Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 771 постов41 подписчиков
Всяко-разно
2
00:27, 20 июля 2012

Ымырт

- Тез! Тез! Тездет! Жүруіміз қажет. Тұр енді, бол!..

 

...Ұйықтап жатыр едім, біреу мені жұлқылап оятты. Төсектен тұрар-тұрмастан, қолымнан қысып ұстап алды да, есікке қарай жүгірді. Бір қызығы, күнде ашық тұратын бөлме есігі бүгін жабық тұр екен. Біз алып-ұшып, есікті ашпастан, тура арасынан өтіп кеттік. Иә, иә, арасынан. Кәдімгі аруақтар тәрізді. Шошып кеттім. Жан-жағыма қараймын, үйде ешкім жоқ. Қорыққаным сонша – сөйлеуге де, айқайлауға да шамам келмеді. Әлгі кісінің артынан әлі жүгіріп барам. Кенет, есімді жинап, кілт тоқтап қалдым.

- Жібер қолымды! Кімсің? Қайда барамыз? – деп айқай салдым.

- Кім екенімді біліп қайтесің? Тез, қаш! Тоқтама. Жүгіре бер, - деп ол қолыма қайта жармасты.

- Кімнен қашамын?

- Ұйқыдан.

 

Екеуміз біраз жүгірдік. Бірақ артымыздан қуып келе жатқан ешкім көрінбейді. Қатты шаршадым. Қайда екенімді де білмеймін. Әйтеуір шөл далада жүрміз. Сәлден соң тоқтап:

 

- Осындай уақытта ұйықтай ма екен. Ымырт түсе ұйықтама! – деп әлгі кісі, кенет, мені тағы да қатты жұлқылай бастады.

 

...Шошып ояндым. Түс екен. Терезе қарасам, шынымен де, ымырт түсіп кетіпті. Содан кейін ымыртта ұйықтамайтын болдым.

 
2
1862
0