• 7398
  • 0
  • 2
Нравится блог?
Подписывайтесь!

PR-дағы компьютерлік бағдарламалар

Бұл уақытта  – кез келген адам дербес компьютер, Windows
амалдық жүйесі деген не екенін біліп, Microsoft Office дестесіндегі
қосымшалармен (Word, Excel, PowerPoint) жұмыс істей алуы, Internet ғаламдық
желісінің қызметтерін пайдалана білуі қажет.

Дербес компьютерде жұмыс істеу жөнінде пайдаланушы дербес компьютер деген не
екенін, дербес компьютер қалай жұмыс істейтінін, дербес компьютер қайда
қолданылатынын, қандай комьютер сатып алу керек екенін, дербес компьютердің
негізгі (ішкі және сыртқы) құрылғыларын, ақпараттың өлшем бірліктерін,
компьютерге күтім жасау және қауіпсіздік техникасы ережелерін, дербес компьютер
туралы бастапқы мәліметті (жіктелуін), дербес компьютерге бағдарламаларды
орнату және оларды жою тәсілдерін білуі; дербес компьютерді дұрыс қосып, өшіре
алуы, пернетақта мен тінтуірді дұрыс пайдалана алуы, дербес компьютерге сыртқы
құрылғыларды қоса алуы, компьютерге бағдарламаларды орнатып, оларды жоя алуы,
қажетті міндеттерді орындауға жарайтын дербес компьютер таңдап ала алуы тиіс.

Windows амалдық жүйесін пайдалану жөнінде пайдаланушы амалдық жүйе деген не
екенін, амалдық жүйе дербес компьютерді қалай басқаратынын, қандай амалдық
жүйелер бар екенін, Windows қалыпталған бағдарламаларын (Блокнот, WordPad,
Paint), Жұмыс үстелі ұғымын, Windows терезесінің құрылымын, қалталар мен файлар
деген не екенін, Каталогтар бұтағы деген не екенін, Жетектегіш деген не екенін,
Аралық сақтағыш деген не екенін, Іздеу бағдарламасы деген не екенін, Мұрағаттар
деген не және олар не үшін қажет екенін, Windows анықтамалық жүйесі деген не
екенін білуі; терезелерді басқара алуы (бірнеше терезенің өзара әрекеттесуін
жүзеге асыруы), қалыпталған бағдарламаларды іске қосып, пайдалана алуы, Windows
анықтамалық жүйесін қолдана алуы, Жетектегіш бағдарламасын қолдана алуы,
файлдармен және қалталармен жұмыс істеудің түрлі тәсілдерін (жасау, атау беру,
атауын өзгерту, көшіру, жылжыту, файлдар мен қалталарды жою, себетке жойылған
файлдар мен қалталарды қалпына келтіру) меңгеруі, файлдарды дискетке,
флэш-картаға көшіріп, ықшам дискілерге жаза алуы, өз компьютерінде файлдар мен
қалталарды таба алуы, мұрағат жасап, файлдар мен қалталарды мұрағаттан шығарып
ала алуы тиіс.

Компьютерлік бағдарлама белгілі бір алгоритмді
жүзеге асыру мақсатында мәліметтер өңдеу жүйесінің нақты құрауыштарын
(компьютерді) басқаруға арналған мәліметтер тізбегі немесе орындалуға
(өңделуге) тиіс реттелген командалар тізбегі, есеп шығару алгоритмін
сипаттайтын программалау тілінің сөйлемдер жиыны. Есеп шығаруға, сондай-ақ
берілген мәселені шешуге арналған, қабылданған синтаксиске сәйкес жазылған
компьютер командаларының (нұсқауларының) реттелген тізбегі болып табылады.
Сонымен қатар программалар мен олардың үзінділеріне, бағыныңқы программаларға,
процедураларға, программалық модульдерге, машиналық программалар мен олардың
үзінділеріне арналған жалпы атау .

Компьютерлік
бағдарламалардың ішінде кең таралып, көп қолданысқа ие бағдарламаларға :
«CorelDRAW» , «Рhotashop», «Adobe InDesign» және тағы басқалары жатады. Енді
сол бағдарламаларға тоқталып өтсек: CorelDRAW
Graphics Suite (ағыл: «CorelDRAW бағдарлама топтастығы»)
CorelDRAWдың 12 пакетінен бастап — бағдарламаның ресми маркетингтік аты Corel (Оттауа, Онтарио, Канада) компаниясының графикалық
редакторы. «Suite» н-се «Graphics Suite» деген сөздер қорапшада 9 нұсқадан бері
қолданылғанына қарамастан, бұл нұсқаға дейін пакет жай ғана «CorelDRAW» деп
аталатын. Пакеттің құрамы оның атының өзгеруіне еш қатысы жоқ. СorelDRAW –
машиналық графиканың нағыз шедеврлерін жасау үшін қолданылатын компьютерлік
дизайнердің құралы. Түрлі-түсті көркемдеулерді, күрделі сызбаларды, кітаптар
мен журналдар мұқабаларының фигуралық пішіндерін, фотографиялық шын және
фантастикалық шын емес бейнелеулерді, дайын бейнелеулерді редакциялау үшін,
графикалық Web-беттерді құру үшін, т.б. жасау үшін қолданылатын қолайлы игеруге
қарапайым құрал. Векторлық графика да қолданылады, оның көмегімен сапаны
жоғалтпай, бейнелеуді бірнеше есе көбейтуге болады, ал мысалы Paint
редакторында суреттерді растрлық берілуі кезінде ондай мүмкіндік жоқ. Сorel
Draw винчестерде жадының 120-дан 700 МБ алады. Векторлық графика
безендіру және сызба бейнелеулерін құру үшін пайдаланылады. Векторлық графикада
Қисық негізгі объекті болады. Оны көбейткен кезде векторлық бейнелеулердің
сапасы өзгермейді. Мысалы, Сorel-де машина жазба бетінен бірнеше метрлік
плакаттарға дейінгі көлемде бейнелеулерді құруға болады. Сorel Draw – бірнеше
беттен тұрады, оны толықтыру, жою, басқа атымен атауға болады. Объект –
құжаттың фрагменті. Объекттер бір-бірімен қиылысу, бір-біріне үстіне жапсырылуы
мүмкін, олардың көмегімен түрлі-түсті мәтіндердің комбинацияларды, суреттерді
жасауға болады.

Интерактивтілік – басқарылатын режим.
Интерактивті құралдар өте қарапайым және қолдануға тиімді. Бұрынғы кезде
қызметіне бірнеше меню мен терезелерді ашу жатса, бүгінгі күні интерактивті
панель көмегімен екі объекттің арасында өткелді құру үшін тышқанмен бір
объекттен екіншіге жүргізу жеткілікті. Универсалды пакеттер құрамына Photo
(Соге1Рhоtо, PhotoFinish, PhotoStyler, EasyPhoto және т.б.) сөзі бар графикалық
пакеттерді жатқызамыз. Олардың басты айырмашылығы – фотографиялық бейнелерді
өңдеуге бағыттылығы. Сондықтан, оларды дизайнерлер мен суретшілер, кәсіби
фотографтар және жарнама ісіндегі мамандар кеңінен қолданылады. Дәл осы
пакеттер суретші-ретушердің жұмысын қызықты шығармашыл жұмысқа айналдырды.
Фотографияның пайда болу кезінен бастап ретуштің мақсаты суреттегі дефекті
облыстарды алып тастау болса, дербес компьютердің және сәйкесті программалық
қамтамалардың пайда болуы ретуштің сапалық жағынан жаңа деңгейі – композициялқ
ретушке өтуге мүмкіндік жасады.

Жоғарыда сипатталып өткен программалық қамтамалардың қолданысы бойынша кеңінен
қолданылатыны, әрі ерекше орынға ие Adobe Photoshop программасы. Ол 2002 жылы
шыққан 7.0 версиясы мамандарды жаңа қасиеттермен түрлендіре түсті. Бұл
ерекшелік – қабаттармен, каналдар мен контурлармен жұмыс істеуде, облыстарды
бөліп қарау және оларды автоматты өңдеуде, сандық бейнелердің және графикалық файлдар
форматтарының көбісін қолдауында,
түстерді бөліп қараудың жоғары дәрежелілігінде айқын байқалады. Сондай-ақ
пакеттің одан басқа да көптеген   қасиеттері  бейнелерді ретуштауға  арналған айнымас құрал деп танытуға мүмкіндік
жасайды. Adobe Photoshop программасы графикалық объектілерді өңдеу, өзгерту,
сақтауда қолданылатын пакеттердің бірі. (АР) – палитрамен жұмыс істеу,
калибровка жасау, сканерлеу, импорттау және экспорттау, облыстарды, контурларды
бөлу,  салу,  өзгерту,  түстерді, қабаттарды,  каналдар және маскаларды, таңдау және тағы
басқа мүмкіндіктерді ұсынады. «CorelDRAW» бағдарламасымен мен «Рhotashop»
бағдарламасының айырмашылығы - «CorelDRAW» 
негізінен векторлық бейнелерді жасауға арналған, ал «Рhotashop» - негізінен
нүктелік бейнелерді өңдеуге бағытталған. «Рhotashop» жетістігі көпқой. «CorelDRAW»
бағдарламасымен де көп нәрселер жасауға болады. «CorelDRAW» -дың мен үшін
артықшылығы word-тан тексті көшіріп алып, «CorelDRAW»  орнатып қалағаныңша өшіре аласың. Сосын жасаған
дүниелеріңді PDF, JPEG сияқты көптеген мүмкіншіліктерге форматын айналдыра
аласың. т.б көптеген мүмкіншіліктері бар. «Рhotashop»
негізінде image yagni pixel өлшеу арқылы
жұмыс істейді. Ал «CorelDRAW» бағдарламасы болса, вектор арқылы жұмыс істейді.
Күнделікті суреттер немесе web үшін керек жарақтарға әрине «Рhotashop»
бағдарламасы жақсы. Алайда көптеген көшедегі үлкен плакаттар, суреттер
«CorelDRAW» бағдарламасымен әлде қайда оңайырақ жасауға болады. Бірақ «Adobe
InDesign» бағдарламасын үйренген дұрыс, себебі, «Рhotashop» бағдарламасынан
«CorelDRAW» -ға өткенше «Adobe InDesign» бағдарламасына өту оңайырақ. Көптеген
орындау командалары «Рhotashop» - пен бірдей болады. «CorelDRAW»,
«Рhotashop» және «Adobe InDesign» бағдарламалары  графикалық бағдарламалар. әр бағдарламаның өз
орны бар. мысалы, суретті орналастырып жасағанда фотошоп таптырмайтын құрал,
корелмен ондай нәтиежеге қол жеткізе алмайсың. бірақ векторлы суреттер т.б баннер,
түрлі жарнама заттарын жасауда корел ыңғайлы. Фотошоппен екі-үш қимылмен
жасалатын заттар корелда бір-ақ қимыл. сондықтан қарапайым суреттер фотошопта
алдымен өңделіп алып, корелда реттеледі. Өкініштісі екеуі екі фирма. Сондықтан
бір-бірін онша түсіне бермейді. Фотошопта қайта орналастыра аласың, сосын корелға
алып барғанда түстер сәл-пәл өзгереді, ал индизайн ол тазалау бағдарламасы. Және
фотошоп екеуі бір фирма болғандықтан (adobe) бір-бірін өте жақсы түсінеді. Яғни,
фото фотошопта өңдеу жасалады, сосын индизайнда қойылып, орналастырылуы
жасалады, ал мұқабасы корелде жасалынады. Үш бағдарламада дизайнерлерге сонымен
қатар «Қоғаммен байланыс» мамандарына өте керек бағдарламалар болып табылады.

   
dariya_0309
20 февраля 2012, 19:47
7400

Загрузка...

Комментарии

Оставьте свой комментарий

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Также можно нажать Ctrl+Enter

Популярные посты

Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Я был удивлён, что в Азербайджане есть Казахский район

Мне как казаху по национальности очень хотелось туда попасть. Оказалось, что климат там намного суровей и люди, говорят, суровые и воинственные. Казах – город на западе Азербайджана...
alidimash
18 янв. 2017 / 21:50
  • 29851
  • 18
10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

10 лучших районов Алматы. Широкие улочки, частные дома, летом – красота!

Названия улиц: Садовый бульвар, Солнечный проезд. Красиво звучит не так ли? Прям, как в Москве... Уютные улочки и радующие глаз одноэтажные домики, тихо и свободно, нет динамики, движух и ажиотажа.
gelberdeuet
16 янв. 2017 / 14:45
  • 8533
  • 98
Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Многочасовые очереди, смерти в ЦОНах: почему вопросы об этом ставят парламентариев в тупик?

Ожидали ли депутаты Мажилиса всего этого? Как планировали этот процесс регистрации, и обсуждали ли его, прежде чем одним нажатием кнопки принять нормы с такими абсурдными временными рамками?
openqazaqstan
17 янв. 2017 / 14:32
  • 4977
  • 22
Астана глазами алматинских девушек. Как при таких погодных условиях можно выжить?

Астана глазами алматинских девушек. Как при таких погодных условиях можно выжить?

В спальных районах, и в высотных домах сквозь стены слышно завывание ветра. В особенности ночью. Такие звуки, я слышала, пожалуй, только по телевизору, в фильмах про метель.
Naomi_K
20 янв. 2017 / 12:36
Сильное ДТП произошло в Алматы на Тимирязева-Байзакова

Сильное ДТП произошло в Алматы на Тимирязева-Байзакова

NoComment (c) Официальный слоган EuroNews. Катастрофа на алматинской утренней трассе началась с того, что водители «Ниссана» и микровена ожидали сигнала светофора на запад по Тимирязева...
ibestreporter
17 янв. 2017 / 22:52
  • 3823
  • 5
Вейпинг безопасен? Эндрю Холл из США тоже так считал, пока что-то не пошло не так

Вейпинг безопасен? Эндрю Холл из США тоже так считал, пока что-то не пошло не так

Эндрю Холл из США считал, что вейпинг безопасен и усиленно убеждал в этом близких. Но как-то раз что-то пошло не так. Это результат взрыва хипстерского устройства - выбило 7 зубов + ожоги и раны...
Maxambet
17 янв. 2017 / 16:28
  • 3818
  • 52
Это поколение просрет страну. 20-летняя молодежь представляет из себя сказочных эльфов

Это поколение просрет страну. 20-летняя молодежь представляет из себя сказочных эльфов

Смотря в очередные пустые глаза вчерашнего студента, приходящего устраиваться на первую работу страшно становится. Потому что сравниваю с теми же китайскими студентами, которые готовы выгрызать себе мечту.
mbaitykov
18 янв. 2017 / 11:34
Становится хуже, но как-то постепенно. Беднеем, но тоже как-то не разом

Становится хуже, но как-то постепенно. Беднеем, но тоже как-то не разом

Помню, когда я уезжал и Казахстана, тут было довольно прилично, даже не смотря на то, что жить было невыносимо. Но прилично так. Мусора было меньше. Дороги чистили, вони почти не было. Да и в остальном тоже норм.
shootnix
18 янв. 2017 / 12:49
  • 3503
  • 34
Любимый Тайланд. Правящий король называет Паттайю «черным пятном на репутации страны»

Любимый Тайланд. Правящий король называет Паттайю «черным пятном на репутации страны»

Тайланд мы впервые посетили в декабре 2012 года. Полученные эмоции настолько были яркими, что в конце 2015 года мы решили еще разок слетать в Тайланд. Вспоминая Тай, первое о чем я думаю - горячий...
zhainar_d
17 янв. 2017 / 11:11
  • 3311
  • 24