Цветаеваның әлемі

Марина Цветаева 1892 жылы 26 қыркүйекте Мәскеуде дүниеге келген. Әкесі Иван Владимирович Мәскеу университетінің профессоры, танымал филолог және өнертанушы; кейіннен Румянцев мұражайынның директоры, әрі көркемөнер мұражайының негізін қалаушы болған.

Марина ең алғашқы өлеңдерін алты жасар кезінде тек орыс тілінде ғана емес, сонымен қатар, француз, неміс тілдерінде де жаза бастаған. 1910 жылы өзінің жеке қаражатына алғашқы «Вечерний альбом» деп аталатын өлеңдер жинағын шығарған. Оның шығармашылығына мәскеулік символистер әсер етсе, ерте өлең жаза бастауына Николай Некрасов, Валерий Брюсов мен Максимилиан Волошиндер ерекше ықпал еткен.

Жарық күнді мен демегеніңіз ұнайды,
Жан дертімді емдемегеніңіз ұнайды.
Тартылыстың таңғажайып заңына
Бойұсынып,
көнбегеніміз ұнайды.

Тіл беземей,
Күнәдан пәк балаша
Қызық,
әрі бұзық болған ұнайды.
Һәм қызармау –
Қолдарымыз жанасса,
Жасыра алмай жалын атқан сыңайды.

Тағы ұнайды
Мені балап мүсінге,
Аймаласа басқа жанды шын еріп.
Сол адам мен болмағаным үшін де
Қинамаңыз
тозақ отын жіберіп:

Кеткеніңіз үшін мені ұмытып,
Аққанымыз үшін бөлек арнамен.
Екеумізге,
жан-жүйені жылытып,
Шырқалмаса құдай жайлы мәңгі әуен.

Ризамын өзіңізге өлгенше:
Сүйгеніңіз үшін мені,
білместен.
Күндер үшін –
Асықпаған көргенше,
Түндер үшін –
Тыныштықпен тілдескен.

Айлы түнді ағарып,
кезбегеніміз үшін де,
Ортақ өмір шуағын сезбегеніміз үшін де –
Жарық күнді мен демегеніңіз үшін де,
Жан дертімді емдемегеніңіз үшін де!

3 наурыз, 1915ж.


***

Қызғаныш

Өзгемен қалай тұрып жатырсыз –
Өмірі ұшып көрмеген?
Сіз қалай тұрмыс құрып жатырсыз
жағалауменен –
жерменен?

Қалды ма ұмыт қалқыған арал
Төсінде көктің тербеліп?
Қалды ма ұмыт сарқырамалар –
жарқырап ағар,
өң беріп?

Сіз қалай бірге тұрып жатырсыз
Әйелмен –
әнсіз, жай, жаман,
Ұрымен өмір сүріп жатырсыз
Тағымды менің жайлаған?

Халіңіз қалай, қарағым, анық –
Жайыңыз бәлкім жайлы шын?
Сорлының қалай сауабын алып,
Табасыз бабың
байғұсым?

«Жүзуден қажып,
Жерінген кемем.
Жетеді!
Жерде қаламын!»
Қалай тұрасыз көрінгенменен,
Артық көретін адамым!

Дәмді ме әлде пісірген асы –
Дастарқан үсті толы – кең?
Бақ қонғыш болған үшін бе басы –
Тұрасыз қалай сонымен?

Жат әйел жанын ұғасыз қалай
Өзіңізді алдап,
тер төгіп?
Және де бірге тұрасыз қалай
Ұяттан кетпей өртеніп?

Қалайсыз енді,
халіңіз қалай –
Әніңіз бар ма әлі де?
Жарасы кетпес жаныңыз қалай –
Шыдайсыз қалай бәріне?

Қалай тұрасыз
(бар сұрайтыным)
Базардан алған бөзбенен?
Алтыннан кейін,
жарқырайтұғын –
Бағасы төмен жезбенен?

Көңілдің –
арзан ермегі, жаңа
Таптыңыз ба әлде емін сіз?
Қалай тұрасыз
жердегі ғана
Жай әйелменен сезімсіз?

Бақыттымысыз?
Жауыр ма әлде
Жүректің түбі –
мұң өрген?
Жайыңыз мендей ауыр ма әлде –
Тұратын басқа біреумен?

***

Менің балаң жырларымның
Мәреге –
Ақындыққа бастаған,
Найзағайдың жарқылындай
Және де
Тау суындай таспаған.

Нәрестедей бостандыққа қалаған,
Жемістердей гүлденген,
Өмір мен өлім жайлы,
Жан адам
Оқымаған, білмеген.

Жырларымның –
Жайған бала жасымнан,
Байлығымның бағасы –
Жырларымның –
Шаң қабаты жасырған
Ашылады бағы әлі.

Мамыр, 1913 ж.

***

Бір-бірінен іздегендей ем-дауа,
Тереземнің алдындағы қос ағаш.
Ағаш – кәрі,
үй де көне,
Мен ғана
Жас болғасын қалай көңіл босамас.
Аласасы қол созады барынша –
Әйелдерше,
Жанын аяу жоқ онда –
Серігіне –
сүйенісер жарынша –
Биігіне,
бәлкім сорлы одан да.

Қос ағаштың өтіп жатыр жаз-қысы,
Бір-біріне ұмтылумен бар күні.
Осы болар тартылыстың наз күші –
Ұмтылады,
жаратқанның жарлығы:
Бір-біріне ұмтылады барлығы.

Тамыз, 1919 ж.


***

Бәрі орнында.
Тамсанумен жүремін,
Алыстаудың кәусарына еш қанбай.
Сүйем сізді,
солай өмір сүремін –
Қашықтықтың қатысы жоқ ешқандай.

Ұлы өнердің сізге құшақ ашты өрі,
Мойындаумен үнім де алғаш сүрінді.
Державиндей
қылшылдаған жас пері
Не қылады менің асау жырымды!

- Қош бол енді, қорқынышты сапары –
Жас қыранмын,
шырқа талмай көгіңде!
Күйдірумен шыққан ыстық атағы –
Күннен көзі қауіптірек дедің бе?

Соңыңыздан сусай қарап, үзіле,
Мендей кім бар –
ғұмыр бойы тосқандай.
Сүйем сені,
жан теңгермей ізіңе,
Уақыттың қатысы жоқ ешқандай.

12 ақпан, 1916ж.

Өлеңдерді аударған Гүлнәр Салықбаева
Астана: «Аударма» баспасы, 2002 жыл.

Алия Arsik
5 қараша 2012, 6:47
2921

Загрузка...

Пікірлер

Гүлнәр өлеңдерді мықты аударыпты, түпнұсқасын оқып көрмедім бірақ
GULI93
1
0
Есімде мектеп қабырғасында жүргенде шығармашылығымен танысқан едік) шынында керемет аударыпты!
Поэзия менімен де егіз шығар. Өлең оқығанды жанымдай жақсы көремін. Кішкентай ғана аударма кітапты (автордың) үйге беріп жіберіп едім, Енді сағынып отырмын. (( ))))))))))
Arsik
0
0
біздің кішкентай кітап қазір Айнұр Ракишевада) керек болса, берейін

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Дастархан в те времена был скромен. Не было понятия «сынау» - осуждения кто как живет, какой в доме ремонт и т.д. Пока взрослые обсуждали задержку заработной платы, мы играли в армию, жмурки, строили городки...
socium_kzo
5 желт. 2016 / 15:19
  • 11485
  • 19
Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

"Мужчины должны у вас тут права качать, ибо их процент в вашей численности населения уступает проценту женщин". Я машинально начала уверять, что у нас в стране таковых не имеется...
Sapientia
5 желт. 2016 / 10:52
  • 9204
  • 67
Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

В чем уникальность этой личности? В чем его успех или провалы? Эти вопросы требуют глубокой аналитики и исследований. Я же хочу рассказать о Нурсултане Абишевиче глазами рядового кыргыза...
maxes
1 желт. 2016 / 8:05
  • 6041
  • 20
Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Конечно, Алматы заслужил эту дорогу. Невзирая на все издержки, которые могут возникнуть. Заслужил и как крупнейший город Казахстана, и как субъект, формирующий своими налогами около четверти всех...
merurg
вчера / 12:35
  • 5119
  • 15
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
2 желт. 2016 / 13:57
  • 4438
  • 4
10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

Я почти год проработала в школе, и когда уходила оттуда, была самым счастливым человеком в мире. Тот год, честно говоря, я и сейчас вспоминаю с ужасом.
demonica
6 желт. 2016 / 17:21
  • 4712
  • 76
Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Трамп и не подозревает, что 16 декабря 1991 Казахстан не создал, а восстановил свою национальную государственность. Иначе бы он упомянул не только 25 лет, а больше чем 550 лет казахской истории.
Stehlikova
2 желт. 2016 / 9:02
  • 5079
  • 88
Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Давно ждал запуска электронного билетирования в общественном транспорте Астаны. В ноябре 2016 года этот день настал. Мой опыт насчитывает последние 2 недели и мне есть чем поделиться.
iamYerlan
1 желт. 2016 / 15:24
  • 3460
  • 17
После крупной пьяной аварии бизнесмены в Чечне отказались торговать спиртным. В Казахстане едва ли такое возможно

После крупной пьяной аварии бизнесмены в Чечне отказались торговать спиртным. В Казахстане едва ли такое возможно

После тяжкого ДТП по вине пьяного водителя в Чечне закрылись все магазины, торгующие алкоголем. Их владельцы – 14 бизнесменов – добровольно отказались от выданных им лицензий.
openqazaqstan
5 желт. 2016 / 13:09