Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
07:21, 20 марта 2012

Интервью с ШYNGYS'ом!!!!

ASH KAZAK PRO лейблының беделді мүшесі,продюсері,Қазақ рэпінің ханы- ШYNGYS'пен сұхбаттасу...

Blog post image

1.Салам ШYNGYS, өзің жайлы айтып кетсең?

Өзім жайлы не айтамын? Рэп айтамын... =)

2. Қандай оқуда оқисың? Сабақты нешемен оқисын?

Мектепте орташа оқыдым. Математика, геометрия, физика, химия пәндерін мүлдем түсінбегенмін, қазірде түсінбеймін... Мен гумантиармын ғой.Жоғарғы оқу орынын тәмәмдағам...

3.Кумирің кім? Кімге еліктейсің?

Менің мәңгілік кумирім ол – ШЕFF... Орыс рэпінің негізін қалаушы. Шығармашылығымның басында осы ШЕFF пен ДеЦлге еліктедім... Қазір «еліктеймін» деп айта алмаймын...

4.Лейбл артистеріне ұрысып, ұрып тұрасың ба?

Иә, ұрысып тұрамын... ұрмаймын... біздің артисттер өгіздей-өгіздей үлкен жігіттер ғой... ұра алмайсың... бәрі қатты жүгіреді... =)

5.Ұялы телефонынңың номері қанша?

Он бір... номерім он бір саннан тұрады...

6. Интернетке күніне канша уақыт отырасың?

Таңертең... сосын түнде... кейде түннен таңға дейін отырамын...

7.Сенде барлығы қанша трек?

Білмеймін... өте көп... Қазақстандық МСлердің ішіндегі ең көп трек жазған мен шығармын.

8. «Смерч өлді» дегенге сенесің бе?

Маған бәрібір ғой... ең бастысы Елбасымыз аман болсын!

9.Қазақ әншілерінен кіммен feat жазғын келеді?

Ойланып жүрмін... бірнеше тректер дайындап жатырмын... сол, «кіммен жазсам екен?» деп қалың ойдамын...

10.JAN және AliNayМanмен араласасыңдар ма?

Шынымды айтсам JAN-мен мүлдем байланыс жоқ... ал Ali NayMan-мен ылғи телефонмен сөйлесіп, өсек айтысамыз... жастық шақты еске аламыз... =)

11.Неге дисс жазбай кеттің?

Бір күні түсімде маған Құдай маған аян берді. Маған келіп «Шыңғыс, дисс жазба... тағы дисс жазсаң саған жұмақта шарап бермей қоямын» деді... ал мен шарапты жақсы көремін, әсіресе қызыл шарапты... шарап үшін дисс жазуды қойдым...

12.Ең жақын досың?

Бауыржан Сармахам және Али НайМан... Максимум, Рига, Смитти, Труман, Дэймон менің туған бауыр-інілерімдей болып кеткен... Бәріміз бір отбасыдаймыз... қайғы мен қуаныш ортақ... бірақ қуанышым мен қайғымды бірінші болып білетіндер - Бауыржан Сармахам және Али НайМан...

13.Неге Қазазақстанның кейбір қалаларында өздеріңнің офистеріңді ашпайсыңдар?

Болашақта мүмкін ашармыз... қазір қиындау... бұған қосымша қаражат қажет... мемлекетке төленетін салық құны артады... бұған біздің лейбл бюджеті әлі дайын емес...

14. Қалтаңда кем дегенде қанша ақша жүреді?

Кем дегенде көбінесе 1000 теңге жүреді...

15. Жақында кандай трек, клип, альбом күтеміз сенен?

Жақында менен альбом бола қоймас... себебі өзім де, тыңдарман де демалу қажет... соңғы екі жылда мен тым көп альбом шығардым... қызу еңбектендім... Алты альбом!!! Бірақ келесі жеке альбомым дайын, яғни мәтіндері, инструменталдары дайын, жалпы 19 ән дайын тұр... бірақ жазылымға кірісуге асығып жатқаным жоқ... Ал тректерге келетін болсақ, әрине тректер болады, синглдар шығады... клиптер де көп шығады... дайындап жатырмыз... жұмыс өте көп жасалуда, ми ашып жатыр...

16.RipAsco саған лейблге кіринші деп келсе,кіргізесінбе?

Шығарылған артист қайта алынбайды... бұл менің ұстанымым...

17.Шохан мен Смерч кешірім сұраса кешіресінбе?

Шохан сұраған... кешірім бергем жоқ... ал мақаудың аты мақау...

18.Рэптен басқа жұмыс істейсіңбе?

Иә, рэптен бөлек... мен өзіме тамақ істеймін... =)

19.Айгүл деген тректегі оқиға,басыңнан өттіма шынымен?

Иә, басымнан өткен... алайда кішкене қиялдап қосқаным да жоқ емес...  Айгүлдер, кешіріңдер! =)

20. Жауап бергеніңе рахмет ASH KaZaK PRO-ға табыс тілеймін,Ауырмаңдар..!!!

Ой, рахмет!!! Бақытты бол!

   


0