место в рейтинге
  • 25623
  • 3
  • 6
Нравится блог?
Подписывайтесь!

PR-дың даму тарихы,АҚШ тәжірибесі.



1.PR-дың даму тарихы,АҚШ тәжірибесі.

Жұртшылықпен байланыс өз дамуында ең алдымен батыс қоғамындағы әлеуметтік құрылыстың күрделенуімен қатысты болған бірнеше кезеңнен өтті. Осындай төрт кезең атап өтіледі.ХІХ ғасырдың орта тұсынан бастап жарнама моделі, біржақты байланыспен ерекшеленеді. Қазір бұл модель сирек қолданылады.ХХ ғасырдан басында-қоғамдық ақпарат моделі. Оған ақпараттың қоғамда белгілі бір ұйымның мақсат-мүддесіне орай таралуы, хабарламаның обьективтілігне баса көңіл бөлінуі тән. Бірақ бұл модель де коммуникация процесінің біржақтылығымен айырмаланады.1920 жылдан бастап екіжақты ассиметриялық модель пайда болды. Бұл модельге аудиторияның ұстанымдарын кейіннен өзгерту мақсатында зерттеп білу тән. Алғашқы екі модельмен салыстырғанда әсер ету обьектісінің мінез-құлқы мен ішкі жай-күйі көбірек назарға алынады. Бірақ, мұнда манипуляторлық, насихаттық сарындар басым болды. Ол қоғамның саяси және экономикалық салаларында қолданылды, қазіргі таңда тауар және қызметтер өндірісіне қатысты тәжірибенің 15-20%-ын құрайды.XX ғасырдың орта тұсынан бастап екіжақты симметриялы модель қолданылып келеді.Әсер ету объектісімен өзара түсіністік пен әріптестік,объектінің мүдделерін барынша ескеру,этикалық қырдың басым рөлі,насихаттан,жалғандық пен алдап-арбаудан бас тарту оның ең басты принциптері болып табылады.Сарапшылардың бағалауынша болашақ-осы модельдікі.

Заманымыздың айшықты белгілерінің бірі  ретінде жұртшылықпен байланыс қалыптасып,дамудың белесті жолдарынан өтті.Оның қаз тұруы XIXғасырмен тұспа-тұс келеді. PR терминін АҚШ-тың үшінші президенті Т.Джеферсон алғаш рет қолданды деген әңгіме бар. Американың алтыншы президенті Э.Джексон да журналистер қауымының қызметіне жиі жүгінгені белгілі. Сол тұста (1830-шы жылдары) бұл атаусөз «ортақ игілікке бағытталған әрекет» деген ұғымды білдірген. Сондай-ақ осы PR терминін америкалық Д.Идон 1882 жылы енгізді деген де сөз бар.Қызметтерді тұтынушылардың пікірін зерттеп білу жөніндегі қам-қарекеттің алғашқы мысалдары 1883 жылдың үлесіне тиеді. «Белл телефон компани» фирмасының директоры Т.Вайль кәсіпорынның жергілікті бөлімшелеріне қызметтер сапасы мен баға саясатын ой елегінен өткізу жөнінде тапсырма берген. Бұл фирма ХХ ғасырдың басында-ақ өзіне тиімсіз заңнамаға қарсы бағытталған газет материалдарының топтамасын ұйымдастыру науқанын өткізген. 1911 жылы британ вигтерінің серкесі Д.Ллойд-Джордж ұлттық сақтандыру заңына қоғамдық қолдау көрсету жөнінде науқан жүргізген. Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде В.Вильсон әкімшілігі жанында кәсіби газетші Дж. Крилдің ұсынысы бойынша насихаттық комитет (тарихқа «Крил комитеті» деген атпен енген) құрылған. «Крил комитетінің» көптеген қызметкерлері соғыстан кейін жарнама саласына ауысқан. Насихат саласындағы кәсіпқойлардың жарнама және жұртшылықпен байланыс саласына «жылыстауы» Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін де байқалған.
Кәсіпкерлер тобының жұртшылыққа деген көзқарасының өзгеруін кей зерттеушілер «алғашқы пиаршы» А.Л.Лидің (1877-1934 жж.) қызметімен байланыстырады. Мамандығы журналист А.Ли 1914 жылы үлкен Рокфеллердің баспасөз хатшысы болған. Сол кезеңде бизнес пен кәсіподақтардың, қаржы-саясат олигархиясының және солшыл либерал зиялылардың қарым-қатынастары ушығып тұр еді. А.Ли газет жарияланымдарының, фотосуреттер мен кинороликтердің көмегімен өзінің «кейіпкер-басшысының» қайырымдылықтан қаржы аямайтын үлкен әулет иесі ретіндегі бейнесін жасай алған. Ал, шындығында Рокфеллердің жұртшылықа деген көзқарасы өз әріптестерінің пікірінен соншалық алысқа ұзамайтын.Либералдық ұстанымдарға берік А.Ли жекеменшік кәсіпкерлердің жақтаушысы болатын,бірақ солшыл көзқарастағы өзге әріптестерінен бір өзгешелігі-ол жұртшылық алдында үлкен бизнестің жағымды имиджін жасауға ұмтылды.Мәселен,Дж.Рокфеллерге баспасөөз атташесі болып келерден бұрын А.Ли көмір компаниясы басшылығы жанындағы жұртшылықпен байланыс маманынң атқарымдарын орындады.Ереуіл алдындағы ахуалда ол газетшілерді жанжалды шынайы көрсетуге ,жұртшылықты кәсіподақтарға,сондай-ақ жұмыс берушілерге объективті көзқарас танытуға үндеді,осылайша шиеленістің ширығуын бәсеңдетуге тырысты.Осы тұста ол теміржол фирмаларының паблиситиімен,яғни жағымды бейнесін жасаумен айналысты.Теміржол апаттары жөніндегі желбуаз қауесет енді-енді дамып келе жатқан көліктің келешегіне кесе-көлденең тұрған еді.Газет редакцияларында осы түйткілді объективті тұрғыдан  қарауға қол жеткізген А.Ли жұртшылықты теміржол апатына ұшырау қаупі Нью-Йорк қаласында мырзалар мінген тарантастың немесе сол кезде ілуде бір кездесетін автомобильдің астына түсу ықтималдығынан аспайтынына сендіре алды.А.Лидің күш-жігері арқылы «идеалистік» деп атауға тұрарлық PR моделі өмірге келді. Жүз жылдай бұрын оның қисыны тым қарапайым-тын, түптеп келгенде «Ақиқат, тағы да ақиқат, ақиқаттан бөлек еш нәрсе де емес» деген ұстанымға саятын[1/11-14 бет].1906жылы Айви Ледбеттеру Ли өзінің тарихи «Ұстанымдар туралы Декларациясын» таратты :

«Бұл құпия пресс-бюро емес.Біздің барлық жұмысымыз ашық түрде жүргізіледі.Біздің мақсатымыз-жаңалық беру.Бірақ бұл да жарнама агенттігі емес.Егер де сіз өзіңіздің өандай да бір материалыңыз сіздің жарнама бөліміңізге лайықтырақ деп тапсаңыз,оны пайдаланбаңыз.Біздің материалдарымыз дәл.Жарияланатын сұрақтардың әрқайсысынан қосымша ақпарат алуға болады,біз кез келген редакторға атап өтілген фактілердің әрқайсысының дәлдігін жеке тексеруіне қуана-қуана көмектесеміз.Ә дегеннен-ақ редактор мақала авторы жөнінде керекті мәліметті ала алады.Бір сөзбен айтқанда,біздің мақсатымыз- ашық және еркін түрде,іскер топтар мен әлеуметтік институттар атынан АҚШ қоғамы мен баспасөзіне қоғамға қызықты және құнды заманауи және дәл ақпаратты ұсыну. Корпорациялар мен әлеуметтік институттар мәні жоғалып кететін ақпараттардың көп көлемін таратады.Бірақ та осыған қарамастан қоғам үшін ақпаратты алу мекемелер үшін оны тарату қалай маңызды болса,соншалықты дәрежеде.Мен тек қана дәлдігін өзім кез келген адамға тексеруге қуана-қуана келісетін ақпаратты ғана таратамын»[2].

Ал бүгінде, қазіргі заманғы әлеуметтің ерекшелігіне сәйкес сыпайы PR технологиялар қоғамдық өмірдің қайсыбір саласы бойынша обьективті түсінік беретін репрезентативті («салиқалы») ақпарат жиынтығын ұсынады. Жұртшылықпен байланыстың кез келген идеалистік моделінің ортақ белгілері мыналар болып табылады:
- имидж жұртшылықпен байланыстың нысаны туралы обьективті, жағымды ақпарат жиынтығы ретінде қарастырылады;
- обьективтілік пен шынайылық негізге алынады;
- комуникация жұртшылық келісіміне, әлеуметтік қатынастардың үйлесімділігіне бағытталады.
1902 жылы «Чикаго Эдисон компани» қызметкері С.Инсалл ақпараттық-жарнамалық мақсатта электрлендірілген коттедж салып, 1909 жылы кино түсірімді жұртшылықпен байланыс мақсаттарына тұңғыш рет пайдаланды. 1904 жылы екі американ жоғары оқу орынында -Пенсильвания және Висконсин университеттерінде жұртшылықпен байланыс жөніндегі бюролар құрылды. Автоиндустрия серкесі «Форд моторз» 1908 жылдан бастап фирмаішілік газет шығарып, 1912 жылдан бастап тұтынушыларға сұрау салып келеді.[1/14 бет]

XX ғасырдың 30-жылдарының басында АҚШ-тың Демократиялық партиясында  PR бойынша кеңесші қызметі пайда болды, дәл осы қызмет Республикалық партияда 1936 жылы туған.Осы кезеңде Пиар менеджменттің тәуелсіз функциясы болып бөлініп,АҚШ-тың ірі компанияларының сұраныстарына ие бола бастады. Сондай-ақ осы кезеңде саяси компанияларды жүргізу бойынша алғашқы мамандар пайда бола бастады.

1945-1965 жылдар-АҚШ-тағы бум пиар жылдары болып табылады.Пиар менеджменттегі тәуелсіз бағыт ретінде түбегейлі бөлініп,жедел қарқынмен дами бастайды.Университеттер Пиар бойынша бакалавр мамандарын шығара бастайды.1965 жылы Пиар саласындағы қызметкерлердің саны 100 мыңнан асып жығылса,2000 жылы тек қана АҚШ-тың өзінде 200 мың адам болған.

Пиар бүгін де даму үстінде.Қазіргі таңда АҚШ-та қоғаммен байланыс саласында 2000-ға жуық компания жұмыс атқарады.[2]

Екіжақты жұртшылықпен байланыс моделінің пайда болуына АҚШ ақпарат агенттігі қоғамдық ақпарат комитетінің қызметі көп септігін тигізді.Комитеттің жұмысында қолданылған әдістер мен техника қоғамдық ақпарат моделі үшін біртекті болғанымен,Агенттік қызметкерлерінің жұртшылық иланатын және естігісі келетін материал негізінде ақпарат әзірлеуі маңызды болып саналады.Комитет ағымдағы ақпаратты әрдайым мұқият реттейтін және оның эмоциялық деңгейде қабыл алынуы үшін кәдімгідей күш-жігер жұмсайтын.Жұртшылықты иландырудың жаңа әдіс-тәсілдерін  қолданған жаңа буын өкілдеріне де осы комитет қолдау көрсеткен.Кейіннен бұл әдістер әлеуметтік-психологиялық ғылымға негіз қалады.Жас мамандар арасынан австриялық көрнекті психолог З.Фрейдтің жиені,зерттеуші әрі практик Э.Бернейзді атап өтуге тұрады,оның еңбектері жұртшылықпен байланыстың екіжақты моделіне жақсы мысал бола алады.Әлеуметтік-психологиялық әдістерді жұртшылықпен байланыста қолдану идеясы нақ осы Э.Бернейзге тиесілі.Сондықтан да жұртшылықпен байланыстың әлеуметтік қызметтің дербес түрі ретінде өз алдына жеке отау тігуі Бернейздің есімінен байланыстыралады.А.Ли сияқты Э.Бернейз де коммуникация нәтижесінде қалыптастырылып ,қол жеткізілген жұртшылық көзқарасы кез келген ұйымның қызметі үшін маңызды екендігін атап көрсетті.1919 жылы Бернейз танымдылықты басқару жөнінде фирма құрды.

Бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейін әлеуметтік коммуникативтік технологияларды талдайтын кітаптар дүниеге келді. 1923 жылы Э.Бернейз жұртшылықпен байланыс жөніндегі алғашқы кітаптардың бірін жариялады. Осы жылы А.Лидің «Паблисити» атты кітабы шықты, мұның алдында американ социологиясының классигі У.Липпманның «Қоғамдық пікір» атты кітабы өмірге келген болатын.У.Липпман БАҚ-тың қоғамдық пікірді қалыптастырудағы рөлін, сондай-ақ билік пен корпорациялардың қоғамдық пікірмен санасуы қажеттігін атап көрсетті. 1927 жылы «Американ телефон энд телеграф» фирмасының вице-президенті, В.Вильсонның бұрынғы кеңесшісі А.Пейдж корпорациялардың әлеуметтік жауапкершілігінің артқанын атап өтті.1937 жылы «Дженерал моторз» фирмасы жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңесшісінің қызметіне П.Гэррет шақырылды. Фирма басшылығы оның алдына компанияның жағымды, ал корпорация басшылығымен тынымсыз күресіп жүрген кәсіподақтың жағымсыз бейнесін жасау міндетін қойды. Гэрреттің қолданған іс-шаралары нәтижесінде жұртшылық кәсіподақты теріс пиғылмен қабылады, ал бұған көңілі толған «Дженерал моторз» басшылығы болса фирманың имиджін одан әрі жетілдіру үшін білікті маманға бір миллиард доллар ұсынды. П.Гэрреттің өзі мұндай аса шығынды жұртшылықпен байланыс науқанын өткізуден бас тартты. Ол фирма басшылығын жұмысшыларға жеңілдік беруге көндіре алды, қоғамдық пікірдегі ахуалды зерттеу, сондай-ақ автомобильдерді өткізуді жақсарту мақсатымен сұранысты зерделеу жөнінде науқандар өткізді.
1945 жылы Э.Ньюсом екінші Г.Фордтың жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңесшісі болып істеді. АҚШ экономикасындағы соғыстан кейінгі дүмпу нәтижесінде жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңесшілердің атқарымдары әлеуметтік бағдарламалар мен қайырымдылыққа қаржы бөлу мәселесін кәсіпкерлер назарына жеткізу міндетімен толыққан болатын. АҚШ-тағы жұртшылықпен байланыстың біржолата «заңдастырылуына» 1950 жылдары автомобиль және теміржол компаниялары арасында орын алған сот кикілжіңі себепкер болды. Бұлардың қай-қайсысы да осы тайталас барысында адвокаттар қызметіне ғана емес, сондай-ақ жұртшылықпен байланыс мамандарының көмегіне жүгінді. Осы процестегі соңғы нүктені жұртшылықпен байланыс мамандарының қызметін заңдастырған АҚШ-тың Жоғарғы соты қойды. Сот пиар-агенттіктерге клиенттер сүттен ақ, судан таза болмаған күннің өзінде олардың мүдделерін жақтауға рұқсат берді.[1/14-16бет] .

Пиардың алғашқы даму  сатыларына келетін болсақ:

1.Американдық бастама.Бұл Скотт Катлиптің пікірі бойынша Солтүстік Американың тәуелсіздік үшін күресі кезеңінде  пайда бола бастады(1775-1789).Бұл кезде қоғаммен байланыс саяси салада дамыды.Тарихтың кейінгі кезеңінде тәуелсіздік үшін болған американдық революцияның басында Самюэл Адамс,Томас Пейн,Бенджамин Франклин,Александр Гамелтон мен Томас Джеферсон тұрды.Олардың барлығы ауызша және жазбаша түрде сол кездегі қоғамға қатты әсер ете білген.Олар памфлеттерді таратып,баспасөзде сөз сөйлеген,секция оқып,мінберден бүкіл жұртшылыққа өздерінің революйиялық ойлары мен көзқарастарын жеткізген.[3-210 бет]Тәуелсіздік үшін күрескерлер олар мойындайтын жалғыз басқару формасы-демократияның беделінің төмендеуіне алаңдаулы болды. Халық саяси қақтығыстарға немқұрайлы қарады,Англиядан бөлінуді қолдайтын мықты оппозициялық қозғлыс та белең алды.Тәуелсіздік жақтастарына қоғамдық пікірді өздеріне аудару үшін кқп күш-жігер қажет болды.Олар шабуылдаушы әрекеттері кезінде халықтың қолдауына ие болудың жолдарын назарда ұстап отырды.Ол үшін әртүрлі үгіт-насихат құралдары пайдаланылды:пресс-бюллетеньдер,газеттер,лозунгілер,митингілер,поэзия,әндер,комикстер және т.б.

Тәуелсіздік үшін күрескерлерге қоғамдық пікірді өзгерту үшін үздіксіз халықты үгіттеп,өздерінің көзқарастарын насихаттап отыруға тура келді.Олар болып жатқан оқиғаларды өздерінің пайдасына шешу үшін ешқандай мүмкіндікті жібермеді.Оған бір мысал:1770 жылы 5 наурызда  көшедегі қақтығыс кезінде Бостонның 5 тұрғыны қаза табады.Американдық пресса бұл жағдайды варварлық акция деп атап,ағылшын әскерилері ұйымдастырған «Бостондық қырғын» ретінде көрсетті.

«Бостондық шай ішу»( Бостонское чаепитие) жалған ақпаратты ұйымдастыру мен прессаны сол мақсатқа пайдаланудың мысалы бола алады.Үндістер болып киініп алған американдық патриоттар тобы британдық кемеге еніп,шай тиелген жүктерді теңізге лақтырған.Осылайша олар қоғамның көңілін аудара білді.

Эдвард Бернейз  «Кристаллизуя общественное мнение» атты кітабында американдық тәуелсіздікті құрушылардың қоғаммен байланыс орнату қабілетін жоғары бағалайды.Осылайша,АҚШ-тағы,яғни жалпы алғандағы пиардың алғашқы даму сатысында іс-әрекеттің барлығы саяси үгіт-насихат процесіне бағытталды.

2.Екінші тарихи кезең паблисити кезеңі болып табылады(1810-1900).Американың  батысы жедел қарқынмен игерілді,өмір сүрудің әлеуметтік-экономикалық дағдылары өзгерді:үлкен қалалар пайда болды,жеке секторда ақша айналымы жүріп отырды,қазіргі кездегі зерттеушілердің пайымдауынша,демократияға қауіп төндірген алпауыт корпорациялар қалыптасты.Американың экономикалық өміріндегі бұл кезең еркін кәсіпкерліктің көтерілуімен байланысты. 20-30 жылдары мемлекет ұлттық шаруашылықтың құрылуы мен елдің коммуникациялық желілерін дамытуға көмек көрсетті.Дәл осы кезеңде президент Джексонның мемлекеттік реттеу мен президенттік билікті нығайтуға ұмтылуының  кесірінен кәсіпкерлердің мемлекетке деген сенімсіздігі өсе түсті.(20-жылдардың соңы мен 30-жылдардың басында Джексон АҚШ-тың президенті болды.Ол бұрын журналист болған,алғаш рет тарихта президенттің баспасөз хатшысы қызметін атқарған А.Кенналдың айтуы бойынша жүзеге асырылып отырған қоғамға шебер әсер етуінің арқасында жұмысын жақсы атқарған).

Осы кезеңде сауатсыздықты жою үшін алғашқы мектептер ашылды.Өсіп келе жатқан сауаттылық деңгейі газет-журналдардың таралымын көбейтті.1830 жылы АҚШ-та басқа елдермен салыстырғанда газет атралымы әлдеқайда көп болды.Прессаның кең көлемде таралуы жаңа мамандықтың,пресс-агенттердің,пайда болуына алып келді.

Америка әдебиетінде баспасөз делдалдары ретінде бұрынғы журналисттерді жалдап отырған кезбе цирктар мен театр труппалары қабылданып отырған.Олардың міндеті жақсы пресса мен кассаны қамтамасыз ету болатын.Кезбе цирктың басшысы,Бранум,талантты пресс-агент болған.Оның пікірінше халыққа тек солар қалайтын дүниені ғана тарту керек. Барнум қоғамды алдаудың ерекше тәсілін қолдануының арқасында Америкада белгілі тұлғаға айналды.Көпшіліктің назарын аудару үшін ол қаранәсілді бұрынғы  күңді 160 жаста және 100 жыл бұрын ол Джордж Вашингтонның күтушісі болған деп көпшіліктің алдына шығарған.Уақыт өте келе бұл күңге деген қызығушылық өше бастағанда,Барнум басқа біреудің атын жамылып,осы оқиғаға байланысты фактілердің растығын дәлелдеп,газеттерге хат жазған.

Пресс-агенттіктер бірінші кезеңді іс жүзінде жүзеге асырды.Бұл кезеңде прессаның арқасында ұйымдардың өзіндік ойларын,тауарларын,қызметтерін нарыққа енгізіп басқарып отыруына мүмкіндіктері туды.Қоғаммен байланыс жүйесі бәсекелестік күресте,ұйымдар арасындағы қатынаста,өнеркәсіпте маңызды роль ойнай бастады. [4]

Екінші дүниежүзілік соғыстан бастап бүгінгі күнге дейін қоғаммен байланыс саласының дамуына әсер еткен факторлар төмендегідей:

1950-1970 жылдардағы «компаниялардың философиясы» концепциясының пайда болуы мен дамуы;нарықтың ұлғаюы,нәтижесінде көпқырлы саясат пен қызығушылық танытқан қоғамның шеңберін кеңейту қажеттілігінің туындауы(1970-1990 жылдар);1990 жылдардағы бұқаралық ақпарат құралдарының технологиялық дамуының күшеюі;бұқаралық коммуникация жүйелерінің жолға қойылуы,саяси әсер етудің жаңа жолдарының шығуы,XXI ғасырға аяқ басар тұста идеологиялық стереотиптердің өзгеруі.

Негізінде XX ғасырдағы қоғаммен байланыс саласының даму сатылары мен ерекшеліктерін былайша көрсетуге болады:

1.XX ғасырдың басы. XIX соңы мен XX басында бақылаусыз өнеркәсіптік өсімнің кезеңінің аяқталғанын атап өту керек,күшті экономикалық дағдарыстар жұмысшыларды қиын жағдайға алып келдінәтижесінде елде наразылықтар өсіп,корпорациялар мен монополиялардың билігіне қарсылық күшейеді.Американың қоғамдық өміріндегі бұл кезең монополиялар мен шенеуніктердің айналасындағы көпшілік дау-дамайлармен тығыз байланысты болғандықтан"The muckraking arca"немесе «Қуырылған фактілер кезеңі»деп аталады.

2.1914 жылдың соңы мен 1940 жылдардың соңы «Қоғаммен байланыс»саласының АҚШ-тың,Англияның,Британ Достастығы елдерінің жекелеген өндірістік компаниялары мен үкіметтік мекемелеріндегі әлеуметтік коммуникацияның ерекше саласы ретінде пайда болуы мен дамуы атауына ие болып отыр.Бұл пиардың кәсіби және ғылыми тәртіп ретінде құрылу кезеңі(1920-1940 жылдар).

3.Келесі кезеңді Америкалық зерттеушілер пиар тарихын өз елдеріндегі үкіметтік және үкіметаралық дағдарыс арқылы қадағалап отыруға бейім болып келеді.Олар пиардың интенсивті дамуының келесі кезеңдерін бөліп көрсетеді:бірінші дүниежүзілік соғыс,үлкен депрессия мен жаңа бағыт,екінші дүниежүзілік соғыс,Корей соғысы,Вьетнам соғысы,Панамаға басып кіру,Парсы шығанағындағы соғыс.

Еуропада дамып келе жатқан пиар саласы американдық үлгінің күшті әсерінің астында болды.Бірақ соғыстан кейін еуропада пиардың ғылыми мектептері біртіндеп қалыптаса бастады.

4. Пиардың дамуының қазіргі кезеңі,бірқатар зерттеушілердің пікірінше,1965 жылдан басталып қазіргі кезеңге дейін жалғасуда.С.Катлип бұл кезеңді «жалпы ғаламдық ақпарат»деп атаған.

АҚШ-та жылына маркетинг пен пиарға мемлекеттік қордан 2 миллиард $ бөледі.Бұл өз кезегінде АҚШ-тың қоғаммен байланыс саласына қаншалықты көңіл бөлетінін көрсетеді.

 
17 апреля 2012, 0:42
4815

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Только на 10-й раз он смог поступить в Кембридж! Герой с Кармакшинского района

Свыше 10 известных университетов приглашают его обучаться зарубежом, но выбор будет оставаться за Сакеном. Он выберет обучение The University of Edinburgh и отправляется в эту удивительную страну...
socium_kzo
30 нояб. 2016 / 11:06
  • 11184
  • 10
Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

Взгляд со стороны: Назарбаев глазами кыргыза

В чем уникальность этой личности? В чем его успех или провалы? Эти вопросы требуют глубокой аналитики и исследований. Я же хочу рассказать о Нурсултане Абишевиче глазами рядового кыргыза или...
maxes
1 дек. 2016 / 8:05
  • 4868
  • 15
Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Молчание врачей. Дети ЮКО, заражённые ВИЧ 10-11 лет назад, узнают о диагнозе-приговоре

Как сообщают новостные издания, в ближайшее время в Южном Казахстане 102 детям в возрасте 11-12 лет сообщат об их страшном диагнозе. Все эти дети были заражены ВИЧ, причём большинство было инфицировано по вине врачей.
openqazaqstan
2 дек. 2016 / 13:57
  • 4025
  • 4
Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Когда на тебя смотрят как на говно. На работе многие считали, что они выше меня уровнем

Дело было летом 2012 года. Мне было почти 20 лет, жил я от сессии до сессии довольно весело. В голове машины, клубы, тёлки. Жизнь размеренная и неторопливая. Вдруг мне приходит в голову идея...
almatinec_92
28 нояб. 2016 / 16:57
Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Почему Дональд Трамп назвал Казахстан чудом. Президент подтягивается по географии

Трамп и не подозревает, что 16 декабря 1991 Казахстан не создал, а восстановил свою национальную государственность. Иначе бы он упомянул не только 25 лет, а больше чем 550 лет казахской истории.
Stehlikova
2 дек. 2016 / 9:02
  • 4199
  • 86
Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Аэропорт Схипхол и Алматы. Смотришь на это и ощущение, что мы лет на тридцать отстали

Недавно пролетал через аэропорт Амстердама - Схипхол. Так как улетал из аэропорта Алматы, то не мог не начать сравнивать эти аэропорты.
Superkurt
30 нояб. 2016 / 10:09
  • 3409
  • 12
Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Мой личный опыт использования Astra Plat: мелочи в моем кармане заметно стало меньше

Давно ждал запуска электронного билетирования в общественном транспорте Астаны. В ноябре 2016 года этот день настал. Мой опыт насчитывает последние 2 недели и мне есть чем поделиться. Она не...
iamYerlan
1 дек. 2016 / 15:24
  • 3130
  • 12
Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Понять и простить: почему большинство стран бывшего СССР отказалось от амнистий

Президент Назарбаев предложил амнистию для совершивших преступления небольшой тяжести несовершеннолетних, пожилых, женщин и других социально уязвимых категорий осуждённых
openqazaqstan
30 нояб. 2016 / 13:45
  • 2963
  • 19
Как отдохнуть за 220$. Гоа – это не Индия: купил дешевую путевку и улетел!

Как отдохнуть за 220$. Гоа – это не Индия: купил дешевую путевку и улетел!

В Гоа я не первый раз. Очень многое знаю. Минус такой путевки только в том, что вы не сможете выбрать пляж и отель, но за такие смешные деньги – какая разница. Гоа – это не Индия. Ну, кто был в...
fima
2 дек. 2016 / 11:32
  • 2874
  • 24