Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Первую пересадку сердца Рокфеллер пережил в 1976 году на 62-м году жизни. Последнюю пересадку ему сделали в августе 2016 года. Пересадка сердца такому старому пациенту не имеет аналогов...
Timur_Tregulov
21 нау. 2017 / 23:10
  • 7352
  • 52
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
24 нау. 2017 / 14:20
  • 4935
  • 0
Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Мои волшебные 9 месяцев протекали в новой среде и далеко от всех родственников и подружек. Никто из моих знакомых в США на тот момент не успел обзавестись малышом, поэтому мне не с кем было...
Zarema_
23 нау. 2017 / 9:25
  • 4769
  • 16
Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Париж, Рим, Барселона, Лондон, Алматы, Венеция – выберите город, который на ваш взгляд кажется лишним в этом списке. Если бы не было слова "урод", было бы легче определиться?
corridere
21 нау. 2017 / 14:59
  • 4876
  • 75
Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Шестиминутный ролик про строительство автомобильной дороги в США - это как острый нож в пузо нашим чиновникам. Они же подавятся бешбармаком, увидев его! Похлеще любого пропагандистского фильма...
Timur_Tregulov
24 нау. 2017 / 11:26
  • 4179
  • 34
Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Многие уверенны на 100%, что сказка «Красавица и Чудовище» - это интересная выдумка ее создателей. Однако, действия, происходящие в мультфильме и фильме, имели место в истории, и у главных героев...
Naomi_K
24 нау. 2017 / 18:42
  • 4489
  • 34
Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу

Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу

Вы думаете о переезде за границу, но постоянно откладываете дату, потому что вас беспокоит тысяча мелочей, которые могут пойти не так? У меня есть семь причин, почему пора перестать мотать нервы...
Lesch
24 нау. 2017 / 17:50
  • 3337
  • 14
Гонения на «Свидетелей Иеговы». Кому это выгодно?

Гонения на «Свидетелей Иеговы». Кому это выгодно?

Я не "Свидетель Иеговы". Мне приходилось защищать в судах и кришнаитов и коммунистов, хотя я и не разделяю их убеждений. Я защищаю свободу совести. Сегодня "Свидетели Иеговы", завтра,- каждый из вас.
nasreddin
25 нау. 2017 / 17:18
  • 3258
  • 38