Yvision.kz
kk
Разное
Разное
399 773 постов42 подписчика
Всяко-разно
0
02:04, 05 марта 2012

саяси коммуникация

Саяси коммуникация - саяси субъектілердің ақпарат алмасу мен тікелей қатынасының, ой-идеялармен, мәліметтермен бөлісу негізіндегі өзара қарым-қатынас үрдісі; қандай да бір саяси мазмұнды бір санадан екінші санаға белгілеу, қандай да бір материалдар көмегімен немесе виртуалды түрде беру; саяси құрылым мен ондағы байланыстырушы қызметті орындауды білдіретін саяси үрдіс; коммуникатордың саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін адамдардың мінез-құлқы мен саяси санасын өзгертуге ұмтылатын ерекше ақпараттық-психологиялық ықпал ету.

Жеке тұлға ішіндегі саяси коммуникация қарапайым өзіндік білім алудан көрініс табады. Бұл - газет оқу, теледидар көру, радиодан бағдарламалар тыңдау, т.б.

Жеке түлғалар арасындағы саяси коммуникация біріккен қызметте әріптестердің бар екенін білдіреді. Бір әріптес коммуникатор қызметін орындаса, қалғандар коммуникация объектісі болады.

Топ ішіндегі саяси коммуникация негізгі қызметтердің нақты бөлінуін білдіреді. Мысалы, топ болып саяси ақпаратты тындау, партиялық жиналыс, т.б. Барлығында коммуникатор, аудитория және олардың арасындағы қарым-қатынас үрдістерінен түрады.

Топ аралық саяси коммуникация әр түрлі топтар арасындағы формальды және формальды емес араласу тәсілдерін білдіреді. Формальды вариантта даулы мәселені шешу мақсатындағы арнайы ұйымдастырылған келіссөздер. Формальды емес вариантта топтар арасындағы қатынастарды бекітуге бағытталған белсенді өзара қарым-қатынас.

Бұқаралық саяси коммуникация бұқаралық сана мен мінез-құлыққа ықпал ету құралы. Ол арнайы бүқаралық ақпарат құралдарымен және арнайы заңдармен жүзеге асырылады. Оған саяси жарнама, саяси үгіт-насихат жатады.

 
0
4460
1