• 154879
  • 84
  • 13
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Академик, философия ғылымдарының докторы Амангелді Айталымен сұхбат

- Кәзіргі кезде қоғамымызда рухани-діни жіктелу көрінісі басты тақырыпқа айналып отыр. Бұл жайт біздің елдегі аталмыш сала бойынша мәселенің ушығу салдары ма?
- Біржақты жауап беруге болмас. Әрине, қоғам болған жерде бытыраңқылық та болады, бірігу де болады. Қоғам болған соң, этникалық, таптық, ауылдық-қалалық секілді жіктелу бар, жасына қарай, бай-кедейлігіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Мәселе оның қай негізде жүріп отырғанында. Бұл жік қоғамның тарихи қалыптасуынан шығып отыр ма, әлде басқа бір тараптың таңуынан туындап отыр ма, соған көз жіберу керек. Жалпы, қоғамдағы жіктелу мен бірігу үзіліссіз жүретін заңды нәрсе. Сол секілді діни жіктеліс те бар, тарихи-ұлттық діндер, дәстүрлі діндер және дәстүрсіз діндер сықылды. Мәселе осылардың түкпірінде не тұр. Діни бірлестіктер мен ұйымдардың қандай жағымды-жағымсыз ықпалы бар, соны қарастыруда.
Бүгінде Қазақстанда ресми дерек бойынша 2369 түрлі мұсылман, 286 православиелік білестік болса, 83 католик мекемесі, иудейлердің 28, 1208 протестанттық ұйымдар бар. Соңғыларының біздің елде бұрын тамыры болмағанын ескеріп бір қойыңыз. Ал, дәстүрсіз діндердің 83 ұйымы, 370 шетелдің миссионерлік секталар мен топтар жұмыс істеуде. Былай қарағанда, Қазақстан діни сенімде мен бостандықтың үлгісі секілді, діни тұрғыдан нағыз демократиялық қоғам орнағандай әсер бар. Біздің арқамыздан қағатындай ауал орнап-ақ қалыпты. Ал, әлгі сыйпырлардың астарында біреуін білсек, біреуін білмейтін әрекеттер жатыр. Біздің отбасыларымызды ыдырату көрінісі мен оларды қажыту жағдайлары нәтиже бола бастады.

Бұлардың бәрі қоғамымызда дүрлігу мен үрей, қорқыныш тудыруы заңды. Бұл - біздің дінге деген жалпақшешейліктің нәтижесі. Елдің түкпір-түкпірінде зиянды да күмәнді әдебиеттер тарауда. Бұларды сараптау түгілі, кеден арқылы тонналап өткізіп отырмыз. Олардың мазмұнына көз жұмып, таратып отырған Ебразия аймағындағы бірден бір мемлекетпіз. Тіпті, жуырда Лукошенко Мемлекет пен Беларусь православиесінің арасында халықты рухани тәрбиелеу жөніндегі келісімге бастама жасады. Бізде ондай әлі жоқ. Ал, Әзербайжанда шетелден келетін әдебиеттер кеденнен біздегідей тауар ретінде өтпейді, рухани өнім ретінде сарапталады, тапсырыс беруші тексеріледі, бақылауға алынады. Зиянды әдебиет таратушы көзге түссе, ол қылмыстық кодекспен жауап береді. Бізде осындай әрекет жоқ.
Сонымен бірге діни секталардың жетекшілері құдайға айналып, қарауындағы адамдарды қоғамнан бөліп алып, ойларына келгендерін істейді.
Соңғы кездері жоғары оқу орындарын да жағалап, жастардың арасына дендеп кіріп алып жүргендері бар. Бұл енді сол оқу орындарының басшылығына да қатысты кемшілік. Секталардың еркінсігені сондай, көше-көшені, үй-үйді аралап, күмәнді әдебиеттерді үлестіргендеріне біраз уақыт болды. Атазаңымыз бойынша, үйге баса-көктеп келіп, біреудің жеке өміріне қол сұғуға болмаса да, әлгілер біршама әрекеттерге қол жеткізуде.
- Дегенмен, секталарға амалсыз ұрынып, кедейшіліктің зардабынан барып жатқан қандастарымыз аз емес қой?
- Ол жағы да бар. Бұл біздің рухани және материалдық кедейлігімізден. Әсіресе, секталарға көп балалы отбасының мүшелері тартылып жүр. Жасыратыны жоқ, оларға секта тарапынан талғажау етерлік тиын- тебен беріледі. Тіпті, сауатты азаматтарымыз жақсы қаржы төлесе, әдебиеттерін керемет етіп аударып береді.
- Бұл бізге жат діни секталардың ісі, ал өзіміздің исламның өзі алуан тұрпатта құбылып жатыр емес пе?
- Ислам діні бүгінде бір жарым миллиардттан астам адамға дін болып отыр. Бұлардың бәрі бірдей қабылдап ұстайды деу қиын. Әр халықтың өзіне тән дінді икемдеп қабылдау үдерісі өтеді. Ал, сіз айтқан нәрсеге шыдамдылықпен қараған жөн. Бірақ, біздің халық әлгі діни бағытқа мұқтаж ба, жоқ па, соған көңіл аудару керек. Сол дін елге пайдалы ма, зиянды ма? Сол уағызды қабылдау арқылы халқымыз рухани жағынан кемелдене ме, жоқ па? Осы басты критерий жағынан келу керек.
- Бірақ мұның бәрін айыру үшін, елімізде сәйкес құрылымдар жетілмеген ғой.
- Ол рас. Кәзір кейбір оқу орындары дінтану мамандарын даярлай бастады. Ал, Әділет министрлігі жанында бір ғана діни сараптама орталығы бар. Бірақ бұлардың деңгейі ойдағыдай дей алмаймын.
- Түрлі емшілікпен айналысатындар да дінді талғажау етеді ғой…
- Діни ағымды пайдаланып, адамдардың денсаулығына, жеке басына нұқсан келтіріп жатқандары бар. 2000 жылы Мәскеуде емшілікпен айналысатын бір заңгер емшілікпен айналысатын діни ағымды сотқа тартты. Олар сот алдында өздерін ақтауға тырысты. Олар айтты: «Біз ешкімге залал келтірген емеспіз, зиян шеккендерді маскүнемдік пен нашақорлықтан айықтырдық. Біздің ешбір кінәміз жоқ» - дегенде арызданушылар не дерін білмеген. Ал, белгілі психиатр Иван Юрьевич Полищук емделген он төрт адамның психикасын бұзылғаны жөнінде нақты баяндама жасап, дәлелдеп берген. Әлгілер қоғамдық ортада дәрменсіз жадар күйінде қарапайым психикадан ада болған: ызақорлық, айналасына өшпенділік, өздерімен өздері оқшаулану, туыстарынан жырақ кету және Жаратқаниеге емес, өздерін емдеген емшілерді пір тұтқан. Жеке мендік сапаларынан айырылған міскіндерге айналған.
- Ендеше бізге дін саласында психикалық та саратамаға әзір болуымыз керек қой?
- Солай болуымыз керек. Бірақ менің үлкен күдігім бар. Біздің кәзіргі денсаулық сақтау саламызда Полищук секілді мамандар бар деп айта алмаймын. Біздің сотта діни секталар жеңіп шығады да, олар өз ұстанымдарын одан сайын бекітіп, абыройға қалуы мүмкін, ал біз ерісінше, күлкіге душар болуымыз ықтимал. Діни ағымдарды сотта жеңу жалпы, қай мемлекетте де қиын.
Миссиология деген ғылым бар. Бұл тауар алуға қалай жарнама жасау меңгерілсе, адамдардың орныққан психологиясын миссияға сәйкес бұзу арқылы рухани тауар ету секілді ілімге негізделген. Олардың мамандары сондай жетік келеді, тіпті, қазақшаны қазақтан кем білмейді. Олар қазақтың салты мен психологиясын, тарихын терең біліп келуі мүмкін. Сондықтан оған қарсы тұру үшін сондай деңгейдегі құрылымдарымыз бен мамандарымыз керек. Ал, біздің имамдар мен православ шіркеуінің уағызшылары мен мемлекеттегі осы мәселеге қатысты қызметкерлер сауаты мен білігі жағынан сектанттардан төмен.
- Сонда біз елде дін бәсекелестігін ерте бастап жібергенбіз бе?
- Бізге дін бәсекелестігі сырттан таңылды. Жалпы,дәстүрлі емес діни ағымдардың шабуылы АҚШ-та сексенінші жылдары болып өткен. Америка оларға жоғары дәрежелі мамандары мен қажетті қарсы қоғамдық пікір туғызу арқылы оларға тойтарыс берді. Оған ол елдің ғылыми да, ақпараттық та әлеуеті жеткілікті еді. Ал, Мун сияқты ықпалды ағымның басшысын түрмеге салды. Сосын басқалары тырым-тырақай болды. Олар қашып барып, Ебропаға тығылды да, КСРО ыдырағанда бізге қарай лап қойды. Ал, біз оны өзіміздің көпдіндік қоғамдық жетістігіміз деп жарнамалап жүрміз.
- Кәзір жастар дінге тартыла бастады деген мақтаныш көп айтылады. Осы қаншалықты орынды?
- Рас, жастардың мешітке баруы молайды.Бірақ, оны да зерттеп отырған жоқпыз. Олар кімге сеніп барып жүр, дін қуып жүр ме, мода қуып жүр ме, әлде діндерді салыстырып, соны іске асыру үшін мешіт, шіркеу аралап жүр ме? Кейбір әдеуметтік зерттемелер бойынша кейбір қазақ жастары бір күн мешітке барып, келесі басқа діни ағымға барып уағыздарын тыңдайды екен. Екеуін салыстыра келгенде біздің діннің пайдасына тиетініне күдік аз, өйткені, бізің діндарлар тікелей адаммен жұмыс істеуді әлі де меңгере қойған жоқ. Оларды сынауға да аяайсың, өйткені, кешегі тоталитарлық қоғамнан шыққан, бүгінде өлім-жітім дәстүрімен шектеліп отырған жағдайы бар.
Бұл жерде мемлекет тарапынан қателік бар. Қай діннің артында не тұр, кім тұр, ақшаны қайдан алып отыр дегендей ақпараттар жоқ, журналистік тергеулер жоқ. Сондықтан халық соқыр тауық секілді. Әлеуметтік зерттемелердің ақпарына қарағанда, он студенттің біреуі секталар жөнінде еміс-еміс естіген, бірақ ол туралы нақты ақпараты жоқ болып шыққан. Яғни, біздің елді бұл жағынан ақпараттың орнын дақпырт басып отыр.
Бүгінде әлемдегі миссионерлік қызметке түрлі топтар 26 млрд АҚШ долларын бөлініп отыр. Ол жыл сайын өсіп отырады. Оған қарсы тұру үшін, қорғану үшін мемлекет те тиісті деңгейде ақша бөлу керек.
- Былай қарағанда, қазақ ұлты ислам дінін үшінші рет қабылдап жатқандай. Біріншісі, Арап халифаты кезінде, сосын патшалық Ресей тұсында, содан кейін егемендік алған кезден бастап, тағы кірісіп отырмыз. Бұл діни дүркіндіктің қаншалықты пайдасы, қаншалықты зияны бар?
- Жалпы, дін сол елдің мәдениетімен, дәстүрімен сіңіспесе, қатерге айналады. Өзің айтқандай, қазақ халқы исламды үзік мерзімдермен қабылдаса да, оны қорыта алды, өз дәстүрі мен дүниетанымын ұштастыра білді.Тіпті, кеңес империясы кезінде де, сол себептен өз болмысынан ажырамады. Мұны ғылымда тұрмыстық ислам дейді. Ислам әлемі біртұтас болғанымен әр халық оны өқзінше тұтынған солай етіп те отыр. Біз неге Қожа Ахмет Йассауиді пір тұтамыз? Өйткені, ол - қазақылық пен исламды ұштастыра білген ойшыл.
- Осы жерде мен сізге бір арандату сұрағын қойайын. Сіздің айтқыңыз келіп отырғаны, қазақылықты жоймай исламдық құндылықтармен қаптама (упаковка) жасаған сопылық емес пе?! Енді кәзіргі исламдық қабылдау үдерісі сол сопылыққа қарсы шығып отыр емес пе?! Ал, басқа бір топ тәңіршілдікті ұсынып отыр. Сөйтіп, рухани жағымыз үш тарапқа алаңдаулы емес пе?
- Мен енді қазақтың дүниеге келгенінен бастап, О дүниеге аттанғанша тұтынатын дінін сопылық демеске шарам жоқ. Ал, енді Тәңіршілдікке қатысты не бар? Қазақ үшін Тәңір, Алла, Құдай синоним емес пе?!
- Біз исламды тұрмысты деңгейде тұтынғанымыз жөн бе, әлде қайбір азаматтар айтатынындай, біз ресми ислам болмайынша мемлекет болмаймыз дегендей бағытты ұстанғанымыз жөн бе?
- Бұл күрделі мәселе. Бірақ реті былай. Кәзіргі ОБСЕге төраға болу қарсаңында біздің мұндай бастамамыздың басына су құю жағы басым, себебі, бір дінді басқасынан басым етудемократияға қарсы дегендей уәждер баршылық. Дегенмен, біз Ебропаның өзінен үлгі алып, мәселемізді шешіп алуға мүмкіндігіміз бар. Ебропалық елдерде бүгін негізінен үш дін қатар өмір сүруде. Алайда, оларға қоғамнан өз орнын беріп қойған. Мысалы, Англияда англикан шіркеуі мемлекет тарапынан ешбір қысылмай қамқорлық көріп отырған дін. Ол дін ағылшын халқының рухани тарихи діңгегі болып саналады және соны қоғамға мойындатқан. Мемлекет оны қолдайды, қаржыландырады. Екінші сатыда католик діні, ол енді бүкілебропалық дін ретінде мойындалған, бірақ соншалықты қамқорлыққа алынбаған. Содан кейінгі өзімен өзі өмір сүріп жатқан, бірақ қудалауға түспейтін ислам діні. Ебропа елдерінде діни ғимараттар жекеменшікт емес, мемлекет меншігінде. Олар мемлекет есебінен жөнделеді және ескерткіш есебінде қорғалады. Бірінші сұрыптағы дін мемлекеттік дін болып есептелгенмен, оның ішкі-сыртқы саясатына кіріспейді, ол дін тек қана мемлекет құраушы халықтың тарихи түзуші фактор есебінде, басты рухани тәрбие көзі ретіде қамқорлыққа алынады. Осылайша реттелу арқылы демократиялық принцип орнаған. Ал, біз ретсіздікті демократия түсініп жүрміз.
Осыны көрген Ресей федерациясы 1997 жылы «Орыс православие дінінің Ресейдің тарихындағы рухани-мәдени ерекше рөлін ескере отырып, «Ар-ождан туралы заңын қабылдайды» дегендей уәжді заңға айналдырды. Сөйтіп, Ресей қоғамындағы басты дін ретіндегі православиенің орны нақтыланды. Оған ешкім ештеңе айта алмайды, себебі, Ебропаның өзі солай істеп отыр.
Дін мен мемлекеттің арасындағы қатынастың баянды болуы айналып келгенде, ең әуелі мемлекеттік саясатқа қатысты.
- Пікіріңізге рахмет.

Alium Bukar AliumBukar
15 января 2010, 5:01
1621

Loading...

Комментарии

Serzha
0
0
ислам қазақтың біраз салт-дәстүрлерін құртты, әлі де жалғастырып келе жатыр

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Войдите в ТОП-30 суперавторов Ювижн и зарабатывайте на этом!

Войдите в ТОП-30 суперавторов Ювижн и зарабатывайте на этом!

Дорогие ювиженцы. Соотечественники и соотечественницы. Авторы. Мы возобновляем нашу, не побоюсь этого слова, культовую акцию по вознаграждению топовых авторов. По итогам каждого календарного...
niyazov
вчера / 17:54
  • 81534
  • 68
Не пропущу! Отношение водителей к жизни человека: как уступают дорогу «скорой» в Европе и у нас

Не пропущу! Отношение водителей к жизни человека: как уступают дорогу «скорой» в Европе и у нас

На днях в YouTube появился ролик, запечатлевший совершенно обыденную для европейцев ситуацию. Но для нашего человека – совершенно нетипичную и оттого вызывающую у некоторых из нас слёзы восторга.
openqazaqstan
18 марта 2017 / 20:22
  • 5974
  • 9
Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Престарелый старец-киборг Рокфеллер предлагал уничтожить 90% населения Земли

Первую пересадку сердца Рокфеллер пережил в 1976 году на 62-м году жизни. Последнюю пересадку ему сделали в августе 2016 года. Пересадка сердца такому старому пациенту не имеет аналогов...
Timur_Tregulov
21 марта 2017 / 23:10
  • 6017
  • 51
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
вчера / 14:20
  • 4300
  • 0
H&M-ское безумие или Что народу по карману?

H&M-ское безумие или Что народу по карману?

На счет качества: я спросил у знакомых и мне сказали, что та или иная вещь носится сезон. В хорошем случае и бережном отношении немногим больше. Кофточки - моя слабость, наверное...
RustemZhali
18 марта 2017 / 18:32
  • 4564
  • 30
Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Мои волшебные 9 месяцев протекали в новой среде и далеко от всех родственников и подружек. Никто из моих знакомых в США на тот момент не успел обзавестись малышом, поэтому мне не с кем было...
Zarema_
23 марта 2017 / 9:25
  • 3660
  • 14
Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Алматы – это город-урод. Если вы живете здесь, то сами найдете кучу примеров

Париж, Рим, Барселона, Лондон, Алматы, Венеция – выберите город, который на ваш взгляд кажется лишним в этом списке. Если бы не было слова "урод", было бы легче определиться?
corridere
21 марта 2017 / 14:59
  • 3964
  • 75
Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Будьте бдительны при покупке цифровой техники! «Наебизнес» в магазинах техники

Покупая бытовую технику в магазинах будьте внимательны. Сейчас практикуется впаривание дополнительных услуг по настройке. Прежде чем оформлять, проверьте суммы и уточните у манагеров если что-то не сходится.
dr_Motor
20 марта 2017 / 2:13
Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Шестиминутный ролик про строительство автомобильной дороги в США - это как острый нож в пузо нашим чиновникам. Они же подавятся бешбармаком, увидев его! Похлеще любого пропагандистского фильма...
Timur_Tregulov
вчера / 11:26
  • 2326
  • 30