Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
2
06:41, 27 апреля 2012

Екінші ең керемет тіл

Төрткүл дүниенің ең танымал тілдер тобы романс тілдері екеніне ешкімнің күмәні жоқ шығар. Солардың ең кең тарағаны, әрине, испан тілі, барлығы 690 миллион ана тілі ретінде қолданушыдан 47 пайызымен сөйленуде. Бірақ, соған қарамастан, французша (11%), итальянша (9%) сияқты тілдер, қолданыс аясы аз болса да, халық тарапынан үйренілуде. Сол тілдер адам баласы үшін әлі де тартымды. Себебі, соларда көптеген көркем әдебиеті, әуендер жазылғаны болса керек. Иелері тілдің мәртебесін жоғары ұстап, дамыта беруде.

Қазіргі таңда түркі тілдес халықтардың (200 миллионға жуық) арасында түрікше 40%, ал қазақша болса 4% пайызы ғана сөйлейді. Қазақша сөйлесе алатындардын санын жақын арада түрікше білетіндерден арттыруға болмайтыны анық. Сонда да, егер де өзіміз тілге ие бола алсақ, еңсемізді биік ұстасақ, тілімізді қадірлесек, басқаларға әсемдігін көрсете білсек, Алла жазса, деңгейін көтеріп, дүниенің екінші ең керемет тілі болғанын дәлелдерміз.

 
2
686
8