• 12610
  • 3
  • 2
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Блогшылар коммуникациядағы алғашқы қадамдарын жасап жатыр

 

         Блогшылар коммуникациядағы алғашқы қадамдарын жасап жатыр

 

          Блог (ағылш. blogweb log дегеннен, «желі журналы не оқиға күнделігі») — үнемі үстелінетін ұзын емес жазбалардан, суреттерден, таспалардан тұратын сәтке мәнді мағлұматы бар торап.

         Блогтар дегеніміз – әңгімелер. Көптеген үздік блогтар оқырмандарын пікіралмасуға шақырады. Блогшылар бір-бірінің жұмыстарына сілтеме жасап, пікіралмасу жасағанды ұнатады.

          Блогшы деп блог жетекшілерін атайды. Ғаламтордағы барлық блогтар жиынтығын блогосфера дейді.

            Интернетке өз шығармаларын оп-оңай жариялауға мүмкіндік беретін жаңа компьютерлік технологиялар бұқараға мәлімет таратуда көпір іспеттес рөл атқаратын дәстүрлі ақпарат құралдарына бәсекелесе бастады. Соңғы жылдардың ішінде көптеген адамдар комментатор мен репортерге айналып үлгерді. Саяси және әлеуметтік пікірталастарда олардың үні шығатын тұғырлары ерекше танымал бола бастады.

2002 жылдың соңында Америка Құрама Штаттары Конгресіндегі ең танымал мүшелерінің бірі жаңа медиадан үлкен соққы алды. Әріптесі, Миссисипи штатынан республикашыл сенатор Трента Лоттоның туған күнінде ол кезінде американың көптеген аймақтарында нәсілшілдік бағыттағы ұстанымдар ресми саясат ретінде танылғанын сағынышпен еске алған еді. Бұқаралық ақпарат құралдары бұл жайтқа аса назар аудармады.

              Фотомонтаж: Блогшылар мен олардың блогтары оны жасайтын адамдар сияқты әртүрлі. Олардың арасында саясатпен әуестеніп жүрген колледждің студенттері, әскерде жүрген солдаттар, жеке қызығушылығына қатысты орын алған оқиғалар жайлы хабарлайтын әуесқой журналистер немесе білім алу мен жеке өміріндегі қызықты жайттарын баяндайтын студенттер бар. (AP/WWP суреттері)   

              Алайда weblogs немесе қысқартып айтқанда blog деп аталатын интернет журналдардың авторлары үнсіз қалуды жөн көрмеді. Оңшыл да, солшыл да блогшылар наразылықтарын білдірді. Әсіресе бұл наразылықтың көп бөлігі сенатордың пікіріне үстірт қана шолу жасап шыққан ақпарат құралдарына бағытталды. Нәтижесінде бірнеше күннен кейін блогшылардың шабуылынан соң айтулы ақпарат құралдары осы оқиға туралы хабарлауды жөн деп тапты. Бірнеше күннен соң Лотта әріптестері арасындағы қолдау да бәсеңсіді сөйтіп ол Сенаттағы республиканшылар тобының көшбасшысы тағынан кетті.

              Бұл оқиға қоғамда ықпалы бар саясаткерлерге, қайраткерлерге және ақпарат құралдарында қызмет ететіндердің барлығына жасалған алғашқы ескерту болды. Коммуникация саласындағы мәлімет алмасу эволюциясының қарқын алғанын көрсетті. Блогтар өздерін мойындатқызып, күн санап күш ала түсті.

              Сонымен блог дегеніміздің өзі не? Біртұтас анықтама болмағанымен, олардың барлығына ортақ үш түрлі қасиет бар. Олар әдетте postings (жазбалар) деп аталатын қысқа мақалалардан тұрады. Кері хронологиялық ретпен жарияланады, яғни соңғы жарияланғандары жоғарғы жағында тұрады. Әрі мәтіннің ішінде интернеттің өзге беттеріне сілтеме жасайтын гиперсілтемелер болады.

               Адамдардың қарапайым ауызекі тілімен жазылғандықтан әңгімешіл болып көрінеді. Сондықтан да адамның емес, әлдебір комитеттің белгіленген ережелері бойынша жазылған қалыпты газет мақаласына қарама-қарсы деуге болады. Блогтан адамның үнінің естілуі – осы формадағы коммуникация түрінің кең өріс алуының бірден бір маңызды бөлігіне айналды.

              Блогтарды сонымен қатар интернет қолданушылар онлайн режимде өздерінің жұмыстарын (аудио, видео және тағы басқа түрдегі) жариялау үшін пайдаланатын құрал деп кең ауқымды мағынасында да қарастыру керек. Бұл мәліметті жинақтау мен оны тарату кезеңдерінде көрініс табатын ақпарат құралдарын демократизациялаудың бір бөлшегі. Электронды үлгіде мазмұнды деректер дайындау үшін қолданатын құралдар күннен күнге қуаты артып, бағасы да арзандап келе жатыр. Өз жұмысымызды күллі ғаламға танытатындай әлеуетке ие болдық. Адамзат тарихында осы жаңа құбылысқа балама болған емес.

             Америка өмірінің әртүрлі саласына интернеттің әсерін зерттейтін «Пью интернет проджект» зерттеу орталығының деректері бойынша  блогты оқушылар саны оны құрушылардың санымен қатар өсіп келеді. Америкалықтардың төрттен бірі блог оқиды. 2005 жылы олардың өсу саны тұрақтағанымен өзге ақпарат құралдарымен салыстырғанда назарға көп ілінеді.

             Саясат пен технология және білімнің өзге салаларындағы өзекті мәселелерге қатысты ойларымен блогшылар жұрттың назарын аудартты.  Онлайндағы миллионнан аса блогшылардың бәрі бірдей кең көлемді оқырмандарға арналмағанымен олардың көпшілігі аса құнды. Блогшылардың өздері үшін әлеуметтік журналдар туған-туысқандары мен жақын достарына жолдайтын дәстүрлі хатты алмастырды. Өзге танымал сайттардан гөрі жеке басына қатысты мазмұндағы блогтардан оқырмандары көбірек пайдалы деректерді табады.

             Блог Америка Құрама Штаттарынан бастау алды. Бұны алдын ала болжауға да болар еді. Өйткені онлайн жұмыс істеуге арналған құралдарды америкалық мамандар жасап шығарды. Бірақ блоггинг ғаламдық құбылысқа айналды. Мәселен, Қытайда шамамен 5 миллион блогшы бар. Қытайдағы халық санына шаққанда бұл азғантай көрсеткіш. Қытай үкіметінің технология көмегімен сөз бостандығына ерік бермегеніне қарамастан күн өткен сайын Қытайдың көптеген азаматтары блог бастап жатыр. Өзге құрлықтармен салыстарғанда Африкада блогшылар саны аздау. Гарвард университеті жанындағы «интернет және қоғам» Беркман орталығы жүзеге асырып жатқан «Глобал войсес онлайн» жобасын құрушылардың бірі – Этан Цукерман зерттеулері бойынша Сахараның оңтүстігінен әрі жатқан Африкада әрі кеткенде 10 000 блог бар. Оның ойынша Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада бұл сандар жоғары. 50 000 аса жас интернет-күнделік жүргізумен айналысады.

            Фотомонтаж: блогшылар саны дүниежүзі бойынша күн сайын артып келеді. Интернеттегі миллиондаған блогтардың арасында қытайша, арабша, португалша және жапонша блогтар бар. (AP/WWP суреттері)

            Америка Құрама Штаттарынан бөлек блоггингке аса үлкен қызығушылық танытатын елдердің ішінде Франция ерекшеленеді. Бағдарламалық қамсыздандару компаниясы басқарушысы Луи Ле Мераның мәліметтеріне қарағанда 2 миллионнан аса блогшы бар екен. Олардың ықпалы қатты сезіледі. Үкіметтің үш министрі өздерінен сұхбат алу үшін блогшыларды шақырғанын айтады және олардың біріне өзі қатысқан. «Елімізде блогтар жеке пікірін танытудың ең маңызды құралына айналып келеді және дәстүрлі журналистикада қызмет ететіндер арасында таластар тудырып жатыр» дейді ол.

             Блогшылар мен журналистер арасындағы қарым-қатынас та назар аударуға тұрарлық. Көптеген кәсіби мамандар блоггингке түбегейлі берілді. Ал енді бірі болса, тұтастай бұл жанрға қарсы шықты.  Америка ақпарат құралында қызмет ететін журналистің блоггингқа арналған бағдарламасы енді-енді бүр жарып келе жатқанда, яғни 1999 жылы алғашқы блогты бастадым. Калифорнияның Силикон алқабындағы «San Jose Mercury News» газетіндегі мен жүргізетін редакторлық бағанға қосымша ретінде пайда болған блогымда технология туралы жаздым және кейін ол жұмысымның бір бөлігіне айналды. Неге дейсіз бе? Себебі бұл маған оқырмандарымен көбірек әңгімелесуге мүмкіндік берді. Американың жоғары технологиялар индустриясының жүрегі саналатын Силикон алқабында электронды технологиялар туралы жазып жүрген менің тақырыбымды оқырмандарым менен әлдеқайда жақсы білетінін бірден түсіндім. Блог білім алудың қосымша құралына айналды.

             Содан бері блоггинг бірте-бірте жаңалықтар бизнесімен ұштасатын болды. «Пью Интернет проджект» зерттеулері бұқараға қарағанда америка журналистері блогты көбірек оқитынын анықтады. Бұл таңқаларлық жайт емес, себебі блогтар журналистер үшін кәсіби журнал және кез келген тақырыптағы таптырмас дереккөзге айнала алады.

             Бірақ қазірдің өзінде көптеген кәсіби журналистер блогтарды жарияламайды. Адамның жеке пікіріне негізделіп жазылған мәлімет түрі табиғи емес деп саналады. Өйткені кәсіби журналистер өздерінің жеке пікірі мен сезімдерін өздері жазып отырған немесе хабарлап отырған дүниемен араластырмайды. Әлдебір тақырып бойынша пікір білдіретін комментаторлар бұл ережеге бағынбайды. Бизнес саласының кейбір комментаторлары блоггингта өз жанрының мықтыларына айналды. Өздерінің мерзімді басылымдарындағы жазған мәселелеріне тереңнен әрі ауқымды үңілді. Ойын-сауық индустриясы жайлы жазатын журналистер жайлы да осыны айтуға болады.

              Блогтар сонымен қатар журналистердің жұмыстарын ашық қылдырып, таратылатын жаңалықтардың сапасын арттыра алады. Себебі соңғысы сирек кездеседі. Жаңалық әзірлейтін журналистер әдетте өзгелердің ашық жұмыс істеуін талап етеді, бірақ өз жұмыстарының ашықтығы туралы айтпайды. Бұл орайда блогтар осы олқылықты түзетуде жақсы құрал бола алады. Мәселен Си-Би-Эс жаңалықтар қызметінің PublicEye блогы тележүргізушілер жұмысының қыр-сырына қанығуға мүмкіндік береді.

             Табиғат апаттар туралы кез келген жаңа мәліметке зәру болып отырған оқырмандар үшін блогтар аса ыңғайлы екенін көрсетті. Көпшілікке танымал бір оқиға тұсында блог газеттің бірінші бетін алмастырған. Катрина дауылы салдарынан күйреген жаңаорлеандық «Таймс Пикаюн» газетінің редакциясы қаланың өзге тұрғындарымен бірге редакциядан кетуге мәжбүр болып, газетті басып шығару мүмкін болмағанымен блогтың көмегімен оқырмандарын ұдайы ақпаратпен қамтамасыз етіп отырды.

            Барлық блогтың ішінде журналистердің блогтарының үлес саны аз. Кейбір блогшылар ақпарат жеткізушілердің құрметі мен оқырмандарының назарын өздеріне аударуға тырысып, журналистиканың керемет үлгісін де қалыптастырып жатыр.         Майкрософт корпорациясының төрағасы мен құрылтайшыларының бірі Билл Гейтс тек қана онлайда жазатын блогшыларға сұхбат берген. Корпорацияның өзге басшылары жетекші блогшылар бұқарамен арада алтын көпір бола алатынын жақсы біледі.

           Әрине ақпарат құралдары танымал блогшыларды өздеріне жұмысқа шақырды. Солардың біріне конгломерат «Тайм Уорнер» бөлімшесі «Америка он-лайнның» технология және автомобильмен айналысатын Weblogs Inc компаниясын сатып алу оқиғасы жатады. Келісімнің құны 15 миллион доллар болғаны хабарланды. Бұдан басқа да саудалар жасалған болуы ықтимал.

            Бірақ ақпарат құралдары блогшыларды тұтасымен жұтып қойғысы келгенімен бұл ниеттері жүзеге аса қоймас. Бұл нарықтың қаржылық кедергілері нөлге жуықтап қалды. Уақыты мен дарыны бар кез келген адам өзінің блогын, үнхабарын немесе өзге медиа сайтын еш шығынсыз жасай алады.

            Блоггингтің дамуымен бірге блогшылар тарататын ақпараттың сапасы туралы да әңгімелер көтеріле бастады. Сыншылардың көпшілігі: «Блогшылардың деректері тисе терекке, тимесе бұтаққа» дегенге саяды деп санайды. Дәлдік те, мұқияттылық та блогшы жұмысының ерекшелігі бола алмайды. Бірақ ақпарат нарығында қателесулер ұшырасып отырады. Нәтижесінде мәліметтің сапасына орай дереккөзге деген сенім азаяды немесе күшейеді. Сөйте тұра блогтардың оқырмандары онлайн режимдегі мәліметтерге сын көзбен қарау қабілетін дамытады.

            Блог пен оған ұқсас бұқаралық медиа өркендей бермек. Олар халық үнінің еркін шығуына септесті. Бұрындары АҚШ басылымдарында сөз бостандығы баспасөзге иелік ететіндерге тиесілі деген ескі ереже болатын. Жаңа медиа дәуірінде біздің барлығымыз ақпарат құралдарына иелік етеміз және үніміз көбейген сайын оның күші де арта бермек.

            Авторлық құрамына байланысты блогтар топтық және дербес(корпоративтік, клубтық) және қоғамық(ашық) болып бөлінеді. Құрамы бойынша- тематикалық және бірігей. Блог қолданушыларға бір тақырыпқа өз пікірлерін (коментарийлерді) қалдыру блогтарға тән қасиеті бар. Ол блогтарды желілік қарым-қатынас ортасын істейді және оның чат, веб-форум, жаңалықтар тобы және электрон поштасынан біршама артылықшылықтары болады.

  Тарихы:   

    • 1992 жылы Тим Бендерс-Ли парағын «Washington Profile» газеті ең бірінші блог деп санайды. • 1996 жылы блотардың кең таралуы болды. • 1999 жылының тамызында Сан-Франсиско қаласындағы Pyra Labs компьютерлік компаниясы Blogger сайтын ашты. Бұл ең бірінші тегін блогтық жүйе болып саналды. Содан кейін 2003 жылдың ақпанында Google компаниясы Blogger-ді сатып алды. • Ақпараттың төгілудің қайнар көзін ашуға талап еткен және компанияның ресми түрде жариаланбаған тауарлар туралы айтқаны үшін 2004 жылы блогерлерді сотқа берген Apple компаниясы екі жылдан соң сот процесінен жеңілді. Тілшілер секілді, ақпараттардың қайнар көзін жария етпеу туралы блогерлердің де құқығылары бар екендігін 2006 жылы сот шешімі қабылданды.

Блогтың негізгі сипаттары:

  • Блогтағы хабарлар хронологиялық тәртіпте орналасады.
  • Блогты негізінен бір адам бірінші жақтан жазады.
  • Блогта басқа тораптарға (блоггерге қызықты) сілтемелер табылады.
  • Блогта негізінен RSS арнасы болуы тиіс.
  • Блог жиі жаңарып тұрады — күнде немесе аптасына бірнеше рет.
  • Блогта хабарларға пікір қалдыруға болады.
  • Блогта «блогролл», яғни басқа блогтарға сілтеме болады.
  • Блог арқылы оның авторы туралы көзқарас қалыптастыруға болады.
  • Блогты негізінен әуесқойлар жүргізеді (кәсіби журналистер немесе жазушылар емес). Бірақ кейде олар да кездеседі.
 

Техникалық негізі:

          Блогтардың шектеулері және техникалық мүкіндіктері, желілік технологиялардың ортақ толығымен анықталады.Бағдарламалық қамсызданудың бар болуы блогты жүргізуді жорамалдайды да, «Бүкіләлемдік торда» кәдімгі қолданушының жаңа жазуларды енгізуге мүмкіндік береді. Жүйенің мазмұнымен басқарудың жеке түрі және бұл Бағдарламалық қамсыздандыру блогтың «қоғалтқышы» болып саналады.

                       Блогтардың функциялары және қатысу ынтасы

           Блогтарды оқу мен авторлық – мазмұны бойынша екі әртүрлі процесс деп есептеу керек. Өзінің жеке блогынан тыс контекст жүргізу блогтарының комуникативтік мүмкіндіктерімен пайдаланатын адамдар, тікелей байланысуға мүмкіндіктері жоқ адамдармен, мысалы, басқа қалаларда тұратын жолдастармен, қарым қатынастарды белгілейді. Блогтарда пайдаланылатын хабарламалардың альтернативтік экономикасы, қарым-қатынастың мұндай формасын ыңғайлы етеді, өйткені ол міндетті өз аралығын және «бірде-бір» шектелген қарым-қатынастарды қарастырады.

           

             Евгений Горный өз баспасында туыстармен байланысты қолдаудан басқа мақсаттарды да анықтаған:

  • Ақпаратты алу
  • Оқу-көңілдену
  • Белгілі бір іс-әрекетке байланысты көпшіліктің реакциясын қадағалау.
  • Әлеуметтену үшін, өзін әйгілі адамдар өміріне қатыстылығын сезіну үшін оқу.

            2005 жылы жүргізілген Livejournal блогтерлердің сауалнамасы іс жүзінде, блогтардың келесі функциялары ерекшеленген.

 

                                           Коммуникативтік функция

             Коммуникативтік функция кең түрде таралған. Көптеген блогерлер айтуы бойынша, олар блогтарды қызықты адамдармен қарым-қатынас жүргізу үшін оқиды немесе жүргізеді деп айтады. Ең алдымен ол өз ойын көпшілік есту үшін айту мүмкіндігі. Однаған таныстарға өзінің қала шетінде тұрған саябаққа барғаны туралы айтудың мағынасы неде? Егер оны блогта сипаттап, фоторгафияны суреттеу мүмкіндігі болғанда. Олардың әрқайсысы ол туралы олар үшін ыңғайлы уақытта оқи алады. Бірақ мұндай жағдай қарама-қарсы проблемаларды туғызады. Яғни екі блогерлердің нақты өмірде кездескен кезде олардың фантазиясы болмай, олармен әңгімелесуі қызықтырмайтын кезде.

                                       Өзін-өзі таныстыру функциясы

             Бірнеше респонденттер басында дербес сайтты құруды ойлаған, бірақ блогты жүргізуі қанша жеңіл болғандықтан, бұл ақпаратты баяндау өз жайлы болды. Авторлардың шығармашылығын талқылау және баспаға шығаруға арналған блогтар кластары бар, бірақ кәдімгі күнделіктің де автордың дербестілігі туралы қапараты бар. Көптеген блогерлер «басқалар мені оқу үшін күнделікті жүргіземін» деп айта алады.

 

                                                 Көңілдену функциясы

             Көптеген адамдар блогтарды жүргізі, блогты оқуды және коментарийледі талқылауды көңіл көтеру ауқыты ретінде пайдаланады. Әсіресе, еген олар интернеттен басқа көңіл көтеру құралдарынан шектеліп, бос ауқыты көп болған кезде. Кейбір пайдаланушылар блогтарды бос уақытты өткізу үшін пайдаланады, ал басқалары керісінше, уақыт жетіспеушілікке байланысты толық қарым-қатынас үшін пайдаланады.

                                            Ғұмырнама функциялары

             Әдеттегі күнделік сияқты , блог жаңа функциялардан басқа мемуаллар функциялар жүргізуші ретінде бола алады. Ол болшақта пайда болатын белгілі бір жазу орны болып табылада.Бұл функцияны пайдаланатын респонденттер , күнделікті өз үшін пайдаланады беп айтады. Яғни, белгілі бір оқиғаны ұмытпас үшін? Оны жазып, кейінірек оны оқу мақсатында жүргізеді.

                               Рефлексия мен өздігінен даму функциясы

              Блогерлердің өзге «МЕН» сипатын құрастыруға мүмкіндік берумен байланысты функция. Кейбіреулері күнделіктің жариалылығы оны әрі қарай жүргізуді мәжбүр еткізеді, сонымен қатар өзінің ойларын дұрыс құрастыруды үйренуге мүмкіндік береді, бұл жағдай олармен болған оқиғаларды жақсы түсінуге көмектеседі.

                                              Психотерапевтік функция

              Блогтың психотерапевтік функциялары еске салуы кездеседі. Ол алдын ала болжанған немесе эмоцияларды сыртқа шығару, қияларды айту, жүйке жүйесін қалпына келтіру, жазуларын жүргізу процесінде негізделген. Дәстүрлі кунделіктің бұл функциясы көптеген авторлармен айтылып және ол жаңа формаға және жаңа мүмкіндіктерге ие болуы мүмкін. Егер livejournal пайдалунышалрдың қоғамдастықтағы тұрақты диалогтар мазмұнын қарастыратын болсақ, бұндай транзакциялар қарым қатынастың ең танымал формасы болып табылады, бір тұтынушы өмірге шағымдалса, онда басқалары оны жұбауратады.

karlyga
23 мая 2012, 15:38
908

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Мне как казаху по национальности очень хотелось туда попасть. Оказалось, что климат там намного суровей и люди, говорят, суровые и воинственные. Казах – город на западе Азербайджана...
alidimash
18 янв. 2017 / 21:50
  • 30113
  • 18
10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

Названия улиц: Садовый бульвар, Солнечный проезд. Красиво звучит не так ли? Прям, как в Москве... Уютные улочки и радующие глаз одноэтажные домики, тихо и свободно, нет динамики, движух и ажиотажа.
gelberdeuet
16 янв. 2017 / 14:45
  • 8573
  • 98
Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Ожидали ли депутаты Мажилиса всего этого? Как планировали этот процесс регистрации, и обсуждали ли его, прежде чем одним нажатием кнопки принять нормы с такими абсурдными временными рамками?
openqazaqstan
17 янв. 2017 / 14:32
  • 4994
  • 22
Астана глазами алматинских девушек. Как при таких погодных условиях можно выжить?

Астана глазами алматинских девушек. Как при таких погодных условиях можно выжить?

В спальных районах, и в высотных домах сквозь стены слышно завывание ветра. В особенности ночью. Такие звуки, я слышала, пожалуй, только по телевизору, в фильмах про метель.
Naomi_K
20 янв. 2017 / 12:36
Сильное ДТП произошло в Алматы на Тимирязева-Байзакова

Сильное ДТП произошло в Алматы на Тимирязева-Байзакова

NoComment (c) Официальный слоган EuroNews. Катастрофа на алматинской утренней трассе началась с того, что водители «Ниссана» и микровена ожидали сигнала светофора на запад по Тимирязева...
ibestreporter
17 янв. 2017 / 22:52
  • 3835
  • 5
Вейпинг безопасен? Эндрю Холл из США тоже так считал, пока что-то не пошло не так

Вейпинг безопасен? Эндрю Холл из США тоже так считал, пока что-то не пошло не так

Эндрю Холл из США считал, что вейпинг безопасен и усиленно убеждал в этом близких. Но как-то раз что-то пошло не так. Это результат взрыва хипстерского устройства - выбило 7 зубов + ожоги и раны...
Maxambet
17 янв. 2017 / 16:28
  • 3851
  • 52
Это поколение просрет страну. 20-летняя молодежь представляет из себя сказочных эльфов

Это поколение просрет страну. 20-летняя молодежь представляет из себя сказочных эльфов

Смотря в очередные пустые глаза вчерашнего студента, приходящего устраиваться на первую работу страшно становится. Потому что сравниваю с теми же китайскими студентами, которые готовы выгрызать себе мечту.
mbaitykov
18 янв. 2017 / 11:34
Становится хуже, но как-то постепенно. Беднеем, но тоже как-то не разом

Становится хуже, но как-то постепенно. Беднеем, но тоже как-то не разом

Помню, когда я уезжал и Казахстана, тут было довольно прилично, даже не смотря на то, что жить было невыносимо. Но прилично так. Мусора было меньше. Дороги чистили, вони почти не было. Да и в остальном тоже норм.
shootnix
18 янв. 2017 / 12:49
  • 3544
  • 34
Любимый Тайланд. Правящий король называет Паттайю «черным пятном на репутации страны»

Любимый Тайланд. Правящий король называет Паттайю «черным пятном на репутации страны»

Тайланд мы впервые посетили в декабре 2012 года. Полученные эмоции настолько были яркими, что в конце 2015 года мы решили еще разок слетать в Тайланд. Вспоминая Тай, первое о чем я думаю - горячий...
zhainar_d
17 янв. 2017 / 11:11
  • 3361
  • 24