Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
13:55, 08 апреля 2012

АСКда 7 ай

Осыдан 7 жыл бұрын ҚР білім және ғылым министрлігімен студенттердің кездесуінде, жастарді альянсқа біріктіріп, студенттік қозғалыс құруғу туралы шешім қабылданған болатын. Алғашында көптеген қиындыққа тап болған жас ұйым қазіргі таңда еліміздің түкпір түкпірінде ашылып, милиондаған студенттерді біріктірп отыр.

Осы  7 жылдың ішінде бұл қозғалыс қаншама белестерді бағындырып, үлкен жетістіктерге жетіп, көптеген жастарды өмірінде орын табуға көмектесті. “Қазақстан студенттерінің альянсы” еліміздің туын қолға алып, жастарды патриоттыққа, адалдыққа, интелектуалдық дамуына және салауатты өмірге үйретіп, еліміздің болашағын қалап, аяқтарын нық басып келе жатыр.

Менің, АСКда жұргеніме 7 ай болды. Осы уақыт ішінде мен көптеген жетістікке жеттім. Бұл ұйым маған ең басты екі нәрсе берді. Олар: Достар мен өмірдегі орыным.

Қыркүйек айында, жоғарғы оқу орнына алғаш келгенімде, басқа студенттерден еш айырмашылығым жоқ, қарапайым студент едім. Сөздерім қисық, ойым тұрақсыз. Көпшілік алдында тілімді жұтып, іс-шара жасау қасиетім мүлдем жоқ еді. Ал қазір, өзіме деген сенімділік пада болып, ойымды жеңіл жеткізе аламын. Үлкен ұжыммен сөйлесуге жүрексінбеймін.

Қазақстан студенттерінің альянсында өткізген уақыт аралығында көптеген қиын кездер басымнан өткіздім. Ұйқысыз түндер, тамақсыз күндер. Бірақ, бұл кездердің барлығы қызықты. Себебі, ауыр кездерде достарым қасымда болды.  Кей кездері шәршағаным соншама, барлығын тастап кеткім келеді, бірақ  АСКдағы достарымды, олармен өткізген қызықты кездерімді есіме түсіремін де, “Оларсыз қалай жүремін”- деп, жаңа күшпен жұмысқа кірісемін. АСКны басқа студенттік ұйымдардан ерекше етіп тұратын осы достық шығар, мен білмеймін.

АСК - студентті тұлға ретінде дамып жетілуіне, өмірінде орын табуына  көмектесетін ұлкен мектеп. Және мен осы мектептің оқушысы, АСКер болып жүргенімме мақтанамын!

 
0
398
1