Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
23:13, 18 апреля 2012

Мәдени сенбілік акциясы

«Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен Семей қаласында бірінші рет ШҚО Абай атындағы әмбебап кітапханасы "Мәдени сенбілік" акциясын ұйымдастырды. «Мәдени сенбіліктің» негізгі мақсаты Семей қаласы тұрғындарының сенбі күндерінде бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру.  Кітапхана алаңындағы Қ.Мұхаметханов ескерткіші маңында 2012 жылы 14 сәуір күні қала жұртшылығын кітап оқуға тарту, «Мәдени сенбілік» шарасының мақсатымен таныстыру, Семей қаласы тұрғындарының демалыс күнгі уақыттарын мәдениетті пайдалануына көмектесу мақсатында «Мәдени сенбілік» шарасының ашылу салтанаты өтті. «Мәдени сенбілік» аясында «Кітапты сыйлыққа ал» акциясы ұйымдастырылды. Шараға қалалық сенбілікке шыққан кітапхана маңында орналасқан Қазақстан Халықтары Ассамблеясы ұжымы мен тарихи-өлкетану мұражай ұжымы қызметкелері, радиотехника және байланыс колледжінің студенттері шақырылды. Қатысушылар қаламызда бірінші рет ұйымдастырылған «Мәдени сенбілік» мақсатымен, мазмұнымен және «Кітапты сыйлыққа ал» акциясымен танысты. Абайтанушы-ғалым, жазушы Мұрат Рахымжанұлы Сұлтанбеков, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті О.Т.Шәріпбаев, Халықаралық «Невада-Семей» қозғалысының вице-президенті С.У.Картоевтар «Мәдени сенбіліктің» ашылу салтанатымен құттықтап, мұндай маңызды шараға және қатысушыларға ақ жол тіледі. Акцияға қатысушылар үшін «Кітапты сыйлыққа ал!» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, көрме міндеті бойынша қатысушылар таңдаған кітаптарын өздеріне сыйға алу мүмкіншілігі жасалды. Акцияға Қайым Мұхаметхановтың, Медеу Сәрсекенің, Роллан Сейсенбаевтың және шетелдік классиктер Алексей Толстойдың, Джона Голсуорси, Андре Моруа, Агата Кристидің шығармалары, «Абай» журналы сияқты 150-ге тарта кітаптар мен журналдар ұсынылды. Қалалық сенбілікке шыққан жұртшылық тек қана қоғамдық жұмыс атқарып қана қайтпай, осындай игі шараға қатысып, таңдаған кітаптарын алып, көңілдері көтеріліп, алғыстарын білдіріп тарасты. Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған «Мәдени сенбілік» шарасы қала тұрғындары үшін маңызды іс болды. Мұндай игілікті шара алдағы аптада Семей қаласының цементшілер кентінде жалғасын таппақ.

0
487
2