Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
07:37, 04 июля 2012

Есентай бойымен...

Төрт жыл ҚазҰУ-да бірге оқыған досым Жарас «Алматы» телеарнасындағы әріптестерімен «Еуро-2012 додасының чемпионы кім болады?» деген сұраққа «Испания болады» депті аузына Құдай салғандай. Барлығы ортаға ақша тастап, жиналған қаржыны кімнің сәуегейлігі басым болса, соған береміз депті. Содан шыққан қорытынды, Жарастың аз-маз байып қалғандығында болып отыр.

Blog post image

Қызығы бұл емес. Испания мен Португалияның жартылай финалын көріп отырғанымызда Жарасқа «испандар чемпион бола алмайды» деп ызаландырдым. Жарас құп көрмеді. Ашуға булығып, тіккен ақшасының желге ұшатынын сезсе керек, атақты әнші Энрике Иглесиас құсап «Испания чемпион болса, Есентайдың бойымен жалаңаш жүгіремін» деді біреу қинағандай. «Айтылған сөз, атылған оқпен тең». Мұны естіген соң, біз қоямыз ба?! Ақыры, көндірдік. Бірақ, мен сол күннің ертесіне бұл туралы шағын блогыма жазып, сәл болмағанда Жарасты райынан қайтарып ала жаздадым. Қайтадан қолдап (негізгі ойымыз қорлау ғой бірақ), алған бетінен қайтпауына дәрменіміз жеткенше қайрадық. Сонымен, қош, Испания чемпион болды. Азиада алдындағы «Ал-Давайдың» жігіттері құсап Жарас та айтқан сөзінен жалтара ма деп едік, «уәдем уәде» деді шіміркпестен. «Бірақ, мені ешкім көрмейтін болсын, бұл туралы тіс жарып ешкімге айтпаңдар» деді.  «Айтсам, адам болмай кетейін» дедім мен де. Содан, 3-шілде күні сағат 22.00-де Есентай өзенінің әл-Фараби даңғылынан басталатын жерінен 100 метр ғана жүгіріп өте шығатын болды. Ешкімге тіс жармаймын дегеннің өзінде, жаныма 4 жігіт, 6 қыз ертіп бардым. Бірақ, оларды тасаға қалдырып, не камера, не телефонсыз «жалаңаш қолмен» алдына бардым. Содан, Жакем, тек дамбалмен гана жугірем деген бұлтыңға басты. «Жігітсің бе, уәдеңде тұр!» дедім ренжігенсіп. Сыртқа қу болып көрінгенмен, Жарастың бала құсап алданып қалатын әпенділігі де бар. Көңілімді жыққысы келмеді ме, әлде өзі де ұятын жеңгісі келді ме, лыпасыз жүгіре кетті. Әттең, ана көріністі көрсеңіздер ғой. Төменге қарай ылдилай жүгірген Жәкемнің сол мезеттегі түрін өлсем де ұмытпаспын. Тіпті, ұмыта да алмаспын. Бірақ, менің жасырын ертіп барған адамдарымның арасынан ешқайсысы Жарасты суретке түсіріп ала алмапты. Әттегенайы осы!!!

 
1
633
2