Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
03:50, 12 июля 2012

Баспасөз мәлімдемесі

Blog post image 

Алматы, 12-шілде, 2012 жыл

Euromoney Евразиялық Банкке Қазақстандағы ең үздік банк атағын берді

 2012 жылдың 5-шілдесі күні Лондонда Euromoney журналы Еуразиялық Банкке Қазақстандағы ең үздік банк сыйлығын берді. Бұл сыйлық жыл сайын әлемнің 100-ден астам еліндегі үміткер-банктердің қызметін саралау нәтижесінде беріліп отырады.

Қорытынды рейтинг банктің қаржылық есебі, банктің рыноктағы позициясы мен үлесі, банктік қызмет түрлері мен өнімдерінің сапасы, менеджмент деңгейі, банктің инновациялық жаңалықтары және қызметкерлерінің біліктілік деңгейі сынды көрсеткіштер негізінде жасалды. Оған қоса, банк қызметін бағалау барысында рыноктағы көшбасшы банктердің, қаржыгерлер мен банкирлердің пікірлері де ескеріледі.

Euromoney журналының пікірінше, Евразиялық Банк – даму келешегі зор, клиенттермен де, серіктестермен де ұзақ мерзімдік әрі өзара тиімді байланысқа негізделген тұрақты қаржы институты.

Euromoney журналының Евразиялық Банкке сыйлық беру жөніндегі ресми баспасөз мәлімдемесінде: «Қазақстандағы жетекші несие ұйымдары проблемалы займдар қоржыны сынды өткеннен қалған мәселелермен бас қатырып жатқанда шағын әрі алашақ-берешегі аз компаниялар өзін таныту мүмкіндігіне ие болып отыр. Активтерінің саны жағынан 10-шы орында тұрған Евразиялық Банк 2011 жылы Қазақстандағы банк секторы үшін рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, таза табысын 6,05 млрд теңгеге дейін арттырды» делінген.

Евразиялық Банк Қазақстандағы екінші деңгейлі банктер арасындағы жетекші әрі қарқынды дамып келе жатқан қаржы ұйымдарының бірі. Биылғы жылдың алғашқы жартысындағы нәтижелерге сүйенсек, Банк активтері 437,4 млрд теңгені құрап отыр. Ссуда қоржынының көлемі 332,6 млрд теңге. Өткен алты айда банктің таза табысы 3,5 млрд теңгеге жетіп, капиталының рентабельділігі (ROE) – 20,5% құраған.

Евразиялық Банктің басқарма төрағасы Майкл Эгглтонның айтуынша,  Euromoney сыйлығы Банк үшін заңды құбылыс әрі лайықты марапат болды. «Бұл сыйлық – Банктің 2011 жыл мен биылғы жылы атқарған тәп-тәуір қызметі мен қол жеткізген тамаша жетістіктерін растайды. Ғаламдық экономика мың құбылып тұрған қазіргідей заманда клиенттер мен инвесторлар банк таңдағанда алдымен оның сенімділігі мен қаржылық тұрақтылығына мән береді. Euromoney сыйлығы – Банк стратегиясының тиімділігін, аталған банк бизнесінің үздіксіз жетілдіріліп отыратындығының нышаны».

Евразиялық Банк Қазақстандағы ең үздік банк атағын тұңғыш рет иеленіп отыр. Бұған дейін аталмыш атаққа Қазкоммерцбанк, Халық Банк және БТА ие болған болатын. 

 «Евразиялық Банк» АҚ-ның баспасөз қызметі

тел. +7 (727) 259 79 00 (3288)

Inna.Dubrovina@eubank.kz

www.eubank.kz

0
459
0