Yvision.kzYvision.kz
kk
0

Наурыз тойы басталды

 
 
Барша Түркі халқы үшін Ұлы күн, әз-Наурызда бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан-жануар атаулыға ерекше күш-қуат, нұр-шуақ төгіледі. Сол себепті, халқымыз «Әз болмай, мәз болмайды» десе керек.
Вахтанг Кикабидзе, әнші, актер:
Әр халықтың наным-сеніміне қарай Жаңа жылды түрлі уақытта қарсы алады. Қазақ халқының жаңа жылы 22-наурызды сіздермен бірге қарсы алып отырмын. Қазақ халқына бақыт тілеймін. Грузиядағы қазақ елшілігіне жиі барып тұрамын. Достығымыз үзілмесін, Қазақстан гүлдене берсін. Ұлық мереке береке әкелсін! Наурыз мейрамы құтты болсын!!!
Светлана Гаитова,  Алматы облыстық ҚХА жанындағы «Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің төрайымы:
Наурыз бұл бірліктің, татулықтың, ынтымақтың символы, кепілі  десек те болады. Мен ойлаймын, бұл жаңа жылдың бастауы. Мен енді ақжаулық ана, әже ретінде осы бәріңіздерді наурыз  мерекеңізбен құттықтап, мынадай тілек айтамын. Наурыз – Ұлыстың Ұлы күні. Құтты болсын! Ақ мол болсын, жолымыз оң болсын!
Бахром Муминов, Жамбыл облыстық Өзбек ұлттық этно-мәдени орталығының төрағасы:
Өзбектің ұлы ақыны Әлішер Науаи айтқан: «Әрбір адамда күніге Наурыз болсын!» Наурыз біздің бұрынғы мерекеміз ата-бабаларымыздан қалған. Ол күн мен түннің теңескен күні. Сондықтан, наурызда елдің бәрі жеміс ағаштарын егеді, көк көбейеді. Мен тілеймін біздің қазақстанымыздың аспаны ашық болсын. Әрбір қазақстандықтың отбасы аман болсын, береке тілеймін. Тыныштық болсын, наурыз құтты болсын.

0
355
0