Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:02, 16 апреля 2012

БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ

Blog post image

19 сәуір 2012 жылы Электронды үкімет жүйесі бойынша алғаш болып тіркеліп, БАҚ тіркеу куәлігін алған «Республикалық 45minut.kz» газетінің алғашқы саны жарық көреді.

19 сәуір 2012 жылы Қызылорда қаласында Ұстаздарға арналған Республикалық семинар оқу болады.

Қазақ баспасөз айдынына тағы бір басылымның келіп қосылуы қуанышты оқиға. Бұл басылымның басқа басы­лымдардан бірнеше ерекшелігі бар. Біріншіден, газет маманданған журналистердің емес, ұстаз қауымының өз күшімен шығып отыр. Яғни газеттегі бүкіл материалдар – Ұстаздардың шығармашылық еңбегінің жемісі.

Газет-журналдар алдымен қағаз күйінде жарық көріп, кейіннен ғаламторда сайттары ашылып жататын болса, ал бұл басылым алдымен ғаламторда сайт ретінде ашылып, бір жылдан астам уақыт бойы еліміздің барлық өңіріндегі мұғалімдердің сұхбат алаңына айналды.

Үшінші ерекшелігі – басылым елімізде тұңғыш рет электронды үкімет жүйесі бойынша лицензия алды.

Қашанда оқырманы қолдаған, оқырманы ат салысқан басылымның ғұмыры ұзақ бола­ды. Өз жаңалығымен келген жаңа басылымға сапары оң болсын дей отырып, ел ұстаздарының тәжірибе алмасу алаңына айнала бер деген тілек қосамыз.

Апталық Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінде тіркеліп, 2012 жылғы 19 наурызда № 12341-Г куәлігі берілді.

----------------------------------------------------------------------------------------

Семинар оқу тақырыбы: Ұрпақ тәрбиесі және Интернет мүмкіндігімен Ұстаздардың білімін жетілдіру жолдары
Ұйымдастырушылар: «Болашақ» университеті және ЖК «Нагиева Ш. Б»
Өткізілетін орны: Қызылорда қаласы, «Болашақ» университеті ғимараты
Уақыты: 19 Сәуір 2012 ж.

Байланыс  үшін :
Web: www.45minut.kz
E-mail: 45minutkz@mail.ru

0
1144
0