Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 771 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
22:18, 17 июня 2012

Работы конкурсантов. Назерке Сексенгаликызы

Мен, Сексенғалиева Назерке Сексенғалиқызы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің 2 курс студенті, эколог мамандығы бойынша білім алып жатырмын. Орыс тілі және ағылшын тілдерін білемін.

Қазіргі кезде елімізде ана тілін білу мәселесі көзі ашық, өз елінің болашағын ойлайтын азаматтарды толғандыратын мәселелердің бірі және бұл барлық қазақтың ортақ шешетін мәселесі деп білемін. Сондықтан мұндай байқауға қатыспай қалу мүмкін емес. Мүмкін болашақта сәті салып, ұсыныстарымыз жүзеге асып жатса,кім біледі?!Менің мемлекеттік тілді меңгерген халық санын көбейтуге қатысты ұсынысымның ерекшелігі қарапайым кадамдардан бастау болып табылады.

Ұсыныстар:

1. Қазақ тілін меңгеру орталықтары және қазақ тілін меңгеруге бағытталған балалар жазғы лагерлері.

Қазіргі уақытта қазақ тілін меңгеруге мүмкіндік беретін орталықтар аз емес, бірақ көпшілігі ауқымды қаражатты қажет ететіндіктен, қарапайым халыққа тиімді емес. Ал менің ұсынысым бойынша мемлекет тарапынан мүмкіндік болатын барлық жерлерден тіл орталығының ашылуы. Әрине, мұндай орталыққа көп тіл мамандары қажет болады, бұл да тағы бір мәселе. Алайда, менің ұсынысым бойынша қарапайым жастарды тарту керек деп ойлаймын. Нағыз тіл жанашырлары осындай орталықтарда, ешкандай қаражат сұрамай- ақ, ең болмаса аптасына бір – екі сағатын қиюға қуана келісер еді.Осындай ана тілімізді гүлдендіруге бағытталған әрекеттерді біз іске асырмағанда, кім асырады?

Қазіргі кезде еліміздің көптеген аудандарында мектеп жанынан жазғы лагерлер жұмыстарын жүргізуде. Шыны керек, бұл лагерлердің бағдарламаларын одан әрі жетілдіріуді қажет.Балаларға арналған демалу лагерлеріден гөрі, қазақ тілін меңгеруге мүмкіндік беретін лагерлер қажеттірек. Себебі, менің ойымша енді тілді жүйелі түрде жас ұрпақтың меңгергенін қадағалау керек. Мен ұсынып отырған лагерь қарапайым лагердей болады, тек өзгешелігі қазақ тілін меңгеруге бағытталған. Әрине, ол үшін балаларға қызықты болатын және олардың психикалық қабылдауын ескеретін арнайы бағдарламалар құрастырылу қажет. Бұл лагерлердің мақсаты қазақ тілін жақсы білетін және қазақ тілін дұрыс білмейтін балалардың басын қосу және олардың бір-біріне көмектесе отырып, тілді меңгеруіне жағдай жасау.

2. Қоғамдық орындарда ілінетін арнайы плакаттар.

Өз ана тілінде сөйлейтін халық санын көбейтуде қарапайым шаралардан бастау кажет ,кейін қазақ тіліндегі материалдар, интернет ресурстары, қазақ тіліне аударылған киноларға да жетеміз. Бастысы қазақтың өз ана тілінде сөйлеуі, оның сауыттылығының немесе түсінігінің төмендігін көрсетеді деген сияқты стериотиптерді жою.

Менің байқауымша, қазіргі оқыған, көзі ашық адамдарды, әсіресе қала жастарын өз тілінде сөйлеулері үшін, сол мәселе туралы көп айту, қайта - қайта көздеріне көрсету, басқаша айтсақ, жай ғана намысына тию керек сияқты. Менің ұсынысым бойынша, қоғамдық орындарда( кәдімгі тұрғын үй подьездерінен бастап, кафе, асхана, кинотеатрларда, дүкендерде, т.б) арнайы тіл туралы, әсіресе ,өзіміздің зиялы тұлғаларымыздың ана тілге қатысты ойлары, нақыл сөздерін іліп қою.

Мысалы:

Ғабит Мүсірепов

Мұхтар Әуезов

Бұл шаралар сырт көзге ыңғайсыз көрінгенмен, мұндай іс – әрекеттер осы қазіргі қоғамға қажеттіліктен туып отыр.Бұл үлкен нәтиже әкелмес, бірақ мүмкін намысы бар бір қазаққа ой салар. Сондықтан мұндай ұсақ шараларға мемлекеттік мекемелер көңіл аударып, іске асыратын болса, қандай да бір нәтиже болатын еді. Басты ойым кәдімгідей ана тілін білуді ашық түрде насихаттау.

Мемлекеттік тілді білу- парыз әрі міндет, себебі бұл менің ата –анамның тілі, ең бастысы- мен өмір сүріп отырған елдің тілі.

0
4176
0