Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
-1
11:23, 18 апреля 2012

Күй мерекесі

Биыл Алматыда мәдениет жылы жарияланған. Осы жылы қаламызда көптеген мәдени шаралар өтетініне анық сенуге болады.

Бүгін сағат кешкі жетіде Құрманғазы атындағы консерваторияның Үлкен залында күйші әрі композитор Қаршыға Ахмедияровты еске алу кеші өткен болатын. Жұмыстан шыға салып кеш өтетін жерге асықтым.

Blog post image

Кеш өтетін жерге жақындай түскенде сыртта күй атасы Құрманғазының "Сарыарқа" күйі естілді. Ғимаратты қоршаған қалың адам. Жақындап келсем, беті жабулы ескерткішті байқадым.

Blog post image

Blog post image

Ойналып жатқан күйлерге, жабулы ескерткіштін қырынан көрініп тұрған домбыраның бір бөлігіне қарап отырып, ескерткіш Құрманғазы Сағырбайұлына арналғанын бірден түсіндім.

Әсем әуен іздеп келіп, Құрманғазы бабамызға арналған ескерткіштің салтанатты ашылу рәсімін күтпеген жерден көре алдым. Видеоға түсіріп алдым, бейнежазбаны төменде назарларыңызға ұсынып отырмын:

Алматыда жаңа ескерткіш орнын тапты:

Blog post image

Осыдан кейін жиналған кеш өтетін ғимаратқа қарай беттеді. Концерт болды. Концертте күй алыбы Құрманғазының, Нұрғиса Тілендиевтің және Қаршыға Ахмедияровтың күйлері орындалды. Елдің басқа аймағынан келген күйшілер, ұстаздар, Қаршығаның шәкірттері орындады. "Тірі Құрманғазы" атанған күйшіміздің өмірінен үзінділер келтірілді.

Blog post image

Қаршыға тек күйші, композитор, дарынды ұстаз ғана емес, сонымен қатар ән де жазыпты.

Залда жиналған қауымның арасында немістерді байқап қалдым. Қазақ өнерін сүйетін жандардың өзге ұлт арасынан табылып жатқаны қуантарлық жағдай. Бүгінгі кеш менің ішімде үлкен әсер қалдырды.

-1
1154
5