Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
2
20:29, 28 апреля 2012

Иман ізде - хит

Қайнарынан бастау алып дін Исламның,

Білімге талап қойған мұсылманмын!

Сақал қойдым - сақалым Абайдікі,

Сталинге ұқсап мұрт қоюға қысылғанмын.


Терроризм дегенге қатысым жоқ,

Ондай жынды, аурулармен шатысым жоқ!

Дін Ислам құптамайды бұл қылықты,

Ол түгіл құптамайды сопылықты!


Сопылықтың жаршысы Исматулла,

Ән айтып, зікір салып Джип мініпті.

Депутаттың біреуі джип әперген,

Қалың жұртқа мазақ болып, күлдіріпті.


Жаспын мен, енді ғана ес білгендей,

Бірақ Аллам көп нәрсені білдіргендей.

Мұсылман болғаныма қуанамын,

Ақ құс ұшқан, бау-бақшаға дәл кіргендей.


Тұрса да жағдай сонша құты қашып,

Қорықпашы бауырым, шошымашы!

Сонда да білім ізде, иман ізде,

Алланың қайырынан құр қалмашы!

2