Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
01:41, 12 марта 2012

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

Біз үшін ең қымбат – балалар. Олардың жарқын болашағы сапалы білім арқылы қалыптасады!

Ал сіз қазақстандық білім жүйесінің қаншалықты құлдырауға ұшырағанын білмейсіз. Бұл жүйе сапасыз реформалардың арқасында құрдымға кетіп барады.

Бүгінде мектеп құжатайналымнан бас көтере алмауда бұл бір, екіншіден жоғарыдан қойылған ортақ келісіммен жасалмаған талаптар, үшінші ешқашан таусылмайтын тексерістер, төртінші …, бесінші…, оныншы сияқты бұл шегі жоқ істердің жиынтығы. Осының арқасында мектеп балалармен және білім берумен айналысуға мүлдем уақыт таппайтын болды.

Ал білімі, ынтасы бар жастарды жалақысы төмен мұғалім мамандығы мүлдем қызықтырар емес.

Осыған орай Қазақстанның Халықтық Коммунистік Партиясы мен мұғалімдер мен оқытушылардың «Ар-Намыс» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі біріге отырып, «Заманауи мектеп: даму сатысы мен проблемары» (ҰБТ, мектеп мәселелері, білім беру мен баланы дамыту проблемалары және т.б.) атты ашық байланыс телефонын қосты. Хабарласып, пікір қалдырыңыздар.

Ашық байланыстың нәтижесі 3 сәуір 2012 жылы өтетін ҚОҒАМДЫҚ ТЫҢДАУДА қорытындыланады. Бұл іс-шараға Қазақстан Республикасының Парламентінің депутаттары, Білім және Ғылым Министрлігі, азаматтық қоғам өкілдері, халықаралық ұйымдар мен БАҚ қатысады.

БАЛАЛАРҒА САПАЛЫ БІЛІМ БЕРМЕУ ОЛАРҒА БОЛАШАҚТЫҢ ЕСІГІН АШПАУМЕН ТЕҢ

Өздеріңіздің пікірдеріңіз бен осы салада кездескен мәселелеріңізді Алматы қаласындағы ашық байланыс телефондарына хабарласыңыздар: 264-56-67, 250-95-14 немесе өздеріңіздің ойларыңызды www.knpk.kz қалдырып және де mektep_kz@mail.ru поштасына жазып жіберіңіздер. Біз күтеміз.

0
200
0