Тікелей эфир

Аптаның қызықты материалдары #6

Бүгін көктемнің алғашқы демалыс күні, ал біз болсақ, сіздерге әдеттегідей осы аптаның мәдени материалдарын ұсынамыз.

Бізге қандай айтыс қажет?

1984 жылдан бері айтысқа 150-ден астам машина тігіліпті.  Көлік мінбеген кейінгі шыққан Фархат Маратұлы, Қайнар Алакөзов сынды жас ақындар болмаса, айтыскерлердің алды кемінде он бес-жиырма машинадан мінді. 17 жасында сахнаға шығып, 12 жыл айтыста ойқастаған, жақында ғана айтысты қойғанын мәлімдеген  Ринат Зайытов он машина алыпты.  Жиырма бір жасар Жандарбек Бұлғақовтың  да жүлдесі онға таяпты (жалғасы).

«ОСКАР» АЛҒАН «АРТИСТ»

Францияда той. 84-мәрте таратылған «Оскар» француздың «Артист» картинасына бұйырды. Ел президенті Саркози триумфаторларды ресми түрде құттықтап та үлгерді. Әдетте америкалықтардың өзінен артылмайтын «Оскар» қалайша шетелдік жұмысқа бұйыра қалды (жалғасы)?

Дулат ИСАБЕКОВ: БІЗДІҢ АУЫЛҒА КӨКТЕМ КЕЛГЕНДЕ...

Бала кезімізде көктем келісімен той-томалақтың дәуірі басталып кететін. Ол кез елдің ашаршылық, соғыстан кейін ес жия бастаған шағы. Жоқшылықтың қамытынан әлі арылмаған дәуір. Той үшін ел барын салып, түрлі тағамдар дайындап, келген адамдарға тартып жататын. Сол тағамдар біз үшін керемет дәмді болып көрінуші еді. Бұл тек қана тамақ ішудің мерекесі емес, қыстан аман-есен шыққан адамдардың қауышу тойы іспеттес-тін (жалғасы).

ҚАЗҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен «Жас қазақ» газеті бірігіп,  жаңа жобаны қолға алды.  Алғаш рет студент оқуға тиіс 100 кітаптың тізімі жасалып, ҚазҰУ-дың Ғылыми кеңесінде бекітілді.  Осыған орай ҚазҰУ-де дөңгелек үстел өтіп,  жоба жайлы университет ректоры Ғалымқайыр  Мұтанов пен әдебиетші ғалымдар ойын ортаға салды (жалғасы).

Мас қылған махаббат

Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында белгілі француз жазушысы Проспер Мерименің «Кармен» атты туындысы көрермендерге жол тартты.Бұл спектакль опера, мюзикл, балет түрінде әлем сахналарында талай рет қойылып жүргенімен, драмада алғаш рет көрермен назарына ұсынылып отырған көрінеді. Қойылым режиссері Талғат Теменов: «Біз бұл қойылымды драмаға лайықтап, көрермен назарына ұсынғалы отырмыз (жалғасы).

Қазақ сахнасында – қырғыз ханшасы

2011 жылы ақпан айында құрылған Айгүл Иманбаеваның жеке драма театры қырғыз жазушысы Сұлтан Раевтың «Ханшаның көз жасы» атты драмасын сахналады.Жалпы, қойылымда бес-ақ адамды көре аласыз. Шындап келгенде, спектакль абстракцияға құрылған. Ол жерде бес адам ойнап тұрғанымен, Құрманжан Датқадан өзгелері шартты денелер. Ауыр әрі фәлсәфаға толы қойылым барысында Құрманжан Датқа сан түрлі ойдың шырмауынан шыға алмай, біраз қиналады (жалғасы).

Шәмшісіз өткен 20 жыл...

Төрт жылда  бір келетін 29 ақпан – қазақ халқының Шәмшідей аяулы перзентінен айырылған күні. Биыл, міне, халқымыз Шәмшісіз 20 жылды өткерді. Осыдан дәл 20 жыл бұрын Шәмшідей ән арысы өмірден озғанда «Ән аға» немесе «Шәмшімен сырласу» әні туған еді. Халқын шексіз сүйген Шәмші – өз халқына қандай ән керектігін түйсіне білген,  қазақ өнеріне жаңа леп алып келген реформатор (жалғасы).

 
Алия Arsik
26 қазан 2012, 7:27
1766

Загрузка...

Пікірлер

рахмет, өзіме қызық бір-екі мақала оқыдым :)
100 кітаптағы тізімді өзгерткім келіп отырғаны)))
"Артист"-ті көру керек еді)
сол аталған "жүз кітапты" ат үсті құрастырған, менің де көңілім толмайды. қазақтың қалам ұстаған ақын -жазушылары мұнымен шектелмейді. оған шетелдің шығармаларын қосты...
Zere
1
0
Кеше Әсияның рецензиясынан кейін Артисті көшіріп алып, қарадым. Керемет кино екен, бірінші рет үнсіз кино көрдім. )) Сол жердегі итке ғашық болдым ))))
Arsik
0
0
Әсияның мақалаларын оқуға тырысамын, өнер, театр, шоу-бизнес жайында әсіресе. Ерекше жазуға тырысады).
да? қай жерден көшіріп алдыңыз?)
Arsik
0
0
пираттар жиналып қапты))
Zere
0
0
Айтсам, соттап жібере ме деп қорқып тұрғаным ))))
онда намек тастаңыз:))
Zere
1
0
Жүз кітаптың тізімі жоқ қой )) Менің ойымша әлем әдебиетін көбірек оқу керек деп ойлаймын. Аудармалары болса тіптен керемет.
Бастысы сол аудармадан шаршап тұрмыз ғой. Аударманың классикалық үлгкісі қанша жамандасақ та сәбет заманында жасалған. Қазір соларды қайта көшіріп басып әлек, ал, бүгінгі аударма деген аударма ма жеңіл, атүсті желдірме сияқты...

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Мне как казаху по национальности очень хотелось туда попасть. Оказалось, что климат там намного суровей и люди, говорят, суровые и воинственные. Казах – город на западе Азербайджана...
alidimash
18 қаң. 2017 / 21:50
  • 30183
  • 18
10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

Названия улиц: Садовый бульвар, Солнечный проезд. Красиво звучит не так ли? Прям, как в Москве... Уютные улочки и радующие глаз одноэтажные домики, тихо и свободно, нет динамики, движух и ажиотажа.
gelberdeuet
16 қаң. 2017 / 14:45
  • 8587
  • 98
Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Ожидали ли депутаты Мажилиса всего этого? Как планировали этот процесс регистрации, и обсуждали ли его, прежде чем одним нажатием кнопки принять нормы с такими абсурдными временными рамками?
openqazaqstan
17 қаң. 2017 / 14:32
  • 5018
  • 22
Астана глазами алматинских девушек. Как при таких погодных условиях можно выжить?

Астана глазами алматинских девушек. Как при таких погодных условиях можно выжить?

В спальных районах, и в высотных домах сквозь стены слышно завывание ветра. В особенности ночью. Такие звуки, я слышала, пожалуй, только по телевизору, в фильмах про метель.
Naomi_K
20 қаң. 2017 / 12:36
Сильное ДТП произошло в Алматы на Тимирязева-Байзакова

Сильное ДТП произошло в Алматы на Тимирязева-Байзакова

NoComment (c) Официальный слоган EuroNews. Катастрофа на алматинской утренней трассе началась с того, что водители «Ниссана» и микровена ожидали сигнала светофора на запад по Тимирязева...
ibestreporter
17 қаң. 2017 / 22:52
  • 3841
  • 5
Вейпинг безопасен? Эндрю Холл из США тоже так считал, пока что-то не пошло не так

Вейпинг безопасен? Эндрю Холл из США тоже так считал, пока что-то не пошло не так

Эндрю Холл из США считал, что вейпинг безопасен и усиленно убеждал в этом близких. Но как-то раз что-то пошло не так. Это результат взрыва хипстерского устройства - выбило 7 зубов + ожоги и раны...
Maxambet
17 қаң. 2017 / 16:28
  • 3866
  • 52
Это поколение просрет страну. 20-летняя молодежь представляет из себя сказочных эльфов

Это поколение просрет страну. 20-летняя молодежь представляет из себя сказочных эльфов

Смотря в очередные пустые глаза вчерашнего студента, приходящего устраиваться на первую работу страшно становится. Потому что сравниваю с теми же китайскими студентами, которые готовы выгрызать себе мечту.
mbaitykov
18 қаң. 2017 / 11:34
Становится хуже, но как-то постепенно. Беднеем, но тоже как-то не разом

Становится хуже, но как-то постепенно. Беднеем, но тоже как-то не разом

Помню, когда я уезжал и Казахстана, тут было довольно прилично, даже не смотря на то, что жить было невыносимо. Но прилично так. Мусора было меньше. Дороги чистили, вони почти не было. Да и в остальном тоже норм.
shootnix
18 қаң. 2017 / 12:49
  • 3558
  • 34
Любимый Тайланд. Правящий король называет Паттайю «черным пятном на репутации страны»

Любимый Тайланд. Правящий король называет Паттайю «черным пятном на репутации страны»

Тайланд мы впервые посетили в декабре 2012 года. Полученные эмоции настолько были яркими, что в конце 2015 года мы решили еще разок слетать в Тайланд. Вспоминая Тай, первое о чем я думаю - горячий...
zhainar_d
17 қаң. 2017 / 11:11
  • 3415
  • 24