Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
2
10:21, 18 июня 2012

Менің елім...

ОТАН, ТУҒАН ЖЕР, АТАМЕКЕН, АНА ТІЛ, ЕЛІМ, ХАЛҚЫМ, ҚАЗАҒЫМ, ТАРИХЫМ, АТА-АНА, ТУЫСҚАН, БАУЫР, СІҢІЛ неткен ыстық, неткен жақын!.. Осылар ғой, жүрегіңді селк еткізетін, осылар дегенде жаным құрбан. Ең бірінші тілеуім де осылар. Егерде, елім үшін, елімнің болашағы үшін жанымды құрбандыққа сұраса, еш ойланбас ем, еш.

Осы елім дегенде еміренбейтін жүрегі бар жандарға таң қаламын. Жоқ, оларда жүрек жоқ, оларда тек қан айналымы үшін ғана жұмыс істеп тұрған бір зат бар. Ол жүрек емес. Себебі, ол сезе, сезіне, сүйе алмайды.  Ол жай бір зат. Мөлдіреген көздері бар, баладай қылықты, қонақжай, Қабанбайдай батыр ұлды, Абайдай дана ұлды, Жібектей қыз, Төлегендей жігіт, Мұхтардай жанды айта берсең көптеген ұлы тұлғаларды өсірген осы бір момын халықты сүймеу мүмкін емес қой, мүмкін емес... осы ел қашан қой болып отарда жүруін қойып, теке болып отарды бастар екен?

Мен сенемін, қазағымның аспанды күркіретіп, өз дәуірін жүргізетін күні әлі алда. Әлі –ақ жер жүзі қазақ халқын мойындайды, Әлі –ақ қазақ халқы бәріне қол жеткізіп, ата-баба елестете алмақ түгілі армандай да алмаған күндерге жетеді, ЖЕТЕДІ... ҚАЗАҒЫМ... ЖЕТЕДІ...

   

2009 жыл қыркүйек

 
2