место в рейтинге
  • 77494
  • 88
  • 13
Нравится блог?
Подписывайтесь!

Информатиканы қалай оқыту керек?

Қазір компьютер заманы, әрине, көпшіліктің үйінде бұл техника бар, әсіресе балалар оны өте тез үйренеді. Мектепте үйінде компьютер бар және жоқ баланың айырмашылығы кәдімгідей білінеді. Кішкентайынан компьютерде істеп, ойнап өскен баланың көңіл-күйі, ойлауы мен білім қабылдауы сергек екені бірден көрінеді. Ал басқа бала ауырлау қабылдайды, ойлау-сөйлеуі де баяулау.


Компьютермен өскен бала қатты білімдар болып кетпейді, тек білім алуға, яғни оқу-тәрбие процесіне ыңғайланды және оған дайын деген сөз. Оқу-білім алуға ең қажетті алғашқы бейімділіктер - сергек ойлау, ақыл-парасатпен әрекет істеу, ақпарат қабылдау, шыдамдылық пен сабырлылық - компьютер арқылы тез қалыптасады.

.

Жалпы, бала мектеп қабырғасында 1-2-ден бастап 6-7 сыныптарға дейін-ақ компьютер сыныптарында өз дағдыларын жылдам қалыптастырып алады. Бұл осы жастағы балалардың тез үйренгіштігінің арқасында. Олардың неге болса да қызығып, қағып алып тұратын кезі.Ал жоғары сыныптарға келгенде балалардың көңілі әр саққа түсе бастайды, айналадағы өмір-тірішілікке қарайды, адамдарды тыңдайды, ойынға беріледі, неге болсын қызығушылығы күрт төмендейді. Қызығады, бірақ бір нәрсеге тиянақтап, тоқтап, соңына түспейді. Тереңдеуге мұршасы жетпейді. Сондықтан информатиканың да күрделі мәселелеріне, теориясына көбіне жасөспірімдерде зауық жоқ. Тіпті компьютерді жақсы меңгерген деген баланың өзі күнделікті практикада ғана мықты, яғни компьютерді ортан қол қолданушы деңгейінде қалып қояды. Ал информатика саласының маманы болу үшін өте терең білім керек, өте үлкен ізденіс пен ой еңбегі қажет. Қазіргі замандағы ақыл-ой еңбегін ең көп талап ететін сала бұл, ең жылдам дамып, күнделікті ақпарат-білім көлемі еселеп өсіп отырған ғылыми-технологиялық сала бұл.

Бір жағынан ойлаймын, осы біздің қазіргі информатиканы оқыту бағдарламамыз заманға сай емес пе деп. Былай қарағанда, қазір оқушыларға мектеп бітіргенше компьютердің құрылысы мен, айтайық, үйреншікті офистік не қолданбалы бағдарламаларды оқыта берудің қажеті болмай қалған секілді. Оларды балалар,алдын айтқандай, 7 сыныпқа дейін-ақ меңгеріп алады. Сондықтан информатиканы 7 сыныптан бастап басқаша оқыту дұрыс сияқты. Мысалы, информатика пәнін екі бағытқа - жалпы информатика және компьютерлік бағдарламалау - деп екіге бөлектеп, екі пән ретінде оқыту дұрыс сияқты. Бұл екі бағытта оқыған балалар кейін гуманитарлық-қоғамдық және жаратылыстану-математика бағыттарына жеңіл түсіп кете береді.

Сол кезде ғана жалпы информатиканы да, компьютерлік бағдарламалауды да тиянақты көңіл бөліп,тереңірек оқыту мүмкін болар еді. Әрине сағат санын көбейту де керек шығар. Ал қазір информатика пәнін оқытуда, шындап келгенде, әр мәселенің басын бір шалып өтеміз, әншейін таныстыру, экскурсия секілді. Жүйелі түрде тереңдеп оқуға уақыт жоқ. Аптасына бір сағат кімге және неге жетеді! Мысалы, бір бағдарламалау тіліне сенімді негіз қалау үшін аптаның алты күнінде бір сағаттан берсе де көптік етпейді.

Жалпы компьютерлік бағдарламалау тілдерін мектепте оқыту туралы жеке көзқарасым бар. Меніңше, көп ұзамай-ақ компьютерге қажетті бағдарламаны арнайы бағдарламалар сұраныспен жазып беретін болады. Яғни бағдарламашы бағдраламалар заманы келе жатыр. Мысалы, қазір сайтты автоматты түрде құрастырып алуға болатын CMS бағдарламалар өте көп. Ешқандай HTML, PHP, JavaScript деген тілдерді білмей-ақ сайтты өзіңіз құрастырып ала бересіз. Дәл сол сияқты, қалаған бағдарламаңызды өзіңіз-ақ құрастырып алатын боласыз. Онда... бағдарламашының кімге керегі болады?! Керегі болар-ау, бірақ сұраныс күрт азайса керек деген ойдамын. Мысалы, қазір антивирустік бағдарламалар саласын Kaspersky, DrWeb, Norton, ESET деген сияқты компаниялар билеп алған, олардан асып кетер енді ешкім жоқ. Антивирустық бағдарлама жазуға қазір сұраныс жоқ десе де болады. Міне осындай жағдайлар мені жоғарыдағы пікірге алып келді. Сондықтан, мектепте бағдарламалаудың орнына ең жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалануды көбірек үйреткен дұрыс деп есептеймін. Интернеттен ақпарат іздеу-талдау, интерактивті оқу, желілік оқу технологиялары, ICQ, Skype, Messenger сияқты интернет-байланыс құралдары, әлеуметтік желілерді және блогтар мен сайттарды пайдалану салаларына күш салу керек. Яғни әрбір оқушы қазіргі дүниежүзілік ақпараттық әлемге қиналмай шығып, оның мүмкіндіктерін толық пайдалана алуы тиіс. Ал бағдарламалаушы болуға қызыққан балаларды арнайы мектептер оқытсын. Музыка немесе ғарышкерлер мектебі секілді программистер мектептерін ашу керек.

Бұрын орта мектепте астрономия пәні болды. Аптасына бір сағат. Шындығында оны математика және физика, тіпті еңбек сияқты пән мұғалімдері өз сабақтарын өтуге пайдаланды. Солай пәлен жыл дегенде ғана оны жойып, физика пәніне қосып жіберді. Ол жерде де астрономия "аппендикс" сияқты күн кешуде. Информатика да соның күйін кешпесе деп қорқамын. Оқулықтарының өзі қозықұйрықтай көбейіп, мұғалімнің миын ашытып жібергені қашан. Олардың сапасы туралы айтсам, көзімізге жас келер еді.

1 апреля 2012, 11:37
1564

Loading...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Насобирал разных фотографий про наш город, из семейного архива. Фотографии не от сканированные, а пересняты на телефон. Давно хотел выставить, но не решался) Сейчас уже мы все поменялись, уже...
Ispanec
22 февр. 2017 / 11:05
  • 11772
  • 23
«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

«Ау, дорогой, проснись! 21 век на дворе давно!». Бездипломный-безработный-бесквартирный!

Ну реально же, парни, откуда вы только беретесь такие простые, а? Я сейчас просто расскажу несколько историй из личного опыта, и судите сами – нормально это? Но для начала расскажу немного о себе...
socium_kzo
22 февр. 2017 / 11:38
  • 6570
  • 92
Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Среди моих знакомых есть одна милая девушка, она тоже молодая мама как и я. Очень открытая, видная, недавно вышла на работу. У нее счастливая семья и все, тьфу-тьфу, складывается хорошо.
Roza_pvl
19 февр. 2017 / 11:49
  • 5824
  • 43
Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Диана Шурыгина – жертва или змея? Девочка красивая, а весь мир судит её именно за это

Я совсем не смотрю передачу "Пусть говорят", слишком много ругани и негатива, но новость про какую-то девушку заполонила все мои социальные сети, я открыла youtube и посмотрела несколько передач...
Roza_pvl
22 февр. 2017 / 11:49
  • 4690
  • 33
Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Итак, по просьбам трудящихся и по крикам души коллективного бессознательного решила я написать пост на эту тему. Вводные данные: 1) нет имущества, которое можно продать для покупки собственного...
DanaJarlygapova
20 февр. 2017 / 16:17
  • 4086
  • 46
50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

Друзья, представляю вашему вниманию второго героя моей рубрики "50 бизнес-встреч с лучшими (по моей версии) предпринимателей Астаны за 100 дней" - Асхата Солтанова!
Kultursyn
20 февр. 2017 / 12:46
  • 3880
  • 18
Я не националист, но выйду замуж только за казаха. 22 факта обо мне

Я не националист, но выйду замуж только за казаха. 22 факта обо мне

Всем доброго времени суток! Поскольку сейчас долгожданные выходные, я болею и имею полное право ничего не делать за чашечкой горячего чая, то решила все-таки написать этакий скромный пост о себе...
Sserikyzy
18 февр. 2017 / 16:35
Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Замуж в 27. Это как отправиться на войну, но без оружия

Я очень долго думала писать данный пост или нет. Потому, что тема очень тонкая, возможно кого-то может задеть, а, возможно, наоборот кому-то откроет глаза. Тема замужества в каждом поколении была и...
Adilyan
21 февр. 2017 / 20:22
  • 3401
  • 18
Диана Шурыгина как один из PR-инструментов продвижения своего товара и бренда

Диана Шурыгина как один из PR-инструментов продвижения своего товара и бренда

Простому обывателю социальных сетей уже известно, что самой обсуждаемой персоной в последнее время является печально известная 16-ти летняя девушка из Ульяновска Диана Шурыгина.
tala03
21 февр. 2017 / 13:27
  • 3212
  • 13