Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
4
15:08, 09 мая 2012

SMS

Түнде маған SMS келді. Белгісіз жаннан. Оқып отырып өзім таңғалдым. Міне, мынадай SMS:

Гүлдердің ғұмыры не мына Күнсіз?

Ай да әсем бола алмайды ғажап Түнсіз?

Менің де жағдайым сол СЕН БОЛМАСАҢ,

Жүрек тоңып, көрінер көзім нұрсыз.

Жан дертімді жеткіздім саған тілсіз,

Емін тауып көрші, тек, қалма үнсіз!!!

 

Мүмкін маған таңғалып, тұр шығарсыз,

Сезіміме күліп, сірә, қырсығарсыз...

Ех, мейлің! Жүрегімді ұсындым мен,

Түн ұйқымды ұрлаған Ай сыңар қыз.

Егерде қабыл алсаң SMS жаз,

Күтейін жауабыңды мен шыдамсыз!

Таңғалғаным соншалық – хатқа жауап жазарда қолым дірілдеп, телефон қолымнан түсіп кетті. Түүүүүүүүуу! Сөйтсем түсім екен. :) Дәл осы сәтте оянып кеттім.  Маған мұндай SMS ешкім жіберген емес. Қызық, түсіме енген кім болды екен.?!

Blog post image

4
384
0