• 153144
  • 84
  • 12
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Желтоқсан оқиғасынан бері 23 жыл өтсе де қазақ қоғамында арылу дәстүрі қалыптаспады

 

Қазыналы қарашаңырақ Елдің бəрін дүрліктірген қайта құру кезеңінің тарихта қалдырған өзіндік өрнектері аз емес. СОКП Орталық комитетінің соңғы бас хатшысы Михаил Горбачевтің желдей ескен сөзін, саналарға сіңісе қоймаған «демократия», «қайта құру» тəрізді тың ұғымдарды əркім түрліше қабылдаған. Шын мəнісінде барша совет халқының брежневтік тоқырау кезеңінен шаршап, тың өзгерістерді, соны бастамалары күткені тағы да рас болатын. Сырттай бəрі жақсы болып көрінгенімен экономиканың құлдырауы, əлеуметтік əділетсіздік нышандары сексеніші жылдардың басында-ақ, көзге ұрып тұрды.

Орталық Комитеттің 1985 жылғы сəуір Пленумы тосын пікір, соны ұмтылыс, келелі бастамасымен баршаның жүрегіне ұялады. Ел ішіңде соңдайлық бір ынта, жігер туындады. Əр адам өзін қоғамның белсенді мүшесі ретіңде сезініп, төңірегіндегі əр оқиғаға бейтарап қарай алмайтын деңгейге көтерілді. Одақтың əр тұсында бұрынғы басшылар жылжытылып, орнына жаңа адамдар келе бастады. Мəскеу Қазақстанның басшыларын өзгерту жолындағы алғашқы қадамды Қарағандыдан бастады. Жаңа кезеңнің өз дəстүрі қоса келеді. Жоғары орындар өздерінің алқалы бас қосуларын, ірі жиналыс, пленумдарын жұмыстан тыс уақытта сенбі, жексенбі күндері өткізуді де өмірге енгізе бастады

Жоғарыдағы көкелер жұмыс күнін ел игілігін молайту үшін жұмсап, ал былайғы істерін демалыс күндері орындауға көшті. 1986 жылдың қоңыр күзіңде 15 қараша, сенбі күні Қарағанды облыстық комитетінің пленумы өтіп, оңда облыстық партия комитетінің бірінші хатшылығына В.Локотунин деген азамат тағайындалды. Бұл есімді ол кезде қазақстаңдықтар біле қоймайтын. В.Локотунин 1980 жылдан 1986 жылғы сəуірге дейін Липецк облыстық комитетінің екінші хатшысы, Қарағандыға келерден бұрын, тек 6 айдай ғана, СОКП Орталық Комитетінің инспекторы болған. Жаңа басшыға қарағандылықтардың көзқарасы əрқилы болды. Біреулер Қазақстанға беймəлім, республиканың, соның ішінде облыстың тыныс-тіршілігімен танысы тағы жоқ адам қалайша бізді басқарады десе, келесілердің көкейінде барлық жерде басқару жүйесі, жұмыс істеу стилі бірдей емес пе, қайта тамырын тереңге жайған, жең асты жалғасудың тамырына балта шабуға септігін тигізеді деп үкілі үмітке малданып жүрді. Осылайша аңтаң жағдайда жүрген кезде, арада тура бір ай өткенде, 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Пленумы болып, онда ұйымдық, мəселе қаралды. Пленум Д.Қонаевты пенсияға шығуына байланысты республика Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары міндетінен босатты. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары болып бұған дейін Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші секретары болып істеген Г.Колбин сайланды. Облыстардың жөні бір бөлек, республика компартиясының бірінші басшылығына халықтың арасында алдын-ала үгіт-түсінік жұмыстарын жүргізбей, бірден сырттан əкелінген көлденең көк атты тағайындалар деп бір де бір қазақстандық ойлаған емес еді. Г.Колбиннің жасырын жəне халықты қорлайтындай түрде тағайындалуы ел ішінде толқу тудырып, жүрек түбінде жатқан запыран, ашу мен ыза жастар қозғалысы болып желтоқсанда бұрқ етті. Сол кездегі астана - Алматыда басталған жастар толқуының жаңғырығы республикамыздың бар аймағына, соның ішінде Қарағандыға да жетті. (Е.Лұқпанов «Желтоқсан жаңғырығы» Болашақ Баспа, 2001 ж.) Бұл күнде сақталған сол 1986 жылдың 19 желтоқсанындағы Қазақстан Компартиясы облыстық комитетінің құпия анықтамасы төмендегі жайлардан мағлұмат береді. Алматыдағы жастар толқуы туралы хабардың елге тарамауын қаншалықты қадағалап, тиісті шараларды қолға алғанымен (Алматымен телефон, телеграф байланысы үзілді, жолдарға күзет қойылды, поездар барар жеріне жете алмай қаңтарылып тұрды, самолеттердің ұшуына тиым салынды, қалаға сырттан автокөліктің келуі мен шығуына кедергі қойылды) сымсыз телефон бұрын-соңды болмаған оқиғаның өріс алып, кар құрсанып, мұз жастанған өрім жастардың тоталитарлық билік пен үлтты кемсітушілікке қасқая қарсы шыққан жанкештілігі туралы хабарды жамиғатқа жария етіп жіберген. Осы себептен Алматыда жастар толқуы 17-18 желтоқсан күндері болса, Қарағандыда 19-20 желтоқсан күндері өтті. Қарағанды облыстық партия комитеті шұғыл түрде оперативті топтар құрып, жастар арасында үгіт-насихат жұмысын жүргізу шараларын қауырт қолға алды. Олар жоғары оқу орындарында, студент жəне жұмысшы жастар жатақханасында болды. Соған қарамастан жастардың топттасуына кедергі қоя алмады. Жоғары оқу орындары студенттері арасында байланыс орнап, жастар 19 желтоқсан күні сағат кешкі 20.00-де өздерінің Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің V пленумының шешімімен келіспейтіңдіктерін білдіру үшін қаланың Гагарин атындағы алаңыңда жиналатын болды. Олардың арасында кейін билік орындары мың құбылтқандай нашақорлар да, маскүнемдер де болған жоқ. Жастардың көкейіндегі: «Қазақстанға бірінші басшы неге сырттан əкелінеді, қазақ елін неге қазақ басқармайды» деген сауалға ешкім жауап бере алмады. Жауабын бермейін деген жоқ, жергілікті шенеуніктердің өзі де орталықтың сыңаржақ саясатын қалың елге қайтып түсіндірудің ретін білмей тосылды. Сол күні кешкілік алаңға жиналған жастарды ішкі істер органдарының қызметкерлері күш жұмсап таратуға мəжбүр болды. Жастардың көбі құтылғанымен бір тобы ішкі істер органдарына жеткізіліп, олардан түсінік алынды. Оларды «анығын айтып, кешірім сұрамасаңдар оқудан шығарамыз, комсомолдан қуамыз, жалпы жиналысқа саламыз, елдегі ата-аналарыңа хабарлаймыз» деп қорқытты. Бүгінде сол жастардың тиісті органдардың күштеп жаздырған түсініктемелерінің бəрі болмаса да біршамасы тиісті орындарда сақтаулы 19 желтоқсан күні кешкілік қуғын көрген жастар бастарын сауғалап, төнер қауіптен тосылып, бұғып қалмады. Ертеңінде 20 желтоқсан күні таңғы сағат 8-9-дан бастап кешегі алаңға жастар тағы да шоғырланды. Бұл сенбі күні болатын. Бұл уақытта Алматыдағы жастар толқуы күшпен басылып, ереуілшілерге қарсы тек милиция күші ғана емес, ішкі əскер, арнайы топтар да жүмылдырылған. Осы əсер етті ме жергілікті жердегілер бұл күні жастармен диалог жасауды қажет деп таппады. Қолға түскен қазақ жастарын топырлатып ұстап, машинаға тиеп, ішкі істер органдарына жеткізді. Олардан қатал түрде тергеу алынды. Кейін осы оқиғаға қатысуына байланысты Қарағанды университетінен 12, политехникалық институттан 6, мединституттан 28, кооператив институтынан 3, сондай-ақ пединституттан да бірнеше студент оқудан шығарылды. Мəдени-ағарту училищесінен 9, есеп-кредит техникумынан 2 оқушы оқудан кетуге мəжбүр болды. Жоғары оқу орындарындағы қызмет атқарушы 59 адамға қатаң сөгіс берілді. Еңбек ұжымдарында желтоқсан оқиғасына қатысы бар дегендер жалпы жиналыстарға салынып, қатаң сынға алынды. Студенттер мен жұмысшы жастардың ата-аналары да жазасыз қалмады. Олар жас ұрпақты коммунистік рухта тəрбиелеуде кемшілік жібергендері үшін қатаң жазаланды. Партияда барлар қатаң сөгіс алды, тіпті кейбірінің қызметі төмендетілді. Бірнеше адамға сот болып, оның барысы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы елге сабақ болу үшін баршаға жария етілді. Бір сөзбен айтқанда, желтоқсан оқиғасына қатысы бар деп танылған еш адам жазасыз қалмады. Бірак, та бұл барша еліміз тəрізді Қарағанды жастарын да жасыта алмады. Олар ортақ мүдде, ел болашағы үшін күресте өздерінің барша əріптестерімен ниеттес екендігін өз істерімен, əрекеттерімен таныта білді.

Желтоқсан оқиғасынан бері 23 жыл өтсе де қазақ қоғамында арылу дәстүрі қалыптаспады

Қазақстанда өткен кезеңдегі күнәлар үшін кешірім сұрап, одан арылу дәстүрі әлі күнге қалыптасқан жоқ. Желтоқсан оқиғаларынан кейінгі 23 жыл ішінде ондай қадам жасауға бір ғана адамның батылы барды. Ол – биліктен оппозицияға өткен саясаткер еді.

ЖАРМАХАННЫҢ ЖАЛҚЫ ІСІ

Осыдан 23 жыл бұрын алаңға шыққан жастарды «нашақорлар, бұзақылар, маскүнемдер» деп айыптаған Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық Комитетінде, заң органдарында белді қызметте жұмыс істегендер мен комсомол жастар одағының белсенділері – бүгін тәуелсіз Қазақстанның жоғары лауазымды тұлғалары.Совет заманында қуғын-сүргіндерге атсалысқан, ал қазірде Қазақстанның билік басындағы тұлғалар бір кездегі іс-әрекеттері үшін күні бүгінге дейін ар алдында тәубаға келіп, кешірім сұраған емес. Керісінше, олар өздерін, сол кездегі істегендерін барынша ақтап алуға тырысты.

Әзірге Қазақстанда Желтоқсан оқиғасы кезіндегі іс-әрекеттері үшін қоғам алдында, жазықсыз жазаланып түрмеге отырғызылған кісінің алдында кешірім сұраған бір-ақ адам бар. Ол – «Азат» социал-демократиялық партиясының теңтөрағасы Жармахан Тұяқбай. Ол Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға қарсы ұйымдастырылған қуғын-сүргінге мемлекеттік айыптаушы органның өкілі ретінде қатысқан.

Желтоқсан оқиғасына қатысушылардың бірі – бүгінде мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан. Ол Алматыдағы оқиғаларға қатысқан жастарға қарсы жазалау шараларын жүргізгендерден ешкім осы күнге дейін өзінен кешірім сұрамағанын айтады. Бірақ соған бола, өткенді қазбалаудың қажеті жоқ деп есептейді ол.

– Желтоқсан оқиғасында мен алаңға шыққан кезде билікті былай қойғанда Алматыдағы жақын туыстарым, қандас бауырларымнан мені жазғырған, сол кездегі билік режимін қорғап, жақтаған сөздерді естідім. Осы оқиғадан кейін олар мені үйлеріне жолатқысы келмеді. Солар қазір аман-есен жүр. Мен қазір енді соларға «кезінде маған қарсы болдың, күстәнәлап едің» деп көзге шұқып жатсам, не болады? Олай болса елдіктен кетеміз, – деді Бекболат Тілеухан Азаттық радиосына.

АР АЛДЫНДА АҚТАЛУ

Оппозициялық саясаткер, экс-сенатор Зәуреш Батталова қазіргі билік өзгермей қоғамда өткеніне өкініш білдіріп қателіктерден арылу, яғни кешірім сұрау процесі жүрмейді дейді.

– Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастарды «нашақорлар» деп кінәлаған Алаңға шыққан жастарды «нашақорлар» деп кінәлаған адамдардың бәрі басшыға жалтақтап, президент тарапынан қандай іс-қимыл болады, соған қарап икемделеді.

адамдардың бәрі басшыға жалтақтап, президент Алаңға шыққан жастарды «нашақорлар» деп кінәлаған адамдардың бәрі басшыға жалтақтап, президент тарапынан қандай іс-қимыл болады, соған қарап икемделеді.тарапынан

қандай іс-қимыл болады, соған қарап икемделеді. Олар жеке өз бетінше саяси шешім қабылдай алмайды. Кешірім сұрауды – биліктің саясатынан тыс кету деп қабылдайды. Оқиғаға қатысы барлардың кешірім сұрауға ерік-жігерлері жетпейді. Демек, халықтан жасыратын бірдемелері бар деген сөз, – дейді Зәуреш Батталова.

Тағы бір экс-сенатор, оппозициялық саясаткер, «Кенесары» қоғамдық қорының төрағасы Уалихан Қайсар да Желтоқсан кезінде бейбіт азаматтарға қарсы жасалған істерге араласқандардың кешірім сұрай алмауларының себебін былайша түсіндіреді.

– Менің ойымша, олар Желтоқсанға Назарбаевтың тікелей қатысы бар екенін біліп, Назарбаевтан қорқып, кешірім сұрай алмайды. Егер олар халықтың алдына шығып, кешірім сұрайтын болса, онда олар билік үшін жат болып шыға келеді. Тағы бір себебі, қазіргі билікте отырған адамдардың көбі – қорқақтар. Ондайлардың өз тәуелсіз азаматтық көзқарасын білдіруге қабылеттері жоқ, – дейді Уалихан Қайсар.

КЕШІРІМ СҰРАУ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНАН АЛЫСТАП КЕТКЕН

«Ақ жол» партиясының төрағасы Әлихан Байменов қуғын-сүргінді қолдан жасауға қатысқан қазақ билігінің бүгінгі үнсіздігінің себебін, олардың коммунистік партияның идеологиясымен ауызданып өскендігімен байланыстырады.

– Бізде тіпті әлі күнге дейін советтік жүйеге саяси баға берілген жоқ. Тіпті, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне дейін, миллиондаған халықты қырған совет режимінің, сұрапыл Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматыда 1986 жылы желтоқсанда шеруге шыққан жастарды бастап жүргені туралы айтқанын мысқылдайтын сатиралық сурет. Оның жанында Михаил Горбачев пен Борис Ельцин бейнеленген. «С-Демократ» тәуелсіз газетінде 1992 жылы шыққан сурет. Басылым шығарушысы және редакторы – Андрей Свиридов.

қуғын-сүргін заманының өзіне саяси баға беруден біздің билік алыс жүреді. Бұған, бір Нұрсұлтан Назарбаевтың Алматыда 1986 жылы желтоқсанда шеруге шыққан жастарды бастап жүргені туралы айтқанын мысқылдайтын сатиралық сурет. Оның жанында Михаил Горбачев пен Борис Ельцин бейнеленген. «С-Демократ» тәуелсіз газетінде 1992 жылы шыққан сурет. Басылым шығарушысы және редакторы – Андрей Свиридов.

жағынан, билікте әлі күнге дейін Коммунистік партияның, комсомолдың тәрбиесін алған адамдардың отырғанының әсері бар. 1986 жылы желтоқсанда билік жүйесінде басшы қызметтерде болған адамдар енді қазір өздерін сол кезде жастарға қорған болып, басқаша қимыл жасаған қылып көрсеткісі келеді.

Әлихан Байменов өткендегі күнәлары үшін кешірім сұрап, одан арылу дәстүрі Сталиннің шекпенінен шыққан кейбір постсоветтік елдерде әлі күнге қалыптаспай отырғандығын айтады.

– Бүгінде Ресейдің бірқатар тарихшылары XX ғасырдағы тоталитарлық жүйені ағартып алуға тырысып, «Ресей ешкімнің алдында ақталуға тиіс емес» деп жазып жүр. Ал сталинизмнің жасаған адамзат болмысына қарсы жантүршігерлік қылмыстары үшін ешкім кешірім сұраған жоқ, – дейді «Ақ жол» партиясының төрағасы.

Биыл Алматыда Желтоқсан оқиғаларын еске түсіру күндері әртүрлі оқиғаларға толы болды. Қазақстан үкімет Қытайға бір миллион гектар қазақ жерін жалға береді екен деген қауесет қоғамды дүрліктірді. Бұған қоса, әлдекімдер жастарды желтоқсанның 17-күні Республика алаңына наразылық акциясына шақырып электронды хаттар мен sms-хабарландырулар таратты.

Бір атап өтер жайт, желтоқсанның 16-17 күндері Республика алаңында биліктің атынан халықпен бетпе-бет кездесуге Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов шығып жүрді. Ол жанындағы өзге адамдармен бірге алаңға жиналған жүздеген адамды сабырлылық танытуға, арандатушылық әрекеттер мен кикілжіңге жол бермеуге шақырумен болды.

 

Бұл күндері Республика алаңынан қала әкімінің тағы бір орынбасары Виктор Долженков көзге шалынбады. Қазіргі кезде ол қала әкімдігінде экономика және өнеркәсіп салаларының жұмысын үйлестіреді.

 

1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары кезінде Виктор Долженков Алматының Фрунзе аудандық атқару комитетінің төрағасы болатын. Сол кезде шеруге шыққан қазақ жастары мен оларды күшпен басуға биліктің жіберген әскер арасындағы қан-жоса қақтығыстар сол ауданның аумағында болған-ды.

Виктор Долженковтың есімі Желтоқсан оқиғасын тексеру үшін құрылған парламенттік комиссияның қорытындысында жастардың бейбіт жиынын күшпен басып, қуғын-сүргін ұйымдастырған жауапты тұлғаларды анықтау мақсатында жасалған тізімде аталды.

Бірақ көп ұзамай, қоғамда «Мұхтар Шахановтың комиссиясы» аталып кеткен осы парламенттік комиссия таратылып, жұмысы жол ортада қалып қойды. Әйткенмен, Қазақ ССР Жоғары Кеңесі құрған сол комиссиясының әлгі айтылған «қара тізімінің» қалай жасалғандығы да сауалдар туғызады. Мысалы, сол тізімге енген Виктор Долженковтың сол замандағы тікелей басшылары ол тізімге кірмей қалды. Алайда бұл жайында қоғамға ешкім ешқандай түсінік бермеді.

Кейбір саяси күштер 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларының шынайы себеп-салдарын анықтау мақсатындағы зерттеу жұмыстарын аяғына жетпей тоқтату үшін біршама күш-жігерін жұмсады.

 

Ләззат Асанова

 

Қайрат Рысқұлбеков

 

 

Alium Bukar AliumBukar
30 декабря 2009, 1:44
16782

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Мысли вслух. Почему казахи перестали общаться с родственниками и ходить в гости?

Дастархан в те времена был скромен. Не было понятия «сынау» - осуждения кто как живет, какой в доме ремонт и т.д. Пока взрослые обсуждали задержку заработной платы, мы играли в армию, жмурки, строили городки...
socium_kzo
5 дек. 2016 / 15:19
  • 32250
  • 30
Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

Верховный Суд презентовал комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу

ГПК содержит 505 статей, многие из которых написаны несколько сложным юридическим языком. Однако теперь понять их можно проще и без обращения к юристу.
RuSnake
6 дек. 2016 / 10:31
  • 11138
  • 0
Невозвращенцы-болашаковцы должны государству почти 2 млрд тенге. Кто их теперь вернет?

Невозвращенцы-болашаковцы должны государству почти 2 млрд тенге. Кто их теперь вернет?

Как сообщают новостные порталы, в Нью-Йорке нашёлся бывший болашаковец Ержан Еликов, исчезнувший пять лет назад и всё это время не выходивший на связь с родителями. Да-да, это именно он, «тот самый».
openqazaqstan
9 дек. 2016 / 14:31
  • 11269
  • 48
Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

Японец о Казахстане: «Ваши девушки уж сильно себе набивают цену...»

"Мужчины должны у вас тут права качать, ибо их процент в вашей численности населения уступает проценту женщин". Я машинально начала уверять, что у нас в стране таковых не имеется...
Sapientia
5 дек. 2016 / 10:52
  • 11141
  • 71
Цены Шымбулака – не для казахстанцев? Но вы не нойте. Держитесь и всего вам хорошего

Цены Шымбулака – не для казахстанцев? Но вы не нойте. Держитесь и всего вам хорошего

Знаменитый алматинский горнолыжный курорт «Шымбулак», которым мы все привыкли гордиться, с 10 декабря поднимает цены на свои услуги. Например, дневной абонемент на катание на склонах Шымбулака...
pacifist
9 дек. 2016 / 12:13
  • 9402
  • 30
Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

Известный европейский фотограф показал истинную красоту казашек

С 26 по 30 ноября в Алматы гостил известный европейский фотограф Ян Маклайн в рамках реализации совместного проекта с Казахстаном. Подробности не уточняются, однако ходят слухи о том, что этот...
Muchacho55
7 дек. 2016 / 18:29
  • 9930
  • 8
Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Распил 1 млрд долларов или спасение для Алматы? В 2017-м начнётся строительство БАКАД

Конечно, Алматы заслужил эту дорогу. Невзирая на все издержки, которые могут возникнуть. Заслужил и как крупнейший город Казахстана, и как субъект, формирующий своими налогами около четверти всех...
merurg
7 дек. 2016 / 12:35
  • 7633
  • 20
«Лицо дьявола»? Страшный силуэт на стекле – не оправдание водительской безответственности

«Лицо дьявола»? Страшный силуэт на стекле – не оправдание водительской безответственности

Казнет уже которые сутки подряд обсуждает страшную аварию на трассе Астана – Боровое, где сошлись страшные мистические знаки и где из-за банальной человеческой безответственности гибли люди..
openqazaqstan
8 дек. 2016 / 13:14
  • 7032
  • 7
10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

10 причин, по которым я не смогла работать учителем. Не только в зарплате дело, ребята

Я почти год проработала в школе, и когда уходила оттуда, была самым счастливым человеком в мире. Тот год, честно говоря, я и сейчас вспоминаю с ужасом.
demonica
6 дек. 2016 / 17:21
  • 6769
  • 79