Тікелей эфир

“Жүректі тебірентіп, ішті жылытар...”

Бүгінгі кейіпкеріміз - Есбол Шаңбаев, қазақтың дәстүрлі ән айту өнерін жетік меңгерген жас талант. Есболдың өнері жайында жазғаннан гөрі, көрсеткен дұрыс деп, төмендегі видеомен бөлісуді жөн көрдік. Сонымен қатар, жас әншіні әңгімеге тартып, дәстүрлі ән төңірегінде сыр бөлістік.


- Өзіңіз туралы аз-кем айтып өтсеңіз. Туған жеріңіз, отбасыңыз...

- Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келгенмін. Сол жерде ер жеттім, білім алдым. Алғаш Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық пед.колледжде «Ұлттық аспаптар» мамандығы бойынша оқыдым. Оқуымды бітіргеннен кейін білімімді жалғастыру мақсатымен Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы консерваторияға оқуға түстім. Қазір «Халық әні» бөлімінде оқимын. Бұйыртса, осы жылы бітіргелі жатырмын.

- Бүгінгі күні жастардың көбі эстрадаға кетіп жатқанда дәстүрлі әнді неге таңдадыңыз?

- Заманның талабына сай көп жастар қазір эстрадаға кетіп жатыр. Эстрада мен халық әнінің арасы екі бөлек дүние. Менің қаным қазақ болған соң, жаным мен жүрегім осы дәстүрлі әнге қарай бет бұрды. Қазақтың ұлттық өнерін өте жақсы бағалаймын және бәрінен де биік қоямын. Кішкентай кезімде домбырамен ән айтқан кісілерге қарап отырып, соларға қызығатынмын. Мен де осындай әнші болсам деген ой болатын. Ол менің балалық арманым еді, кейіннен өмірімнің бір бөлшегіне айналып кетті.

- Қанша жасыңыздан бастап киелі өнердің тұтқасын ұстадыңыз?

- Балабақшадан бастап ән айтатынмын. Сол кезде жаңадан шығып жатқан «Алтайдың ар жағынан келген ару» деген ән болатын, соны маған тәрбиешілерім әрдайым тамақтанар алдында айтқызып қоятын. Кейіннен мектепте де белсенді болдық. «Әнші балапан» сынды байқауларға қатысып, солардан бірінші орындарды алып жүрдім. Ал жалпы домбыраны алтыншы сыныпта қолыма алдым. Ең алғашқы ұстазым Абдалиева Мәдина деген кісі болды. Сол кісіден көп нәрсе үйрендім.

- Бүгінде қай биікті бағындыра алдыңыз?

- Жетістігім аз-маз болса да, Алланың бұйырғаны. Бүгінде Қазақстан Ұлттық телеарнасындағы «Сегіз қырлы» атты әншілер байқауының бас жүлдегерімін. 2011 жылы болған алтыншы «Шырқа даусым» атты Кенен Әзірбаевтың байқауында екінші орын иегерімін. Қаламызда ЖОО-ның арасында өткен «Жас жұлдыз» жастар фестиваліне қатысып, бірінші орынды қанжығама байладым.

- Қазіргі таңда қоржыныңызда қанша дәстүрлі ән бар?

- Бүгінде үш жүзге жуық дәстүрлі әнді орындаймын. Ұстазым Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Ардақ Исатаева Арқадан болған соң, көбіне Арқаның әндерін айтамын. Жетісудың да әндерін жиі орындаймын. Ән қоржынымды толықтыру үстіндемін. Қазақтың көзге көрінбей, мұрағаттарда шаң басып жатқан дәстүрлі әндері қаншама, алдағы уақыттарда сол әндерді тыңдарман қауымға қайта қауыштыратын боламын. Барлығы Алла еншісінде, бұйыртса.

- «Кеш жарық» бағдарламасында эстрада мен  дәстүрлі әншілердің әндерін алмастырып, жарыстырып  жатыр, бұған көзқарасыңыз қалай? Қай жақ басым түсіп жатыр деп ойлайсыз?

- Бұндай бағдарламалардың болғаны дұрыс. Бірақ дәстүрлі ән мен эстраданы қосып қойғаны келіңкіремейтін сияқты. Неге десеңіз, дәстүрлі әннің ауқымы өте кең. Шарықтатып тұрып, ұзартып тұрып ән айтатын дәстүрлі әншіге эстрада әнін айтқызып, оны бір шаршыға сыйдырып тастайды. Сол кезде олар өз мүмкіншілігін көбіне көрсете алмай қалып жатады. Ал эстрада әншілері дәстүрлі әндерді айтатыны қарынды аштырады. Қай жағынан алып қарасаңыз да, әнді айтуы да, домбыра тартысы да көңілге қонымсыз.

- Алда ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі келе жатыр, мейрамды қалай қарсы аласыз?

- Наурыз өзіміздің төл мерекеміз, жаңа жылымыз ғой. Оны консерваториямыздың қабырғасында қарсы аламыз. Осында түрлі концерттер ұйымдастырылады, сонда өзіміздің өнерімізді көрсетіп, өзгелердің өнерін тамашалаймыз.

- Ұлттық ойындарымыздың қай түріне жаныңыз жақын немесе әуесіңіз басым?

- Жігіт болғанан кейін, өзім қатысып көрмесем де «Көкпарға» өте қатты қызығамын. Сонымен қатар «Аударыспақ» деген ұлттық ойнымызды ерекше ұнатамын.

- Әжелеріміз дайындайтын наурыз көжедегі жеті дәмді білесіз бе?

- Менің білуімше ет салады, сосын айран қосып, күріш салады... Шынымды айтсам, ұмытыңқырап тұрмын.

- Ертедегі қазақ жастары наурыз түнін қарсы алатын. Онда алтыбақан аясында қыз бозбалалар ән салып, алты бақан тебетін болған. Бүгінгі заман ұрпағы кешегіні қалай жаңғырта алады деп ойлайсыз?

- Бұл өте қиын сұрақ. Өйткені наурызды біз қанша дайындалып, күтіп жүргенімен, ресми түрде өткіземіз де қоямыз. Ал 31 желтоқсанды кәдімгідей жарқыратып тұрып қарсы аламыз, отшашу атамыз. Неге өзіміздің жаңа жылымыз Наурызды дәл солай жасамаймыз? Түнгі он екіде өзіміздің жаңа жылымызды отшашумен қарсы алмаймыз? Наурызды жастар үлкен ауқымда қарсы алуы үшін, менің ойымша, оған бірінші жастарды қызықтыратын қолдау керек.

- Дәстүрлі әншілеріміздің жұлдызы неге жанбай келеді? Тыңдайтын құлақ аз ба? Болмаса, сіздердің құлшыныстарыңыз жеткіліксіз бе?

- Өйткені дәстүрлі әнді насихаттау аз. Дәстүрлі әнді де, әншілерді де елге танытып жүрген «Сегіз қырлы», «Саз толғау» деген бағдарламалар бар еді. Жақында оларды да жауап тастады. Басты мәселе осы насихаттауда болып тұр. Егер телеарналардан көптеп беретін болса, дәстүрлі әнді халық тыңдамайды емес, тыңдайды.

Дәстүрлі ән эстраданың көлеңкесінде қалып бара жатыр дейтіндер де бар. Бірақ мен оған келіспеймін. Қазақтың қанында бар нәрсе еш уақытта өшпейді. Керісінше қайнап, одан сайын күшейе түседі.

Материалды дайындаған:

Айнұр Ракишева, Айжан Кәрібаева

 
Алия Arsik
28 қазан 2012, 17:25
3315

Loading...

Пікірлер

Кыздарга рахмет...сухбат сатті шыгыпты...)))
agatay
1
0
Есболдың дауысы жақсы екен, дауысынан бұрын ән айтқанда адамды өзіне елітіп әкетеді екен, сөз жоқ әдемі :)

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Известные казахи, женившиеся на русских женщинах

Известные казахи, женившиеся на русских женщинах

Говорят, что за каждым великим мужчиной стоит женщина. А еще говорят что, все великие люди меняют судьбу своего народа. Так давайте узнаем больше о русских женщинах, навсегда изменивших жизнь...
Shala-Kazakh
17 ақп. 2017 / 23:21
  • 34100
  • 81
Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Архивные фотографии Алма-Аты из семейного альбома. Ностальгический пост

Насобирал разных фотографий про наш город, из семейного архива. Фотографии не от сканированные, а пересняты на телефон. Давно хотел выставить, но не решался) Сейчас уже мы все поменялись, уже...
Ispanec
вчера / 11:05
  • 7551
  • 14
Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Вспомнились слова однокурсника: «Не завидую твоему будущему мужу»

Среди моих знакомых есть одна милая девушка, она тоже молодая мама как и я. Очень открытая, видная, недавно вышла на работу. У нее счастливая семья и все, тьфу-тьфу, складывается хорошо.
Roza_pvl
19 ақп. 2017 / 11:49
  • 5153
  • 43
Утверждён график выходных дней для жителей Казахстана в марте

Утверждён график выходных дней для жителей Казахстана в марте

Казахстанцы отдохнут около полумесяца в грядущем марте. В связи с праздниками в марте ожидается четыре дополнительных выходных дня. Первый, разумеется, выпадает на главный женский день в году, а...
Seattle
17 ақп. 2017 / 13:20
  • 4492
  • 4
«Казахстанцы больше не смогут приобрести недвижимость за рубежом»

«Казахстанцы больше не смогут приобрести недвижимость за рубежом»

Так мог бы звучать заголовок этой публикации, откажись Европа, Турция, ОАЭ, США и другие от фундаментального права человека на имущество. Пост про то, кто заработает на поправках в Конституцию РК...
lyalusha
16 ақп. 2017 / 14:45
  • 3673
  • 31
Секреты женского оргазма или Почему вокруг так много фригидных женщин

Секреты женского оргазма или Почему вокруг так много фригидных женщин

Просьба отключить режим высокой морали и узколобия, а внять советам, дабы сделать немножко счастливей и свою жизнь, и жизнь партнера. Всем уят! :D
kami_princesska
16 ақп. 2017 / 11:39
Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Как купить свое жилье при зарплате в 100 тысяч тенге

Итак, по просьбам трудящихся и по крикам души коллективного бессознательного решила я написать пост на эту тему. Вводные данные: 1) нет имущества, которое можно продать для покупки собственного...
DanaJarlygapova
20 ақп. 2017 / 16:17
  • 3463
  • 45
50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

50 бизнес-встреч с лучшими предпринимателями Астаны. «Наш бизнес начинался как хобби»

Друзья, представляю вашему вниманию второго героя моей рубрики "50 бизнес-встреч с лучшими (по моей версии) предпринимателей Астаны за 100 дней" - Асхата Солтанова!
Kultursyn
20 ақп. 2017 / 12:46
  • 3103
  • 8
Я не националист, но выйду замуж только за казаха. 22 факта обо мне

Я не националист, но выйду замуж только за казаха. 22 факта обо мне

Всем доброго времени суток! Поскольку сейчас долгожданные выходные, я болею и имею полное право ничего не делать за чашечкой горячего чая, то решила все-таки написать этакий скромный пост о себе...
Sserikyzy
18 ақп. 2017 / 16:35