место в рейтинге
  • 16690
  • 40
  • 8
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Әйел тағдыры. Алтынай

Жұмыстан кешеуле шығып қалдым, қара күздің кеші. Түн басы. Аспанды қара бұлт басқан. Түстен кейін түйілгеннен кейін себездегені болмаса, ауырлап төңіп тұрғаны. Қала көшелерінің ығы, желден сақтағанымен күздің түнінің суығынан сақтамайды.

Көшенің сол жақ  бойымен биіктігі екі метр кірпіш қабырға созылады. Оң жағында ескі үйлер. Өскеменнің тар көшелеріңің бірі. Дәл машина жүретін жол шетімен жүргенің. Машина жүргізушілеріне сенесің, алдыңнан тура шықса қашарыңа жер жоқ. Оның үстіне бүкіл көшенің үш жерінде басында, аяғында, орта шеті жарықтандырылған. Жарық деген аты, сарғайып тұрған шырақтар. Жұмыс бабы болмаса, немесе жағдай келмей арзандау пәтер демесе өзіме тұрғылықты пәтерім бұл маңайдан жалдамас едім. Осы маңайдың үйлерінің ауласын күндіз қиып өткенде де онша ұнатпайтынмын, жаң-жағынды біріне-бірі іргесі түйіскен 5 қабатты Хрущев заманының үйлері, өзіңді қамалып қалған секілді сезінесін. Осы маңай қала бойынша тынышсыз болып саналатын. Сондықтан болар кірпіш қабырғаны жағалап жүргенді жөн көрдім.

Көше қаланың орталық проспектісіне түйісіп аяқталады, оның бойымен трамвай, автобус жүреді. Маршруттық автобустың соңғы рейсіне асығыспын. Шапшаң аяғымды басып жүріп келем. Көше соңы көрінеді, бағаннан үстінен жанған шамнан  жарық түскен жерден өтіп бара жатқанымды пайдаланып қолсағатқа қарадым 20:50. Сағат 21-00-ге дейін автобус аялдамасына жетуге тиіспін, әйтпегенде автобусқа үлгермеймін.

Көше соңындағы үй проспект бойындағы үймен бұрыш жасайды. Бір-екі қадам жасап оң жаққа бұрылып көшені қиғашынан қиып өтіп проспектке шығам, алдымда автобус аялдамасы, автобусқа үлгеретін шығармын. Көшені қиғаштап өте бергенде соңымнан:

-Парень, остановись, можно Вас..-деген дауыс шықты.

Көшенің ар жағынан өтіп барып соңыма қарадым.

Қараңғыдан әйел адамның сэлуетті бөлініп шығып маған қарай бет алды. Кідіріп тоқтағанға қорқасың. Кім мүмкін кімдер қандай оймен тоқтатқалы тұрғанын кім біледі. Теріс айналып қадамымды жеделдете бергенімде.

-Пожалуйста, помогите, -деді, аяғының алысы шалынып жүргендей болды.

Шынымен көмек сұраған болып көрінген соң, тәуекел етіп әйел адамды тосып алдым. Орта бойлы қазақтың келіншегі.

-Помогите, можно позвонить, единицы есть, у меня телефоне батарея села.

Қолында ұстаған телефонын маған ұсынды. Орысша таза сөйлегенімен қазақ тілін білетінін байқаған соң.

-Телефон бар, бірақ бере алмаймын SIM картада пароль тұр, оны жатқа білмеймін, -дедім.

-Вы тогда, мені таксиге салып жіберіңізші.

-Асығыспын.

-Көріп тұрсыз ғой, мен маспын, жаңа ана үйдің ауласында жігіттер мені машинасына сүйреді.

Біраз кідіріп не айтар, не істерімді күтті де, тыңдауға көңіл бөлгенімді байқаған соң, әрі қарай ойын жалғастырды.

-Үйде мамам күтіп отыр, бағана қайтып баруым керек болғам, менде ақша бар, -деп иығына асылған сумкасына изеді, -таксиге салып жіберіңізші, сіз жақсы адамсыз ғой, мен көріп тұрмын, -деді. Сөзі өтті, проспектке бойына шығып таксилерді қарастыра бастадық, бірақ такси таба алмадық. Келіншек:

-Пиво ішесің бе?

-Жоқ, ішпеймін, -екі көзім жан-жақты шолу үстінде.

Келіншек тоқтаусыз сөйлей берді.

-Менім сумкамда үлкен пышақ жатыр, -дегенде бетіне тура қарадым, көңілім оған ауғанын байқап, ойын жалғастырды.

-Повар болып істеймін, құдашамның үйіннен келем, салат жасап беруге шақырған, құдаларын күтіп жатыр, құдаша салат жасағанымды көріп «қолың қимылына көз ілеспейді» похваливает словами, мен арақ іше алмаймын, қазақтарды білесің ғой, коньяк іштірді, басыма шығып кетті, сен мені тастамайсың ғой, -үндемедім тек қасына еріп жүре бердім.

Айтқан сөздерінен тұратын жері бір-екі аялдамалық жер екені белгілі болды. Алдымыздан трамвай тық-тық етіп өте шығып жүрісін баяулатып тоқтады да жолаушыларын түсіріп әрі қарай жүре берді. Трамвай тоқтаған аялдамадан әрі қарай өттік. Жекеменшік үйлер арасына кететін көшеге тура шықтық.

-Мен мына көшеде тұрамын. Мамам айтып қояды «менім көзім тірі жүргенде күйеуге шық» деп, мені кім алады, екі балам бар, күйеусіз он жыл тұрамын.

-Сенің жасын нешеде?

-Отыз екіде.

-Патцан екенсің, мен отыз сегіздемін –дей бергенде арт жағымыздан бізді қуып жетіп алған еркек дауысы:

-Алтынай сенбісің?

Біз тоқтап қалдық. Келіншек:

-Көршім ғой, онымен ары қарай барам, -деп. Қасымызға келген еркек қолтығынан ұстап жүре берді. Теріс бұрылып кері қарай жүре бердім, тек еркектің бір сөзі құлағымды шалып қалды –«монша жағып қойдым» деген, жол-жөнекей естілген сөз ойдан шықпай біршама жағдайды көз алдыма суреттеді.

Осы оқиғадан кейін біраздан соң екі баласы бар отыз сегіз жастағы әйелге үйлендім. "Бақыт не екенін білмептім, бақытты болғым келеді" деп қолын созған еді.

Әйелдер тағдырлары елдің тағдыры болып кетпеске кім кепіл. Жандары татулығы жоқ елде не болмақ. Әке-шешесін бірге көрмеген бала не болмақ. Үзу керек бұл жіпті, үзу керек, мұнда уайым-қайғыдан тұратын моншақтар тізілмеуі керек, тізілмеуі керек. Кеткен бе біздің бойдан татулық?

14 июня 2012, 22:50
1484

Loading...

Комментарии

осы әңгімеңіздің кейіпкері өзіңізба?
дәл таптың, тек үйлендім басқа әйелге
мен көмек сұраған адамнан қорықпаймын, негізі абайлау керек екен, кім біледі қазырғы заманда адамның ойында не тұрғанын
Барлық заманда адам бірдей.

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Исламская ипотека в Казахстане: в этом году выйдет на розничный рынок

Многие клиенты, вздыхая о харамном ссудном проценте местных банков, сокрушались по поводу отсутствия у нас халяльного кредитования. Поддержка исламского банкинга на уровне МФЦА есть...
DanaJarlygapova
24 марта 2017 / 18:28
  • 20071
  • 59
Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

Компания LG Electronics открыла предзаказ на новый флагман LG G6

LG Electronics объявляет о начале предварительного заказа онлайн на новый смартфон LG G6. Оформить предзаказ можно на сайтах магазинов электроники до 16 апреля 2017 года.
LG Electronics
24 марта 2017 / 14:20
  • 5120
  • 0
Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Беременность по-американски. Никто не ждет до 40 дней, с малышом гуляют с первого дня

Мои волшебные 9 месяцев протекали в новой среде и далеко от всех родственников и подружек. Никто из моих знакомых в США на тот момент не успел обзавестись малышом, поэтому мне не с кем было...
Zarema_
23 марта 2017 / 9:25
  • 5052
  • 16
Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Страну, где так строят дороги, победить невозможно!

Шестиминутный ролик про строительство автомобильной дороги в США - это как острый нож в пузо нашим чиновникам. Они же подавятся бешбармаком, увидев его! Похлеще любого пропагандистского фильма...
Timur_Tregulov
24 марта 2017 / 11:26
  • 4502
  • 38
Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Это вам не Дисней. Реальный прототип «Красавицы и Чудовища»

Многие уверенны на 100%, что сказка «Красавица и Чудовище» - это интересная выдумка ее создателей. Однако, действия, происходящие в мультфильме и фильме, имели место в истории, и у главных героев...
Naomi_K
24 марта 2017 / 18:42
  • 4736
  • 34
Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу

Семь причин почему вам надо перестать откладывать переезд за границу

Вы думаете о переезде за границу, но постоянно откладываете дату, потому что вас беспокоит тысяча мелочей, которые могут пойти не так? У меня есть семь причин, почему пора перестать мотать нервы...
Lesch
24 марта 2017 / 17:50
  • 3665
  • 14
Гонения на «Свидетелей Иеговы». Кому это выгодно?

Гонения на «Свидетелей Иеговы». Кому это выгодно?

Я не "Свидетель Иеговы". Мне приходилось защищать в судах и кришнаитов и коммунистов, хотя я и не разделяю их убеждений. Я защищаю свободу совести. Сегодня "Свидетели Иеговы", завтра,- каждый из вас.
nasreddin
25 марта 2017 / 17:18
  • 3749
  • 43
Страна обыденной роскоши: Ташкент-Самарканд-Бухара

Страна обыденной роскоши: Ташкент-Самарканд-Бухара

Узбекистан - это страна, где роскошь стала обыденностью. Это и повсеместный зелёный крупнолистовой чай. И вкусная натуральная еда с минимумом специй. И то, что дети играют среди исторических памятнико
MadinaR
25 марта 2017 / 10:37
  • 2981
  • 59
Посчитав сколько я смогу сэкономить на еде, я понял, что это очень приличная сумма

Посчитав сколько я смогу сэкономить на еде, я понял, что это очень приличная сумма

Именно сейчас я начинаю понимать, как себя чувствуют иногородние студенты, которые живут общежитиях у нас в Алматы. Я не говорю, что они живут плохо, но многие из них рассчитывают только на свои...
noyanovmyras
23 марта 2017 / 0:18
  • 3387
  • 62