Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
5
15:19, 31 марта 2012

Жүрегіме сұрақ қойдым...

Түн... Жып-жылы төсегімде әрі аунап, бері аунап, ұйықтай алмай жатырмын... Жанымды жегідей жеген ЖАЛҒЫЗДЫҚ маза бермей қойды. Айналамның тыныш болғаны соншалық – тек дамылсыз тыныстағаным мен жүрегімнің дүрсілі ғана естіледі. Шыдай алмай:

- Жүрек, сезімің кайда кеткен? Не ыстыққа күйдірмейді, не суыққа тоңдырмайды. Кеудем құр қуыс сияқты. Суып кеттің бе, неге ешкімді сүймейсің? – деп ЖҮРЕККЕ сұрақ қойдым.

ЖҮРЕК:

- Қойшы, қорқамын. Тағы да бір «жындыны» сүйіп қаласың ба деп қорқамын. Тағы да жылап қаламын ба деп қорқамын. Мен адамдарға сенбейтін болдым. Мүлдем. Маған шынайы көңілін білдірсе де, түбі алдап тұрғандай көрінеді. Кейбір адамдар бар, олар менің пәк, таза екенімді білмей жатып, «қара тассың» деп айыптайды. Одан да сүймегенім артық...

Жүректің назы шорт үзілді. Дәл осы кезде бәрін тыңдап отырған АҚЫЛ:

- Сөзіңнің жаны бар, - деп араласа кетті. – Бірақ бес саусақ бірдей емес қой. Сен адамдардың сыртын көріп қана сүймей қаласың... Ішкі жан-дүниесіне үңілмейсің де. Сен өзіңдікі дұрыс деп ойлайсың. Өзіңді сүймегенді айыптайсың. Мүмкін бұл сәтсіздік сенің бақытың болар. Сабыр сақта! Өзіңді, өмірді сүй. Өзгелерге мүмкіндік бер. Сен өзгеге ұнамай қаламын ба деп қорқасын... Қайта қорықпасаңшы...Күлімсіре...Әдемі күлкіңнің астына тығып қойған ескі мұңды ұмыт енді.

...Тыныштық тағы да тына қалды...... Өз ақылым өзіме осындай кеңес берді. Бәрінің де айтпағы сол болар... Солай ма?

 
5
649
1