Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
1
06:38, 19 июня 2012

Работы конкурсантов. Алдаберген Кемпирбаев

Әр сала бойынша жекелеп үйрету қажет

Жалпы, мемлекеттік тілді үйрену өте маңызды әрі игілікті іс болғандықтан, оны Қазақ елінде тату-тәтті өмір сүріп жатқан барша ұлыс пен ұлтқа тереңінен оқыту мұқият көзқарасты талап етеді. Сондықтан, бұрынғы жалпақшешейлікті, босқа даурығуды қойып, тілді жетік меңгерудің тиімді жақтарын іздестірген жөн. Мәселен, менің ұсынысым қазыналы қазақ тілін әр сала бойынша бөліп, өндіріс, экономика, жаратылыстану сияқты күрделі бағыттарда сапалы тұрғыда қолданысқа енгізу. Өйткені, өз басымды қазіргі уақытта ана тілімнің тұрмыстық деңгейде қалып бара жатқаны қатты алаңдатады. Үй іші, ошақ басында, студенттер арасында, сауда нысандарында қарым-қатынас құралы ретінде дамығанымен, тілдің өрнекті келбеті солғын тартып, төмен құлдилауда. Әрине, отбасыдағы бала тәрбиесінде тілдің құнарын бойға сіңіріп, насихаттауға болады. Жастар да қоғамның қозғаушы күші. Бірақ, базарларда тілін бұрап, «ана иақ, мына иақ» деп еріне сөйлеген замандастарымызды көргенде еріксіз қынжыласың. Оның үстіне, қазір тіл «микстеліп», «еще», «уже», «конечно» деген орыс сөздерінсіз ойымызды жеткізе алмайтын бейшара күйге түстік. Сондықтан, мұндай қойыртпақтан, тілге қиянаттан арылып, тазалық сақтау үшін үстірт, жалпылама шараларды тыйып, нақты батыл қадамдар жасаған жөн. Экономика, өндіріс, бизнес сынды нарық заманында нағыз өзекті салаларда тілді дендете енгізіп, мойындата білсек – бұл үлкен жетістік. Сонда ғана оқулықтар, кәсіби шеберлікті шыңдайтын кітаптар қазақ тілінде жазылып, ғылыми еңбектер тәуелсіз елдің тегеурінді тілінде қорғалады. Нәтижесінде түрлі терминдерді пайдалана отырып, тоқтаусыз сайраған отандық озық үлгілі академиктерге қарап мүйізі қарағайдай шетелдік оқымыстылар тамсанып, таңдай қағушы еді. Нанотехнология, ғарыш, физика, инновация секілді тың ұғымдар қазақ тілімен үйлесім тауып, еш кедергісіз ықпалдасып жатса, қандай тамаша?! Егер, бизнесте тілдің мерейі үстем болса, табыстың қайнар көзі жарнамада, тауар сатуда ресми тілдің құшағында тұншыққан мол кіріске кенелуші едік, шіркін! «Тілдарын» оқу-әдістемелік орталығына әр сала бойынша іс-қимыл жоспарын құрып, бірден жауапты мәселеге білек сыбана кірісуге кеңес беремін. Сәттілік тілеймін!

Мемлекеттік тілді білу – ол бүгінгі күннің сәні мен мәні

1
504
0