Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
13:10, 29 декабря 2009

Назарбаевтың жеке басына табынушылық халықтың табиғатына да байланысты...

 

Қазақстан көптен бері Назарбаевтың жеке басына табынушылық жағдайында өмір сүріп келеді дейді президенттің бақталастары. Алайда оның жақтастары әрі партиялық серіктестері, бұл пікірмен келіспейді. Бірақ, жеке басқа табынушылықтың болуына қарапайым халықтың өзі кінәлі деген де пікірлер бар.

Жеке басқа табынушылық деген не, ол қайдан шығады, ол қайда апарады және одан қалай құтылуға болады? Бұл жайында біз мақаланың соңында қазақстандық психоаналитикпен әңгімелесетін боламыз. Ал әзірге сарапшылар мен қарапайым қазақстандықтардың пікірлерін тыңдап көрелік.

Осындай шетін мәселе туралы олар не ойлайды екен? Президенттік тақта көптен бері отырған Назарбаев жеке басқа табынушылық дертіне шалдықты ма, жоқ әлде, оның серіктестері айтқандай, елдің бірінші демократы болып отырған періште жан ба?

ЖЕКЕ БАСҚА ТАБЫНУШЫЛЫҚТЫҢ КӨКЕСІ БАР

Әңгімемізді Нұрсұлтан Назарбаевты сынағаны үшін жапа шеккен тәуелсіз журналист Сергей Дувановтан бастаймыз. Ол түрмеге отырып шықты. Яғни, жеке басқа табынушылықтың құрбаны болды. Оны соттау үшін басқа жағдайды желеулетті.

Бұл тақырыпқа байланысты журналист Сергей Дувановтың өзі былай деді:

– Өкінішке қарай, бүгінде біздің көптеген азаматтарымыз мұндай дертпен ауырады. Кез келген жеке басқа табынушылық мемлекет басшысының айналасындағылардың оған «сізге тең келетін, сізді алмастыратын адам жоқ» деп мәлімдеуінен басталады. Назарбаевқа қатысты да дәл солай болды. Бұл өте маңызды мәселе.

Ғылыми тілмен айтсақ: бұл обьективті процесс. Кез келген жеке басқа табынушылық мемлекет басшысының айналасындағылардың оған «сізге тең келетін, сізді алмастыратын адам жоқ» деп мәлімдеуінен басталады. Назарбаевқа қатысты да дәл солай болды. Бұл өте маңызды мәселе.Сондықтан,

мәселе Назарбаевта емес. Ол аяғы аспаннан салбырап түскен жоқ.

Президенттің бұл дертпен қаншалықты ауырғанын айта алмаймын. Бірақ ол айналадан өзінің бейнесі мен сөздерінен цитата келтірілген үлкен билбродтарды көргенде қандай сезімде болатынын білгім келеді.

Кез келген жеке басқа табынушылық мемлекет басшысының айналасындағылардың оған «сізге тең келетін, сізді алмастыратын адам жоқ» деп мәлімдеуінен басталады. Назарбаевқа қатысты да дәл солай болды. Бұл өте маңызды мәселе.

Назарбаевқа және өзге де сол сияқты билеушілерге президенттердің келіп, кететінін, ал халықтың қалатынын түсінетін уақыт әлдеқашан жетті. Ауыспайтын, мәңгілік ешнәрсе жоқ. Бұл тарих шындығы.

Ғалым, «Азат» ұлттық-демократиялық қозғалысының бұрынғы жетекшісі Төлеубек Сейітқалиұлы журналист Сергей Дувановқа қарағанда қатаңдау айтты. Ол тек қазіргі президентті ғана емес, оппозиция жетекшілерін де сынға алды:

– Билікке білімі таяз, құлдық психологиядағы адам келген кезде жеке басқа табынушылық әрқашан гүлденеді. Бүгінде Назарбаевтың жеке басына табынушылық қатерлі деңгейге жетті.

Назарбаев билікке келген бетте-ақ мен және «Азат» қозғалысындағы менің кейбір Назарбаев билікке келген бетте-ақ мен және «Азат» қозғалысындағы менің кейбір әріптестерім Назарбаев тек өзінің мүддесін ғана ойлайды деп мәлімдегенбіз. Айтқанымыз айдай келді.

әріптестерім Назарбаев тек өзінің мүддесін ғана Назарбаев билікке келген бетте-ақ мен және «Азат» қозғалысындағы менің кейбір әріптестерім Назарбаев тек өзінің мүддесін ғана ойлайды деп мәлімдегенбіз. Айтқанымыз айдай келді.ойлайды

деп мәлімдегенбіз. Айтқанымыз айдай келді.

Ең жаманы – біздің саясаткерлерде мәдениеттің жоқтығы. Нағыз зиялы дегеніміз үш буын бойы зиялы болғандар екенін сіз білесіз ғой. Ал мыналар кім? «Көшеде жүрген пақырды, патша бол деп шақырды» дегеніңіз нағыз осыларға арналған.

Оппозицияның бүгінгі кейбір жетекшілерінде болашақ автократтардың өркендері бүршік жара бастағанын байқау үшін соншалықты данышпан болудың қажеті жоқ. Дәл сол Серікбосын Әбділдин, Жармахан Тұяқбайлар жеке басқа табынушылықпен ауырады. Олар елдегі жағдайды өзгертуге шындап бел буса, бүгіннен бастап ойланулары керек. Ол үшін ең алдымен өздерінен бастаулары керек.

ЖЕКЕ БАСҚА ТАБЫНУШЫЛЫҚПЕН ЖАСТАР КҮРЕСЕ БАСТАДЫ

Студенттер «Нұр Отан» партиясы ғимаратының алдында наразылық акциясын өткізіп тұр. Алматы, 3 ақпан 2009 ж.

Биылғы жылғы ақпанның 3-інде «Рух пен тіл» жастар клубының белсенділері президенттік «Нұр Отан» партиясының Алматыдағы кеңсесінің алдына барып, Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке басына табынушылыққа қарсылық акциясын өткізді, содан соң өздерінің үндеулерін табыс етті. Бірақ партиядан өз сауалдарына жауап ала алмады.

Нұротандықтар студенттерді байқамағандай кейіп танытып, үнсіз қалды. Ал жастар шынында да алаңдаушылық білдірген еді.

«Елде дағдарыс өршіп тұрған кезде парламент депутаты Сәт Тоқпақбаевтың Астананы Нұрсұлтан деп өзгерту туралы үндеу тастағаны қай сасқаны?» деп мәлімдеген студенттер тек депутатты ғана емес, сонымен бірге президентті мақтауда алдарына жан салмайтын білім министрі Жансейіт Түймебаев пен өзге де жоғары дәрежелі шенеуніктерді сынға алды.

Жастардың көтерген проблемасы жайында ойланудың орнына «Нұр Отан» партиясы Бірақ, мемлекетті құрудағы президенттің рөлі зор екендігіне келісетін шығарсыз. Бұны барлығымыз көріп отырмыз. Мұндай тұлғаны сыйламауға болмайды.

Алматы филиалының идеологиялық және Бірақ, мемлекетті құрудағы президенттің рөлі зор екендігіне келісетін шығарсыз. Бұны барлығымыз көріп отырмыз. Мұндай тұлғаны сыйламауға болмайды.қоғамдық-саяси

жұмыстар жөніндегі бөлімінің меңгерушісі Гүлнара Сәменбекова әдеттегідей сырғытпа сөзбен шығарып салды:

«Біз әркім өзінің ойындағыны іркілмей айтатын еркін елде өмір сүріп жатырмыз. Егер студенттер мұндай мәлімдеме жасағылары келсе, олардың өз еркі. Мысалы, біреу президентті жақсы көретіндігін айтқысы келеді ғой. Бұл да сол сияқты. Мұнда тұрған не бар? Мәселе олардың бұны қалай жасайтындығында. Кейбіреулер оны соншалықты сенімсіз, бәлкім ойланбай жасауы мүмкін. Бірақ, мемлекетті құрудағы президенттің рөлі зор екендігіне келісетін шығарсыз. Бұны барлығымыз көріп отырмыз. Мұндай тұлғаны сыйламауға болмайды. Біреулер президентті шектен тыс асыра мақтайды деп ойламаймын».

«Нұр Отан» партиясының көптеген белсенділері, солардың арасында партияның идеологы, президенттің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев та бар, шамамен дәл осылай ойлайды.

«Рух пен тіл» клубындағы жастардың бастамасын оппозициядағылар да қолдаған жоқ.

ӨТКЕНГЕ ҚАЙТА ОРАЛУ

Елде жеке басқа табынушылықтың гүлденіп келе жатқандығы жайында біз сұрау салғандардың көпшілігі айтты. Олардың арасында Алматыға түрлі себептермен келген Қазақстанның әр аймағының өкілдері бар.

Кейбіреулері Нұрсұлтан Назарбаев аймақтарға келгенде онымен кездесудің мүмкін еместігін айтты. Үлкен стадион, алаңдарды билікке қажет адамдарды жинап алдын ала толтырып қояды. «Дәл баяғы совет өкіметі кезіндегідей» дейді сынаушылар.

Түркменстан президенті Сапармұрад Ниязов пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев уақыт салыстырып тұр. Ашхабад әуежайы.

Енді біреулердің айтуынша, әкімдер өткізген кез-келген кеңес данагөй, теңдесі жоқ Нұрсұлтан Назарбаевты жер-көкке сиғызбай сыпыра мақтауға ұласады.

Белгілі себептерге байланысты өз аты-жөнін айтқысы келмеген Алматыдағы бір университеттің жас докторанты ғылымда да өткенге оралудың белгісі бар екендігін айтты Азаттық тілшісіне. Бұрын кез-келген ғалым өзінің ғылыми жұмысының, рефератының, баяндамасының басында міндетті түрде Леонид Брежневтің «дана» сөздеріне сілтеме жасайтын болса, бүгінде дәл сол сияқты Нұрсұлтан Назарбаевқа сілтеме жасамай өтуге болмайды. Осыған байланысты жас ғалым былай деді:

– Мен докторлық жұмысымды ғылыми жетекшіме тексеруге берген соң ол жұмысымды жылдам парақтап шығып: «Тақырыпқа байланысты Назарбаевтың сөздерін тауып, оны жұмысыңа енгіз» деді. Мен оған қарсылассам да болар еді. Онда жұмысымның зая кеткені. Сондықтан мен жетекшімнің маған берген кеңесін орындадым. Бүгінде барлық жерде осылай. Жас ғалымдармен сөйлесіп көрсеңіз, олар менің сөзімді растайды.

Қазақстандықтарды жеке басқа табынушылықтан не құтқарады деген сұраққа респонденттердің көпшілігі «бұған тек әділ сайлау ғана көмектеседі» деп жауап берді. Бірақ скептиктер Қазақстанда алдағы он жылдың шамасында бұлай болуы мүмкін емес болғандықтан нұротандықтар, өздері бір кездері таңдап алған жолмен, күннен күнге өздерінің көсемдерін көкке көтеріп, халықты алдап, ақымақ қылып жүре береді деген уәж айтады.

Бірақ жеке басқа табынуды сынаушылардың барлығы бұл «жеке басқа табыну» ойыны ешқандай жақсылыққа әкелмейтінін ескертеді.

ПСИХОАНАЛИТИК ЖЕКЕ БАСҚА ТАБЫНУ ТУРАЛЫ НЕ ДЕЙДІ?

Біз аталған тақырыпқа байланысты алматылық психоаналитик Анна Құдияровамен әңгімелескен едік.

Қазақстанның психоаналитиктер қауымдастығының президенті Анна Құдиярова жеке басқа табынушылыққа өзінің диагнозын қояды. Батыс экономикасының дамуына психоанализ ғылымының да елеулі үлес қосқандығына сенімді маман психоанализ арқылы жеке басқа табыну сияқты құбылыстың алдын алуға болады дейді.

Анна Құдиярова, Қазақстанның психоаналитиктер қауымдастығының президенті. Алматы, маусым, 2009 ж.

Анна Құдиярова әңгіме жекелеген адамдар туралы емес, ғылыми тұрғыдан алғанда әлгі проблема туралы болатындығын бірден ескертіп айтты:

– «Жеке басқа табыну» деген сөз тіркесінің өзі соңғы ғасырда өмірге келді. Бірақ, құбылыс ретінде ол ғасырлар қойнауынан келе жатыр. Алғашқы қауымдық құрылыстан кейінгі өркениетті қоғамға өте бастаған кездің өзінде-ақ жеке басқа табынудың алғашқы белгілері байқалды. Адамдар тастан жасалған пұттарға, жануарларға, табиғат құбылыстарына табына бастады. Құдайларды ойлап тауып, оларға ат берді. Осылайша дін өмірге келді.

Сірә, адамның психикасы солай жаратылған болуы керек. Яғни, көктегі құдай болсын, тайпа көсемі болсын, адам әйтеуір біреуге табынбай, көкке көтермей өмір сүре алмайды.

«Патша айналасымен сыйлы» деген қанатты сөз бар. Яғни, мемлекет, дін қайраткерінің Егер қалың көпшілік, халық өз көсемін көкке көтеруді қаламаса, көсемнің қолынан бұл келмес еді. Міне, демократиялық тәртіп орнаған елдерде ондай құбылыстардың жоғалғаны сондықтан.

айналасы жеке басқа табынушылықты Егер қалың көпшілік, халық өз көсемін көкке көтеруді қаламаса, көсемнің қолынан бұл келмес еді. Міне, демократиялық тәртіп орнаған елдерде ондай құбылыстардың жоғалғаны сондықтан.тудырады.

Психоаналитиканың атасы Зигмунд Фрейд «Мұса және монотеизм» деген әйгілі еңбегінде осы проблема туралы, яғни, құдайларды ойлап табудың, жеке тұлғаларды көкке көтерудің негізі қайдан пайда болатыны туралы айтады.

– Анна ханым, сонда жеке басқа табынушылықтың пайда болуына билікте отырған нақты жеке тұлға ғана емес, халықтың өзі де кінәлі дегіңіз келе ме?

– Дәл солай. Егер қалың көпшілік, халық өз көсемін көкке көтеруді қаламаса, көсемнің қолынан бұл келмес еді. Міне, демократиялық тәртіп орнаған елдерде ондай құбылыстардың жоғалғаны сондықтан. Ол жақта халық пен биліктің арасында өркениетті келісім бар.

– Бүгінгі психоаналитик-мамандар билік басында отырған кейбір адамдарға әлгі проблемадан құтылуға көмектесе алар ма еді? Өйткені, жеке басқа табынушылық салдарынан тек халық қана емес, ақыр соңында сол басшының өзі де зардап шегеді ғой.

– Иә, ерте ме, кеш пе бәрінің түйіні шешіледі. Ақыр соңында бұдан бәрі де ұтылады. Бірақ мұндай адамдарды емдеу үшін, алдымен диагнозын дұрыс қою керек. Пациентті зерттеп, оның бойындағы «жараның» қайдан пайда болғанын анықтау керек. Неге ол билікке, өзін мақтатуға құмар? Міне, диагноз дұрыс қойылған соң, әрқашан емдеуге болады. Жазылмайтын дерт болмайды.

Мен сізге мынаны айтайын. Бүгінде батыс елдеріндегі барлық ірі мекемелерде, мемлекеттік құрылымдарда өздерінің штаттағы психоаналитиктері бар. Олар компания қызметкерлерін ұзақ уақыт бақылауға алады, нақты кеңестер береді, сауықтыру әңгімелерін жүргізеді. Міне, сондықтан да оларда қазіргі кезде Гитлер сияқты тұлғалардың билікке келуі мүмкін емес. Ол жақта саясатта жүргендердің іс-қимылын алдын ала болжауға болады. Әрине, олардың амбициясы жоқ деп айтуға болмайды. Бірақ, оларда қалыпты, түсінікті амбициялар бар.

Blog post image

Табынамыз ба?

 

 

0