Yvision.kzYvision.kz
kk
Разное
Разное
399 772 постов41 подписчиков
Всяко-разно
0
00:32, 08 марта 2012

Кұрметті АРУЛАР мейрамдарыңызбен!

Арулар

Арулар -асыл жандар!

Шуақ боп шашылғандар,

Қуат боп  тасынғандар,

Құшақ боп ашылғандар,

Арулар -асыл жандар!

Арулар -асыл жарлар!

Арулар -әрбір үйдің шаңырағы,

Әрбір үйге  от болып жағылады.

Әрбір үйде  таң болып атты дағы,

Әрбір үйге сәуле  боп  жамырады.

 

Жимайды - ау бір шашылған шуақтарын,

Саясына  келеді ау, шуақтағың.

Жамандыққа қиярсың  қалай ғана,

Жинаған бір бір үйдің шырақтарын.

 

Арулар  -асыл  жарлар, сағыныштар,

Өтініштер, құшақтар, жалыныштар...

Жек көрсе олар жүрегін мұз жасайды,

Жақсы көрсе  балқытып, жанына  ұстар.

 

Арулар  -аяулылар, ардақтылар,

Өмірдің  жылуы боп  қалмақ бұлар.

Арулар - тіршілікке  күре тамыр,

Өмірдің  бір- біріне  жалғап тұрар.

 

МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ


0
434
1